59
туралы сақтықпен сөйлейтіндігін көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің әрекетіне
түсінік беру «
олардың жұмысы емес» деп санады. алайда, оқушылар зерттеушілерге өзекті
педагогикалық проблемалар мен бос сөзділікті жіктей қарастыра отырып, нені өзгерткілері
келетіні туралы өз пікірлерін жеткізді.
Оқушылармен пікірлесу – басшылықтың дәстүрлі қарым-қатынасынан өзгеше және
оқушылар мен мұғалімдер арасында ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін күрделі үдеріс.
Оқушылармен әңгімелесу барысында ешқандай алалауға жол берілмеу маңызды, әсіресе,
«үндемейтін» және «жеке-дара» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс.
Сондай-ақ, оқушылардың пікірлесуде шынайы болуы, оқыту мен оқуға байланысты оқушыларға
қызықты және маңызды сұрақтар қамтылуы аса маңызды.
«Оқушы үні» жобасы аяқталған соң, жобаға қатысқан мұғалімдер арасында сауалнама
жүргізіліп, оның нәтижесінде оқушылармен пікірлесу:
• оқушылардың өзін-өзі құрметтеуін;
• мектеп пен оқуға қатысты жағымды көзқарас туындауын;
• мұғалімдерге деген эмоционалдық жағымды қатынас туындауын дамытуға ықпал
ететіндігі расталды.
жобаға қатысқан мұғалімдер оқушылардың жауапкершілігі мен сындарлылығына таң
қалса, оқушылар өз кезегінде пікірлесудің артықшылығын мойындады. Нәтижесінде олар:
• өзгелердің өздерін құрметтейтіндігін, оларды тыңдап, пікірлерімен санасатындығын
сезінді;
• мәселені шешуде олардың пікірлері есепке алынатындығына көздерін жеткізді;
• өзіндік білім алуын бақылау деңгейін анықтады;
• бірлесіп талқылауға болатын сұрақтар ауқымын анықтады;
• оқуды қалай жақсартуға болатыны туралы сенімді нығайтты;
• мектеп пен оқуға деген жағымды қарым-қатынас қалыптастырды.
Оқушылармен білім беру мәселелері бойынша пікірлесу олардың өзін-өзі реттеуін
дамытуына ықпал етеді. Мектеп пен сынып жұмысына қатысы бар тақырыпта оқушылармен
ашық пікірлесудің жағымды әсері ретінде оқушылардың өз оқуын бақылай алатындығына, ол
туралы пікір айтуға, өз оқуын жетілдіруге ықпал ете алатындығына сенімді болуын жатқызуға
болады.
Мұғалімдер үшін маңызы
Әңгімеге арқау болған бөлімнің негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, бірақ ол
білім мен түсінікті оқушы қалыптастырады, ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.
Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар: мұғалімнің
(1) балалардың қалай оқитынын түсінуі; (2) нені оқыту керектігін түсінуі; (3) тізбектелген
сабақтар топтамасын қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы; (4) сонымен қатар оқу
нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі (14-сурет).
60
14-сурет. Балаларға қалай оқу керектігін үйренуге көмектесу
Келесі бөлімдер сыныптың ішінде не болып жатқанына арналады, бұл орайда сыныптар
бүкіл білім беру жүйесінің жекелеген бөлшектері болып табылатынын ұмытпаған жөн және
бұл байланыс оқу материалын әзірлеу кезінде ескерілуі тиіс. Нәтижесінде оқушылар өздерінің
отбасы тарапынан қолдау тауып, мектептің ішінде және одан тыс жерлерде олардың оқу әлеуеті
артады.
Балалардың қалай білім алатынын ескеру
Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-
дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында
ғана жүзеге асады. Оқыту үдерісінің басында мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай
қате ой-түйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін арнайы құралдарды
пайдаланады. Бұған дейін бөлім оқу үдерісінің басында оқушылардың қарастырылатын
тақырып туралы шамалы білімі болғанын және осы бастапқы білім жаңа материалды игеру
үшін бастау болып табылатынын көрсетті. егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау
нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. егер білім игеруді
бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де
алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырып, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін
мүлдем ұмытып қалады.
Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу
керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді, өз
алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды
және қателер – оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады (15-сурет).
15-сурет. Оқу пирамидасы
61
Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында сыныпта орындалатын
жұмыс барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оқушылардың бойында
бұл тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды қалыптастырып, білім береді. Мұғалім
оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын (16-сурет) және райан мен
Деки (2009) « ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс.
Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс
пен қызығушылық пайда болады. Бұны жазалауға ұшырамау немесе емтиханнан құламау
түрткі болып табылатын сыртқы уәжден ажырата білген жөн.
16-сурет. Оқушыларда «өзіндік мақсатты» қалыптастыруға арналған жағдайлар
Осы мақсатта мұғалімдер оқушыларға өз мақсаттарын қоюды үйретеді, нәтижесінде
оқушылар жоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жету үдерісінен рахат алады. Сабақтар
оқушылардың мәселенің бүге-шүгесіне дейін назар аудару қабілеті дамитындай және
тізбектелген сабақтар топтамасының материалын жүйелі түрде игере отырып, ұзақ уақыт
назарда ұстайтындай етіп құрылады. Мұғалімдер оқушыларды жұмысқа ынталандырады және
сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Түйіндеме: оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді.
Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа
келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз
пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын
жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің
екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай
алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және
не істегісі келетінін түсінуге тырысады.
Бірінші мәселе: жаңа тақырыпты оқыту адамның нені білетіні және түсінетінімен
байланысты болады.
Екінші мәселе: Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды
өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.
Үшінші мәселе: Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу
үдерісін толыққанды қатыстыру қажет.
Төртінші мәселе: Оқушыларға болжам жасауға, өз ойын құруға, оны қорғауға және
сынақтан өткізуге уақыт беріңіз.
Бесінші мәселе: Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |