Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет16/33
Дата22.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#15675
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33

72
Жалаңаяқ жүру. Жалаңаяқ жүру де организмді 
шынықтырады. Жалаңаяқ жүруді жаз мезгілінде бастау 
керек. Әсіресе тегіс емес тастардың үстімен, ыстық құмда 
жүру жалпақтабандылыққа қарсы, табандағы нүктелерге 
арналған массаж болып табылады. Жердің  бүкіл денеңе 
қуат беріп тұратын өз күші бар.
Күнмен  шынығу.  Күнделікті  таза  ауада  серуендеу  қажет. 
Жаз мезгілінде күн ваннасын таңғы уақытта өзен жағасында 
қабылдауға болады. Дұрыс қыздырыну уақыты сағат 10-нан 
12-ге  дейін.  Аш  қарында  және  тамақтан  кейін  бірден  қыз- 
дырынуға болмайды.
Босаңсуға арналған жаттығу. Педагог балаларға көздерін 
жұмып, денелерін бос ұстап, өздерін өзен жағасындамын 
деп сезінулерін сұрайды. Судың шуылы құлағыңа жағымды, 
күн шуағы денеңді жылытады. Жалаңаяқ ыстық құмның 
үстімен жүрсіңдер. Су денелеріңді жеңілдетіп, өздеріңді 
жақсы сезінесіңдер. Ұсақ тастарды басқанда табанға 
батқанын сезесіңдер (тікенекті резеңке кілемшенің үстінен 
жүруді ұсынады).
көптілділік:
су – вода – water
ауа – воздух – air 
күн – солнце – sun


73
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)
Балалар дәптердегі суретті қарауды жалғастырады. 
– Сумен шынығудың қандай түрлері бар?
Балалардың жауаптары.  
Сумен шынығу. Сумен шынығуды дымқыл орамалмен 
сүртінуден бастауға болады. Беті-қолыңды, құлағыңды, 
қолыңды иығыңа дейін суық сумен жу.
Су құйыну арқылы шынығу – шынығудың ең маңызды түрі. 
Алдымен тек табаннан бастап, біраз уақыттан соң тізеге су 
құямыз. Әрі қарай солай жоғарылай береді. Жылы судан 
бастап, біртіндеп күніне бір градустан азайтып, салқын суға 
дейін жеткізу қажет.
Педагог  шынығудың  дәстүрлі  емес  түрі  –  су  құйыну  мен 
мұзойыққа түсу жайлы ақпарат беруіне болады. 
Салқын сумен құйынудың пайдасы зор, ол – адамның табиғи 
өз-өзін емдеуі, өзін-өзі күту. Суық су денеде ішкі жылудың 
пайда болуына септігін тигізеді. Бұл жерде мынандай құнды 
ережені есте сақтау керек: ешкіммен кімнің суы суық немесе 
кім тез шынығады деп жарыспа. Бұл денсаулық үшін зиян! 
Салқын су әркімге әртүрлі әсер етеді, кейбіреулер суық тиіп, 
ауырып  қалуы  мүмкін.  Шынығу  жұмыстарын  күнделікті 
ақырындап жүргізу қажет.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)
Балалар дәптердегі суретті қарауды жалғастырады.
– Неліктен жыл мезгіліне сай киіну керек? Балалардың 
жауаптары.
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер


74
педагог  ақпараты:  Тым  жылы  киінбеңдер.  Бұл  денені 
қыздырып,  терлетеді.  Ал  терлеген  адамға  салқын  тиюі 
мүмкін.  Тек  қыста  баскиім  мен  қалың  күртеше  кию  қажет. 
Көктем мен күз үшін мезгілге лайық киімдер киген жөн.
«Жақсы-жаман» ойыны. 
Балалар ойын барысында өткен материалдарды 
қорытындылайды.
IV. ұОҚ 
қорытындысы. 
рефлексия
25-30 минут
(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын 
сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады. 
– Егер сендер денсаулықты нығайту әдістері туралы 
түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына 
жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын 
түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда 
баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің 
суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз 
болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 2-сатысына 
салыңдар. 
– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? 
Неліктен? 
 Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.
Әліппе-дәптер


75
№7
тАҚырыБы:
тАМАҚтАНу МӘдеНИеті
Мектеп/Мұ: 
күні:
педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп:  
Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар саны:
ұОҚ оқытылу 
мақсаттары
0.2.1.1. Дұрыс тамақтану ережесін білу және қолдану. 
0.2.1.2. Тамақтану мәдениетін сақтаудың маңыздылығын түсіну.
0.2.1.3. Пайдалы және зиянды азық-түліктерді ажырату.
күтілетін нәтиже
Барлық балалар:
Дұрыс тамақтану ережесінің маңыздылығын түсіну
көпшілік балалар:
Күнделікті өмірде дұрыс тамақтану ережелерін, мәдени дағдыларды  
қолданады.
кейбір балалар:
Бала денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың әсерін түсіндіреді. 
тілдік мақсат
дағдыларын дамыту:
Қойылған сұраққа толық жауап беріп, ауызекі сөйлеуде белсенділік танытады. 
Үстел басындағы мәдениеттілік дағдылары бар. 
көптілділік: 
азық-түлік – продукты питания – food
ас мәзірі – меню   menu
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:  тамақтану тәртібі, ыстық тағам, 
ботқа, мәдени дағдылар, қолдың тазалығы, дене бітімі.


76
Пікір алмасу сұрақтары:
Үстел басындағы мәдениет денсаулыққа қалай әсер етуі мүмкін?
Күні бойы адам қаншалықты жиі тамақтануы керек?
Тамақтану тәртібі дегеніміз не?
Қалай дұрыс тамақтану керек?
Адамның ас үлесіне не кіруі керек?
Өткен ұОҚ алған білім Денсаулық, тамақтану тәртібі жайлы қарапайым түсінік.
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
ресурстар
і. дұрыс әсерлі көңіл 
күй орнату
0-2 минут
іі. Өмірлік 
тәжірибені 
маңыздандыру. 
Мақсатты болжам
3-5 минут
(ұ) Жағымды көңіл күй орнату. 
«Сәлем, досым!»  жаттығуы
Педагог  балаларға  бір-бірімен  шынтақтарымен, 
тізелерімен,  табандарымен,  арқаларымен  амандасуды 
ұсынады. 
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: Сендер ерекше көтеріңкі 
көңіл күйдесіңдер. Осынша күш, жігер қайдан жиналды? 
Кім және қалай оны қамтамасыз етті? 
Балалар ойларын айтады.
Музыкалық сүйемелдеу
ҰОҚ ортасы
іII. тақырып 
бойынша жұмыс
6-25 минут
педагог  ақпараты:  Әр  отбасында  аналар  мен  әжелер 
әдетте өзінің жақындарына қамқор болып, оларға ерекше 
ықыласпен,  үлкендер  мен  балалар  үшін  денсаулыққа 
пайдалы азық-түліктерді қолданып ас әзірлейді. Олар


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау