Орындаған: Абдраманов Бакытжан



Дата17.11.2017
өлшемі52 Kb.
#737
түріСабақ

Жалағаш индустриалды – аграрлы колледжі

Б а я н д а м а
«Сапалы маман дайындауда

өндірістік оқу сабақтарын тиімді

ұйымдастырудың маңызы»
Орындаған: Абдраманов Бакытжан

Батырбекович


Жалағаш индустриалды – аграрлы колледжінің оқу шебері

Абдраманов Бакытжан Батырбекович

САПАЛЫ МАМАН ДАЙЫНДАУДА ӨНДІРІСТІК ОҚУ САБАҚТАРЫН

ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

«Кәсіби - техникалық білім ең бірінші кезекте ұлттық

экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі

сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек»

Н.Ә.Назарбаев

Өндірістің негізгі қозғаушы күші болып табылатын жоғары білікті кәсіби мамандар даярлау мәселесі күннен - күнге алдыңғы қатардан орын алуда.

Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына кезекті 20-шы жолдауында «Бізге техникалық кадрлар даярлау жүйесін барынша дамыту қажет. 2017 жылдан «Тегін кәсіптік-техникалық білім - баршаға» атты жоба бастау алатынын жариялаймын» деп, Қазақстан халқына осы салаға деген мемлекеттік саясатты жеткізген еді.

Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде ой-өрісі жаңашыл, дүниетанымы жоғары, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Бастауыш кәсіптік білім берудің мақсаты - ой-өрісі кең, дүниетанымы жоғары, нарық талабына сай бәсекеге қабілетті кәсіби білікті жұмысшы кадрлары мен мамандарын даярлау болып табылады. Осы мақсатқа жетудің және жету жолдарын шешу, білім беру ісімен бірге кәсіптік еңбек, рухани- адамгершілік, азаматтық-патриоттық тәрбиелері арқылы жүргізіледі.

Колледжімізде оқу-өндірістік сабақтары кестеге сай арнайы пән кабинеттері мен зертханаларда жүргізіледі. Арнаулы пән кабинеттері мен зертханалар құрал жабдықтармен, оқулық, плакаттармен қамтылып, өндірістік оқу сабақтарын өткізуге толық жасақталған. Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін арттыру үшін қазіргі кезде кең таралған сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдануға болады. Бұл жаңа технологияны оқыту процесінде оқушыларға бірігіп бір мәселені шешуге, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой-өрісін, шығармашылығын көркейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұл әдіс оқушыларды жұптасып, топтасып, ұжым болып жұмыс жасауға, өзгелерге көмектесуге үйретеді. Оқыту процесінде ұйымдастырудың әр түрлі формаларына, әдістеріне қол жеткізеді, ең алдымен оқушылардың қызығушылығы, мүддесі, жеке бас ерекшеліктері көзделеді және жұптық, топтық, ұжымдық жауапкершіліктері артады.

Оқушылар мен оқу шебері арасындағы тепе теңдік, өзара сыйластық, бір-бірінен үйрену және үйрету маңыздылығы, өз пікірін еркін айту, өзгенің пікірін құрметтеу, ойлау, талдау және іздену қабілеттері артады. Сабақта шешуші рөл оқу шебері емес керісінше оқушы екені туралы пікір қалыптасады. Мұнда бір оқушы мен екінші оқушыны салыстыру емес, оқушының кешегі нәтижесін бүгінгі, ертеңгі нәтижелі біліммен салыстыру арқылы ізденіске жетелеу, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру арқылы әр оқушының қабілетін анықтау болып табылады.

Міне осы мақсатта әрбір ұстаз оқытудың жаңа технологияларын қарастырып, сабағына пайдаланып, өзінің әдістемелік шеберлігін күнделікті арттырып, шығармашылық жұмыс жасау арқылы, тынымсыз ізденудің арқасында ғана нәтижеге жетеді. Мен өз сабағымда осы әдістерді қолданудың мына жолдарын ұстанамын.


  1. Сабақтың тақырыбына қарай мақсатын ашу жақтарын қарастыра отырып, қандай әдіс- тәсілдерді қолдану қажеттілігі мен оқушыларды даяр нәрседен де білмегенін үйрету жақтарына көңіл бөлемін.

  2. Тәрбиелік мақсаты бойынша оқушыларды әлеуметтік өмірге еркін араласа алатындай, еңбекке бейім, ұқыпты, үнемшіл болу тұстарын қарастырамын.

  3. Сабақтың көрнекілігіне аса маңызды көңіл аударып, қажетті құрал- саймандармен қамтылуын қамтамасыз етемін.

Жұмыс орындау үшін оқушылар 5 топқа бөлінеді. Әр топқа арнаулы жасалған нұсқау карталары беріледі. Онда әр жұмысты орындау реттілігі, бақылау сұрақтарымен қоса бірнеше тапсырмалар және техника қауіпсіздігі туралы мәліметтер қамтылған бірнеше бөліктен тұрады.

Кіріспе нұсқауда. Жұмыс тәртібі мен мақсаты түсіндіріледі.

Ағымдағы нұсқауда әр топтың жұмысты неден бастау керектігіне назар бөлінеді де ары қарай оқушылар нұсқау картасындағы реттілікпен тапсырмалар орындайды.

1 - топ «Қалаудың түрлері»;

2 - топ «Қалауды байланыстыру жүйелері»;

3 – топ «Қалау процесі»;

4 - топ «Тас қалаушының жұмысы»;

5 – топ «Тас қалаушының жұмыс орнын ұйымдастыру».


Қорытынды. Әр топ өз тапсырмаларын қорғап, тиісті бағаларын алады. Бұнда ұжымдық ұйымшылдықтары ескеріледі. Оқушы деңгейге бөлінбейді, баяу оқушы болмайды, барлығы жауапкершілікті бірдей тең бөліседі. Бірін-бірі толықтырып, ортақ жұмыстарын көрсетеді.

Сабақ соңында жұмыс орындарын тазалап, қолданған кұрал-саймандарын өз орындарына орналастырады. Оқу шебері әр топты жігерлендіре отырып, ерекше тапсырма орындағандар мен жіберілген кемшіліктерді түзету жолдарына көңіл бөледі.

Сабақты тиімді ұйымдастырудың бұл тәсілі кейінгі ұрпаққа аға буын тәжірибесінен нәр алуға, оны өз тәжірибесімен салыстыруға жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, жалпы адамзаттың құндылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта оқытудың озық технологияларын сабаққа пайдалану- өмір талабы. Сондықтан да сабаққа қойылатын талаптар сапалы маман дайындауда оқу шеберлерінен үлкен шеберлік пен шығармашылықты талап етеді.

Мұғалім және оқу шеберлері шығармашылық жұмысқа деген қызығушылығын оқушылардың бойына сіңіре білуі қажет.Сонда ғана нәтижеге жетеді.



Қорытындылау. Жалағаш индустриалды – аграрлы колледжі бес мамандық негізінде жұмыс жүргізеді. Бұл мамандықтардың барлығы да - құрылыс, ауыл шаруашылығына байланысты.

Себебі қазіргі таңда елімізде ғаламат құрылыстар, тұрғын үй саясатын орындау, сонымен қатар елімізде сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру қажеті туып отыр.

Осыған орай қазіргі кезеңде елімізде өркениетті әлемнің озық технологияларын меңгерген, қазіргі өскелең өмір талабына сай келетін мамандық негізіндегі білімі бар сапалы да білікті мамандар қажеттілігі туындап отыр.

Ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдар ұсынған Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталған жолдауы республикалық басылымдарға жарияланды.

Жолдауда мемлекетіміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру міндеттері баяндалған.

Елбасы Қазақстан халқына жолдауына 5 негізгі басымдыққа мән берген.



Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау