№1 Семинар сабақтары
Қазақстанның экологиялық ахуалдары.
1- Тақырып: Қазақстан экологиясына кіріспе.
Мақсаты : Қазақстанның экологиялық апат аймақтарына сипаттама жасау
Сұрақтар: Қазақстан экологиясына кіріспе. Қазақстан экологиясының негізгі терминдерінің сөздігін жасау. Қоршаған орта сапасының адамдар денсаулығына әсері. Қазақстанды қоршаған ораты қорғау нормалары мен нормативтер жүйесі
Экология (грек тілінен аударғанда oikos - үй, тұратын жер logos – ғылым деген мағынаны білдіреді.) - әр түрлі деңгейдегі (популяциялар, биоценоздар, бірлестіктер) биогеоценоздар (экожүйе) және биосфера ағзаүстілік жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметін зерттейтін биологиялық ғылым.
Экологияны ағзалардың бір - бірімен және қоршаған ортасымен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым ретінде де анықтайды.
«Экология» ұғымын 1866 ж. ғылымға енгізген Э. Геккель болды. Ол бұл ұғымды ағзаның ортамен өзара қарым - қатысына байланысты мәселелермен айналысатын биологияның бөлімінің атауы ретінде ұсынған.
«Экология» ұғымы бүгін әр түрлі табиғи және әлеуметтік обьектілерді талдылауда қолданылып жүр. Өсімдіктер мен жануарлар, адам мен қоғам экологиясы, қала мен мәдениет экологиясы туралы айтуға болпды. Қазіргі кездегі экологиялық зерттеулерге өсімдіктер мен жануарлардың жекеленген түрлерінің жойылу себептері мен салдары, табиғи ортаның ластануы, адамдардың өмір сүру жағдайларының сапасының нашарлауы және т.б. жатады.
Бірақ «Экология» ұғымы бірден мұндай көп мағынаға ие болған жоқ. Алғашқыда ол тірі ағзалардың бір-бірімен және оларды қоршаған бейорганикалық табиғаттың өзара әсерін зерттейтін бағыттың атауы ретінде қалыптасуы экологияның пайда болуы XIX ғасырдың екінші жартысында, алуан түрлі тірі қоршаған ресурстарын қолданады. Сонымен қатар, табиғатқа оған тән емес қалдықтар - пластик, металл, құрылыс материалдары шығарылады.
Ауаның, судың, топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуының, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен көптүрлілігінің кемуі, адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлауы қазір адамзаттың алдына дамудың жаңа жолын таңдау мәселесін қойып отыр.
1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) қоршаған орта мен даму туралы конференция өткізді. Бұл конференцияда 179 мемлекеттің өкілдері XX ғасырдағы күн тәртібіне - дүниежүзілік жұмыс жоспарын белгілеуді қойды.
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады.
Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |