107
кезеңі үдерістің басында тәліптің іс-әрекетін және оның тәжірибені өзгерту үшін не істегісі
келетінін анықтауға бағытталған; екінші кезең – тиісті тиімді шешім таңдауды; үшінші кезең
– өзгерістерді
енгізуді мақсат етеді (24-сурет).
III кезең
Маған қажетті және мен
қалайтын нәтижені
қалай алуға болады?
Тәжірибені
талдау
Проблеманы
анықтау
Өзекті
проблемаларға
көңіл бөлу
Күтілетін
нәтижелерді
анықтау
Әрекеттерді
талдау
Тиісті
стратегияны
таңдау
Іс-әрекет
жоспарын
әзірлеу
Мақсаттың
тиімділігін
және анықтау
Мақсат қою
II кезең
Мен үшін қандай
шешім маңызды?
I кезең
Не болып жатыр?
Құнды нәтижеге жеткізетін іс-әрекеттер
24-сурет. Иган бойынша тәжірибелі көмекшінің моделі
Бұл модельдің сызба түрінде ұсынылғанына қарамастан, тәліптің нақты қажеттіліктеріне
қарай, сондай-ақ оның тыңдай білу және туындаған мәселелерді шеше білу қабілетінің, күрделі
міндеттерді атқаруға көмектесетін дағдыларының қаншалықты дамығандығына байланысты
оны өз ыңғайыңызға лайықтап өзгертуге болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Egan, G. (1998). The Skilled Helper. A Problem Management Approach to Helping (6th ed.) [Білікті
көмекші. Көмек көрсету үшін проблемаларды басқару тәсілі (6-басылымы)]. Brooks Cole.
Garrett-Harris, R., & Garvey, R. (2005). Towards a Framework for Mentoring in the NHS [NHS
тәлімгерлік жүйесін құру]. Evaluation Report on Behalf of NHS. Sheffield Hallam University.
Oxley, J., Fleming, B., Golding, L., et al. (2003). Mentoring for Doctors: Enhancing the Benefit
[Дәрігерлер үшін тәлімгерлік: пайданың артуы]. A Working Paper on behalf of the Doctors’
Forum (http://www.academicmedicine.ac.uk/uploads/Mentor1.pdf).
Rodgers, J. (2004). Coaching Skills: A Handbook [Коучинг дағдылары: нұсқаулық]. Open
University Press.
Вильямс П. (2007). Эволюция от терапии до личного коучинга [Терапиядан жеке коучингіге
дейінгі даму // Электронды ресурс:
www.coaching.ru
.].
108
БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІ
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының мазмұны «Қазақстан Республи-
касы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасында» бекітілген
мұғалімдерді бағалау критерийлеріне сәйкес келеді. Бұл критерийлер тәжірибелі және табы-
сты практик, рефлексия жасауды білетін және әріптестерінің дамуына қолдау көрсете алатын
мұғалімдерге қатысты қолданылады.
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының басым бағыттары:
• оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің маңызын түсіну және түйсіну;
• коучинг және тәлімгерлік жүргізу арқылы тиімді оқытуды дамыту мен жүзеге асыруда
әріптестерге қолдау көрсету.
Бірінші
«Бетпе-бет» кезеңінде мұғалімдер оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері тұрғысынан
әріптестерге
коучинг және тәлімгерлік жүргізу әдістерімен танысатын болады. Сондай-ақ
оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізіп, осы өзгерістер туралы рефлексия жасау
жолдарымен танысады.
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде мұғалімдер өз сыныбы аясында оқыту тәжірибесіне
өзгеріс енгізеді, олар оны бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде жоспарлайды; әріптестерінің
шағын тобымен
коучинг сабақтарын өткізетін болады. Коучинг тақырыбы әріптестерімен
талқыланып, солардың сұранысына негізделеді және «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы»
бағдарламасының жеті модулінің біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келуі тиіс. Мұғалім коу-
чинг сабақтарында ұсынылған идеяларға екпін жасай отырып, тәжірибені жақсарту үшін өз
әріптестерінің бірін
тәлімгерлікке алады.
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының
соңғы аптасында мұғалім өз
тәжірибесіне өзгеріс енгізу барысында не үйренгені туралы рефлексия жасайды, талқылайды
және қағазға түсіреді. Сонымен қатар, мұғалімдер «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде жүргізген
коучинг пен тәлімгерлік үдерісі туралы рефлексия жасайды, талқылайды және қағазға түсіреді.
Қорытынды «Бетпе-бет» кезеңінде мұғалімдер «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы»
бағдарламасының екі бағытына қатысты
портфолио қалыптастыру жұмыстарын
аяқтайды. Портфолионы бағалау Бағдарламаны табысты аяқтаудың үш түйінді критерийіне
сәйкес мұғалімді бағалаудың маңызды элементі болып табылады.
Мұғалімдер:
қажетті білім алып, Бағдарламаның түйінді идеялары бойынша түсінік қалыптастырғанын;
осы идеяларды өз тәжірибесінде
табысты қолданатындығын;
жаңа тәжірибелерді/тәсілдерді енгізу туралы рефлексия жасап, одан әрі даму мақсатында
өзінің жинақтаған тәжірибесін пайдаланатынын көрсетулері керек.
Тыңдаушылардың «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының критерийлеріне
табысты қол жеткізгендігінің дәлелін ең алдымен портфолиодан көруге болады. Сонымен
қатар, мұғалімдер екінші «Бетпе-бет» кезеңінде ұсынылатын таныстырылымда үш түйінді кри-
терийлерге сәйкес келетіндігін көрсетуге тиіс. Бұл таныстырылым портфолионың мазмұнына
негізделеді.
Осылайша мұғалімдерді жиынтық бағалау екі компоненттен тұрады:
Портфолионы бағалау;
Мұғалімнің портфолиосының мазмұны туралы таныстырылымды бағалау.
Бағалау үдерісінің екі компоненті «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының
мақсаттарына сәйкес бағалаудың теңдестірілген тәсілін қамтамасыз етуге бағытталған.
Портфолионы және портфолио мазмұны туралы таныстырылымды бағалау оқыту мен оқу
тәжірибесінде Бағдарламаның идеяларын іске асырудағы мұғалімнің қабілеттілігін анықтауға
бағытталады. Портфолионы және портфолионың таныстырылымын бағалау үлкен мәнге
ие, өйткені ол мұғалімнің тәжірибесін өзгертеді, бұл «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы»
бағдарламасының басты мақсаты болып табылады.