Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі



жүктеу 81,44 Kb.
Дата14.02.2018
өлшемі81,44 Kb.
#9594

БЕКІТЕМІН



“Қарағанды қаласының тұрғын үй –

коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлімі” мемлекеттік

мекемесінің бастығы

__________Н.Е. Әубәкіров.

____” _______________2007ж.



Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектілігі және тіркеу

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектілігі және тіркеу – процедурасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру кезегінің тіркеуін құру мақсатында тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Осы мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.09.1999ж №1292 “Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану және жалға беру, ұсыну тәртібі туралы” қаулысы, “Тұрғын үй қатынастары туралы” 16.04.1997ж.,Заңы, Қазақстан Республикасының “Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” 12.01.2007ж., Заңы, Қазақстан Республикасының “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” 23.01.2001ж., Заңы негізінде көрсетіледі.

4. “Қарағанды қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 4-қабат тел. (7212) 563854, факс (7212) 560557 Е – mail: akimat07@ mail. ru.

5. Осы қызметті көрсетуді аяқтау нысаны бойынша Қарағанды қаласының тұрғын үй комиссиясы отырысының шешімі негізінде тұтынушы тіркеуге қою немесе бас тарту туралы ескерту алады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен, электрондық сауал берген сәттен бастап, тұтынушының өтінішін тіркеу сәтінен бастап 30 күнде;


  1. қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 15 минут

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғары мөлшері: қызметтің аяқталуы бойынша тұтынушы почта арқылы жазбаша ескерту алады

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Бұл стандартты бекіткеннен кейін мемлекеттік қызметті көрсету стандарты “Индустриальная Караганда”, “Орталық Қазақстан” облыстық басылымдарда жарияланады. Мемлекеттік қызмет мына мекен-жай бойынша ұсынылады, 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 424-кабинет “Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі тел. (7212) 563854, факс (7212) 560557 Е – mail: akimat07@ mail. ru.

10. Осы мемлекеттік қызмет тұтынушыға барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін сенбі және жексенбі күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.00 ге дейін ұсынылады. үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.

11. Мемлекеттік қызметті көрсету орынында азаматтарды қабылдау үшін құжаттардың үлгісі бар стендісі бар жеке кабинет бар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар:


  1. Пәтер кітапшасының көшірмесі (нотариалды куәланған);

  2. Өтініш иесінің отбасымен бірге тұратын барлық кәмелетке толғандар мүшелерінің атында жылжымайтын мүлкінің бары (жоқтығы) туралы №1 ақпараттық анықтама (тұрғылықты жері бойынша ХҚКО);

  3. Жұмыс орнынан өтініш немес жеңілдігі бар туралы анықтама; (нотариалды куәланған);

  4. Жеке куәлік көшірмесі;

  5. Балалардың тууы туралы куәлік көшірмесі;

  6. Неке туралы куәлігі;

  7. Әлеуметтік қорғау органынан өтінушінің (отбасы) әлеуметтік аз қорғалған азаматтарға жататынын растайтын анықтама (“Қарағанды қаласының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі Поспелов көшесі 16)

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыға “Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бару керек Мекен-жайы 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 4-қабат тел. (7212) 563854, факс (7212) 560557 Е – mail: akimat07@ mail. ru.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар жоғарыда көрсетліген мекенжайдың бас маманына тапсырылады.

15. құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға құжаттың қабылданған күні көрсетілген және құжатты қабылдаған тұлғаның лауазымы, аты –жөні көрсетілген қолхат беріледі.

16. тіркеуге қою немесе бас тарту нәтижесін тұтынушы – электрондық почта, почта, жеке бару арқылы алады.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін жауапты адамның мекен-жайы “Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автмобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 424-кабинет тел. (7212) 563854, факс (7212) 560557 Е – mail: akimat07@ mail. ru.

17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту тұтынушы құжаттардың тізбесін толық тапсырмаған кезде болады.



3. Жұмыс қағидаттары
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары сыпайылылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері сапа және қол жетімділік көрсеткіштері мен өлшенеді.

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштіңесепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

95 %







1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

99%







2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

97 %







2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б) % (үлесі)


99 %







3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

97 %







3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

80 %







3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

95%







4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

80%







4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

30 %







4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі)

99 %







4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90 %







5. Сыпайылылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

85 %






20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.


5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мына мекен-жай бойынша алуға болады:

“Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автмобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 424-кабинет сенбі және жексенбі күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.00 ге дейін үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін тел. (7212) 563854, факс (7212) 560557 Е – mail: akimat07@ mail. ru.

22. Шағымды беруге болады:

“Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автмобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі бастығ; Қарағанды қаласының әкімі..



23. Шағымның қабылданғанын растайтын шағымды тіркеу жеке тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналы болып табылады. Шағымның қаралу барысы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 “Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Заңында көрсетілген мерзімге сәйкес қаралады. Шағымды қарау туралы ақпаратты шағымды қабылдаған мемлекеттік органның телефоны бойынша білуге болады.

6. Байланыс ақпараты.
24. “Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автмобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 424-кабинет тел. (7212) 563854, факс (7212) 560557 Е – mail: akimat07@ mail. ru. Келушілерді қабылдау дүйсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін. “Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автмобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бастығы - Нұрлан Ерікбайұлы Әубәкіров.
КЕЛІСІЛДІ:

Қарағанды қаласы әкімінің

аппарат басшысы

__________Қ. Мырзәліпов

____” _______________2007ж.
жүктеу 81,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау