Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



жүктеу 4,87 Mb.
Pdf просмотр
бет9/109
Дата14.11.2018
өлшемі4,87 Mb.
#19412
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   109

21
4-кезең:  Талқылауды  жалғастыру  және  Сабақты  зерттеуді  жақсарту  жөніндегі  дамыту 
жолдарын анықтау үшін бейресми кездесу өткізу.
Оқыту саласындағы грант
Мұғалімдер зерттеу  жұмысын  ғалымдардың  «пешенесіне  жазылған»  нәрсе  деп,  өздерін 
зерттеуші деп есептемейді. Мұғалімнің кең қауымға таратылмаған білімі мен құнды тәжірибесі 
құмға сіңген судай болып ізсіз жоғала береді. Осыған байланысты АҚШ-та Карнегидің оқуды 
жақсарту қоры (CFAT) «Оқыту саласындағы грант» деп аталған бағдарламаны жасап шығарды. 
Ол гранттың мәні мынада: ғалымдар өз жұмыстарын жұртшылыққа жария етеді, бұл жұмыс 
талданып, сыни сүзгіден өткізіледі, содан кейін тәжірибеде қолдану үшін басқаларға тараты-
лады. «Оқыту саласындағы грант» мұғалімдерді оқыту аспектілерін зерделеп, талдауға және 
болашақта  басқалар  пайдалана  алатын  «белгілі  бір  өнімді»  жасауға  шақыруға  бағытталған. 
Нәтижесінде ол ғылыми жұмыс қоғам «меншігіне» айналады; ол жан-жақты талданып, сына-
лып, дамытылады және тәжірибеде кеңінен қолданылатын болады.
Мұғалімге арналған зерттеушілік семинар
Мектеп  сонымен  қатар  мұғалімді  ынталандыру  объектісі  де  бола  алады.  Мектепте 
ұйымдастырылатын  ғылыми-зерттеу  семинарларының  көздеген  бірнеше  мақсаттары  бар: 
мұғалімдер мен мектептерге шешу қажет болатын проблемалар мен мәселелерді анықтайды; 
оларды  шешудің  ұсынымдары  мен  стратегияларын  ұсынады;  мұғалімнің  де,  мектептің  де 
әлеуетін дамыту мақсатында мұғалімдердің мектепте ортақ білім базасын құруына септігін 
тигізеді.
Зерттеуші мектеп
Мектепті зерттеуші мектепке айналдыру оны қызметтің төмендегідей аспектілері бойын-
ша дамытуға жол ашады:
•  оқу сапасын арттыру және қолдау көрсету арқылы оқу үлгерімін арттыру;
•  мектептің ішкі эвалюациясы үдерісіне қолдау көрсету;
•  оқушылардың  білімдегі  жеке  қажеттіліктерін  түсіну  және  шешу  арқылы  оқуды 
жетілдіру;
•  жастардан  олардың  білім  алу  мәселелері  бойынша  кеңес  алу  және  оларды  ғылыми 
зерттеулерге тарту;
•  рөлі мен мәртебесіне қарамастан барлық қызметкерлердің мектеп реформаларына ат-
салысуы;
•  мектеп проблемаларын шешу үшін өзінің әлеуетін дамыту.
Мектепті  зерттеуші  мектеп  етіп  түрлендіру  мектепке  ғылыми  дәлелдемелерді  енгізу 
және зерттеу жүргізу жөніндегі міндеттеме алу дегенді білдіреді. Джеймс (2005) оқушы та-
бысты білім алуы үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыруы негізгі талап болып табылады деп 
атап көрсетеді, осыған байланысты мұғалімдер білім алатын кәсіби мәдениетті жүйелі түрде 
дамыту аса маңызды.
Оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы ойлаудың жаңа жолдарын ұсынады, 
содан кейін жұмысты ұйымдастыру жөніндегі идеялар мен сыныптағы жұмысқа жаңа әдістерді 
енгізуге көмектесетін құралдарды алға тартады.


22
 
•Сын тұрғысынан ойлау
•Қалай оқу керектігін 
үйрену
•Біздің қалай білім 
алатынымызды білу: 
дарынды және талантты 
оқушылар, оқушылардың 
жас ерекшеліктерін ескеру 
т.б.
ойлау 
жолдары
• Бірлескен оқу
• Диалогтік оқу
• Оқу үшін бағалау және 
оқуды бағалау
•Оқытуды басқару және 
көшбасшылық
•Сабақты зерттеу 
•Коучинг және тәлімгерлік
жұмыс 
әдістері
• Оқыту мен оқуда АКТ 
қолдану, 
• Өзін‐өзі және өзара 
бағалау
• Ұзақ мерзімді, орта 
мерзімді және қысқа 
мерзімді жоспарлау
жұмыс 
құралдары
4-сурет. 
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының мазмұнын құрылымдау 
негіздері
Бұдан  кейінгі  тарауларда  бұл  оқу  бағдарламасының  ғылыми  негізі  болып  табылатын 
теориялық  ақпарат  берілген.  Ақпарат  үш  салаға  бөлінген:  ойлау  жолдары,  жұмыс  әдістері 
және оларды іске асыруға арналған құралдар.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Bolam, R., McMahon, A., Stoll, L., Thomas, S., Wallace, M., Greenwood, A., Hawkey, K., Ingram, 
M., Atkinson, A., & Smith, M. (2005). Creating and Sustaining Effective Professional Learning 
Communities  [Тиiмдi  кәсiби  оқу  қоғамдастығын  құру  және  қолдау].  The  Department  for 
Education and Skills.
Elliott,  J.  (1991). Action  Research  for  Educational  Change  [Бiлiм  беру  өзгерiстеріне  арналған 
қызметті зерделеу]. Milton Keynes: Open University Press.
Elmore, R. (2006). Leadership as the practice of improvement [Көшбасшылық жетілдіру тәжірибесі 
ретінде]. Harvard University, paper prepared for the international conference on Perspectives on 
Leadership for systematic improvement, NCSL 2006.
Frost, D. (2011). Supporting teacher leadership in 15 countries: the International Teacher Leadership 
project  [15  елдегi  мұғалiмнiң  жетекшiлiгiнiң  қолдауы:  «Мұғалiмнiң  жетекшiлiгi» 
халықаралық  жобасы].  Phase  1, A  report,  Cambridge:  LfL  at  the  University  of  Cambridge 
Faculty of Education.
Frost, D., & Durrant, J. (2003). Teacher Leadership: Rationale, Strategy and Impact [Мұғалiмнiң 
көшбасшылығы: Мақсаттылық, Стратегия және әсері, мектеп жетекшiлiгі және басқару]. 
School Leadership & Management, 23 (2), 173–186.
Harris,  A.  (2009).  Deep  Leadership  [Терең  көшбасшылық].  Nottingham:  National  College  for 
School Leadership.
McBer, H. (2004). The five pillars of Distributed Leadership in Schools [Мектептердегі таратылған 
көшбасшылықтың бес өзегі]. Nottingham: National College for School Leadership.
Hoyle,  E.  (1974).  Professionality,  profesionalism  and  control  in  teaching  [Мамандық,  кәсібилік 
және білім берудегі бақылау]. London Educational Review, 3 (2), 42–54.
James, M. (2005). Teacher Learning for pupil Learning [Оқушыларды оқыту үшін мұғалімдерді 


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау