12
көшбасшылығы: Мақсаттылық, Стратегия және әсері]. School Leadership & Management,
23 (2), 173-186.
Hattie, J. (2009). Visible Learning [Көзге көрінетін оқыту]. London: Routledge.
Pаjares, M. F. (1992). Teachers’ beliefs and educational research: Cleaning up a messy construct
[Мұғалімдердің пікірлері және білім беру зерттеулері: Ретсіз тұжырымдаманы тәртіпке
келтіру]. Review of Educational Research
,
62 (3), 307-332.
Shulman, L. S. (2007). Good teaching [Жақсы оқыту]. Box content in S. Loeb, C. Rouse & A. Shorri
(Eds.), Introducing the Issue, in The Future of Children, 17 (1), 6-7.
Stronge, J., Ward, T., & Grant, L. (2011). What Makes Good Teachers Good? A cross-case analysis of the
connection between teacher effectiveness and pupil achievement [Үздік мұғалімдердің жақсы
болуы неден? Мұғалімнің тиімділігі мен оқушының жетістігі арасындағы байланыстың
көлденең талдауы]. Journal of Teacher Education, 62, 339. doi: 10.1177/0022487111404241.
13
МЕКТЕП ПЕН СЫНЫПТА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУДІ БАСҚАРУ
ЖӘНЕ ЖЕТЕКШІЛІК ЕТУ
Жетілдірілген оқыту
Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл
бөлудің маңызы зор. Мұғалімнің барлық оқушыларға осы дағдыларды үйрету туралы шешім
қабылдауы аздық етеді, себебі бұл жолда қолданылатын тәсілдердің көп болуына қарамастан,
бұл мәселені шешу оңай емес. Бұған оның сыныпты басқару проблемасымен де байланысты
екендігі өз ықпалын тигізіп жатады, сонымен қатар ол мұғалімнің көптеген мәселелер жөнінде
қаруланып, сабақ барысында жедел шешім қабылдауға дайын болуын көздейді.
Аталған проблеманы шешу мақсатында ХХІ ғасыр дағдылары жүйесі мұғалімдер
арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді көздейді. Соның нәтижесінде мұғалімдер бірлесе
жұмыс істеп, инновациялық тиімді идеялармен алмаса алады, сол арқылы күнделікті қызметте
қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің ықпалын күшейте түседі. Дегенмен, идеяларды сы-
ныпта шын мәнінде іске асыру үшін саяси ниет пен әкімшілік басшылықтың тарапынан бола-
тын шектеулерді еңсерудің өзі үлкен міндет екенін ұмытпау қажет. Мұғалімдердің көпшілігіне
сын тұрғысынан ойлаудың маңызды әрі тиімді екенін ұғындырудың қажеті жоқ, бұған олардың
көздері әлдеқашан жеткен. Алайда мұғалімдер оқып, білім алуды және қолдауды қажетсінеді.
Яғни оқушыға бағдарланған әдістерді пайдалану кезінде сыныпты басқаруда туындайтын про-
блемалармен және жоғары танымдық қажеттілікпен байланысты нақты сабақтарды жоспарлау
мәселелерін терең түсінуде қолдау көрсету қажет.
Мұғалімнің біліктілігін арттыру
Бағдарлама әлемдік білім беру тәжірибесінде орын алған мұғалімді мектептерге
инновациялық қызметті «жеткізуші» деп қабылдайтын пікірмен астасады, оған оқушылардың
бойында қалыптастыратын дағдыларға қойылатын талаптардың да түбегейлі өзгеруі себеп бо-
лып отыр. Бұл өзгерістер белгілі бір құзыреттіліктерге айтарлықтай әсер етеді, оқушыларда
ХХІ ғасыр дағдыларын тиімді қалыптастыра алу үшін мұғалімдердің өздері де ол дағдыларды
меңгеруге тиіс. Осылайша, оқытудағы жаңа тәсілдер мұғалімдерді оқытуда да жаңа тәсілдерді
талап етеді.
Әдетте, мұғалімнің тәжірибесін жетілдірудің оңтайлы тәсілі деп мұғалімнің оқыту
тәсілдерін өзгерту мақсатында оның іс-әрекеттерін теориялық тұрғыдан түсіндіріп беретін
тиісті семинарларға бару саналатын. Бұл тәсіл тиімді емес, әрі оның оқыту мен оқуда орнықты
өзгерістердің орын алуына ықпал ететіндігіне сенім шамалы (Desimone et al., 2002; Оpfer and
Pedder, 2010). Төменде мұғалімдердің тәжірибесіне жаңалық енгізуге мүмкіндік беретін және
оның қарқынын қамтамасыз ететін заманауи тәсілдер үлгілері келтірілген.
Тәжірибені түрлендіру және жаңалықтар қарқыны
Тәжірибені түрлендіру
Заманауи зерттеушілер (Sinek, 2009) келешекке бағдарланған идеялар мен инновациялық
тәсілдерді игерген көшбасшы мұғалімдердің мұғалімдер тәжірибесін өзгертуге ықпал етуге
үнемі күші жете бермейтіндігін атап көрсетуде. Себебі олар әдетте өзінен «Өзгеріс не үшін
қажет?» деп сұрамайды. Мұғалімдерге арналған «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы»
бағдарламасы сұрақтардың ретін өзгерту арқылы қалыптасқан тәртіпті өзгертпек: бірінші
– «Неге?» тек содан кейін ғана – «Не?». Бағдарлама мұғалімдер тәжірибесіне өзгеріс енгізу
қажеттігін алға тартады, ол өзгерістер жастарға ХХІ ғасырда табысқа жету үшін қажетті білім
және дағдылармен үйлесуге тиісті. Қазақстан Республикасының бірегей мәдени құндылықтары
14
сақталған жағдайда мектептерде бұл өзгерістерге қол жеткізу өзекті әрі қажетті деп қаралуға
тиіс.
Инновацияларды енгізген кезде білім беру саласының басшылары оның түбегейлілік,
өзектілік, айқындаушылық сипатына, бүкіл білім беру жүйесін өзгерте алатындығына сеніп,
негізінен «Нені енгізу қажет» деген мәселеге басымдық береді. Бұл сұрақтың жауабы ретінде
қалыптастырушы бағалауды енгізуді, шағын жинақталған сыныптарды ашуды, оқытудың, атап
айтқанда бүкіл әлемде тиімді қолданылып жүрген заманауи тәсілдерін қолдануды атауға бола-
ды. Біліктілікті арттыру курстары аясында мұғалімдерге, объективтік факторларға қарамастан,
жергілікті жерлерде белгілі бір инновациялық тәсілдер мен әдістерді іске асыру тапсырылады,
содан кейін мектеп басшылығы сыныпта шұғыл өзгерістерді күтеді. Инновацияның қажеттігінің
шынайы себептерін анықтамай тұрып, бұл инновацияны енгізу әсері неліктен, қандай жағдайда
және қалайша алынады деген сұрақтардың жауабын анықтап алмай, Ұлыбритания мен АҚШ-
тың мектептерінде көптеген бастамалар сіңісе алмады.
Бағдарламаның мазмұны сұрақтарды төмендегі ретпен қою арқылы құрылымдалып, өзгеше
тәсілге негізделген: Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз, содан кейін
мәселені шешуге бағытталып: Біз мұны қалай істейміз, тек содан кейін ғана – Біз сыныпта
не істеуіміз керек? деген сұрақты алға тартады. Бұл тәсіл өзінің табыстылығын дәлелдеп,
Apple сияқты ірі трансұлттық компаниялар (Sinek, 2009), сондай-ақ білім беру саласындағы
әлемдік көшбасшылар тарапынан қолдау тауып отыр (Darling-Hammond, 2006; Timperley 2009,
Schleicher 2012, MacBeath, 2012).
Мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізудің тұрақтылығы
Инновацияларды енгізуге қатысты сұрақтар қатарындағы екінші сұрақ – тәжірибеде нені
өзгерту керек және шынайы сыныпта жаңалықтарды жүзеге асыру болып табылады. Таяуда
Ұлыбританияда жүргізілген Үздіксіз кәсіби дамудың көлемді зерттеуінде Опфер мен Педдер
(2010) мұғалімдердің кәсіби оқуына септігін тигізетін және оқушылардың оқудағы нәтижелерін
арттыратын алты факторды анықтады (3-сурет).
оқудың мәнмәтінділігі
оқу кезеңінің ұзақтығы
нақты сыныптағы
тәжірибелік жұмыс
Бастама
Әріптестермен
ынтымақтастық
Шынайы
жағдайға
барабар
әрекет
3-сурет. Мұғалімдердің нәтижелі оқуына ықпал ететін факторлар
Достарыңызбен бөлісу: |