Педагогикалық және филология факультеттерінде элективті пәндер каталогы, мамандандырулар, оқу үрдісінің кестесі және түлектерді жұмысқа орналастыруды қалыптастыру бойынша жұмыс берушілер және сараман базасымен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру туралы анықтама
М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректорының 2013 жылдың 30 қарашадағы №013-811 бұйрығымен педагогикалық және филология факультеттерінде элективті пәндер каталогы, мамандандырулар, оқу үрдісінің кестесі және түлектерді жұмысқа орналастыруды қалыптастыру бойынша жұмыс берушілер және сараман базасымен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру жағдайын тексеру үшін бойынша эксперттік комиссия төмендегі құрамда құрылды:
1. Р.Х.Латыпова – оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау департаментінің жетекшісі, комиссия төрайымы;
2. Э.Ж.Имашев – ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры, комиссия мүшесі;
3. Б.С.Альжанова – биология және экология кафедрасының меңгерушісі, комиссия мүшесі;
2013 жылдың 5-16 қараша аралығында комиссия педагогикалық және филология факультеттерінде элективті пәндер каталогы, мамандандырулар, оқу үрдісінің кестесі және түлектерді жұмысқа орналастыруды қалыптастыру бойынша жұмыс берушілер және сараман базасымен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру жағдайын тексерді.
Тексеру жұмыстары төмендегі бағыттар бойынша жүргізілді:
- элективті пәндер каталогы, мамандандыруды қалыптастыру бойынша бойынша жұмыс берушілер және сараман базасымен жұмысты ұйымдастыру;
- кафедраның элективті пәндер каталогын қалыптастыру бойынша жұмыстары;
- факультеттің түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстары;
Эксперттік комиссия төмендегі құжаттарды тексерді:
- ОЖЖ және ЭПК комитетінің жұмыс жоспарлары;
- факультет бойынша аталған комитеттердің сапалық құрамы;
- кафедра, факультет оқу-әдістемелік кеңесі және ОЖЖ және ЭПК комитетінің мәжіліс хаттамалары;
- элективті пәндер каталогына енгізу үшін ПОҚ-ның тапсырысы;
- түлектер мен жұмыс берушілерге жүргізілген сауалнама нәтижелері.
Кафедралар мен деканатты тексеру барысында анықталды:
Кафедралар мен деканатты тексеру барысында анықталды:
1. Педагогикалық және филология факультеттерінің деканаты мен кафедраларында ОЖЖ және ЭПК комитетінің жұмыс жоспары, кафедра мен факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің және комитеттің мәжіліс хаттамалары мен оқу үрдісінің кестесі бар. Түлектердің жұмысқа орналасу журналы мен оларды растайтын құжаттар (жұмысқа орналасқаны туралы анықтамалар) - қазақ филологиясы және шет тілін және аударма ісін оқытудың теориясы мен практикасы кафедраларынан басқа - барлық кафедраларда бар.
Факультеттің ОЖЖ және ЭПК комитетінің құрамына кафедра меңгерушісі мен декандардан басқа, практика базасының өкілдері кіреді – мектеп, лицейспорт мектептері, колледж директорлары, облыстық тілдерді дамыту бөлімінің басшылары т.б. кіреді.
Комитеттің мұндай құрамы факультеттерге жұмыс берушілер және практика базасымен тығыз байланыста болуға, еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес мамандарды даярлау бағытын тез анықтауға, жұмыс берушілер мен түлектердің кездесуін ұйымдастыруға, еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары мен мамандарға болжам жасауға мүмкіндік береді.
2. Факультеттерде түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал ету жұмыс берушілер, облыстық білім басқармасы өкілдері мен жеке кәсіпқорлармен түрлі кездесулер, «дөңгелек үстелдер», «Бос орындар жәрмеңкесіне», мансап күніне қатысу және т.б. университет, қалалық деңгейдегі шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда 5 және 12 қарашада педагогикалық факультет кафедраларымен жұмыс берушілер мен түлектердің кездесуі ұйымдастырылған.
3. Жұмыс берушілер диплом жұмысының жетекшісі және қосымша жетекшісі ретінде белсене қатыстырылған:
Педагогика және психология кафедрасы бойынша:
- С.С.Измуханбетова – Батыс Қазақстан облысының педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтының директоры,;
- Ш.Т.Муханбетова - Батыс Қазақстан облысының педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтының ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты;
- А.А.Искужина – №20 ЖОББМ-нің психологы (базалық мектеп).
«Қазақ филологиясы» кафедрасында диплом жұмысының қосымша жетекшілері ретінде мектеп мұғалімдері қатыстырылады: Г.Таскарина - Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-гимназиясының жоғары санатты мұғалімі, Г.Х.Батыргалиева - «Ақниет» №42 мектеп-гимназиясының жоғары санатты мұғалімі т.б.
«Орыс филологиясы» кафедрасында диплом жұмысының қосымша жетекшілері ретінде мектеп мұғалімдері қатыстырылады: Н.Н.Заварзина - №78 ЖОББМ-тің жоғары санатты мұғалімі, М.Х.Ильжанова - №11 ЖОББМ-тің жоғары санатты мұғалімі т.б.
