Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет23/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   147

54
1-ТАРАУ
да  ішімдік  ішетіндер,  (3)  күйзеліп жүрсе де  ішпейтін  адамдар  және 
(4)  күйзеліске  ұшырамағандықтан  ішпейтін  адамдар  деп  шартты 
атау берілген төрт топтың үлгерімін салыстырамыз.
Бұл  стратегияны  әлеуметтанушы  Роберт  Кросне  (2006)  жасөспі- 
рімдер  арасында  алкогольді  ішімдік  ішуді  зерттеу  үшін  қолданған. 
Ол  өз  зерттеуін АҚШ  федералдық үкіметінің  орта  және жоғары  мек- 
тебінің шамамен 12 мьщ оқушысынан жинаған көпжылдық деректе- 
ріне сүйеніп жасаған.
Деректер  көп жыл  бойы жиналғандықтан  Кросне  оқушылар  үл- 
герімі  төмендеуден  бұрын  ішімдік  іше  бастағанын  айтады.  Зерттеу 
өте  ауқымды  болғандықтан  оқушыларды  әртүрлі  айнымалы  шама- 
ларға  сәйкес  бөліп,  томен  баға  оқушылардың  алкоголь  ішуіне  эсер 
еткеніне, басқа факторлардың үлгерімнің төмендеуіне және ішімдік- 
ті көп ішуге ықпалы болмағанына көзін жеткізді.
Сауалнама  көлемі  жағынан  ауқымды,  уақыт  жағынан  көп  ке- 
зеңді  қамтитындығына  қарамастан,  бұл  тәсілдің  үлкен  кемшілігі - 
сауалнамаға  жауап  берушілер  шындықты  бұрмалауы  мүмкін.  Жиі 
ішіп жүрген адамдар да, ішпейтіндер де басқалар жақтырмайды деп 
жасқанғандықтан  өздері  туралы  өтірік  айтуы  ғажап  емес.  Әлеумет- 
танушылар  мұндай  бұрмалаушылықты  әлеуметтің  қажеттілігіне 
бейімделу деп  атайды,  мұнда  адамдар  шындықты  өз  қалауына  қа- 
рай өзгертіп көрсетеді, оның себебі -  олар жақсы, әдемі және өзгелер- 
дің  көңілінен  шыгатындай  болып  көрінгісі  келеді.  «Деректерге  ден 
қойсақ:  18  бен  20  жас  аралығындағы  күндізгі  бөлім  студенттерінің 
алкогольді ішімдік ішуі» атты бөлім осы тақырып бойынша ұлттық 
зерттеудің  деректерін  береді.  Деректер  кәмелетке  толмағандардың 
ішімдік ішуі (соның ішінде  салынып ішуі) кең таралған жағдай еке- 
нін  айтады  (дегенмен  әлеуметтің  қажеттігіне  бейімделу  бұл  дерек­
терге эсер етуі мүмкін екенін де ескерген жөн).
Бұл  мысалға  қарасақ жасырын  немесе  әлеуметтік  тұргыдан  қа- 
былданбайтын  мінез-құлықты  зерттеу  үшін  сауалнама  жақсы  әдіс 
емес.  Сондай-ақ  бұл  -   сұрақ-жауап  формасына  сыймайтын  идеялар 
мен  сезімдерді зерттеу үшін де  жақсы  әдіс  емес. Оның үстіне,  сауал­
нама  негізіндегі зерттеу адамды  қалыпты  жағдайдан тыс  ортада  са- 
ралайды.  Егер  біз  адамдарды  ішімдік  ішуге  мәжбүрлейтін  жағдай- 
ларды және әлеуметтік контекстерді түсінгіміз келсе мұның орнына 
қатысу арқылы бақылау әдісін қолданғанымыз абзал.
Қатыса отырып бақылау
Әлеуметтің қажеттілігіне 
бейімделу - шындыққа қарағанда 
неғүрлым лайықты және 
әлеуметтік түрғыдан қолайлы 
болу үшін шындықты өзгерту 
үдерісі.
Қатыса отырып бақылау 
әдісі - қатысу, сұхбат алу 
және байқау арқылы «зерттеу 
алаңында» зерттеу жүргізу тәсілі.
Ғалымдардың  «зерттеу  алаңында»  субъектілердің  күнделікті  өмірі- 
не  қатысып,  олардың  тұрмыс-тіршілігін  бақылауын,  өмірі  жайлы 
сұхбагтасу  арқылы  жүргізетін  зерттеуін  қатыса  отырып  бақылау 
әдісіне  жатқызамыз.  Бұл  әдіс  әсіресе  өзара  әрекетке  түсудің  заңды- 
лықтарын  ашу  және  олардың  мәнін  үйрену  үшін  пайдалы.  Адам- 
дардан  не  істейтінін  немесе  неге  сенетінін  сұрайтын  ғалымдардан 
айырмашылығы  -   қатыса  отырып  бақылаушы  ғалымдар  адамдар- 
дың іс жүзінде не істеп жатқанын көруге тырысады. Қатыса отырып 
бақылау  әдісін  субъекгивті  мәндерді,  жеке  қарым-қатынастарды 
және қоғамдық өмірді зерттейтін интеракционистер жиі қолданады.
Қатыса  отырып  бақылау  әдісі  -   заңсыз  есірткі  егу  сияқты  қо- 
ғамда айыпталатын мінез-қүлықтарды зерделеу үшін жалғыз тиімді 
әдіс.  Қатыса  отырып  бақылау  әдісінде  зерттеудің  негізгі  үш  тәсілі - 
сүхбаттасу,  қатысу  және  байқау  қолданылады.  Зерттеуші  іс-әрекет 
орнына  барып,  сонда адамдармен қалыпты жағдайда, бейресми түр- 
де  әңгімелесіп,  олардың  істеп  жатқан  іс-шараларына  қатысып,  бас-


ҚОҒАМ  ТУ РАЛ Ы  ІЛІМ
55
қа қатысушылардың іс-әрекеттерін қадағалай алады. Ақыл-ой және 
тәжірибе  критерийлеріне  сүйене  отырып,  бұл  әдістердің  қайсысын 
таңдауды өзі шешеді. Мысалы, студенттер қалашығында алкогольді 
ішімдік  ішетіндерді  зерттейтін  бақылаушыға  әр  түн  сайын  ішудің 
қажегі жоқ.  Мұның  орнына  ол ішетіндермен де, ішпейтіндермен де 
үзақ, бейресми сұхбат жүргізеді, студенттік кештер мен іс-шараларға 
қатысады  және  әртүрлі  студенттік  субмәдениеттерде  спиртті  ішім- 
діктің атқаратын рөлін анықтап, оларды түсінуге тырысады.
Қатыса  отырып  бақылау  әдісі  қалыпты  әлеуметтік  ережелерді 
бұзатын мінез-құлықты  зерттеу үшін пайдалы.  Мысалы,  сауалнама 
кезінде студенттер ұйымының мүшесінен ес-түсінен айырылып мае 
болуы  қаншалықты  жиі  кездесетінін  сұрасаң  шын  жауап  бермеуі 
мүмкін, тіпті есінде ештеңе қалмауы да ықтимал. Ал егер біз кампус- 
тағы студенттер ұйымдарының кештерін бақыласақ, студенттердің 
қаншалықты жиі мае болатынын өз көзімізбен көрер едік.
Көбіне  қалыптан  тыс  топтар  туралы  ақпарат  алудың  жалғыз 
жолы  -  қатыса  отырып  бақылау  әдісі  болып  шығады.  Егер  біз  кол­
ледж студенттерінің  ішімдік ішуін  зерттегіміз  келсе  сауалнамалар- 
ды  хат  арқылы  жіберіп,  әйтеуір  кейбіреулері  жауап  берер  деп  үміт- 
тенеміз. Ал үйсіз маскүнемдерден қалай сауалнама аламыз? Оларды 
тапсақ та жауап берер ме екен? Осы себепті жалаңаш бишілер, заңсыз 
есірткі  түтынушылар,  америкалық  көп  әйел  алушылар  (полигамис- 
тер)  тәрізді  топтар  туралы  ақпарат  алудың  жалғыз  жолы  -   қатыса 
отырып бақылау әдісі болып табылады.
Қатыса  отырып  бақылау  әдісінің  басты  кемшілігі  -   әдетте  бұл 
аз ғана  адамға негізделеді және ол адамдар кездейсоқ таңдалмайды. 
Деректер жүйелі емес, үлгілерді бір топтардың өкілдерінен таңдауға 
мүмкіндік жоқ. Соған қарамастан, өзіміз бақылаған адамдар туралы 
көп нәрсе біле аламыз. Бұл ақпарат басқа техникалардың көмегімен 
жүйелі түрде  зерттеуге  болатын  идеяларды  қалыптастыруға  көмек- 
теседі.  Осы  себепті  ғалымдар  зерттеудің  алғашқы  қадамы  ретінде 
бұл әдісті жиі пайдаланады.
Қатыса  отырып  бақылау  әдісінің тағы  бір  кемшілігі  -   бақылау 
мен  нәтижені  жалпылау  бір  зерттеушінің  түсіндіруіне  негізделе- 
ді.  Зерттеушілер  робот  емес,  сондықтан  олардың  қорытындылары

Заңсыз есірткі қабылдаутәрізді 
I   қоғамғажатқылықтарды 
зерттеудіңбірден-бір оңтайлы тәсілі -  
қатысушыларды бақылау.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау