17
Макбеттің «білім алуға қолайлы мектебі» мұғалімнің кәсібилігін кең тұрғыдан қарауды
талап етеді. Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі
талап етіледі (Hoyle, 1974). Біз таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден бо-
сануымыз керек. Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз.
Оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын, кәсібилікке
бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл
тәсілдің аясында көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновациялардың негізінде
мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі (Frost and Durrant, 2003). Мұндай тәсіл қолданылған
жағдайда кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жа-
сайды. Адамгершілікті пір тұтатын мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға
әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көкейлерінде үнемі талапқа сай
оқыту тұрады (Frost, 2011).
Заманауи түсінік
Англия мектептерінде жүргізілген Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжінің зерттеуі
(2004) тиімділігі жоғары және үнемі жетілдіріліп отыратын мектептерде оқыту мен оқу сапа-
сын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданылатындығымен ерекшеленетінін көрсетті.
Оқушыларының білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы мұғалімдер
өздерінің әріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады. Элмор (2006) жауапкершілік
саясаты мықты мектеп жүйесінде көшбасшылық – тәжірибені жетілдіру құралы болып та-
былады деп есептейді. Ал оқуға бағытталған көшбасшылық дәл осындай болып табылады.
Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында
оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне
бағдарланған. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдала-
ну, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары
мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың
және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады. Мұндай көшбасшылық барлық
деңгейлерде қажет, себебі мектептегі көшбасшылық идеясын іске асыру маңызды екенін естен
шығармай, оқуға бағытталған көшбасшылықты таратып дамытуға басымдық беру қажет.
Макбеттің (2004) зерттеуінде бөлінген көшбасшылық дамып жатқан үдеріс ретінде
қарастырылып, ғалым оның алты түрін атап көрсетеді:
Жай бөлініс: қызметкерлердің өздері үшін белгіленген рөлдер/лауазымдық нұсқаулар
шегінде жұмыс істеуінен күтілетін нәтижені меңзейді. Жай бөлініс үдерісінің барлық
қызметкерлер үшін жоғары дәрежелі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде артықшылығы мол.
Мұндай ортадағылар өздерінің қайда екенін біледі. Жай бөлініс батыл, түбегейлі өзгеріс енгізу
үшін қажетті талап болуы мүмкін.
Прагматикалық бөлініс: Бұл тәсіл болып жатқан оқиғаларға сәйкес әрекет етуді білдіреді
және мектепке сырттан жасалатын, күн сайын күшейіп жатқан қысымға байланысты өзгеріп
отыратын жұмыс жүктемесін қамтиды.
Стратегиялық бөлініс: Мектепті жетілдіруге бағытталған нақты мақсатқа бағытталу –
стратегиялық бөліністің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Бұл бөліністі біз, мысалы, мұқият
ойластырылған кадрлық тағайындаулардан көре аламыз, ол жағдайда олар жеке шеберлігі
тұрғысынан емес, негізінен олардың мектептегі көшбасшылықты дамытуға қосқан үлесі
тұрғысынан қарастырылады.
Кезеңдік бөлініс: Бұл тәсіл прагматикалық жағдаяттық сипатпен қоса, басым бөлігінде
кәсіби дамуға бағдарланған стратегиялық сипатқа да ие. Себебі өздеріне көшбасшылық
тән екендігін көрсете алған мұғалімдерге жауапкершілік те көп жүктеледі. Мұғалімдер
өздерінің көшбасшылыққа қабілетті екендігін қаншалықты дәлелдей алса, оларға жүктелетін
жауапкершіліктің мөлшері де соншалықты арта бермек.
18
Бастамашылық бөлініс: Мұндай бөлініс кезінде көшбасшылық мұғалімдерге бөлініп
берілмейді, яғни көшбасшыны тағайындамайды, мұғалімдер өздері қабылдайды, сондықтан
оны жоспарланған тәсілден гөрі, ерікті деп санауға толық негіз бар. Көшбасшылық қабілеттері
бар мұғалімдер өз еріктерімен белгілі бір үдерісті жүргізу жауапкершілігін өз мойында-
рына алып, өздері ықпал ететін аймақ ауқымын кеңейтеді, кейде бұл үдеріс басшылықтың
қатысуынсыз да жүріп жатады.
Мәдени бөлініс: Бұл жағдайда «кім» дегеннен гөрі, «не» дегенге баса назар аударылады.
Көшбасшылық белгілі бір рөлді орындауда емес, нақты қызмет саласында және жекелеген
адамдардың бастамасы бойынша жүргізіледі. Мұғалімдер әріптестерімен бірлесе отырып,
бастама білдіреді, оларда ешқандай басшы, жетекші деген болмайды. Бұл адам рухының,
қайратының көрінісі, мектептің орныққан дәстүрлері, оның жалпы мәдениетінің көрсеткіші
десе де болады. Көшбасшылықты бөлудің бұл түрі өзара қарым-қатынастардың төрт түріне
байланысты:
Құрметтеу (басқаның пікірін тыңдау және бағалау);
Жеке қарым-қатынас (кәсіби өзара қарым-қатынасты қолдайтын орнықты жеке қарым-
қатынас);
Құзыреттілік (басқалармен өзара қарым-қатынас барысында күтілетін нәтижеге қол
жеткізе білу);
Адалдық (өзара сенімді және шынайы қарым-қатынас).
Осы «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасында негізінен бөлінген
көшбасшылық түрлерінің ішінде «мәдени бөлініске» артықшылық беріледі. Мұғалім жүргізетін
дамыту жұмысы (МЖДЖ) көшбасшылықтың бұл түрінің кең тараған нысаны болып табыла-
ды. Ол жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдердің:
• іс-тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіне жауапкершілік алу;
• оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық
шешімдерді бірлесіп таңдау;
• деректерді бірлесіп жинау және қолдану;
• кәсіби білімді қалыптастыруға және таратуға атсалысу үшін көшбасшылықты
нығайтудың ерекше тәсілі болып табылады.
Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МЖДЖ бағдарламасы «мұғалім
– зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының
көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Біз «академиялық империализм» деп ата-
латын мақсаттан – мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды
қадағалап отыруымыз керек (Elliot, 1991). Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы белгілі бір
құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды.
Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін
қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.
Ұжымдық іс-әрекет
Бір қарағанда мұғалімнің көшбасшылыққа «дауысын» күшейту мен жеке басының
жетекшілік мүмкіндіктерін жеке де, ұжымда да кеңейту арқылы жететіндігі оғаш болып
көрінуі мүмкін. Ұстаздардың жетекші топтарында және қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-
қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет. Мұндай бірлескен
жұмыс өз мектептерінде тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен бірге басқа мұғалімдерді
иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі. Білімнің бұл негіздері –
зерттеулерге негізделген білім емес, бұл басқаларға дем беретін және ары қарай іс-әрекет жасау
үшін оларды қажетті бағытпен қамтамасыз ететін инновацияға негізделген жанды диалогтік
үдеріс.
Жоғарыда айтылғанның барлығы: адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады; білім
Достарыңызбен бөлісу: |