Шет тілін және аударма ісін оқытудың теориясы мен практикасы кафедрасы бойынша:
- З.Ж.Аманбаева – «Болашақ» тілдер орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты;
- Н.Ж.Дәулеткереева – Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Іс-әрекеттегі практиканы зерттеу» жобасын іске асыру бойынша координаторы, филология ғылымдарының кандидаты;
- Н.Б.Нурмакова - №34 мектеп-гимназиясының жоғары санатты мұғалімі;
Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесі кафедрасы бойынша:
Студенттердің диплом жұмысының жетекшісі ретінде В.Ю.Салов - педагогика ғылымдарының докторы және Е.К.Жангалиев – аға оқытушы, балалар-жас өспірімдер спорт мектебінің директоры, ал қосымша жетекшілер ретінде - Б.Б.Касатова - спорттық жекпе жек мектебінің директоры, Г.Джапаров - бокс спорт мектебінің директоры, Р.Мендыгерев – спорттық күрес бойынша ҚР аға бапкері, К.С.Уакасов - ҚР еңбек сіңірген бапкері, М.Отаров - №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі, және басқалары қатыстырылған.
Жұмыс берушілер сонымен қатар мемлекеттік қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағасы және мүшелері ретінде де шақырылады (мысалы, С.С.Измуханбетова).
4. Жұмыс берушілермен сауалнама жыл сайын жүргізіледі, педагогикалық және филология факультеттері деканатында сауалнама талдау жасалған.
Мамандандыруды анықтағанда жұмыс берушілер пікірі ескеріледі, мысалы «Дефектология» және «Спорт түрлері бойынша бапкер» мамандандырулары жұмыс берушілер ұсынысымен енгізілген, ал филология факультетінде оқу жұмыс жоспарына жұмыс берушілер ұсынған пәндер енгізілген.
Филология және педагогика факультеттерінде бекітілген Ережеге сәйкес элективті пәндерге тапсырысты жасақтау бойынша жұмыстар жүргізіле бастады.
Практика базасы өкілдерімен шеберлік класс жүргізу жұмыстары жолға қойылған:
- Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент О.В.Опря 2013 жылдың 27 наурызында 4 курс студенттеріне орыс тілі және орыс әдебиетін оқыту әдістемесі пәндері бойынша «Мектепте орыс тілін инновациялық технологияны қолдана отырып оқыту» тақырыбында шеберлік класстары;
- Колледж оқытушысы С.А.Заварзин филология факультетінің 4 курс студенттеріне «Орыс әдебиеті сабақтарында В.И.Даль өмірі мен шығармашылығын зерттеу бағыттары» тақырыбы бойынша шеберлік класы;
«Журналистика» мамандандыруы бойынша «Приуралье» газетінің тілшісі Г.О.Самойлова 2 курс студенттеріне «Қазіргі заманғы журналистика», «Жайық үні» газетінің бас редакторы, ақын Мира Шуйншалиева, «Жайық ұстазы» газетінің бас редакторы Ақмаржан Таубаева ұйымдастырған шеберлік класстарын атап өтуге болады.
Дегенмен шеберлік класстарын ұйымдастыру жүйелі сипатта жолға қойылмаған.
Комиссия педагогика және филология факультетерінде ахуалды талдай отырып оң жұмыс бағыттарымен қатар, төмендегідей әлсіз жақтарын да атап өтеді:
1. Жұмыс берушілердің мамандандыруды қалыптастыруда қатынасы формальды түрде жүргізіледі: элективті пәндер (мамандандыруды да қоса алғанда) осы уақытқа дейін студенттердің сұранысы бойынша емес, керісінше кафедра оқытушыларына тиімділік тұстары ескеріле отырып жасақталады (орыс және қазақ филологиясы кафедралары).
2. Мамандықтар бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын анықтау мақсатында жұмыс берушілермен жүргізілетін сарапшы сауалнамасына, біздің ойымызша, түзетулер енгізу қажет, ал пәндерді анықтау жетекші кафедраларға жүктеледі.
3. Сараман базалары басшылары мен өкілдерінің көпшілігі кафедраларда жұмыс жасағанмен, жұмыс берушілер мамандандырулар бойынша дәріс және шеберлік класстарын оқытуға қажетті деңгейде қатыстырылмайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып комиссия төмендегіні ұсынады:
1. ОЖЖ және ЭПК комитетінің жұмысын «Элективті пәндер каталогын құрастыру туралы Ережеге» (30.03.2012 ж.) сәйкес ұйымдастыру;
Жауапты – факультет декандары мен кафедра меңгерушілері.
2. Мониторинг және әлеуметтік зерттеулер бөліміне жұмыс берушілермен жүргізілетін сарапшы сауалнамасына түзетулер енгізу және жоғары курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламаларын анықтау мақсатында жүргізілетін сауалнама нұсқасын жасау;
Жауапты – П.А.Добряев.
3. 2013-2014 о.ж. жазғы семестріне жұмыс берушілердің шеберлік класстарын өткізу жоспарын жасау;
Жауапты – кафедра меңгерушілері.
4. Сараман, мансап және маркетинг бөлімі кәсіптік бағдар жұмыстарының стратегиясын қалыптастыру мақсатында университет мамандықтары бойынша мамандардың еңбек нарығында қажеттілігі және 1 курс студенттері / талапкерлер арасында беделді / беделді емес мамандықтарға мониторинг жүргізу;
Жауапты – А.С.Аманбаев.
Эксперттік комиссия төрайымы: Латыпова Р.Х.
Эксперттік комиссия мүшелері: Имашев Э.Ж.
Альжанова Б.С.
Достарыңызбен бөлісу: |