Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ЖЫНЫС,  ГЕНДЕР  ЖӘНЕ  ЖЫНЫСТЫҚ  ҚАТЫНАС



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет121/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   147

ЖЫНЫС,  ГЕНДЕР  ЖӘНЕ  ЖЫНЫСТЫҚ  ҚАТЫНАС
277
Уақыт  өте  гомосексуализмге  деген  көзқарас  өзгеріп  келеді. 
Соңғы  елу  жыл  ішінде  Америкада  қалыптасқан  көзқарас  мұндай 
топтар  үшін  тиімді.  9.2-сызбада  көрсетілгендей,  2011  жылы  сауал- 
намаға  қатысқан  америкалықтардың  64  пайызы  гомосексуалдық 
белсенділік өршіп бара жатқанын айтқан, муны заңдастыру керек
Д еректерге ден  қр й с а қ
Бір жынысты жұптарды ң 
санын анықтау
2010 жылы АҚШ-та өткізілген санаққа негізделген ресми мәлімет- 
терге  сәйкес  Америка  Құрама  Штаттарындағы  бір  жынысты  жұп- 
тардың саны  646  000  (O’Connell &  Felix,  2011).  Бірақ АҚШ-тың  бірер 
штатында  ғана  бір  жынысты  жұптарға  неке  құруға  рұқсат  етеді, 
сондықтан мұндай жұптардың нақты санын анықтау мүмкін емес. 
Санақ бюросы мұны қалай анықтады және ол сандарға сенуге бола 
ма?
Д е р е к т е р д і  т ү с і н д і р у :
  бір  жынысты  жүптардың  санын  анықтау 
үшін Санақ бюросы сауалнамасында барлық америкалық азаматқа 
мынадай үш сұрақ қойылды:
1.  «Үйіңізде басшы кім?»
2.  «Отбасының әрбір  мүшесімен және  үйдің  басшысымен  қандай 
қарым-қатынастасыз?»
3.  «Үйіңіздегі адамдардың жынысы қандай?»
2-сұрақтың жауабында үй қожалыгының басшысы және  басқа  бір 
мүшесі  «үйленбеген  серіктестер»  немесе  «некедегі  серіктестер» 
деп белгіленіп, 3-сұрақтың жауабында екеуі бір жынысты деп бел- 
гіленгенде, Санақ бюросы оларды бір жынысты жұп деп анықтады.
Д е р е к т е р д і  с ы н а у :
 гейлер мен лесбияндардың ңоғамда абыройсыз 
болуын ескере  отырып,  кейбір  респонденттер  Санақ  сұрақтарына 
жауап беруге қаймықты.  Қалай болғанда да, гей және лесбияндық 
жұптардың нақты саны -  Санақ бойынша  анықталғаннан көп  бо- 
луы  мүмкін.  Бұл  белгісіздікті  айқындау  үшін  Санақ  бюросы  гей­
лер қоғамдастығына хабарландыру жолдап, құпиялықты сақтауға 
уәде еткен.
Кез  келген  сауалнамаларға  қатысатын  респонденттер  әдетте  үзақ 
тізімдерден  шаршайды.  Олар  тізімдегі  дайын  нұсқалар  арасынан 
таңдау  мүмкіндігін  қалайды.  Сонымен,  «Үйленбеген  серіктес»  па- 
рақшасындағы  тізімде  он үш  нұсқау  берілді:  «күйеу /  әйел»,  «бөл- 
мелес»,  «қызы»  және тағы  басқасы.  Бұл толық  бага  беру үшін жет- 
кіліксіз болуы да мүмкін.

Соңында біреуі «үй қожалығының басшысы» болғанда ғана санақта 
бір жынысты жұп деп  есептелді.  Басқаша  айтқанда,  бір жынысты 
жұп м үшесінің біреуі үйдің иесі болса немесе тұратын үйлерін жал- 
дау жөніндегі құжатқа қол қойса ғана оларды жұп деп санаған.
SOURCE: (O'Connd & Feliz Q011).


278
9 -ТА РА У
9.2-СЫЗБА. Гей және лесбияндық 
қатынастар мен некеге қолдау корсету.
Деректер негіздеген екі сұрақ: «Өзара 
келіскен ересектердіңарасында гей 
немесе лесбияндық қатынастар болуы 
заңды деп танылуы тиіс пе?» және «Бір 
жынысты жұптардың арасында неке 
қуру дәстүрлі неке сияқты заңды деп 
танылуы, заңмен бекітілуі тиіс пе?»
SOURCE Jones (201D: Newport ООП)
дегендері -   19  пайыздан  44  пайызға  дейін  (Jones 2011).  Сонымен  қа- 
тар  53  пайызы  олардың  арасындағы  некені  мақұлдаған,  бұл  1996 
жылғыдан  екі  есе  көп  (Newport,  2011).  (Бұл  тақырып  11-тарауда 
талқыланады).  Гейлердің  құқықтарын  жастар,  қала  тұрғындары, 
дінді аса  ұстанбайтын, білімі  бар немесе тым ымырашыл  адамдар 
көп  қолдайды.  Сондай-ақ  олардың  арасында  гейлер  табиғатынан 
сондай болып туған деп ойлайтындар да жиі кездеседі.
ГЕЙ ЖӘНЕ ЛЕСБИЯН ҚОЗҒАЛЫСЫ. Гомосексуализмнің өршуі - гейлер 
мен  лесбияндық  құқық  қозғалысының  пайда  болу  кезеңімен  ті- 
келей  байланысты.  Америкадағы  гейлер  және  лесбияндық  құқық 
қозғалысы  1960  жылдың  соңында  және  1970  жылдардың  басында 
қарқынды  дами  бастады.  Сол  кездері  азаматтық  құқық  пен  феми- 
нистік  қозғалыстарға  қатысып  жүрген  гейлер  мен  лесбияндар  өз- 
деріне дәстүрлі некедегі жұптарға тән қүқықтар  берілуі тиіс деген 
мәселені көтере бастады (Clendinen & Nagourney, 2001;  Marcus, 2002).
Гей  құқықтары  үшін  басталган  қозғалыстың  негізгі  кезеңі  1969 
жылы 27 маусымда болған «Стоуньюлл» тәртіпсіздіктерімен тұспа-түс 
келді. Бірнеше жыл бұрын сол күні Нью-Йорк қаласының полиция қыз- 
меткерлері гей-барлар арасында рейд жүргізген. Бірақ бір нәрсе өзгеше 
боп шықты:  бұл жолы бар иелері қарсылық көрсетті.  Полиция оларды 
қаталдықпен тойтарды, бірақ тәртіпсіздік одан әрі жалғасты. Ал келесі 
бірнеше күн ішінде екі мыңға жуық адам гейлер мен лесбиян топтары- 
на  қосылды.  Көтеріліс  әбден  басылғанша  гейлердің  құқықтарын  қор- 
ғайтын қозғалыс қазіргі қалпына келіп алды.
Қозғалыс  тарихында  СПИД  эпидемиясының  әсері  ерекше  бол- 
ды.  1981  жылы  СПИД  ауруы  алғаш  рет  анықталған  кезде  оны  көп- 
шілігі «гей обасы» деп атады, бұрмалау мен дискриминация күшей- 
ді.  Гейлер  бұл  ауруға  ш алдыққандықтан,  өздерінің дәстүрден  тыс 
жыныстық  көзқарасын  ашық  мойындауға  мәжбүр  болған  немесе 
СПИД-тен  қайтыс  болған  адамдар  гейлер  деп  анықталған.  Осын- 
дай оқиғалар арқылы гетеросексуалдар олардың қаншама достары, 
туыстары,  әріптестері,  көршілері  және  сүйікті  кино  жұлдыздары 
(мысалы, Рок Хадсон) гей болғанын білді.
Гей  және  лесбияндық  құқық  қозғалысы  алға  басты.  Америка- 
лық психологиялық  қауымдастық гомосексуалдылықты  адамның 
ауруы  деп  есептемейді;  кем  дегенде  21  штат  пен  Колумбия  окру- 
гы  сексуалдық  бағыт  негізіндегі  дискриминацияға  тыйым  салды 
(National  Gay  &  Lesbian  Task  Force,  2009),  жария  гомосексуалистер 
мемлекеттік лауазымға, оныц ішінде АҚШ сенатына сайланды.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау