Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет55/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126

121
ата-аналарынан  немесе  қамқоршыларынан  алдын  ала  рұқсат  сұраңыз.  ата-аналарға 
жіберілген хатта жұмыстың мақсаты мен сипатын толығымен түсіндірілуін қамтамасыз 
етіңіз және олардың хаты алынғандығына көз жеткізіңіз. ата-аналардың келісімін жаз-
баша растауын өтініңіз. 
•  Өз  ниеттеріңізді  жоспарда  жазбаша  түрде  жазыңыз  және  әріптестеріңізбен,  атап 
айтқанда мектеп директорымен өзіңіздің жобаңыздың пайдасы жайлы кеңесіңіз. 
•  Деректерді  жинаудың  қандай  тәсілін  қолдансаңыз  да,  Сіз  жұмыстың  мақсаты  мен 
нәтижелерін  пайдалану  әдістерін  толық  түсіндіруіңіз  керек.  Барлық  оқушылардың 
келісім бергеніне қайта көз жеткізіңіз. 
•  Сұхбат немесе пікірталастың кез келген жағдайында, үшінші тараптың (оқушылардың, 
әріптестердің) жеке өмірі мен беделін қорғау қалай қамтамасыз етілетіндігі жайында 
айқын хаттамалар белгіленеді. 
•  жасырындылық қағидатына сәйкестікті ескеріңіз. Кей жағдайларда өз жұмысын таны-
ту мақсатында мектеп немесе мұғалімдер бұл қағиданы бұзуы мүмкін. 
•  Сұхбат беруші (оқушылар, әріптестер, басшылық) Сіздің зерттеуіңіз туралы пікір ала 
алатындығын қадағалаңыз. 
•  Зерттеуіңіз оқушылардың қызығушылықтарына мейлінше сай өткізілуін қадағалаңыз. 
Бұл  ұсыныстарды  қоспағанда,  Сіз  өз  зерттеуіңіздің  этикасын  анағұрлым  кең  мағынада 
қарастыра аласыз. Зерттеу өткізу және бағдарлама талаптарын қанағаттандыру мақсатында, 
Сіз  әріптестеріңізді  және/немесе  оқушыларыңызды  өзіңізбен  ынтымақтастықта  жұмыс 
істеуге жұмылдыра аласыз, бірақ сіз шақырғыңыз келетіндер үшін де, мектеп үшін де Сіздің 
жобаңыз тиімді бола ала ма? Мысалы, шешім қабылдауға қолдау көрсету үшін мектеп пайдалы 
дереккөздермен  қамтамасыз  етіле  ме  немесе  өз  пікірлерін  білдіргеннен  оқушыларға  пайда 
бола ма.


122
Сіздің этикалық ұстанымыңызды есепке алу
Сыпайы жұмыс істеу және «сыпайы болып» көріну – екі түрлі нәрсе. Бағдарламаның кез 
келген тапсырмасында Сіз олардың көмегімен этикалық нормаларға сәйкестікті қарастыратын 
және бұл үдерістің осы нормаларға сәйкес жүзеге асырылуы үшін шара қабылдайтын әдістерді 
нақты  анықтап  алуыңыз  керек.  Сіз  ережеге  сәйкестігіңізді  және  өзіңіз  ұстанатын  нормалар 
қажет екендігін анықтау керек. Кез келген жазбаша ұсыныстарда не жасағандығыңыз туралы 
түсінік беріп қана қоймай, қолданған құралдардың үлгілерін де қосуға тиіссіз, мысалы: ата-
анаға баласының сіздің жобаңызға қатысуына рұқсат беруін сұрап жазған хатыңыз. 
Плагиат
Плагиат  басқа  біреудің  жұмысының  мақсаты  мен  қолданыс  көлеміне  қарамастан, 
дереккөзге  сілтеме  жасамай,  өз  жұмысы  ретінде  ұсыну  дегенді  білдіреді.  Бұл  білімсіздікті 
және академиялық адалдық нормаларын бұзуды көрсетеді. 
Плагиат үлгілері:
•  көшіріп алу (басқа адамның тілін немесе идеясын өз меншігі ретінде қолдану арқылы);
•  дереккөздерге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысынан сөзбе-сөз үзінді алу; 
•  дереккөздерге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысының жекелеген сөздерін неме-
се сөздердің орналасу тәртібін өзгерту арқылы басқаша тілмен жазу; 
•  құраушысына сілтеме жасамай, басқа құжаттан алынған идеяларды қолдану; 
•  онлайн дереккөздерді стильдеу мақсатында интернеттен ақпараттарды кесіп алу және 
қою;
•  авторын  көрсетпей,  өз  жұмысының  бөлігі  ретінде  басқа  біреудің  жұмысын  ұсыну. 
Мысалы, «эссе банкі» немесе «қағаз фабрикасы» сияқты кәсіби агенттіктер арқылы 
жұмысты сатып алу немесе тапсырыс беру; бірлескен жобада басқа біреулер орындаған 
зерттеулерді көрсетпеу.
Бірлескен жобаны қоспағанда, басқа тұлғамен келісімде жасалған жұмыс плагиат болып 
танылады (яғни, бірлесіп істеу жасырылған немесе оған тыйым салынған). Кандидат, мысалы, 
тіл  стилінде  және  жазбаша  жұмыс  бөлімінде  көмекті  қайдан  алғандығы  жөнінде  жалпы 
сілтемеде көрсетуге тиіс. 
Плагиат барлық дереккөз түрлері мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты туындауы 
мүмкін:  мәтінде,  суретте,  музыкалық  үзінділерде,  математикалық  туындыда,  компьютер 
ережелерінде және т.б.; веб-сайттардан алынған материалдарда немесе қолжазбаларда және 
басқа  бұқаралық  ақпарат  құралдарында;  дәріс  және  басқа  студент  жұмыстарының  үлестіру 
материалдарын қоса алғанда, жарияланған және жарияланбаған материалдар. 
жоғарыда  жазылғанның  негізінде  Сіздің  зерттеулеріңізде  қолданатын  сілтемелерден, 
құжаттардан, мәтіннен және журналдардан, сондай-ақ веб-сайттардан үзінді келтірудің барлық 
нормаларын сақтау, сонымен қатар тапсырманы орындау кезінде сізге ауызша немесе жазбаша 
түрде көрсетілген көмекті атап көрсету маңызды. Басқа біреудің жұмысынан алынған көлемді 
тура үзінділерден аулақ болыңыз. 


