97
тоғыз түйінді ұстанымы сипатталған.
Білімді
арттырады
Алдыңғы білім
мен тәжірибеге
негізделеді
Оқушының
белсенді қатысуына
ықпал етеді
Оқу үшін
бағалау мен оқуды
бағалауды
қолданады
Мұғалім оқуға
қолдау көрсетеді
Әлеуметтік және
жеке үдеріске
ықпал етеді
Бейресми оқу
жүзеге асады
Мұғалім біліміне
байланысты
Оқушыны бүкіл
өміріне жеткілікті
біліммен
жабдықтайды
21-сурет. Оқыту мен оқудың түйінді тоғыз қағидаты
Жаратылыстану ғылымдарын оқыту төменгі сынып оқушыларының ғылыми идеялар-
ды қалыптастыруының ерекше тәсілін қажет ететіндігін айта кету керек, бұл білімдердің
педагогикалық аспектісі болып табылады.
Білімнің педагогикалық аспектісі (БПА)
Білімнің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айнал-
дыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің
біртұтастығы болып табылады (Shulman, 1986). Жаратылыстану ғылымдары саласындағы
білім беру мәнмәтінінде аталған біртұтастық оқытылатын ғылыми тұжырымдамаларды білікті
түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуіне көмектесу қабілетімен ажырамас байланы-
ста болуын көздейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғалімі абстрактілі
ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушылардың белгілі бір тобына бұларды өз бетімен зерттеу
үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктерге бөле алуы тиіс.
БПА аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру және көрсету сияқты ғылыми идеяларды
ұсынудың тиімді, оңтайлы нысандарын қамтиды. Шын мәнінде, БПА оқушыларға ғылымды
түсінікті жолмен көрсету әрі ұсыну тәсілі болып табылады. Сонымен қатар білімдердің
педагогикалық аспектісі мұғалімге оқушылардың жекелеген тақырыптарды оңай не қиын
меңгеруінің себептерін түсінуге көмектеседі. Бұл себептер кей жағдайларда оқушылардың
ғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде әртүрлі жастағы және білім деңгейі әртүрлі
оқушылардың мектепке өз наным-сенімдерімен немесе теріс ұғымдарымен келетіндігімен
түсіндіріледі.
Технологиялық білім (ТБ)
Технологиялық білім – оқытудың видео, веб-материалдарға қол жеткізу және басқа да
сандық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану сияқты қосалқы құралдары туралы білім.
Бұл білім технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды
басқару үшін қажетті дағдыларды меңгеруді де меңзейді. Сандық технологияларға қатысты
алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды
білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік