90
Портфолио мазмұны:
1. Тізбектелген сабақтар топтамасы туралы рефлексиялық есеп (3000 сөз).
• тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның жеті модулі қалай және неге
енгізілгенін негіздеу;
• Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын
тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгенін және оның тиімділігін талдау.
* Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне Бағдарламаның жеті модулі қалай енгізілгені
көрсетілген тізбектелген сабақтар топтамасының (кем дегенде төрт сабақ) орта
мерзімді жоспары (250 сөзден тұратын түсініктемесімен қоса).
* Бағдарламаның бір немесе бірнеше модулі ықпалдастырылған бір сабақтың
жоспары (250 сөзден тұратын түсініктемесімен қоса).
3. Таныстырылымды бағалау
Таныстырылымды бағалау қағидаттары
Екінші «Бетпе-бет» кезеңінде мұғалімдер өз портфолиосының құрамына қатысты бір таны-
стырылым әзірлеп, ұсынады. Таныстырылым мұғалімнің өз портфолиосын өзінің жасағанын
анықтауға және олардың таныстырылымдық дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді. Таны-
стырылым Бағдарлама идеяларының мұғалімнің тәжірибесіне енгізілуіне арналатын болады.
Бағалау кезінде негізінен мұғалімнің Бағдарламаның жеті модулінің идеяларын өз тәжірибесіне
ықпалдастыра алғандығына, өзінің оқыту тәжірибесінде бұл идеяларды іске асыра алғандығы
туралы сын тұрғысынан рефлексия жасай алғандығына көңіл аударылатын болады.
Таныстырылымның мазмұны
Өз тәжірибесіне өзгеріс енгізу және ол өзгерістерді басқару туралы рефлексия (6 слайд,
20-22 минут)
Бұл таныстырылым төмендегі мәселелерді көрсететін алты слайд немесе алты плакаттан
тұрады:
• Бағдарламаның жеті модулі тізбектелген сабақтар топтамасына қалай енгізілгенін
негіздеу;
• модульдердің бірі немесе бірнешеуі бір сабаққа қалай және неліктен енгізілді;
• оқушының білім алғандығын растайтын дәлелдер;
• оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай және неге енгізілді, алдағы шаралар туралы
қорытынды (алдағы уақытта кәсіби тәжірибеге қандай өзгеріс енгізу керек).
1-қосымша. Бағдарламаны игеру қорытындылары бойынша мұғалімдерді
бағалаудың критерийлері мен өлшемдері
Портфолио мен таныстырылым үш негізгі критерий бойынша бағаланады. Төменде
келтірілген өлшемдер мұғалімдердің Бағдарламаны игеру барысында осы критерийлерге
сәйкес болуға бағытталған іс-әрекеттерін нақтылайды.
1. Бағдарламаның түйінді идеяларын білу және түсіну.
Кәсіби білім және түсінік
Мұғалімдер Бағдарламаны игеру барысында:
• Оқушылардың қалай оқитынын (атап айтқанда, дарынды және талантты балалар,
олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес т.б.);
• Оқушылардың дамуына ықпал ететін факторларды (әлеуметтік, эмоционалдық,
танымдық т.б.);
• Оқыту мен оқудың мақсаттары мен міндеттерін қалай анықтау керектігін;
91
• Барлық оқушылардың оқуда табысты болуына қол жеткізу үшін сабақтарды қалай жо-
спарлау және бағалау керектігін;
• Мектептегі ұжымда және әріптестер арасында жағымды психологиялық ахуалды қалай
ұстап тұру қажеттігін біледі және түсінеді.
2. Өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның түйінді идеяларын қолдану.
Кәсіби дағдылар
Мұғалімдер Бағдарламаны игеру барысында:
• Оларға қол жеткізу үшін сыныптағы барлық оқушылар тартылатын тиісті мақсаттарды
әзірлей алады;
• Жеке сабақ өткізу және дербес оқушыларды, сондай-ақ сын тұрғысынан ойлана-
тын оқушыларды ынталандыру үшін кәсіби әрекет ету қажет етілетін жағдайларды
анықтауда түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана біледі;
• Қалай оқу керектігін үйрету тәсілін пайдалана алады;
• Сыныптағы барлық оқушылардың оқу үдерісін бақылай алады;
• Ақ ниеттілік, құндылықтар жүйесі мен мінез-құлық нормаларын белгілеу негізінде
оқушылармен өзара сыйлы қарым-қатынас орната алады;
• Бағдарламаның барлық жеті модулін ықпалдастыра отырып тізбектелген сабақтар топ-
тамасын жоспарлай алады;
• Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу әдістемесін және оларды басқару
тәсілдерін көрсете біледі;
• Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау жағдайында оқушылардың оқу қарқынын
жоспарлай алады;
• Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін сабақтарды жоспарлай
алады;
• Оқыту және оқу үдерісін жетілдіру мақсатында жарамды материалдар мен дереккөздерді
таңдай біледі;
• Оқыту және оқу үдерісін ұстап тұру үшін барабар тапсырмалар мен іс-шаралар жүйесін
пайдалана алады;
• Объективті түрде өзгеріп жатқан жағдайларға қарай жоспарын түзетуде икемділік та-
ныта алады;
• Оқу, үй және сыныптан тыс тапсырмаларды жоспарлай алады;
• Оқушылардың білім алуын ойластырып, оқыту мен оқу жоспары мен тәжірибесіне
тиісті өзгерістер енгізе біледі;
• Тиісті әдебиетті оқу, әріптестерімен әңгімелесуге, жеке тәжірибесіне және сыныпта
оқыту тәжірибесі туралы заманауи зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, алқалық
шешім қабылдай алады;
• Жекелеген адамдардың, шағын топтардың және бүкіл сыныптың қызметіне бастама
жасай және басқара алады;
• Сабақ уақытын ұтымды бөле алады;
• Қауіпсіз және сындарлы бағытталған оқу ортасын құра алады;
• Қалыптастырушы және жиықтық бағалауды қоса алғанда, бірқатар бағалау стратегия-
ларын қолдана біледі;
• Оқушылардың жұмысын мұқият талдай және бақылай біледі;
• Оқушылармен тиімді түрде ауызша және жазбаша өзара іс-қимылды қамтамасыз ете
алады;
• Жоспарлау үдерісін көрсететін оқушылардың алға жылжу қарқыны жөніндегі тиісті
есептерді жүйелей алады;
• Оқушылардың оқу үдерісіне қызығушылығын ынталандыру дағдыларын дамыта
біледі;
Достарыңызбен бөлісу: |