30
Қағазды қандай тәсілмен қиюға болады?
Желімді қалай дұрыс пайдаланады?
Мозаика техникасында жасалған суреттер қай жерде кездеседі?
Бізге қандай түстер қажет болады?
Алдыңғы білім Қазақстанның жануарлар әлемі туралы ұғым.
Балалардың заттың құрылымы туралы білімі.
Қайшыны пайдалану білігі: жолақтарды тіктөртбұрыш етіп қию; шаршыларды үшбұрыш етіп қию;
шаршы мен тіктөртбұрыштың бұрыштарын қиып тастап, дөңгелек және сопақша пішіндерді қию.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
і. Оң көңіл күй
орнату.
0–1 минут
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.
Аспанда күн жарқырайды! (Балалар қолдарын жоғары созып, тік
тұрады.)
Алтын сәуле шашырайды. (Алақандарын жоғары қаратып, қолдарын
алға қарай созады.)
Қолымды алақаныңа салайын, (Жұптарға бөлініп, бірбіріне қолдарын
созады.)
Сенімен бірге шыр айналайын. (Жұптасып айналады.)
Екеуміз бірге шалғынға барамыз, (Бірбірімен қол ұстасып,
тізбектеліп тұрады.)
Ол жерде шеңберге тұрамыз. (Шеңбер құрып тұрады).
Шыр айналып, ән айтамыз,
Күнмен бірге айналамыз. (Айналып жүреді.)
Қуана шапалақтаймыз, (Шапалақтайды.)
Жылдам-жылдам адымдаймыз. (Жылдам жүреді.)
Күн батты, демалуға кетті. (Отырып, қолдарымен басын жабады, одан
кейін қолдарын бір жақ бетінің астына салады.)
Біз ораламыз, орнымызға жайғасамыз. (Ақырын орындарына барып
отырады).
Музыкалық сүйемелдеу.
II. өмірлік
тәжірибені
өзектендіру.
мақсат қою
2–5 минут
(ұ) Көбелек туралы жұмбақ жасырады.
Ұстасаң үгітіліп жоғалады,
Дамылдап отырмайды ешбір жайда.
(Көбелек)
Бүгін біз қандай жұмысты орындаймыз? Көбелек жасаймыз. Педагог
балаларды алдағы жұмысқа жұмылдырады.
Педагог балалар жұмыс үстелінің дайындығын тексеруді ұсынады.
Тақтада ребус (флипчарт,
слайд) бейнеленген.
III. ұОқ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс.
Педагог тәрбиеленушілерді көне өнердің бір түрі – мозаикамен
таныстырады. Мозаиканың айқындамасын береді. Мозаика –
кішкентай шаршылардан жасалған сурет.
Оны қағаздан, өсімдіктердің дәндерінен, қатырғықағаздан, пластик
тығындарынан және өзге де материалдан жасауға болады.
(т) Балалар көбелекті көре алады. Қанаттарының санына, бояуына
назар аудартыңыз.
Проблемалық сұрақ: мозаика қандай геометриялық фигуралардан
жасалады және оларды қалай қиюға болады?
Қағаздың қандай түстері мен реңктерін пайдаланамыз?
(ұ) саусақтарға арналған жаттығу.
«Көбелек»
Ұйқыда жатқан гүл кенеттен оянды,
Одан кейін ұйқысы оның келмеді.
Жыбырлады, дірілдеді,
Қанат қағып, ұша жөнелді. (Қолдарының білезігі тұсынан
айқастырылады, саусақтар төменге қарай түсіріледі.
Қолдарын көбелектің қанаты тәрізді қимылдатады).
(Ж, ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы.
Көбелектің аппликациясын жасау барысында симметрияны
қолданамыз. Жапсырмамен жұмысты бастау үшін үлгіқалыптың
немесе трафареттің көмегімен педагог дайындаған негізді қиып
аламыз. Қабілеті жоғары балалар қалауы бойынша көбелектің
контурын өз бетімен сыза алады. Көбелекке арналған негіздің қанық
Әліппе-альбом.
