Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫН



жүктеу 4,87 Mb.
Pdf просмотр
бет44/109
Дата14.11.2018
өлшемі4,87 Mb.
#19412
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   109

101
ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫН
ЖОСПАРЛАУ ҚАЖЕТТІЛІГІН НЕГІЗДЕУ
Мұғалімдерге тізбектелген сабақтар топтамасын 
жоспарлау не үшін қажет?
Орта мерзімді 
жоспар
Қысқа мерзімді 
жоспар
Ұзақ мерзімді 
жоспар
• Оқу 
   бағдарламасы
• Пәндік мазмұн
• Жұмыс сызбасы 
• Тізбектелген 
   сабақтар
• Жеке сабақ
22-сурет. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы  
өзара байланыс
Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс 
Оқу  бағдарламасын  әдетте  білім  саласындағы  саясатты  қалыптастыратын  адамдар  мен 
мектеп  әкімшілігі  жоспарлайды.  Орта  мерзімді жоспарлау  дегеніміз  –  мұғалімдер тобының 
оқу бағдарламасын тізбектелген сабақтар топтамасына айналдыруы. Бұл ретте бұл топтама 
аясында «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының барлық жеті модулі оқыту 
тәжірибесіне кіріктірілуі тиіс. Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір 
жеке сыныпқа арналған егжей-тегжейлі сабақ жоспарын жасау үшін пайдаланады.
Орта  мерзімді  жоспарлау  немесе  тізбектелген  сабақтар  топтамасын  жоспарлаудың 
мақсаты:
•  жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;
•  оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру;
•  әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу;
•  оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін белгілеу;
•  осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын 
анықтау;
•  оқудың  әрбір  кезеңінің  басынан  бастап  соңына  дейін  алға  ілгерілеудің  болуын 
қамтамасыз ету;
•  барлық оқушыларды қамтуға бағытталған стратегиялық жоспарлау.
Оқу мақсаты мен нәтижелері
Оқу мақсаты - мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер. Осыған байланысты, оқу 
мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:
Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс?
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?
Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, қандай мәселелер төңірегінде ойланулары керек?
Оқу  нәтижелері  мұғалімнің  жоспарланған  сабақ  мақсаттарына  қол  жеткізуде 


102
қаншалықты табысты болғанын білуге мүмкіндік береді. 
Оқу нәтижелері:
•  оқушыға бағытталуы керек;
•  белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;
•  оқушының оқу үлгерімі тұрғысынан жазылуы керек.
Бағдарламаның  түйінді  идеясы  мұғалімдерде  неліктен  балаларды  дәл  осылай  оқыту 
қажеттігі  туралы  білімді  қалыптастырып  қана  қоймай,  олардың  жаңа  идеяларды  өз 
тәжірибесінде  іске  асыруға  дайын  болуын  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Осылайша, 
«Мектептегі  мұғалім  көшбасшылығы»  бағдарламасын  игерген  мұғалімдер  әріптестеріне 
өз  тәжірибесіне  жеті  модульді  енгізуге  көмектесу  мақсатында  олармен  жұмыс  істейтін 
болады.  Сонымен  қатар,  Бағдарламаны  игерген  мұғалімдер  өз  әріптестері  жүзеге  асыра-
тын  өзгерістерді  ойластырып,  зерттейтін  болады.  Тізбектелген  сабақтар  топтамасының 
құрылымы  Бағдарламаның  жеті  модулін  жүйелі  түрде  енгізуге  жағдай  жасап,  мұғалімдер 
жүргізген  өзгеріс  енгізу  үдерісі  мен  осы  өзгерістердің  нәтижелері  туралы  тәжірибеге 
негізделген мәлімет алуға мүмкіндік береді.
 


103
КОУЧИНГ 
Білімінің дәрежесі мен кәсіби деңгейіне қарамастан, өзінің қол жеткізген үздік нәтижелерін  
өз  бетінше  үнемі  тиімді  ұстап  тұру  кімге  болса  да  оңайға  соқпайды.  Осыған  байланысты 
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге коу-
чинг  және  тәлімгерлік  арқылы  жаңа  тәсілдерді  пәнге  енгізу  үшін  жұмыс  істеуге  мүмкіндік 
беретін дағдыларды ұсынады. Тәлімгер және коуч болып қалыптасу барысында мұғалімдер 
оқыту тәжірибесін жақсарту мақсатында мектеп ұжымымен бірлесе жұмыс істейді.
«Тәлімгерлік» және «коучинг» ұғымдары ұқсас қызмет түрлерін сипаттау үшін әдетте си-
ноним ретінде қолданылады, осыған байланысты осы санаттардың мағыналары ауысып кетуі 
ықтимал. Олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері бар.
Коучинг - (ағылш. coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру
Бұл – әріптестердің (коуч пен әріптесі) жаңашыл, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік 
үдерісі. Коучинг барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идея-
лармен алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диалогқа тарту негізінде басқа мұғалімдер 
өз  жұмысының  жекелеген  салаларын  жетілдіру,  оларды  тереңірек  дамытып,  анағұрлым 
жоғары  сапалық  деңгейге  көтеру  және  іске  асыру  жөнінде  шешім  қабылдау  мақсатында 
кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.
Коучинг үдерісі
Коучинг әдетте коуч пен үйренушінің коучинг сабақ түріндегі тұрақты кездесулері арқылы 
жүзеге  асырылады,  дегенмен,  кейде  тәлім  алушының  тәжірибесімен  тікелей  сабақтастықта 
жүргізілуі  мүмкін:  белгілі  бір  мәселелерге  қатысты  кеңесу,  маңызды  шешімдерді  дайындау 
және қабылдау барысында ақыл-кеңес беру, көмекшімен жұмыс жүргізу және т.б. (Вильямс, 
2007).
Кәсіби немесе жеке проблемаларға қатысты тұрақты кездесулер барысында бірлескен не-
месе жеке кеңес берудің жоғары деңгейде құрылымдалған тәсілі болып табылатын коучинг ба-
рысында адамның тұлғалық әлеуеті жан-жақты ашылып, тиімділігі барынша артады. Коучинг 
тікелей үйретуге емес, адамның өз бетінше үйренуіне көмектесуге бағдарлануы тиіс.
Мектептегі  коучинг  мәдениеті  мектептегі  педагогикалық  ұжым  мүшелерінің  кәсіби 
дағдыларын,  жеке  қабілеттері  мен  талантын  дамытуға  және  мектептегі  білім  беру  сапасын 
арттыруға ықпал ететін маңызды әдіс ретінде қарастырылады. 
Тренерлер тәжірибелі мұғалімдерге басқа мұғалімнің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған 
идеялар  мен  тәсілдерді  ұсыну  мақсатында  оларды  ойлануға  жетелеп,  шығармашылықпен 
еңбек ету арқылы мектепте үздік тәлімгер болуға көмектесуде өздері коуч рөлін атқарады. Коуч 
ретінде әрекет ететін тренерлер мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіруіне көмектесетін 
болады.
Коуч өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын 
дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік 
алу  мақсатында  мұғалімге  көмек  көрсетеді.  Бұл  үдерісте  мұғалімдердің  мақсат  етілген 
нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  тәжірибесі  аздау  әріптестерімен  жүргізілетін  жұмысты  жоспар-
лау мен жүзеге асыруда жұмысқа арқау болатын тақырыпты алдын ала дұрыс белгілей алу 
қабілетін дамытуына көмектесуге басты назар аударылуы тиіс (23-сурет).


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау