Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет52/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   126

115
Адалдық (өзара сенімді және шынайы қарым-қатынас). 
Осы Бағдарламада негізінен «мәдени бөлініске» артықшылық беріледі. Мұғалім жүргізетін 
дамыту жұмысы (МжДж) көшбасшылықтың бұл түрінің кең тараған нысаны болып табылады. 
Ол жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдердің:
•  іс-тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіне жауапкершілік алу;
•  оқыту  мен  оқу  тәжірибесіне  өзгеріс  енгізу  үшін  әріптестерімен  стратегиялық 
шешімдерді бірлесіп таңдау;
•  деректерді бірлесіп жинау және қолдану;
•  кәсіби  білімді  қалыптастыруға  және  таратуға  атсалысу  үшін  көшбасшылықты 
нығайтудың ерекше тәсілі болып табылады.
Мұғалімдер үшін көшбасшылықтың маңызы
Мұғалім үшін оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың бірнеше мәні бар:
•  мұғалім өзінің оқыту және оқу үдерістерін түсінуін нақтылауға мән беруі;
•  оқыту және оқу үдерістерін әріптестерімен талқылауға мүмкіндік беру;
•  ересектерді  де,  балаларды  да  оқыту  үшін  барынша  қолайлы  жағдай  жасау  арқылы 
жоғары мәдениетті оқу ортасын орнату;
•  оқудың қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен шектемей, одан әрі кеңейту;
•  оқушылардың оқу үдерісіне тартылуы;
•  әріптестерді  кәсіби  дамыту  үшін  барлық  мұғалімдердің  әлеуеттерін  бөлуге 
болатындығына сенімді болу;
•  оқыту мен оқу үдерістеріне әлеуметті, ата-аналар мен тиісті мүдделі адамдарды тарту.
Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес 
беруді біртіндеп жүзеге асыру арқылы қолдау таба алады. алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін 
маңызды  шешімдерді  талап  ететін  құндылықтар  мен  мәселелерді  анықтау.  Келесі  қадам  – 
өзгеріс  енгізу  туралы  әріптестерінің  кеңестері.  Ол  басымдықтарды  белгілеп,  іс-шараларды 
келiсу  бойынша  атқарылған  жұмыстардан  соң  мектептегі  мәжiлiсте  қаралып,  мақұлдануы 
мүмкін.  Мақұлданған  соң  мұғалім  өзінің  мәселесі  бойынша  нақты  жоспар  құра  бастайды. 
Бұл  жоспар  жүзеге  асатындай  және  оның  құрамына  кіретін  әрбір  әлеуетті  қатысушы  оны 
талқылай алатындай болу керек. егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді болса, онда дамыту 
жұмысы да жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс мектеп әкімшілігі 
тарапынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Ол үшін мектеп әкімшілігі мектеп 
құрылымы мен дамытудың басымдықтарын қайта қарастыруы қажет, себебі олардың кеңесі 
мен жетекшілігі өте маңызды.
Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей 
кезеңдерде айқындалады.
1-кезең. Құндылықтарды анықтау.
2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау.
3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.
4-кезең. атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.
5-кезең. атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.
6-кезең. Зерттеуге негiзделген көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс.
7-кезең. Кәсiби бiлiмдердiң дамуына жәрдемдесуге ықпал ететін кәсіби қоғамдастықтағы 
жұмыс.
Дамытудағы көшбасшылық мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен 
тыс  жерде  алынған  жаңа  білімдерді  беру  де  мұғалімнің  өз  мектебіне  орасан  зор  пайдасын 
тигізеді.


116
Тәжірибенің өзгеруі, білімнің жинақталуы
Мұғалiмнің  өз  бастамасына  негізделген  кәсіби  даму  үдерісінің  нәтижесі,  ең  бірінші 
кезекте,  жоба  аяқталған  соң  емес,  оның  барысында  сезiлуі  керек.  Сапалы  даму  жұмысына 
жаңа  технологияларды  сынақтан  өткізу,  бағалау,  талқылау  және  шолу  жатады.  Олардың 
барлығының өзгертушілік әсерi болады. Нәтижелері әрдайым практикалық бағытта болады, 
олар: тәжірибедегі өзгерiстер немесе жақсартулар; оқыту мен оқудың жақсартылған әдiстерi. 
Олар  сонымен  бiрге  кәсіби  өсуде  маңызды  бола  алады,  бұл  осы  Бағдарламаның  басында 
келтірілген оқытудың көп деңгейлі моделінде бейнеленген сыртқы және ішкі өсу.
Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысы жақсы бастама деп санайды, егер 
жоба басынан нәтижелі болып, әріптестерін қызықтыра алса, онда бұл өзгерістер мектепте 
кеңінен қолдау тауып отырады. Басқаша айтқанда, мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. 
Сол себепті әріптестерді қызықтырып, оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет.
Мұғалімге арналған зерттеушілік семинар
Мектеп  мұғалімді  ынталандыру  объектісі  де  бола  алады.  Мектепте  ұйымдастырылатын 
ғылыми-зерттеу  семинарларының  көздеген  бірнеше  мақсаттары  бар:  мұғалімдер  мен 
мектептерге шешу қажет болатын проблемалар мен мәселелерді анықтайды; оларды шешудің 
ұсынымдары  мен  стратегияларын  әзірлейді;  мұғалімнің  де,  мектептің  де  әлеуетін  дамыту 
мақсатында мұғалімдердің мектепте ортақ білім базасын құруына септігін тигізеді.
Зерттеуші мектеп
Мектепті  зерттеуші  мектепке  айналдыру  оны  қызметтің  төмендегідей  аспектілері 
бойынша дамытуға жол ашады:
•  оқу сапасын арттыру және қолдау көрсету арқылы оқу үлгерімін арттыру;
•  мектептің өзін-өзі бағалау үдерісіне көмек көрсету;
•  оқушылардың білімдегі жеке қажеттіліктерін түсіну және шешу арқылы оқуды алға 
жылжыту;
•  жастардан  олардың  білім  алу  мәселелері  бойынша  кеңес  алу  және  оларды  ғылыми 
зерттеулерге тарту;
•  рөлі мен мәртебесіне қарамастан мектептің барлық қызметкерлері тартылған мектеп 
реформаларына атсалысу;
•  мектеп проблемаларын шешу үшін өзінің әлеуетін дамыту.
Мектепті  зерттеуші  мектеп  етіп  түрлендіру  мектепке  ғылыми  дәлелдемелерді  енгізу 
және  зерттеу  жүргізу  жөніндегі  міндеттеме  алу  дегенді  білдіреді.  Джеймс  (2005)  оқушы 
табысты білім алуы үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыруы негізгі талап болып табылады деп 
атап көрсетеді, осыған байланысты мұғалімдер білім алатын кәсіби мәдениетті жүйелі түрде 
дамыту аса маңызды.
Қорыта келе айтарымыз, Бағдарлама мектеп көшбасшылары мұғалімдерге жақсы оқытуға 
қалай көмектесе алады, сондай-ақ желілік қоғамдастықта басқа мектептермен бірлесіп жұмыс 
істеу арқылы тәжірибеге енгізілген өзгерістерді қалай сақтап қала алады деген мәселелерге 
назар аударатын зерттеу материалдарына негізделетін болады. 
ПАйДАЛАНЫЛҒАН әДЕБИЕТ
Elliott,  J.  (1991).  Action Research for Educational Change  [Бiлiм  беру  өзгерiстеріне  арналған 
қызметті зерделеу]. Milton Keynes: Open University Press.
Frost, D. (2011). Supporting teacher leadership in 15 countries: the International Teacher Leadership 
project  [15  елдегi  мұғалiмнiң  жетекшiлiгiнiң  қолдауы:  «Мұғалiмнiң  жетекшiлiгi» 
халықаралық  жобасы].  Phase  1, A  report,  Cambridge:  LfL  at  the  University  of  Cambridge 
Faculty of Education.


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау