Ұлттық бірыңғай тестілеу және Мемлекеттік аралық бақылау
алдындағы дайындық жүргізудің
психологиялық аспектілері
«Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады»
Л.Фейервах
Мақсаты:
ВОД-қа және ҰБТ-ге дайындау кезінде оқушыларды өзінің мінез құлқын және эмоцияларын басқара алуына үйрету, өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету.
МАБ-қа және ҰБТ-ге дайындық кезінде ата-аналар мен ұстаздардың оқушыларға қандай көмек көрсету әдістері және кеңестері туралы ақпарат беру.
Міндеттер:
Оқушыларда қобалжуға байланысты туатын жеке даралық реакциялар туралы түсінік беру және оны жеңуге болатын мүмкіндіктер мен әдістерді ұсыну;
Эмоционалдық күйзеліс сезімінен арылуға көмектесетін әдістермен таныстыру;
Стресс, оның түрлерімен теориялық жағынан таныстыру;
Қазіргі заманның талаптары тек ересектердің психикасына емес, сонымен қатар балалардың психикасына да үлкен әсерін тигізеді. Стрестік жағдайларға кейде ересектер төтеп бере алмаса, онда психикасы толық құрылмаған балалар жайлы не айта аламыз? Соңғы кездері мектепте емтихан, сынақ, тест күнделікті үйреншікті нәрсеге айналған. Оқушылар бастауыш буыннан бастап, мектеп бітіргенше әртүрлі сынақтардан өтеді. Осындай сынақтардың бірі ол – ҰБТ және МАБ болып табылады.
Бұл сыннан 9-11 сыныптар өтеді. Сондықтан да мектеп психологтары өз алдарына бұл проблеманы ерекше қойып отыр. Оқушыларға психологиялық серіктестікті жасау үшін, мектеп психологтары: сынып жетекшілер, пән ұстаздары және ата-аналармен бірлесе жұмыс жасау үшін көмек көрсету жолдарын тауып қана қоймай, сол жаттығуларды балалармен орындауды мақсат етіп қояды.
Емтихан болсын, сынақ болсын, тест болсын бұл – оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін стресс болып келеді. Барлық қатысушылардың соған деген конструктивті көз-қарасын қалыптастыру жақсы болар еді. Егер емтиханды сынақ ретінде емес, оның орнына өз білімін көрсету, сондай-ақ жыл бойғы бағаларын жақсарту, емтихандық тәжірибе алу, зейін мен ұйымдастыру қабілеттерін шындау деп есептесе онда – негативті эмоциялар мен стресстер өзі-ақ жоғалады.
Стресс кезінде адам ағзасындағы физиологиялық процесстер
Стресс кезінде адам ағзасы су тапшылығына тап болады. Бұл нерв процесстерінің электрохимиялық реакциялардың негізінде өтуіне байланысты, ал бұл процестердің өтуіне судың болуы керек. Судың тапшылығы нерв процестерінің жылдамдығын төмендетеді. Сондықтан, емтихан, сынақ алдында немесе барысында бірнеше жұтым су ішу керек. Антистресстік мақсатында суды 20 минут тамақ ішер алдында немесе 30 минут тамақтан соң ішеді.
Ең тиімді минералді су болып табылады, себебі бұның құрамында калий және натрий иондары бар, олар электрохимиялық реакцияларда қатысады. Сонымен қатар жай су мен жасыл шай ішуге болады. Басқа сусындардың пайдасынан гөрі зияны көп.
Ми бөліктерінің жұмысы
Стресстік ситуацияға түскен оқушылардың екінші проблемасы болып саналатын – бұл екі ми бөліктерінің (сол жақ және оң жақ) жұмыс үндестігінің бұзылуы. Егер екеуінің біреуі, оң жақ бөлік-образдық немесе сол жақ бөлік-логикалық басым болса, онда адамның алдында тұрған міндеттер мен проблемаларды оптималды шешудегі қабілеті төмендейді. Бірақ бұл үндестікті қалыпқа келтіру немесе оған жақындату қолымыздан келеді. Барлығымызға белгілі, оң жақ ми бөлігі дененің сол жағына жауапты, ал сол жақ ми бөлігі дененің оң жағына жауапты. Бұл байланыс екі бағытта жұмыс жасайды, сондықтан да дененің екі бөлігінің координациясы мидің екі бөлігінің кординациясына әкеледі.
