Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет30/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   126

66
Тарихи шолу
Балалар білім беру ұйымдарында оқып жатқан барлық қоғамда оқушылардың мектепте 
оқытылатын  идеяларды  игеру  деңгейін  анықтау  үшін  және/немесе  оқушылар  тобы  үшін 
барынша  оңтайлы  болып  табылатын  оқудың  немесе  жұмыстың  кезеңдерін  анықтау  үшін 
белгілі бір бағалау нысандары қолданылады. Осындай бағалау адамдардың тиісті кезеңдегі 
білімі  мен  түсінігін  бағалау  үшін  оқу  бағдарламасының  белгілі  бір  кезеңдерінде  жүзеге 
асырылады. Бұндай бағалауды «жиынтық» бағалау деп атауға болады, өйткені ол оқушының 
алдын ала әзірленген критерийлерге (критериалды бағалау) сәйкес анықталған, болмаса қалған 
оқушылардың білімімен салыстыру нәтижесінде анықталған (нормативке негізделген бағалау) 
білімін жиынтықтайды. 1990 жылдан бастап Ұлыбритания мектептерінде бағалаудың екінші 
түрі  кеңінен  таныла  бастады,  бұл  «қалыптастырушы  бағалау»  немесе  «оқу  үшін  бағалау» 
(бұдан  әрі  -  ОүБ)  ретінде  белгілі  болды.  Бұл  бағалау  оқуды  жақсарту  үшін  мұғалімдерді, 
оқушыларды және басқаларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін оқуды ағымдық бағалау 
дегенді білдіреді.
Білім  беру  саласындағы  мұғалімдер  мен  саясаткерлер  ортасында  зерттеу  нәтижелерін 
таныту мақсатында 1989 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Ұлыбритания ғалымдарынан 
тұратын  Бағалауды  реформалау  Тобы  (Assessment  Reform  Group)  1999  жылы  «Оқу  үшін 
бағалау»  деген  кітапша  жариялады.  Осы  уақыттан  бастап  ОүБ  тұжырымдамасы  кеңінен 
таныла бастады. Осы кітапшаның негізгі мәтіні Бағалауды реформалау Тобы ұйымдастырған 
Пол Блэк пен Дилан Уильямның (1998a, 1998b) зерттеулеріне шолу ретінде ұсынылған. Шолу 
1987-1997 жж. аралығында білім берудің көптеген аспектілері бойынша және пәндік салалар 
бойынша өткізілген әлемдік зерттеулерді қарастырды. Блэк пен Уильям 250 зерттеуге талдау 
жасап, оның 50 зерттеуіне айрықша назар аударған, себебі бұл зерттеулерден ОүБ тәжірибесін 
пайдалануға  негізделген  «араласудан»  кейін  үлгерімнің  жақсарғандығының  дәлелдерін 
көруге болады. Бұл жетістіктер жаңағы айтылған «араласуға» дейін және одан кейін жиынтық 
тестілермен өлшеніп, әсер коэффиценті 0,4-тен 0,7-ге дейін жеткен. Бұл орайда 0,4-ке тең әсер 
мөлшері орташа оқушының 2-ші кезеңнің белгіленген деңгейінің ортасына дейін жылжуына 
ықпал еткен; ал 0,7 әсер мөлшері оқушылардың белгіленген деңгейдің төрттен үшіне жылжуын 
қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, зерттеулерде оқу үлгерімі төмен оқушылардың көрсеткіші 
айтылғаннан да жоғары болған, бұл көптеген мұғалімдер мен саясаткерлердің ОүБ тәсілінің 
өзектілігі мен маңыздылығы туралы пікірлерін өзгертіп, бұл әдіске қызығушылық білдіруіне 
түрткі болды. 
Заманауи түсінік
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан 
бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Қазіргі білім беру 
жүйесіне бағалаудың екі нысаны да қажет. айталық, оқуды бағалау жіктеу және есеп беру 
үшін  өткізілетін  болса,  оқу  үшін  бағалау  оқушылардың  білім  алуына  көмектесетін  оқыту 
үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау 
немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің 
функциясы бойынша бұл бағалау 
жиынтық бағалау болып табылады және кейде оны оқуды 
бағалау деп атайды. жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне 
немесе болашағына ықпал етуі мүмкін болатын (яғни, анықтайтын мәнге ие) шешім қабылдау 
үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың 
мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану 
кезінде мүмкін болады. Оқуды жақсарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іске 
асыру әдістері мен түрлерін анықтауға бағытталған бағалау 
қалыптастырушы немесе оқу 
үшін бағалау болып табылады.


67
Бағалаудың мәні
«
Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ 
емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе 
өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы 
болып  табылады.  Бұл  ресми  тестілер  мен  емтихандардан  бастап,  мұғалімдер  сыныптарда 
күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Бұған 
қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың 
көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. 
Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:
•  қадағалау;
•  алынған мәліметтердің 
интерпретациясы;
•  бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған 
қорытынды.
Қадағалау
Қадағалауды  өткізу  үшін  оқушылардың  нені  білетіндігін  және  не  істей  алатындығын, 
сонымен  қатар  олар  қандай  қиындықтармен  кездесуі  мүмкін  екендігін  анықтау  қажет. 
Сыныптағы  әдеттегі  іс-әрекетті,  яғни,  балалардың  өзара  әңгімесін  тыңдап,  тапсырманы 
орындап  отырған  оқушыларды 
қадағалау  немесе  олардың  орындаған  сынып  және  үй 
жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты 
алудың  ерекше  ойластырылған  тәсілін  қолдану  керек  болуы  мүмкін.  жазбаша  тапсырма 
немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс 
таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген 
жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің 
мәнін анықтай білуі қажет.
Интерпретация
Интерпретация  қызығушылық  тудыратын  мәселелерге,  мәселен,  ерекше  дағдылар, 
көзқарастар  немесе  оқыту  түрлеріне  қатысты  жүргізіледі.  Мұндай  өлшемдерді  көбінесе 
критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау 
бөлігі ретіндегі қадағалау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ 
кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және 
өткенді шолу өлшемдерін қолданады. интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға 
немесе  түсіндіруге  талпынуға  болар;  немесе  мінез-құлыққа  қарап  логикалық  қорытынды 
жасауға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның миында болып жатқан құбылыстың нәтижесі 
болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде 
логикалық қорытынды деп 
атайды.
Қорытынды
Мәліметтерді интерпретациялау негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді. 
Бұл кезеңде бағалау үдерісі түрлі мақсаттарға және алынған ақпарат қолданылатын міндеттерге 
байланысты әртүрлі нысанда жүруі мүмкін.
Оқуды бағалау
Оқу  үшін  бағалауға  қарағанда,  оқуды  бағалаудың  мақсаты,  керісінше,  оқушы  қазіргі 
уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға 
үлес қосуға бағытталмаған, оның үстіне ұлттық бірыңғай тестілеу сияқты маңызды мәні бар 
тестілеу оқу үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b). Оқуды 
бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы 
оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды 
жасалады.  Мұндай  қорытындылар  стандартқа  немесе  әдетте  балл  немесе  деңгей  түрінде 
келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады.


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау