Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет1/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
29267

“ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТАҒЫ МҰҒАЛІМ 
КӨШБАСШЫЛЫҒЫ” ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН 
АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН 
НҰСҚАУЛЫҚ
www.cpm.kz


Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Әдістемелік кеңесі ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
Барлық  құқықтар  қорғалған.  Осы  басылымды  кез  келген  түрінде  және  кез  келген 
құралдармен,  фотокөшірмені  және  кез  келген  электронды  нысанды  қоса  алғанда,  авторлық 
құқық  ұстаушының  жазбаша  рұқсатынсыз  толық  немесе  ішінара  басып  шығаруға  немесе 
таратуға тыйым салынады.


3
СОДержаНие
КІрІСПе4
БаҒДарЛаМаНЫҢ МаҚСаТЫ МеН МІНДеТТерІ7
БаҒДарЛаМаНЫҢ ТеОриЯЛЫҚ НеГІЗДерІ 
7
НеЛІКТеН БаҒДарЛаМа ОҚУ ТӘжІриБеСІН ӨЗГерТе 
12
аЛаДЫ ДеП СаНаЙМЫЗ?  12
СЫНЫПТа ОҚЫТУДЫ БаСҚарУ ОЙЛаУ жОЛДарЫ  15
адамдардың қалай оқитындықтары туралы   15
білім саласындағы заманауи жетістіктер 
15
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету 
30
Дарынды және талантты балаларды оқыту  38
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу  45
Қалай оқу керектігін үйрену  55
жҰМЫС ӘДІСТерІ  65
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.  
65
Қалыптастырушы бағалау 
65
Диалогтік оқыту 71
рефлексиялық оқыту  76
жҰМЫС ҚҰраЛДарЫ 
78
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық  
78
технологияларды пайдалану  78
Орта мерзімді жоспарлау 
85
МеКТеПТе  ОҚЫТУДЫ  БаСҚарУ  жӘНе  КӘСІБи  ҚОҒаМДаСТЫҚ  ОЙЛаУ 
жОЛДарЫ   99
жҰМЫС ӘДІСТерІ   109
жҰМЫС ҚҰраЛДарЫ 
117
ГЛОССариЙ  123
ҰСЫНЫЛаТЫН ӘДеБиеТ  128
БаЙЛаНЫС аҚПараТЫ 
135


4
КІРІСПЕ
Бұл  әдістемелік  құрал  «Педагогикалық  қоғамдастықтағы  мұғалім  көшбасшылығы» 
Қазақстан республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы (бұдан 
әрі – Бағдарлама) туралы ақпараттық-анықтамалық материал болып табылады. Бағдарламаның 
құрамына келесілер кіреді: 
1.  Педагогикалық  шеберлік  орталығының  тәжірибелі  және  білікті  тренерлерінің 
қолдауымен 200-сағаттық «Бетпе-бет» аудиториялық жұмыс;
2.  «Бетпе-бет» оқыту кезеңінің материалдарына қосымша оқуға арналған материалдар; 
3.  «Бетпе-бет»  кезеңінің  негізінде  құрылымдалып  рәсімделген  және  толық  қолдау 
көрсетілетін «Мектептегі тәжірибе» кезеңі;
4.  синхронды және синхронды емес диалог түрінде онлайн қолдау.
Педагогикалық  шеберлік  орталығында  әзірленген  бағдарламалардың  негіз  қалаушы 
алғышарты  мектеп  мұғалімдері  өзінің  немесе  жалпы  мектептің  оқыту  тәжірибесіне  өзгеріс 
енгізу  әдістерін  біліп  қоймай,  сонымен  қатар  сол  өзгерістердің  себептері  туралы  да  білу 
керектігі болып табылады. Бұның себебі әр сынып пен әр мектеп бірегей болып келетіндігінде, 
сондықтан  барлық  мектептерге  арнап  бірыңғай  тәжірибелік  нұсқаулық  жасау  мүмкін  емес. 
Сол себепті Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген бағдарламалар нақты және күрделі 
жағдайларды қалай талдау қажеттігін, оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындау үшін 
мектеп  тәжірибесіне  қалай  өзгеріс  енгізіп,  осы  шара  барысында  күтілетін  нәтижелерге  қол 
жеткізілгенін қалай бағамдау қажеттігін терең түсінуді көздейді.
Бағдарлама  бойынша  біліктілікті  арттырудың  «Бетпе-бет»  оқыту  кезеңдерінде  және 
мектептегі тәжірибе кезеңінде мұғалімдер осы «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» әдістемелік 
құралына (бұдан әрі – Нұсқаулық) сүйенетін болады.
Бағдарламаны игерген мұғалімдердің негізгі функциясы біріншіден, қуатты педагогикалық 
құралдарды өз тәжірибесіне ықпалдастыру арқылы өзінің оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа 
тәсілдерді енгізу болып табылады. екіншіден, мектептегі әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал 
ету мақсатында коучинг өткізіп, әріптестерін тәлімгерлікке алады. Үшіншіден, әріптестерінің 
озық  тәжірибелермен  бөлісу  арқылы  мектебін  жетілдіру  мақсатында  педагогикалық 
қоғамдастықтың жұмыс жоспарын әзірлейді. Өздеріне жүктелген міндетті ойдағыдай жүзеге 
асыру үшін Бағдарламаны игерген мұғалімдерге тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлап 
өткізу,  сонымен  бірге  әріптестерінің  қажеттіліктеріне  қарай  коучинг  ұйымдастырып,  бір 
әріптесіне тәлімгер болу қажет болады. Өз мектебінің мұғалімдерін қоғамдастыққа тартып, 
олармен  бірлесіп  жұмыс  істейді.  Бағдарламаны  игерген  мұғалімдер  алға  ілгерілеу  бар  ма 
екендігін  қадағалап  отыру  үшін,  өзгеріс  енгізу  барысында  туындаған  кедергілерді  жою 
мақсатында қолдау көрсетуге және бұл өзгерістердің оқыту тәжірибесіне ықпалын бағамдауға 
жауап береді (1-сурет).
Бағдарламаны 
игерген мұғалім
Түйінді функциясы
Бағдарлама бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалім тізбектелген сабақтар 
топтамасында Бағдарламаның идеяларын іске асырып, өз жұмысын талдай және 
бағамдай отырып, кәсіби тұрғыдан рефлексия жасау арқылы өзінің оқыту және оқу 
тәжірибесін өзгертеді.
Бағдарлама  бойынша  біліктілікті  арттырудан  өткен  мұғалім  мектептегі 
әріптестерінің  кәсіби  шеберлігін  арттырып,  тәжірибесін  жетілдіруге  көмектесу 
мақсатында коучинг өткізіп, бір әріптесіне тәлімгер болады. 


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау