Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет40/83
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17089
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   83

94
ГЛОССАРИЙ
Әлеуметтік білім 
алушы
–  субъект  бақылау  немесе  басқа  адамдармен  бірге  әрекет  ету  барысында  өз 
еркінен тыс білім алатын оқыту түрі. Bersin & Associates мамандары әлеуметтік 
оқыту технологиясының жеті бөлшегін атады: әңгіме (conversation), байланыс 
(connection),  бірлескен  жұмыс  (collaboration),  мазмұн  (content),  [мазмұнды] 
пайдалану ыңғайлылығы (consumption), бақылау (control) және тұтынушылар 
құрамын құру мүмкіндігі (contribution).
Әңгіме жүргізудің 
сократтық әдісі
–  (грек.  Μαιευτική,  сөзбе-сөз  аудармасы  -  босанатын  әйелге  көмек  көрсету) 
сұрақтарды  шеберлікпен  қою  арқылы  адам  бойындағы  жасырын  білімді 
жарыққа  шығару  әдісі.  Педагогикада  Әңгіме  жүргізудің  сократтық  әдісі 
бағыттаушы  сұрақтар  мен  пікірталастар  орталық  орын  алатын  оқыту  түрі 
деп түсіндіріледі. Сократ, мұғалім ретінде, ең алдымен оқушылардың ақиқат 
туралы  түсінігін  бұзып,  кейін  олар  өз  ұстанымдарын  қорғай  отырып,  оны 
қайтадан қалыптастыратындай етіп бір сұрақтан кейін бір сұрақты қоя берген. 
Әңгіме жүргізудің сократтық әдісінің мәні – әңгімелесушінің «барлық нәрсе 
жайлы  білемін»  деген  орныққан  пікіріне  қарамастан,  шындығына  келгенде, 
көп  нәрсені  білмейтіндігіне  көзін  жеткізу.  «Ізденіссіз  өмір  сүрудің  қажеті 
жоқ. Мен ешкімге еш нәрсе үйрете алмаймын, мен оларды тек ойлануға ғана 
мәжбүрлей  аламын»  –  Әңгіме  жүргізудің  сократтық  әдісін  түсіну  үшін  осы 
ойды желеу ету қажет болады.
Бағамдау
- (ағылш. evaluation) білім беруді ұйымдастырумен, оқу, тәрбиелеу және даму 
үдерістерімен  байланысты  жағдайларды,  құбылыстарды  және  іс-әрекеттерді 
жүйелі зерттеу және баға беру. Бақылаушы және қадағалаушы сипаты жоқ. Ол 
ақпаратты  жүйелі  түрде  ашық  жинақтау  және  талдау  негізінде,  белгіленген 
мақсаттармен,  критерийлермен  және  құндылықтармен  жүйелі  түрде 
салыстыру негізінде ұйымның жұмысының тиімділігін анықтау және жетілдіру 
мақсатында  ұйым  ішінде,  сондай-ақ  сыртқы  сарапшыларды  тарту  арқылы 
өткізіледі. Бағамдаудың өзіне тән ерекшеліктері: жетілдіруге бағдарлау, диалог 
түрінде өтуі, жазаның қолданылмауы. Бағамдау мұғалімді «тексеруге» емес, 
оған қолдау көрсетіп, дамуына көмектесуге бағытталған.
Бірлескен оқу
- бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы 
тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы 
әрбір  жеке  тұлғаның  жеке  үлесі  мен  қабілеті  мойындалады.  Үдеріске 
қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және 
жинақтау арқылы жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық 
оқу жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. 
Ынтымақтастық  оқудың  алғышарты  топ  мүшелерінің  бірлесіп  әрекет  етуі 
арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген.
Дарындылық
–  қабілеттер  иерархиясының  құрылымдық  бөлшегі.  Дарындылық  –  өзіндік 
ерекшелік,  қабілеттер  үйлесімі.  Қабілеттілік  сияқты  дарындылық  та 
туа  бітпейді,  ол  дамуда  өмір  сүреді  (Б.М.Теплов).  Жалпы  дарындылық: 
салыстырмалы түрде кең және әмбебап психологиялық бөлшектердің (жады, 
зият) дамуы. Арнайы дарындылық ерекше қызмет түріне жатады. Бұл бөлініс 
шартты, жалпы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте «өмір сүреді». Адамдардың 
дарындылығы мен қабілеттері сандық емес, сапалық тұрғыдан ерекшеленеді. 
Дарындылықтың сапалық ерекшеліктері бір адамның бір салада, екіншісінің 
басқа салада дарынды болуымен ғана емес, дарындылықтың қалыптасқандық 
деңгейімен  де  көрінеді.  Қабілеттерден  сапалық  айырмашылықты  іздеу  – 
психологияның маңызды міндеті. 


95
Дивергентті ойлау
  бір  мәселенің  (проблеманың)  бірнеше  шешімін  іздеу  мақсатында 
қолданылатын шығармашылық ойлаудың түрі.
Жиынтық бағалау –  оқытудың  нәтижелерін  жіктеу,  сертификаттау  және  тіркеу  мақсатында 
оқытудың  қорытындыларын  шығару.  Жиынтық  бағалау  оқу  циклдері  мен 
сатылары  аяқталғанда  жүзеге  асырылып,  оқушының  белгілі  бір  кезеңдегі 
дайындық  деңгейінің  көрсеткіші  болып  табылады,  біртұтас  бағалау 
критерийлері негізінде іске асырылады.
Жақын арадағы 
даму аймағы 
(ЖАДА)
– Л.Выготский енгізген ұғым; оқушының қалыптасқан дағдылары, қабілеттері 
мен оқушы әзірше өз бетінше орындай алмайтын, орындау үшін скаффолдердің 
көмегін  қажет  ететін  тапсырмалар  ауқымында  қалыптасатын  дағдылар 
арасындағы оқу кезеңі. Скаффолдер рөлінде мұғалім немесе анағұрлым жақсы 
оқитын сыныптастары болуы мүмкін.
Инклюзивті оқыту    білім  алу  барлығына  да  қолжетімді  деген  қағидатқа  негізделетін  оқыту. 
Оқытуды  оқушылардың  түрлі  қажеттіліктеріне,  соның  ішінде  ерекше 
қажеттіліктеріне бейімдеу.
Конвергентті/ 
репродуктивтік 
ойлау (КО)
–  (лат.  cоnvergere  –  қосылу)  белгілі  бір  тапсырманы  орындаудың  алдын  ала 
игерілген  алгоритмдерін  нақты  пайдалануға  негізделген  ойлаудың  түрі. 
«Репродуктивті» сөзімен бірге қолданылады, себебі осындай ойлау проблеманы 
шешуге дәстүрлі тәсілді қолдануды меңзейді, соның нәтижесінде сол тәріздес 
идеялар туындайды. Бұл ойлау түрі дивергентті ойлауға қарама-қайшы.
Креативтілік
– (ағыл. create – жасау, creative – жасампаз, шығармашыл) индивидтің дәстүрлі 
немесе көпшілік қабылдаған идеялардан ауытқитын, түбегейлі жаңа идеяларды 
қабылдау  мен  жасауға  дайындығымен  ерекшеленетін  және  тәуелсіз  фактор 
ретінде дарындылық құрылымына кіретін шығармашылық қабілеті, сондай-ақ 
проблемаларға өзгеше қарап, оларды ерекше тәсілдермен шешу қабілеті.
Креативті үдеріс
–  негізгі  төрт  сипаттамасы  бар.  Біріншіден,  фантазияны  қолдану  арқылы 
ойлау және әрекет ету. Екіншіден, мақсатты әрекет. Үшіншіден, бұл үдерістің 
нәтижесі өзіндік ерекшелікке ие. Соңғысы, мақсатқа қатысты алғанда нәтиже 
құнды болуға тиіс. 
Критериалды 
бағалау
– оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес 
келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, 
ата-аналар,  заңды  тұлғалар  және  т.б.)  барлығына  алдын  ала  таныс,  ұжым 
талқысынан  өткен,  нақты  анықталған  өлшемдер  арқылы  оқушылардың  оқу 
жетістіктерін  салыстыруға  негізделген  үдеріс.  Критериалды  бағалаудың  екі 
түрі бар – жиынтық және қалыптастырушы.
Қалыптастырушы 
бағалау
–  мұғалімдерді,  оқушыларды  және  педагогикалық  үдерістің  басқа  да 
қатысушыларын  оқуды  жетілдіру  үшін  қажет  ақпаратпен  қамтамасыз  ететін 
оқудың ағымдағы бағалануы. Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті 
жұмыс  барысында  жүзеге  асырылып,  оқушының  ағымдағы  оқу  үлгерімінің 
көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты 
қамтамасыз  етіп,  оқу  үдерісіне  уақтылы  өзгеріс  енгізіп  отыруға  мүмкіндік 
береді.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау