104
Тәлімгерлік
дағдыларына
үйрету
Тәлімгерлік
жүйесін құру
23-сурет. Тәлімгерлік жүйесі
Тарихи шолу
« Тәлімгер» (ментор) ұғымы грек мифологиясынан алынған: аңызда өзі саяхатқа аттанар
алдында Одиссей кішкентай ұлы Телемахты ең жақын досы – Ментордың бауырына салып,
асырауға қалдырады. Содан бері Ментор атауы маңызын жоғалтпай, ең сенімді адам ретінде
қабылданады, ол өзара сенімділік жағдайында неғұрлым тәжірибелі адам ретінде өзінің
білімімен бөлісуге дайын болады.
Тәлімгерлік, әсіресе дәстүрлі ұғымда, тәлім алушының өзінің алдындағы тәжірибелі және
білікті аға буынның салған жолымен жүруіне мүмкіндік береді, ал тәжірибелі әріптестер
өздерінің білімі мен тәжірибесін үйретіп, жоғары жетістіктерге жету жолдарын үйрете алады.
Коучинг өткізуде тренердің мол мұғалімдік тәжірибесінің болуы аса міндетті емес, со-
нымен қатар, оқыту мен оқудың белгілі бір саласы бойынша нақты тәжірибелік дағдыларды
үйретуге бағытталады.
105
ТӘЛІМГЕРЛІК
Тәлімгерлік - (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер (тәжірибелі, озық педагог)
мен одан тәлім алушы тәліп (тәжірибесі аз педагог) арасында сенімді, тұлғаның мүдделеріне
бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәліптің педагог ретінде қалыптасуы мақсатында
өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-әрекеттерінің тиімділігін айтарлықтай жетілдіруіне
көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі,
ал тәліп еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын
дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді.
Заманауи түсінік
Мұғалімнің өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және
ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг пен тәлімгерліктің барлық
түрлерін біріктіруші фактор болып табылады.
Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, тәлімгер тәлім алушы үшін әрі объективті
тыңдаушы, әрі дұрыс бағыт беруші тұлға болатын әріптестік қарым-қатынас болып табылады.
Тәлімгер әріптесіне тәлімгерлік ету үдерісіне өзінің елеулі кәсіби тәжірибесі арқылы үлес қоса
отырып, бірқатар мәселелерді шешуде көмек береді:
• өзінен тәлім алушы әріптесінің проблемаларды қарастыруына және шешімін табуына
мүмкіндік береді;
• стратегиялық деңгейде өз тәжірибесіндегі жаңашылдықтармен алмасады;
• тәліптің орынды мақсат қоюына және оған жету жолдарын жоспарлауына көмектеседі.
Тәлімгерлік пен коучинг бойынша модельдердің көпшілігі ұқсас алғышарттарға негізделген,
атап айтқанда, тәлім алушы тұлға тиімділікпен және шығармашылықпен жұмыс істеуге
қабілетті, ал тәлімгердің немесе коучтің негізгі міндеті – тәлім алушының өз мүмкіндіктерін
тиімді пайдалануына көмектесу деген ұстанымға негізделген (2-кесте).
2-кесте
Коучинг және тәлімгерлік үдерістерін салыстырмалы талдау
Тәлімгерлік
Коучинг
• ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін жүйелі
қарым-қатынас;
• тәліп үшін қажеттігіне қарай кездесу
ұйымдастыру арқылы бейресми сипатта өтуі
мүмкін;
• кеңестер, ұсынымдар мен қолдау ұзақ уақыт
және көп аспектілік негізде көрсетіледі;
• тәлімгер, әдетте, - тәжірибесі мол білікті
мұғалім, негізінен – білім беру ұйымындағы
ең үлкені, ол білімін, тәжірибесін беріп,
тәліпке бұған дейін қолжетімсіз болып келген
мүмкіндіктерге «жол аша» алады;
• тәліптің қызметкер ретінде және тұлға ретінде
өсуіне басты назар аударылады;
• кеңес алу мақсатын тәлімгермен келісу және
бағыттау арқылы тәлім алушы адам белгілейді;
• тәлімгерлік тәліптердің кәсіби дамуына
бағытталған.
• қарым-қатынас ұзақтығы алдын ала
белгіленеді;
• әдетте, құрылымдық сипатта болады; кезде-
сулер алдын ала жоспарланады;
• кездесулер қысқа мерзімді (кейде уақыты
шектеулі) және дамудың нақты бағыттарына/
мәселелеріне бағытталған;
• коучтің біршама практикалық тәжірибесінің
болуы міндетті емес;
• коучинг білім алушыларда нақты дағдыны
қалыптастыруға бағытталған;
• басты назарда, әдетте, кәсіби/өндірістік про-
блемаларды шешу;
• кеңес беру мақсаты нақты, қысқа мерзімді
мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған;
• коучинг дамудың белгілі бір бағыттарын
қарауға, нақты мәселелерді шешуге
бағытталған.
106
Тәлімгерлік үдерісі
Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым-қатынасын
құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін
бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәліпке күрделі
тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік,
ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады (Garret-Harris & Garvey, 2005).
Тәлімгерлік аяқталған соң тәлімгер мен тәліптің арасында орнаған қарым-қатынас біліктілігі
төмендеу мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше
табуға көмектеседі, себебі тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген
(Oxley, 2003).
Коуч және тәлімгер болып табылатын мұғалімдер үшін маңызы
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы тәжірибелі мұғалімдерді өз
мектептерінде табысты коуч пен тәлімгер болуға үйретуге бағытталған. «Мектептегі мұғалім
көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған мұғалімдер оқу қоғамдастығын
құрып, жаңа идеяларды іске асыру үшін өз мектебінде тәжірибеге өзгеріс енгізуді және
әріптестерімен жүргізілетін жұмысты ойластырып, оны жоспарлауды бастайды.
Коучинг пен тәлімгерліктің тиімділігін қамтамасыз ету үдерісі үш негізгі мәселені қамтиды:
1. Мәнмәтін. Бірден пайдалануға мүмкіндік болу үшін коучингіні іске асыру белгілі бір
мәнмәтінге сәйкес келуі керек.
2. Өзектілік. Ақпарат пен ұсынымдар мұғалім үшін де және олардың сабақтары үшін де
барынша өзекті болуы керек.
3. Жүйелі тәлімгерлік. Тәлімгер күнде қолдау көрсетіп отырады: мұғалімдерге жақында
алған дағдыларын бейімдеуде қолдау көрсетіп, олардың табысқа ұмтылуын қамтамасыз ету
қажет.
Мектептегі коучинг пен тәлімгерлік негізгі жеті ұстанымға негізделеді:
1. Коучинг пен тәлімгерлік мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне көмек көрсетудің
айтарлықтай тиімді тәсілі болып табылады.
2. Коучинг пен тәлімгерлік ойдағыдай іске асырылған жағдайда оқыту мен оқудың сапасы
артады.
3. Кәсібилігін жетілдіру мақсатында коуч пен тәлімгерге тренинг қажет.
4. Коучті жаттықтырып жетілдіру – тренерлердің басты міндеті.
5. Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі болмашы қадамдар мен өзгерістер сыныптағы жағдайды
айтарлықтай өзгерте алады.
6. Оқыту мен оқу тәжірибесі үшін ұсынылатын жекелеген тәсілдер мен әдістер, бір
қарағанда, болмашы болып көрінуі мүмкін, бірақ жүйе ішінде жағымды өзгерістерге ықпал
ететін қуатты қозғаушы күш бола алады.
7. Коучингіні іске асырудың бір ғана дұрыс жолы жоқ.
Инновациялық ойлау жүйесін қалыптастыру
Табысты тәлімгер тәліпке өзі үшін нақты проблеманы айқындауға көмектеседі және
оның жеке тәсіліне, нақты мәнмәтінге, жұмыс тәсілінің ыңғайына сәйкес келетін іс-әрекеттің
оңтайлы бағытын таңдауға септігін тигізеді.
Тәжірибелі көмекшінің моделі (Egan, 1998) 1975 жылдан бері үнемі дамып келеді. Шын
мәнінде, бұл – көмек көрсетуге арналған үш сатылы құрылым. Бұл құрылымның бірінші
Достарыңызбен бөлісу: |