Бағдарламасы Нысан пму ұС 18. 3/31 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 350,81 Kb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата20.05.2018
өлшемі350,81 Kb.
#15292
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Кіші   қан   айналымдағы   өкпе   тамырлар.   Өкпе   діңі,   өкпенің

артериялары мен өкпе веналары.

Иммуногенез  мүшелер  мен  лимфатикалық   жүйе.  Лимфатикалық

жүйе және оның жалпы көрінісі. Лимфа капиллярлар, тамырлар, лимфа

сабақ   және   лимфа   өзегі,   олардың   құрылысы,   ерекшеліктері   және

атқаратын қызметтері. Лимфаның құрамы. Шеткі, аралық және орталық

лимфалар. Массаждың теориясы мен тәжірибесі үшін  лимфалық жүйе

бойынша білімнің маңызы.

Иммуногенез  мүшелері.  Айырықша   безі,   оның  орналасуы,

құрылысы,   атқаратын   қызметі.   Қызыл   сүйекті   ми.   Талақ,  оның

орналасуы.  Сыртқы   жөне   ішкі   құрылысы.   Қанмен   қамтамасыз   етілуі

және   оның   қызметі.   Бадамша   бездері,   топтастырған   және   жеке

лимфалық   түйіндері,   олардың   орналасқан   жерлері,   құрылысы   мен

атқаратын қызметі.



10. Ішкі секрециялық мүшелер

Ішкі секрециялық мүшелердің жалпы көрінісі және жіктелуі, қан

жөне   жүйке   жүйелерімен   қызметгік   байланысы.   Гормондар   олардың

адам   организміне   әсері.  Эпифиз,   гипофиз,  қалқан   безі,   қалқан   маңы

бездері, үйқы безінің эндокриндік бөлігі, бүйрек үсті бездері, олардың

орналасуы, құрылысы және атқаратын қызметі. Хромаффиндік жүйе.

Жыныс   бездерінің   ішкі   секреторлық   бөлігі.   Аталық   безі   және

аналық   бездерінің   ішкі   секрециялық   маңызы.   Организмнің   жалпы

қызметін   реттеуде   ішкі   секрециялық   бездердің   мәні.  Тура  және   кері

байланыстары.



11. Жүйке жүйесі

Жүйке   жүйесінің   жалпы   көрінісі.   Организмнің   өмір   сүру

әрекетіндегі жүйке жүйесінің аткаратын манызы. Рефлекторлық доға-

рефлекстік   материалдық   негізі.   Оның   анатомиялық   құрамы.   Жүйке

жүйесін   талдау.   Орталық,   шеткі,   соматикалық   және   вегетативтік

(автономдық) жүйке жүйесі құрамы. Жүйке жүйесінің дамуы.

Орталық   жүйке   жүйесі.  Жұлын.   Орналасуы,   пішіні,   құрылысы.

Жұлынның   сегменті   және   оның   құрамдық   элементтері:   түбірлер,

түйіндері,   жұлын   тармақтары.   Жұлын   тармақтары,   жуандаулары,

салалары,   жұлынның   ақ   затының   бауы.   Жұлындағы   сұр   зат,   оның

ядролары, олардың жергіліктері қызметтері. Орталық канал. Жұлынның

түйіндері   және   жұлынның   тармақтары.   Жұлынның   қабыршықтары:

қатты, тор, тамырлы. Қабыршық арасындағы кеңістіктер және олардың

сипаттамасы. Жұлынды байлаттыру аппараттары.

Бас ми. Мидың жалпы көрінісі. Ми бөліктері. Ми діні.

Сопақша   ми.   Оның   ораласуы,   ақ   және   сүр   заттардың

құрылыстары.  Ромб  тәрізді шүңқыр. Сопақша мидың негізгі  ядролары,

олардың жергіліктері және аткаратын қызметтері.

Артқы ми.  Оның бөліктері. Ми көпірі, оның құрылысы,  орналасуы,

атқаратын   қызметі.   Ми   көпірдің  ядролары.  Мишық,   оның  орналасуы,

құрылысы   және   басқа   жүйке   жүйенің   бөлімдерімен   анатомиялық

байланысы.   Мишықтың  ядролары  және   олардың   қызметтік   маңызы.

Мидың төртінші қарыншасы.

Ортаңгы   ми.   Оның   бөлімдері,  олардың  орналасуы,  құрылысы,

байланыстары. Ортаңғы мидың төбесі және оның қызметінің мәні. Ми

сабақтардың ядролары және олардың қызметтері. Мидың суағары.

Аралық   ми.  Оның   бөлімдері.   Таламус,  эпиталамус,   метаталамус

және  гипоталамус,  олардың  орналасуы,  құрылысы   және   атқаратын




қызметінің мәні. Мидың үшінші қарыншасы және оның қатынастары. Ми

діні   мен   жүлынның   ретикулярлы   формациясы   туралы   түсінік.   Оның

кызметтік мәні.

Шеткі ми. Үлкен мидың жарты шарлары, олардың кабығы. Мидың

иіс сезу бөлігі. Жарты шарлардың сыртқы беттерінің көрінісі: бөлімдері,

салалары, катпарлары. Жарты шарлардың сүр және ақ заттары. Жарты

шарлардың   қыртысы   және   құрылысы.   Ми   қыртысындағы

анализаторлардың   қыртыстық   шеттердің   жинақты   орындары   және

олардың   қызметтік   мәні.   Ми   негізінің   базальдік  ядролары,  олардың

орналасуы  және қызметтік мәні. Мидың бүйір қарыншалары, олардың

қатынасулары.   Қарыншалардың   тамырлы   өрімдері.   Жұлын   ми

сүйықтығы. Сүйелді дене.

Ми  қабықтары:   қатты,  торлы,   тамырлы.  Бас  мидың   қатты   қабы.

Мидың қатты қабының тамырлары. Торасты кеңістіктер, цистерналары.

Жүлын-ми   сүйықтықтың   айналмалуы.   Жұлынның   кабылары,олардың

оналасу ерекшеліктері.

Орта   жүйке   жүйесінің   өткізгіш   жолдары   және   олардың

рефлекторлық   доға   құрауына   қатынасуы.   Өткізгіш   жолдардың

топтастырылуы.   Ассоциативтік,   комиссуральдік   және   жобалық

жолдары.   Қысқа   және  ұзын   жобалық   өткізгіш   жолдары.   Өрлеу

жолдары:   латеральды   жұлынталамус   жолы,   жіңішке   және   сыңарлы

бұталары,   артқы   және   алдыңғы  жолдары.  Төмендеген  жолдары:

латеральды  және   алдыңғы   қыртыс-жүлын   (пирамидалық)  жолдары.

Нейрондық құрамы, ядролардың жинақтығы (нейрондардың  денелері)

және   олардың   қызметтік   маңызы.   Экстрапирамидалық   жүйе.  Қызыл

ядро-  жүлын   ми   жолы,   оның   нейрондық   құрамы,  ядролардың

жинақтығы және қызметтің маңызы.

Шеткі жүйке жүйесі. Бас мидың тармақтары (қиян жүйкелері). Бас

сүйек  жүйкелерінің  сипаттамасы.  Жүлын  мен  бас  сүйек  жүйкелерінің

үқсастықтары мен айырмашылықтары. Сезім мүшелерінің дамуындағы

ерекше сезімталдығы қиян жүйкелерінің иіс сезу (1), көз көру (11) және

кіреберіс - қүрыш (VI11) ерекшелік құрылыстары. Қозғалтқыш бас сүйек

қиян жүйкелердің: көз қимыл (111), блок төрізді (1 V), әкеткіш (VI), бет

(VII),  қосымша  (XI)  және   тіласты  (XII)  құрылыстардың     ерекшеліктері.

Ядролардың  орналасуы, мидың негізінен,  бас  сүйек қысымынан  шығу

орындары және жүйкелендіру орындары жөне жүйкелендіру орындары.

Аралас  қиян   жүйкелер:   үшкіл  (V),  тіл   жүтқыншақ  (IX),  кезбе  (X),

олардың  сипаттамасы,   ядролары,  жүйкелендіру  орындары.   Ill,  V,

V11,1X,X киян жүйкелердің вегетативтік жеке жүйесімен байланыстары.

Қиян жүйкелердің бас және мойын жоғарғы қабатына жобалануы.

Жүлынның   жүйкелері.  Олардың   қүрылуы,   орналасу   жағдайы,

жүйке талшықтары мен тармақтарының құрамы. Жұлын жүйкелерінің

артқы тармақтары, олардың жолдары және жүйкелендіретін орындары.

Жұлын жүйкелерінің алдыңғы тармақтары. Жүйке өрімдері.

Мойынның   жүйке   өрімі,  құрылуы,  орналасу  жағдайы,   негізгі

тармақтары   мен   жүйкелендіру   аймақтары.   Адам   денесінің   жоғарғы

қабатындағы мойын өрімдері тармақтарының жобалануы.

Иық жуйке өрімі. Оның құрылуы, бөліктері мен орналасу жағдайы.

Бұғана   үстіңгі   бөліктің   тармақтары   жөне   олардың   жүйкелендіру

аймақтары.   Бұғана   асты   бөліктің   тармақтары:   қолтық   асты,   ортаңғы,

шыбық  ,  шынтақ, тері- бұлшық ет жүйкелері,  олардың  жолдары  және

жүйкелендіру   аймақтары.  Қолдың   бұлшық   ет  жеке   топтарының  жөне




жүктеу 350,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау