124
Дарындылық
– қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Дарындылық – өзіндік
ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Қабілеттілік сияқты дарындылық та
туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді (Б.М.Теплов).
Жалпы дарындылық:
салыстырмалы түрде кең және әмбебап психологиялық бөлшектердің (жады,
зият) дамуы.
Арнайы дарындылық ерекше қызмет түріне жатады. Бұл бөлініс
шартты, жалпы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте «өмір сүреді». адамдардың
дарындылығы мен қабілеттері
сандық емес, сапалық тұрғыдан ерекшеленеді.
Дарындылықтың сапалық ерекшеліктері бір адамның бір салада, екіншісінің
басқа салада дарынды болуымен ғана емес, дарындылықтың қалыптасқандық
деңгейімен де көрінеді. Қабілеттерден сапалық айырмашылықты іздеу –
психологияның маңызды міндеті.
Дивергентті ойлау
–
бір мәселенің (проблеманың) бірнеше шешімін іздеу мақсатында
қолданылатын шығармашылық ойлаудың түрі.
Жиынтық бағалау
– оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында
оқытудың қорытындыларын шығару. жиынтық бағалау оқу циклдері мен
сатылары аяқталғанда жүзеге асырылып, оқушының белгілі бір кезеңдегі
дайындық деңгейінің көрсеткіші болып табылады, біртұтас бағалау
критерийлері негізінде іске асырылады.
Жақын арадағы даму
аймағы (ЖАДА)
– Л.Выготский енгізген ұғым; оқушының қалыптасқан дағдылары,
қабілеттері мен оқушы әзірше өз бетінше орындай алмайтын, орындау үшін
скаффолдердің көмегін қажет ететін тапсырмалар ауқымында қалыптасатын
дағдылар арасындағы оқу кезеңі. Скаффолдер рөлінде мұғалім немесе
анағұрлым жақсы оқитын сыныптастары болуы мүмкін.
Инклюзивті оқыту
–
білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту.
Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде ерекше
қажеттіліктеріне бейімдеу.
Конвергентті/
репродуктивтік
ойлау
– (лат.
cоnvergere – қосылу) белгілі бір тапсырманы орындаудың алдын
ала игерілген алгоритмдерін нақты пайдалануға негізделген ойлаудың
түрі. «репродуктивті» сөзімен бірге қолданылады, себебі осындай ойлау
проблеманы шешуге дәстүрлі тәсілді қолдануды меңзейді, соның нәтижесінде
сол тәріздес идеялар туындайды. Бұл ойлау түрі дивергентті ойлауға қарама-
қайшы.
Коучинг
- сөзбе-сөз
дайындау, жаттықтыру; әріптестердің құпия, белсенді және
жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту
тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан
рефлексиялық диалогқа тарту негізінде әріптестер өз жұмысының жекелеген
салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық
деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби
білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді. Коучинг үдерісі
тәлімгерлік үдерісімен байланысты: коучинг нақты тақырып бойынша
әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі,
жан-жақты кәсіби қолдау көрсетуді көздейді.
Креативтілік
– (ағыл.
create – жасау,
creative – жасампаз, шығармашыл) индивидтің
дәстүрлі немесе көпшілік қабылдаған идеялардан ауытқитын, түбегейлі
жаңа идеяларды қабылдау мен жасауға дайындығымен ерекшеленетін және
тәуелсіз фактор ретінде дарындылық құрылымына кіретін шығармашылық
қабілеті, сондай-ақ проблемаларға өзгеше қарап, оларды ерекше тәсілдермен
шешу қабілеті.
Креативті үдеріс
– негізгі төрт сипаттамасы бар. Біріншіден, фантазияны қолдану арқылы
ойлау және әрекет ету. екіншіден, мақсатты әрекет. Үшіншіден, бұл үдерістің
нәтижесі өзіндік ерекшелікке ие. Соңғысы, мақсатқа қатысты алғанда нәтиже
құнды болуға тиіс.