Стрестің негативті әсерін төмендететін жаттығулар
Келесі жаттығу стрестің негативті әсерін күшейтетін “оттегі тапшылығын” төмендетеді. Бұл әдіс «энергетикалық есінеу» деп аталады. Есінеудің жиілігін, ми жұмыс жасаудың белсенділігіне байланысты етіп жасау керек, яғни ми жұмысы күрделенсе, жиірек есінеу дұрыс. Емтихан барысында есінеу өте пайдалы. Есінеуді қалай дұрыс жасау керек? Есінеу кезінде екі қолмен шеңбер ретімен, төменгі және үстінгі жақты қосатын, құлақтын жанындағы сіңірлерді уқалау керек. Ағзаны оттегі тапшылығынан қорғау үшін, бұл жаттығуды 3 – 5 рет есінеу жеткілікті.
Олимпиадалық ас-мәзірі
Емтихан, олимпиадалар, тестілеу, сынақтар кезінде оқушылардың денсаулықтарына мұқият қарау керек. Бұл күрделі кезеңде, балаңызға дұрыс тамақтану керек, себебі тамақ арқылы мидың іс-әрекетін белсендіруге болады. Алдымен ең бастысы не жеу керек және қандай мөлшерде жеу керек екендігін білу керек.
Ми қабығында қандай өзгерістер байқалады?
Мида үздіксіз 100 миллиард жүйке жасушалары жұмыс істейді,сонымен қатар олар тағы 10 000 басқа жасушалармен тығыз байланыста. Әр секунд сайын олар бір-бірлерімен ақпаратпен ауысып жатады, миллион сигналдар береді. Осындай күрделі механизм ешбір кедергісіз жұмыс жасау үшін, оларға көп мөлшерде энергия керек екен. Күнде тамақ арқылы қабылданатын барлық энергиядан ми өзіне 20% алады. Сонымен мидың қалай жұмыс жасауына, нені жеп қабылдаймыз байланысты екен.
Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін
Сәбіз мидың зат алмасуын жақсарту арқылы, кез-келген нәрсені жаттаған кезде жақсы көмектеседі. Жаттар алдында бір тәрелке езілген, ұнтақталған маймен араластырылған сәбіз жеу керек.
Ананас – музыкалық және театрлық жұлдыздардың сүйікті тағамы. Көлемді мәтін мен ноталық белгілерді есте сақтап қалу үшін, витамин С қажет, бұл витамин керекті мөлшерде осы жемістің құрамында бар, сонымен қатар ананастың құрамында калорийлер аз (100г.-да 56 ккал). Күніне ананас шырынының бір стаканын ішсе жеткілікті.
Авакадо – аз уақытта есте сақтау қабілетінің энергиялық көзі, себебі оның құрамында жоғары мөлшерде майлы қышқылдар бар. Жемістің жартысын жесең жеткілікті.
Майлы балықтың құрамында, жүйке жұмысының дұрыс жұмыс жасауына керекті Омега-3 бар. Сонымен қатар балықта мидің анықтығын сақтайтын йод бар.
Асқабақ шемішкелерінің құрамында цинк бар, ол мидің жылдамдығын ұлғайтып, есте сақтау қабілетін жақсартады.
Зейінді бір жерде жинақтау үшін
Креветки – миға деликатес болып есептелінеді, бұл тағам сіздің зейініңізге әлсізденуге жол бермейді себебі миды маңызды май қышқылдарымен қамтамасыз етеді. Мөлшері - күніне 100 г. жеткілікті. Ескерту: Асханалық жөндеуден (қуыру, пісіру) кейін ғана тұздау керек.
Пияз мидің, мөлшерден тыс, шаршауда және психикалық шаршаған кезде көмектеседі. Қанды сұйықтандырады, миды оттегімен қамтамасыз етеді. Мөлшері, күнде бір пияздың жартысынан кем емес.
Қара жүзім - допамин гормонының деңгейін көтереді, бұл есте сақтау қабілетті жақсартып, ми жұмысын ынталандырады. Таңертең 1 стакан шырын, ал кешке жүзімнің бір талын жесеңдер әртүрлі ми қатырғыштарды оңай шеше аласыңдар.
Мейіз – құрамында бордың қосындысы бар, бұл есте сақтау қабілетті белсендіреді.
Грек жаңғағы құрамында лецитин бар, бұл мидің жұмысын жақсартып, есте сақтау қабілетті белсендіреді. Күніне 5 жаңғақ жеу керек, бұл С витаминінің тәуліктік нормасы.
Жағымды және жағымсыз эмоцияларға да тағамның әсері тиеді:
Кім жақсы көңіл-күйде жүргенді қаласа
Құлпынай өте дәмді және жағымсыз эмоцияларды бейтараптандырады. Мөлшері кем дегенде 150 грамм.
Банандардың құрамында серотанин бар - бұл химиялық зат миға «СІЗ БАҚЫТТЫСЫЗ» деген сигнал беру үшін өте қажетті.
Ата-аналарға ұсынылатын кеңестер:
Балаларыңызға сынаққа тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:
Балаңызға түсіністікпен қарап, жақын болуға, сөйлесуге тырысыңыз. Сынамаңыз. Ұрыспаңыз;
Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;
Балаңызды ҰБТ-ға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;
Тестік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағатты беріңіз;
Балаңызды ешкімнің баласымен салыстырмай!!! мадақтап, олардың өзіне-өзі сенімін жоғарлатыңыз;
Балаңыздың емтихандарға дайындалудың күнтізбесін бақылаңыздар. Сонша ауыртпалық түсіртпеңіз;
Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т.с.с. б ас миының жұмысын белсендіреді;
ҰБТ-ның алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;
ҰБТ-дан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз;
Есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – балаңызда ҰБТ-мен, МАБ-пен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу қажет!
Психологтің 9-11–сынып оқушыларына
ҰБТ, МАБ сынағының алдындағы кеңестері:
Сабақтар үшін орын дайында: үстелдің бетінен керегі жоқ заттарды алып тастап, қажетті құрал жабдықтарды, кітаптарды, тесттерді, дәптерлерді, қаламсаптарды қойыңыз;
Бөлменің ішіне сары немесе күлгін түстерді еңгіз. Олар ақыл-ойды белсендіреді. Ол үшін жай ғана суреттің бейнесі де жарасады;
Сабақтардың жоспарын құрастыр. Алдымен анықтаңыз: сіз кімсіз «үкі», әлде «бозторғайсыз». Кейін осыған байланысты таңғы және кешкі сағаттарды көбірек пайдалан. Әр күнге жоспар құрған кезде, «Бүгін мен нені оқуым керек», «Қандай бөлімдер және тақырыптар оқимын» сияқты нақты білу және анықтау керек;
Ең қиын немесе ең нашар білетін материалыңнан баста. Бірақ, егер саған өте қиын болса, саған жеңіл немесе қызықты көрінетін материалдан бастауға да болады;
Сабақты оқу мен демалуды реттеңдер: 40 минут сабақ оқу, кейін 10 минут демалу. Демалу кезінде ыдысты жууға, гүлдерге су құйюға, суға түсуге немесе денені шынықтыруға болады;
Берілген пәндер бойынша өте көп тесттерді шығар. Өйткені осындай жаттығулар сендерді тестік тапсырмалардың құрылымымен таныстырады;
Секундамерді қолыңда ұстап, жаттық. Тесттерді қанша уақытта жасағаныңды есепте;
Емтихандарға дайындалу кезінде өзінің жақсы тапсырғаныңынды көз алдына елестет;
«Тапсырманы орындай алмаймын», - деп ешқашан ойлама;
Ең қиын сұрақтарды қайталау үшін сынақ алдында түнді емес, бір күнді қалдыр.
Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен көмек бере алады, бірігіп жұмыс жасай отырып, үлкен нәтижеге жете алады.
Сондықтан сынып жетекшілердің міндеті, ата-аналарға “балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндетісіз” деп әр ата-ананы мектеп өміріне жақындатқан жөн.
Өз ойымды қорыта келе, құрметті ұстаздар оқушыларға білім, тәрбие беруде ата-аналармен бірлік тауып, үйлесімді жұмыс жүргізілсе, тәлім-тәрбие, оқу-білім нәтижелі болады...
Ата-ана үшін баланың бақытын көру, ұстаз үшін еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ!!!
Барлығыңызға сәттілік тілеймін!!!
Достарыңызбен бөлісу: |