- Жобаның негізгі мақсаты:
- Тілдің мәні мен қызметін терең меңгеру
- Жобаның міндеттері:
- Тілдің тарихына үңілу.
- Тілдің қызметін анықтау.
-
- Мәселе:
- Білім беруде және тәрбие саласында, жалпы қоғамда тілдің қызметін зерттеу.
-
- Зерттелетін зат:
- Тіл білімін жан-жақты қарап, ұрпақ бойында адамгершілік қасиетін дамытуда тіл тазалығын сақтаудың пайдасы бар екенін зерттеу.
- Өмірдің алуан түрлі құбылыстары бар. Олар табиғат құбылыстары және қоғамдық құбылыстар болып екі топқа бөлінеді. Тіл қоғамдық құбылыстардың қатарынан орын алады. Ол – қыр-сыры мол, күрделі құбылыс. Тілдің табиғатын (мәнін) танып білу үшін оның ең басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. Тілдің қызметін түсінуде бұл анықтаманың маңызы үлкен. Тіл – адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болды.
- Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұдан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Бұл кең түсінік: тіл арқылы хабарды жеткізуге немесе хабарды алуға болады. Сонымен бірге қозғау салуға, бұйыруға, өтінуге. болады. Бұлардың хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдерге сәйкес келетінін байқауға болады. Келесі мәселе тілдің қоғамдағы жіктелістері. Ол тілдің қоғамдық дифференциялары деп аталады.
Әлеуметтік дифференция әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік топтарына, мамандығына, шаруашылық кәсібіне байланысты жіктелулер бар. Терминдер, арнайы сөздер белгілі бір сала бойынша қолданылады. Оларды әдетте ғылыми терминдер, өнер терминдері және спорттық терминдер деп бөледі. Кәсіби сөздер, профессионализмдер әлеуметтік диалект деген атаумен де белгілі. Олар адамдардың, өлкенің шаруашылық кәсібіне байланысты, соған тән сөздер. Мысалы балық, егін, бақша өнімдері, мал шаруашылығы, құсбегілік, аңшылық немесе өндірістік аймақтардың сол шаруашылыққа байланысты ғана қолданылатын сөздері жатады. - Әлеуметтік дифференция әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік топтарына, мамандығына, шаруашылық кәсібіне байланысты жіктелулер бар. Терминдер, арнайы сөздер белгілі бір сала бойынша қолданылады. Оларды әдетте ғылыми терминдер, өнер терминдері және спорттық терминдер деп бөледі. Кәсіби сөздер, профессионализмдер әлеуметтік диалект деген атаумен де белгілі. Олар адамдардың, өлкенің шаруашылық кәсібіне байланысты, соған тән сөздер. Мысалы балық, егін, бақша өнімдері, мал шаруашылығы, құсбегілік, аңшылық немесе өндірістік аймақтардың сол шаруашылыққа байланысты ғана қолданылатын сөздері жатады.
2. Территориялық дифференция тілдегі диалектілерді, говорларды тілдің варианттарын береді. Мысалы ағылшын тілінің диалектілерімен қатар, америкалық, австралиялық, британиялық, жаңа зеландиялық, оңтүстік африкалық, канадалық деп аталатын нұсқалары бар. Ал диалектілер – жергілікті аймақтардың тілдік ерекшеліктері. Ол фонетикалық (сөздің айтылуындағы дыбыстық айырмалар), лексикалық (сол аймақта ғана қолданылатын сөздер) және грамматикалық (аймақтар бойынша сөз тұлғаларының айырмасы) диалектілер болып бөлінеді. - 2. Территориялық дифференция тілдегі диалектілерді, говорларды тілдің варианттарын береді. Мысалы ағылшын тілінің диалектілерімен қатар, америкалық, австралиялық, британиялық, жаңа зеландиялық, оңтүстік африкалық, канадалық деп аталатын нұсқалары бар. Ал диалектілер – жергілікті аймақтардың тілдік ерекшеліктері. Ол фонетикалық (сөздің айтылуындағы дыбыстық айырмалар), лексикалық (сол аймақта ғана қолданылатын сөздер) және грамматикалық (аймақтар бойынша сөз тұлғаларының айырмасы) диалектілер болып бөлінеді.
- Тілге анықтама беруде ең алдымен оның
- әлеуметтік қызметі ,яғни қоғамдағы
- адамдардың қатынас құралы болу қызметі, не-
- гізге алынады.Тіл қатынас құралы ғана емес ,
- сонымен бірге ойлаудың ,ойдың жарыққа
- шығуының құралы.
Тіл және қоғам мәселелеріне тілдің мәртебелері, қолданылу аясы, мемлекеттік және ресми тіл, халықаралық қатынас тілі статустары, тілді дамыту мәселелері де жатады. Қазір әлемде шамамен 6000-ға жуық тірі тіл бар деп есептеледі. Олардың 70 пайызының жазба тілі жоқ және жойылып кетудің алдында тұр. «Әлемдік тілдер» деген атауды негізінен БҰҰ-ның ресми жұмыс тілдеріне қолданылады. Олар қытай, ағылшын, испан, француз және орыс тілдері. Тілдің таралуын, көлемділігін сол тілде сөйлейтін адамдардың санымен есептейді: 10 млннан аса адам сөйлейтін тіл лингвистикалық өлшеммен ірі тіл болып саналады. - Тіл және қоғам мәселелеріне тілдің мәртебелері, қолданылу аясы, мемлекеттік және ресми тіл, халықаралық қатынас тілі статустары, тілді дамыту мәселелері де жатады. Қазір әлемде шамамен 6000-ға жуық тірі тіл бар деп есептеледі. Олардың 70 пайызының жазба тілі жоқ және жойылып кетудің алдында тұр. «Әлемдік тілдер» деген атауды негізінен БҰҰ-ның ресми жұмыс тілдеріне қолданылады. Олар қытай, ағылшын, испан, француз және орыс тілдері. Тілдің таралуын, көлемділігін сол тілде сөйлейтін адамдардың санымен есептейді: 10 млннан аса адам сөйлейтін тіл лингвистикалық өлшеммен ірі тіл болып саналады.
- Тіл мен өндіріс құралдарының ұқсастығы неде?
- Тіл де ,өндіріс құралдары да әр басқа қоғамдық құрылысқа бірдей қызмет етеді
- Тіл де,өндіріс құралдары да қондырмаға,
- қоғамдағы таптарға елеусіз қарайды
- Тіл қызметі тілдің негізгі мәні, қоғамдағы міндеттері мен атқаратын жұмысы, табиғаты сиякты күрделі ұғымдарды камтиды. Бұлар сонымен қатар оның жаратылысының ең маңызды қасиеттері болып саналады. Тіл негізінен екі түрлі маңызды қызмет атқарады. Біріншісі коммуникативтік және екіншісі когнитивтік, танымдық, гносеологиялық (кейде оны экспрессивтік қызмет деп атайды, яғни сананың жұмысын жүзеге асыру қызметі). Тілге эмоциялық қызмет (адамның көңіл-күй, әсерлерін, сезімдерін жеткізу) жүктелінген. Тілдің метатілдік (металингвистикалық) тілді терминдерімен сипаттау құралы қызметін орындау. Тілді пайдалану кезінде оның негізгі қызметтері бір-бірімен шартты байланыста болады, бірақ сөйлеудің кейбір жеке үлгілерімен мәтіндерде әртүрлі дәрежеде көрініс табады. Коммуникативтік қызметке байланыс орнату (фатикалық), конативтік (меңгеру), волюнтативтік (ықпал ету) және ұлттық танымды, мәдени дәстүрді, тарихты сақтау және тағы басқа қызметтер жатады.
- Тілдің адамның субьективті қызметін
- Сезімі мен эмоциясын білдіру қызметі
- Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттарымен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас мүмкін болмаған болар еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сәулеленетін объективті дүниенің элементерінің сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі, ал осы нәтижелердің өзі ары қарай танып білуге негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде, ал тіл мен ойлаудың байланысы бірлік ретінде сипатталады.
- Қазақ тіл білімінде З. Ерназарова ауызша ғылыми тілді жалпы сөйлеу тілінің құрамында қарастыра отырып, ғылыми сөздің прагматикалық бағытын мынадай түрлерге бөледі:
- 1) сөйлеуші өз ойын дәлелдеп, жеткізуді мақсат етеді;
- 2) сөйлеуші белгілі бір ғылыми бағытты, тақырыпты жақтап, қолдап сөйлеуді мақсат етеді;
- 3) пікірді, ғылыми тұжырымды сынау, қарсы шығу мақсаты көзделеді,
- 4) ескерту, ұсыныс айту мақсаты көзделеді.
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде - Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде
- Н.Назарбаев
Қазақ тілі – менің тілім! - Қазақ тілі – менің тілім!
- Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
- Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол - атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.
-
- Сөз соңын: «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіруші аса маңызды фактор», деп ана тіліміздің қоғамдағы орнын айқындап берген Елбасымыздың сөзімен аяқтағым келеді.
- Елбасы өзінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы жолдауында: «Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді».
- Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», деп тіл мәселесіне кеңінен тоқталды. Яғни, қоғамның барлық саласында қолданылатынмемлекеттік тілді білу, сөйлеу, сондай-ақ іс-қағаздарын сауатты жүргізу, толтыру – әрбір қазақстандық азаматтың тілге деген құрметінің айғағы.
-
- 1. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А., 1995.
- 2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1978.
- 3. Аймауытов Ж. Ана тілін қалай оқыту керек “Жаңа мектеп” 1925 №2
- 4. Байтұрсынов А. “Тіл тағылымы” А., 1989.
- 5. Дулатов М. Жаңа жазу ережелері. Қ 1923.
- 6. Жиенбаев С. Қазақ тілі методикасы. А. 1941.
- 7. Жұбанов Қ: Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер А. 1999.
- 8. Кеңесбаев С. Жанұзаков Т. Руссо-казахский словарь лингвистических терминов. А. 1966.
- 9. Оразбаеваа Ф. Ш. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. А. 2002.
- 10.Аймауытов Ж. Комплекс пен оқыту жолдары. 1929.
- 11. Әлімжанов Д. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. А. 1965.
- 12. Байтұрсынов А. Тіл құрал, I, II, III Тіл танытқыш Қ. 1925.
- 13. Дулатов М. Жаңа жазу ережелері. Қ. 1923.
- 14. Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері. 1-10 томдар А. 1980.
- 15. Оқыту – тәрбиелеу технологиясы. 03.2014
-
Достарыңызбен бөлісу: |