123
ГЛОССАРИй
әлеуметтік білім 
алушы
– субъект бақылау немесе басқа адамдармен бірге әрекет ету барысында өз 
еркінен тыс білім алатын оқыту түрі. Bersin & Associates мамандары әлеуметтік 
оқыту технологиясының жеті бөлшегін атады: әңгіме (conversation), байланыс 
(connection),  бірлескен  жұмыс  (collaboration),  контент  (content),  [контентті] 
пайдалану ыңғайлылығы (consumption), бақылау (control) және тұтынушылар 
контентін құру мүмкіндігі (contribution).
әңгіме жүргізудің 
сократтық әдісі
– (грек. Μαιευτική, сөзбе-сөз аудармасы - босанатын әйелге көмек көрсету) 
сұрақтарды  шеберлікпен  қою  арқылы  адам  бойындағы  жасырын  білімді 
жарыққа  шығару  әдісі.  Педагогикада  Әңгіме  жүргізудің  сократтық  әдісі 
бағыттаушы  сұрақтар  мен  пікірталастар  орталық  орын  алатын  оқыту  түрі 
деп түсіндіріледі. Сократ, мұғалім ретінде, ең алдымен оқушылардың ақиқат 
туралы  түсінігін  бұзып,  кейін  олар  өз  ұстанымдарын  қорғай  отырып,  оны 
қайтадан қалыптастыратындай етіп бір сұрақтан кейін бір сұрақты қоя берген. 
Әңгіме жүргізудің сократтық әдісінің мәні – әңгімелесушінің «барлық нәрсе 
жайлы білемін» деген орныққан пікіріне қарамастан, шындығына келгенде, 
көп  нәрсені  білмейтіндігіне  көзін  жеткізу.  «Ізденіссіз  өмір  сүрудің  қажеті 
жоқ. Мен ешкімге еш нәрсе үйрете алмаймын, мен оларды тек ойлануға ғана 
мәжбүрлей аламын» – Әңгіме жүргізудің сократтық әдісін түсіну үшін осы 
ойды желеу ету қажет болады.
Бағамдау
- (ағылш. evaluation) білім беруді ұйымдастырумен, оқу, тәрбиелеу және даму 
үдерістерімен байланысты жағдайларды, құбылыстарды және іс-әрекеттерді 
жүйелі  зерттеу  және  баға  беру.  Бақылаушы  және  қадағалаушы  сипаты 
жоқ.  Ол  ақпаратты  жүйелі  түрде  ашық  жинақтау  және  талдау  негізінде, 
белгіленген  мақсаттармен,  критерийлермен  және  құндылықтармен  жүйелі 
түрде  салыстыру  негізінде  ұйымның  жұмысының  тиімділігін  анықтау 
және жетілдіру мақсатында ұйым ішінде, сондай-ақ сыртқы сарапшыларды 
тарту арқылы өткізіледі. Бағамдаудың өзіне тән ерекшеліктері: жетілдіруге 
бағдарлау, диалог түрінде өтуі, жазаның қолданылмауы. Бағамдау мұғалімді 
«тексеруге» емес, оған қолдау көрсетіп, дамуына көмектесуге бағытталған.
Білім алушылардың 
кәсіби қоғамдастығы
мектеп  қызметкерлерінен,  оқушыларынан  және  ата-аналардан  тұратын 
жалпы мектептік қоғамдастық, оның мақсаты тығыз өзара әрекеттестік пен 
ынтымақтастық  орнату  арқылы  өздерінің  білімі  мен  дағдыларын  үздіксіз 
жетілдіру болып табылады.
Бірлескен оқу
- бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы 
тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы 
әрбір  жеке  тұлғаның  жеке  үлесі  мен  қабілеті  мойындалады.  Үдеріске 
қатысушылар  ақпаратты  бірлесіп  отырып  белсенді  іздеу,  талқылау,  талдау 
және жинақтау арқылы жаңа білім алады. жұмыс тиімді болу үшін бірлескен 
оқу  жағдайында  өкілеттік  пен  жауапкершілік  топ  мүшелері  арасында 
бөлінеді. Бірлескен оқудың алғышарты топ мүшелерінің ұжымдасып әрекет 
етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген.


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау