22
Мыналар әңгіме-дүкен құрғанды ұнатады (ортаңғы саусақ пен
аты жоқ саусақты қимылдатып, бірбіріне үйкейміз).
Мыналар ұйқыны жақсы көреді (аты жоқ саусақ пен шынашақты
алақанға қысамыз).
Бас бармақ пен шынашақ жуынғанды жақсы көреді (бас
бармақты және шынашақты айналдыра қозғаймыз).
(ұ, Ж) Жұмыстың орындалу технологиясы
Педагог балаларды жұмыс алгоритмімен таныстырады. Ою-
өрнекке қызыл, сары, көк, жасыл түстер ерекше әдемі реңк
беретінін айтады. Қағаз бүктеу білігіне назар аудартады
(бұрышты бұрышқа).
Ирексу: көлемі 6х6 см шаршыны төрт кішкентай шаршыға
бөлеміз. Екі шаршыны элементтің орталығы үшін қалдырамыз.
Ал қалған екеуінен диагональ бойынша бір бұрыштан екінші
бұрышқа дейін екі үшбұрыш қиып аламыз. Әліппе-альбомның
суретінде көрсетілгендей, өрнек құрастырамыз.
Гүл: түрлі түсті қағаздан дайындалған шаршыны екіге
бүктейміз, үлгінің көмегімен немесе жадымыз бойынша гүлдің
жартысының суретін саламыз. Қиып алып, бүктеуін жазамыз.
Одан кейін әзірлемелерді қамзолдың немесе шапанның сұлбасына
орналастырамыз. Жұмыс кезінде педагог гүлдің симметриялы
құрылысына – бір жағы екінші жағының айнадағыдай көшірмесі
болып табылатындығына назар аудартады.
Педагог жұмыс кезеңдерін атап отырады.
Балалардың назарын ойдағы композицияны құрастыру үшін қиып
алынған суреттерді жапсырылатын бетке, яғни фонға ретімен
орналастыру керектігіне аударады. Егер ойдағы композиция
ұнамаса, бөлшектерді басқаша қоюды үйретеді. Қиюдың кейбір
тәсілдерін көрсетеді. Бұрыңғы өткен тәсілдерді есіне түсірген
тәрбиеленушілерді мадақтайды.
(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі
Педагог сабақ барысында қайшымен жұмыс істеу ережесін еске
салады. Тәрбиеленушілердің назарын қағазды үнемдеп пайдалану
керектігіне аударады. Ірі қиындыларды лақтырмау қажет, оларды
ұсақ бөлшектерді жасау үшін пайдалануға болатынын ескертеді.
Түрлі түсті қағаздар, жай
қарындаштар, ПВА желімі
(немесе қарындаш-желім),
желімге арналған жаққыш,
шүберек, төсейтін клеенка.
Жадынама (плакат немесе
тұсаукесер слайд).
IV. ұОқ қорытындылау.
Рефлексия.
26–30 минут
(ұ, ө) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар талқылап, ең
үздік жасалған қамзолдар мен көкірекшелерді таңдайды.
«Бес саусақ әдісі».
Балалар шеңберге тұрып, сол қолымен оң қолындағы таңдалған
саусақты көрсетеді. Одан кейін, таңдалған саусаққа байланысты
сұраққа жауап береді.
Ш (шынашақ) – ойлау үдерісі. Сабақта қызықты және жаңа не
болды?
Ш (шылдыр шүмек) – мақсаттың жақындығы. Неге қол жеткіздің?
О (ортаңғы саусақ) – рухани жағдай. Сенің көңіл күйің қалай?
С (сұқ саусақ) – қызмет, көмек. Бүгін сен кімге жәрдемдестің,
немен қуанттың?
Б (бас бармақ) – сергектік, физикалық жағдай. Бүгін менің
физикалық жағдайым қандай болды? Бүгін мен өз денсаулығым
үшін не істедім?
Жұмыстарын көрмеге
қояды.
Музыкалық сүйемелдеу.
4-ұОқ. ЕРтЕГіЛЕР ЕЛіндЕ
(заттық аппликация)
мектеп/мұ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
сынып/топ:
қатысқандардың саны:
қатыспағандардың саны:
ұОқ оқыту
мақсаттары
0.1.1.2. Үлгіқалып/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті,
пішінді, заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін
дұрыс пайдалану.
0.2.1.2. Симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін салынған немесе қиялдағы контур бойынша
сұлбаларды қию.
0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы
жағынан әртүрлі қағаздар).
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
23
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
-жапсырма құрастыру үшін үлгіқалыптарды пайдалана алады;
-жапсыруға арналған материалдарды тиімді пайдалана алады;
-желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
-бөлшектерді дұрыс жапсыру кезектілігін пайдалана алады;
-симметриялы заттарды қия алады;
-қағаз түстері мен олардың реңктерін өз бетімен таңдай алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
-заттардың тиісті түсін, пішінін, пропорциясын және фактурасын өз бетімен таңдай алады;
-композиция заңдарын қолдана алады;
-бейнені әсерлі етіп көрсету үшін жапсыруда сұлбалық қию немесе жырту әдістерін пайдалана алады.
тілдік мақсаттар
дағдыларды дамыту:
-жапсырма жасау бойынша ой ұсыну;
-сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау;
-жұмыс әдістері мен кезектілігі туралы айтып беру;
-түпкі ойды түсіндіру;
-өзінің және өзгелердің жұмыстарын талқылау және түсіндіру;
-түстерді, пропорциялық қатынастарды сөзбен сипаттау;
-тақырыпқа қызығушылық туғызатын көркемсөзді тыңдау;
-қазақ халық шығармашылығы кейіпкерлерімен танысқан кезде сөздік қорды байыту.
Көптілділік: ертегі – сказка – fairy-tail.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
-түс, пішін, пропорциялар, контур, қағаз, қайшы.
талқылауға арналған сұрақтар:
Қандай қию тәсілін пайдаланасың?
Бөлшектерді қағаз парағына қалай орналастырады?
Қандай түстерді пайдаланасың?
Қажет болатын геометриялық фигураларды ата.
Жапсырма бөлшектерін қалай жапсыру керек?
Алдыңғы білім
Қайшыны пайдалану білігі: таспаларды тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию,
шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді
қиып алу. Екіге, қатпарлап бүктелген қағаздан әртүрлі бейнелерді қию дағдылары.
Қазақ ертегілері мен әлем халықтары ертегілерінің кейіпкерлерін білу.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
і. Оң көңіл күй орнату.
0–1 минут
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.
Амансың ба, көк аспан! (Қолымызды жоғары көтереміз.)
Сәлеметсің бе, алтын күн! (Қолымызды басымыздың
үстіне көтеріп, үлкен шеңбер сызамыз.)
Есенсің бе, Жер-ана! (Қолымызды бірқалыпты төмен
түсіреміз.)
Сәлеметсіңдер ме, балалар! (Барлық балалар қол
ұстасып, қолдарын жоғары көтереді.)
Музыкалық сүйемелдеу.
II. өмірлік тәжірибені өзектендіру.
мақсат қою
2–5 минут
(ұ) Педагог тәрбиеленушілерге «Алдаркөсе»
мультипликациялық фильмінен қысқа үзінді көруді
ұсынады.
Балалар Алдаркөсенің айлакер атануының себебі туралы
өз пікірлерін айтады.
Педагог балаларды алдағы жұмысқа жұмылдырады.
Иллюстрациялық
материал.
III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша
жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
Педагог балаларға қазақ ертегілері бойынша суреттерді
көруді ұсынады. Қай кейіпкерді таныдың?
Ертегілер қалай аталады?
Қай ертегі кейіпкеріне ұқсағың келеді?
Не себепті?
Балаларды «үлгіқалып» және «трафарет» ұғымдарымен
таныстырады. Үлгіқалыпты сыртынан бастырады, ал
трафаретті ішінен бастырады.
Педагог балаларға жұмыстың құрал- жабдығының:
төсеніш клеенка, қайшы, желім, желім жаққыш, шүберек,
қоқыс салғыштың дайындығын тексеруді ұсынады.
Әліппе-альбом.
Музыкалық сүйемелдеу.