77
әзірлеген асты тауысып жеп, қамқорлығы мен еңбегіне
алғысыңды білдіргеніңді көру олар үшін жағымды.
– Әдетте сендер аналарыңа, әжелеріңе қандай сөздер
айтасыңдар?
– «Рақмет! Өте дәмді болды!»
Бұл сөздер сүйікті аналарың мен әжелерің үшін ең жақсы
мақтау.
– Ал тамақтанар алдында адамдар бір -біріне қандай
тілек білдіреді?
– Астарыңыз дәмді болсын!
Ең пайдалы ас – адамның тәбетімен, ықыласымен ішкен
ас. Адамның тәбетіне түрлі факторлар әсер етеді.
• Уақытылы дайындалған дәмді ас;
• Әдемі жайылған дастарқан;
• Жағымды көңіл күй.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
– Үстел басында қандай өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау
керек?
Балалар үстел басында өзін ұстау ережелерін айтады.
• Үстел басына отырғанда қол таза болуы керек.
• Тамақты шайнағанда сөйлеуге болмайды. Ол астың
дұрыс қорытылуына көмектеседі. Шашалып қалмайсың
және ауа жұтпайсың.
• Тамақты ауызды толтырып асап жеуге болмайды.
Тамақты ауызды жауып, дыбысын шығармай шайнау
керек. Дыбысын шығарып шайнау айналадағы адамдарға
жағымсыз әсер етеді.
• Тамақ бөліктері мен нан қоқымын жеңімен сүртуге
болмайды.
• Ортаға қойылған тамақты өз алдынан ғана алып жеу
керек.
Әліппе-дәптер
78
Мақал-мәтелдермен жұмыс.
– Ас адамға не үшін қажет, халық арасында неліктен
тағам жайында мақал-мәтелдер көп таралған? Олардың
мағыналарын қалай түсінуге болады?
• Ас – адамның арқауы.
• Ас тұрған жерде ауру болмайды.
Балалар адам жүгіру, күлу, секіру, ойнау, ауырмау үшін
тамақтанатыны жайлы талқылайды.
педагог ақпараты: Адамға тамақтану – тіршілік
әрекеті үшін, күш-қуат алу үшін қажет. Ағзаның
әр жасушасы азық-түліктен өзіне қажетті пайдалы
заттарды, дәрумендерді, микроэлементтерді сіңіруі тиіс.
Сендер байқаған боларсыңдар, ашыққан сәтте ойнауға,
үй тапсырмасын жасауға, тапсырманы ойлауға күш
жетпей қалады. Аштықты сезіну тамақтану уақытын
еске түсіреді. Тамақтану тәртібін сақтасақ, аштық сезімі
мазаламайды. Тамақтану тәртібі асты дұрыс қорытуға
көмектеседі. Уақытылы тамақтану бұлшық етке күш
береді, ми белсенділігін сақтайды.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
– Күні бойы адам қаншалықты жиі тамақтануы керек?
Тамақтану тәртібі дегеніміз не?
Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарап, өз
ойларымен бөліседі, тамақтану тәртібі жайлы
талқылайды.
Әліппе-дәптер
79
педагог ақпараты: Бір уақытта тамақтану өте маңызды.
Адамның ағзасы тағамды бір уақытта қабылдауға
үйренеді және ағза тамақтанар уақытқа дайындала
бастайды. Тәбет ашылып, тағамның толықтай қоры-
тылуына көмектесетін арнайы асқазан сөлі бөлінеді.
Тамақтану арасының ұзақтығы 3,5–4 сағатты құрайды.
Адам организмі бір уақытта тамақтануға қалыптасады,
мезгілі келгенде адам өзінің ашыққанын сезінеді, оның
асқазанында арнайы асқазан сөлі бөлінеді. Асқазан сөлі
тамақты толық қорытуға көмектеседі.
Бұл адамның денсаулығы үшін аса маңызды тамақтану
тәртібі.
Тамақтану тәртібін сақтамау ас қорыту жүйесінің
жұмысын бұзып, денсаулық үшін қауіп төндіруі мүмкін.
– Қалай дұрыс тамақтану керек? Адамның ас үлесіне не
кіруі керек?
Балалардың жауаптары.
педагог ақпараты: Дұрыс тамақтану бұл:
1. Тамақтану тәртібін сақтау;
2. Тағамның неше түрлі болуы.
Үлкендердің және әсіресе балалардың денсаулығы,
олардың өсуі, дене және ақыл-ой дамуы тікелей
тағам сапасына, қолданылатын азық-түлік түрлілігіне
байланысты.
80
Тағам үлесінде жемістер және көгөністер, ет, балық
және сүт тағамдары міндетті түрде болғаны жөн. Әр
тағам түрінің өзінің дәрумендері мен микроэлементтері
болады. Ал егер адам біркелкі тағамдармен тамақтанатын
болса, оның ағзасы қажетті заттарды уақытылы ала
алмай, ауыра бастайды. Ал әлі өсіп, қатаюы қажет
балалар үшін толықтай түрлі тамақтану аса қажет.
ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)
– Әдетте балаларды үйде, балабақшада, мектепте немен
тамақтандырады? Таңғы асқа қандай тағам пайдалы,
түскі асқа ше?
Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарап, таңғы, түскі
және кешкі асқа не дайындайтындары туралы айтады.
педагог ақпараты: Таңғы ас ботқа, нанға жағылған
май, ірімшік пен шайдан тұруы керек. Піскен жұмыртқа,
йогурт жеуге болады.
Түскі асқа сорпа, ет немесе балық, көгөніс салаты, нан,
компот болуы қажет.
Бесін асқа айран, түрлі нан өнімдері, банан немесе алма
жеген жақсы.
Кешкі ас жеңіл болуы тиіс. Ол ыстық тамақ, салат, нан
мен шайдан тұрады.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)
– Неліктен таңғы және кешкі асқа ботқа әзірлейді, ол
несімен пайдалы?
Балалардың жауаптары. Балалар Әліппе-дәптердегі
суреттерді қарайды.
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
81
педагог ақпараты: Ботқа – денің сау әрі мықты болуға
көмектесетін пайдалы ас. Ботқаға жеміс-жидек, жаңғақ
бөліктерін қосу оны пайдалырақ, дәмдірек етеді. Әр апта
күнінде мүмкіндігінше сұлы, күріш, қарақұмық, арпа,
тары сияқты жарма түрлерінің бірін дайындау керек.
Ботқа туралы – «батырлардың», «сарбаздардың» асы деп
айтады, себебі ботқа күш береді.
– Түскі ас үшін қандай тағам пайдалы?
Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарайды.
педагог ақпараты: Түскі аста міндетті түрде көгөністен
дайындалған салат болуы тиіс. Салатты өсімдік майымен,
қаймақ немесе табиғи йогуртпен араластырған жөн.
Көгөністер ас қорыту жүйесінің жақсы жұмыс істеуі
үшін дәрумендер қоры болып табылады.
Сорпа күнделікті ас үлесінде болуы керек. Ыстық тамақ
астың дұрыс қорытылуына мүмкіндік береді. Ет сорпасы,
тауық, балық етінен дайындалған сорпа пайдалы. Қатты
ауырған адамға тезірек сауығып, күш жинау үшін тауық
сорпасын береді.
– Түрегеп жүріп жеген құрғақ тамақтың зияны қандай?
Неліктен ыстық тамақты жеу керек?
Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарайды.
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
Достарыңызбен бөлісу: |