Иллюстрациялық материал.
Энтомологиялық жиынтық
(көбелектерден
құрастырылған панно)
немесе әртүрлі көбелектердің
фотосуреттері.
Түрлі-түсті қағаздар, жай
қарындаштар, ПВА желім,
желімге арналған жаққыш,
шүберек, клеенка.
31
түстісін алған жөн, ол мозаика элементтеріне (қызыл, жасыл, күлгін
көк) қарама-қарсы болады.
Одан кейін қағаздан (2–3 реңк) ені 1 см жолақтар қиямыз.
Дайындалған жолақтарды ұсақ шаршылар етіп қиямыз. Жолақтарды
қалай кесу керектігін қайшылардың өздері «айтады». Барлық қажетті
әзірлемелерді жасаймыз. Педагог дайындалған қағаз бөліктерінің
әртүрлі түстерін бөлек жинау керектігіне балалардың назарын
аударады.
Суреттің шағын бөлігіне желім жағамыз және алдын ала дайындалған
қағаз бөліктерін желім жағылған бөлімге орналастырамыз.
Жұмыс орындалғаннан кейін көбелектің мұрттарын, көздерін және
т.б. салу үшін фломастерді пайдалануға болады. Педагог аппликация
жұмысының барысын және талдауын қарастырғанда оның бейнелігін,
өзгешелігін, айқындығын атап көрсетеді.
(ұ) қауіпсіз жұмыс жасау ережелері
Сабақ шеңберінде педагог баланың ірі бөлшектерді қайшының кең
ашылған ашаларымен, ал ұсақ бөлшектерді ұсақ, мұқият қимылдармен
қиюға болатынын біле отырып, қайшы ұстаған қолының шынтағын
алға қарай созбауын, екі қолының қимылдарын қадағалауын
бақылайды.
IV. ұОқ
қорытындылау.
Рефлексия.
26–30 минут
(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау.
Жұмыстар талданады және нәтиже қорытындыланады. Мазмұн
бойынша бағалау: символикалық – бала символдардың (карточкалар,
жетондар, қимылдар және басқалары) көмегімен өз әрекетін
бағалайды.
Карточкалар, жетондар.
8-ұОқ. ғАЖАЙыП ФИГуРАЛАР
(сюжетті аппликация, коллаж)
мектеп/мұ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
сынып/топ:
қатысқандардың саны:
қатыспағандардың саны:
ұОқ-нің оқыту
мақсаттары
0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік
қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып
оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру.
0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды тіктөртбұрыш,
шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы
шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу).
0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан
әртүрлі қағаздар).
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін
нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
-жапсыруда коллаж техникасын пайдалана алады;
-жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсай алады (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан
әртүрлі қағаздар);
-желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
-қайшыны дұрыс ұстап, оны дұрыс пайдалана алады;
-заттардың және олардың бөлшектерінің кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, текстурасын
есепке ала алады;
-жолақтарды тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың
бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып ала алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
-өз бастамасы бойынша бейнелеудің әртүрлі тәсілдерін біріктіре алады;
-әсерлі бейнені көрсету үшін сұлбалық қиып алу және жыртып жапсыру тәсілдерін пайдалана алады.
тілдік
мақсаттар
дағдыларды дамыту:
-жұмыс әдістері мен кезектілігі туралы айту;
-жапсырма жасау бойынша ойларын ұсыну;
-бейнелеу материалдарын мақсаттарды іске асыру үшін пайдалану нұсқаларын талқылау;
-өзінің және өзгелердің жұмыстарын түсіндіру;
-тақырыпқа қызығушылық туғызатын көркем сөзді тыңдау;
Көптілділік: қағаз – бумага – piece of paper.
негізгі терминдер және сөз тіркестері:
-сюжет, коллаж, фигуралар, материал, қағаз, жырту, қайшы.