Бағдарламасы «Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»



жүктеу 0,81 Mb.
бет1/5
Дата15.05.2018
өлшемі0,81 Mb.
#13904
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5

6М050802– «Мал өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының



БАҒДАРЛАМАСЫ

«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»

Эволюция ілімінің қалыптасуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі, оның маңызы. Эволюцияның негізгі қозғаушы күштері. Дарвинизм мен генетика синтезі. Мал түліктерінің шығу тегі мен эволюциясы. Оларды зертеудің маңызы, міндеттері мен тәсілдері. "Үй жануарлары", "мал'', ''асыранды мал", ұғымдары. Жабайы (тағы) жануарларды қолға үйрету, оның басталған кезеңдері мен мекендері. Малдың арғы тегі мен туыстары. Қолға үйрету барысында малда пайда болған өзгерістер. Жабайы жануарлардың жаңа түрлерін қолға үйрету, мұның келешегі, оларды жаңа мал тұқымдарын шығару үшін пайдалану.

Мал шаруашылығының қоғам дамуындағы маңызы. Мал шаруашылығының өндіргіш күштер дамуымен байланысы және оның даму кезеңдері. Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын өркендетудің ерекшеліктері.

Малдың өсіп-жетілуі (Онтогенез)

Онтогенез, оның мәні мен маңызы. Онтогенез туралы ілімнің тарихы. Өсу және даму туралы түсінік, олардың өзара байланысы. Жануарлардың өсіп-жетілуін зерттеу әдістері. Абсолюттік және салыстырмалы өсу көрсеткіштері және оларды анықтау жолдары.

Жануарлардың өсіп-жетілуі /даму/ заңдылықтары. Онтогенездің генетикалық негіздері. Өсу, жетілу қарқынының айнымалылығы /әркелкілігі/, кезенділігі, ырғақтылығы. Өсіп жетілуге әсер етуші жағдайлар. Даму тежелуінің заңдылықтары жөнінде Н.П.Чирвинский мен А.А. Малигонов қағидасы /инфантилизм, эмбрионализм, неотения/. Дамудағы кешеуілдеуді қуып жету. Мал денесінің жасына қарай өзгеруі, бұған әсер ететін факторлар /жағдайлар/. Тезжетілгіштік және оның селекциялық маңызы. Малдың жыныстық және шаруашылық тұрғыдан жетілуі. Малдың тіршілік ету мерзімі, шаруашылықта пайдалану мерзімінің ұзақтығы, оның селекциялық маңызы. Малдың ұзақ өмір сүру мәселесі. Ұзақ өмір сүруші малды пайдаланудың селекциялық тиімділігі.

Онтогенезді басқару. Онтогенез заңдылықтарын пайдалану. Малдың құрсақта дамуы, оны басқару әдістері. Малды бағыттап өсіру, Құрсақтан кейінгі даму кезеңінде төлді бағыттап өсіру тәсілдері. Мал онтогенезінде бағытталған өзгерістер тудырудың алғышарттары. Негізгі селекциялық белгілердің онтогенездің әр түрлі кезеңдерде қалыптасуы, жетілуі.



Мал селекциясының негізгі әдістері

Мал сұрыптау. Мал селекциясының теориялық негіздері. Сұрыптаудың мәні мен генетикалық алғышарттары. Сұрыптау ілімінің дамуы. Сыртқы орта әсерлерінің селекция жұмыстары үшін маңызы. Селекциялық белгілердің тұқымқуалаушылығы мен өзгергіштігінің биологиялық негіздері. Әр түлікті сандық және сапалық белгілер бойынша селекциялаудың ерекшеліктері. Шекті селекциялық белгілер бойынша мал сұрыптау. Малды экстремальды жағдайларға бейімділігі мен ауруларға беріктілігі бойынша селекциялау. Сұрыпталатын малға қойылатын талаптар. Сұрыптау белгілері мен көрсеткіштері. Сұрыптау түрлері. Сұрыптау барысында әсер ететін жағдайлар. Мал саны. Аса жоғары өнім беретін мал (мол өнімді мал). Өсімталдық. Мал азықтандыру және, оны бағып күту. Малды арнайы сынақтан өткізу. Малдың сұрыпталатын жасы, ұрпақ алмасу жылдамдағы. Сұрыптау кезеңдері /сұрыптау бағыты, ұнамды селекциялық тип, малды фенотипі мен генотипіне қарай бағалау, оларды топтастыру және пайдалану тәртібін белгілеу/. Малды бағалау мен сұрыптау кешенділігі, оның қайталанып отыруы және кезектілігі.

Малды дене бітімі, сыртқы пішіні және ішкі құрылысы бойынша бағалау және сұрыптау. Малдың дене бітімі /конституциясы/, сыртқы пішіні /экстерьер/, ішкі құрылысы /интерьер/ туралы түсінік және олардың тарихы. Дене бітімі түрлерінің шаруашылықта пайдалы белгілермен, мал денсаулығымен және темпераментімен байланысы. Дене бітімі және тұқым қуалаушылық. Дене бітімінің қалыптасуына әсер етуші жағдайлар. Дене бітімін зерттеу әдістері. Малдың дене бітімінің ерекшеліктерін селекция үшін пайдалану.

Сыртқы пішіннің /экстерьердің/ маңызы. Сыртқы пішінді зерттеу, бағалау әдістері. Дене мүшелері. Көзбен қарап сипаттау, ұпай беру арқылы бағалау. Дене өлшемдері. Тұлға индекстері. Экстерьердің графикалық кескіні. Малды суретке түсіру. Малдың сырт пішініне қарап бағалау арқылы шешілетін зоотехникалық және селекциялық мәселелер. Малдың қоңдылығы /кондициясы/. Малдың жасы мен қоңдылығын анықтау жолдары.

Малдың ішкі құрылысы және оның зоотехниядағы маңызы. Желін, тері, ет талшықтары, сүйек өрімі, олардың құрылысы және малдың физиологиялық / дене қызуы, тамыр соғуы, тыныс алуы/, гематологиялық /қан құрамы/ және биохимиялық ерешеліктері. Қан топтары мен ақзаттың алуан түрлілігі /полиморфизм/. Оларды селекцияда пайдалану. Мал өніміділігін, тұқымдық құндылығын және ата-енелік жұптардың үйлесімділігін болжау үшін интерьерлік көрсеткіштерді пайдалану мәселелері.

Цитогенетика және оның селекция үшін маңызы.Малды өніміне қарай бағалау және сұрыптау. Мал өнімі мен мал өнімділігі туралы түсінік. Малдан мол өнім алу- қазіргі заманның басты мәселесі.

Мал өнімділігіне әсер ететін жағдайлар /факторлар/. Тұқым қуалаушылықтың, тіршілік жағдайларының, генотип пен сыртқы орта өзара әсерлерінің селекциялық маңызы. Мал өнімділігі-негізгі селекциялық белгі. Мал өнімділігінің мал денсаулығына, оның өрбу қабілетіне, буаздығының ұзақтығына, аналық қасиеттеріне дене көлеміне, жетілгіштігіне, ұзақ өмір сүруіне және өндіріс технологиясына /жарамдылығына/ байланыстылығы.

Малды өнімділігіне қарай бағалау принциптері мен әдістері. Тандемдік, тәуелсіз сандар селекциясы мен селекциялық индекстер бойынша сұрыптау әдістері. Мал түліктерін негізгі өнімдік белгілеріне /сүттілігі, жүнділігі, жұмыс өнімділігі және т.б./ қарай бағалау. Өнімнің саны мен сапасы, оған жұмсаған азық шығыны, экономикалық көрсеткіштері және олардың мал тұқымын асылдандырудағы маңызы. Малды өніп-өсу және жетілгіштігі бойынша селекциялау. Мал асылдандыру жұмысының мал шаруашылығын қарқындата өркендетудегі, мал өнімділігін арттырудағы ролі. Әртүрлі мал түліктері өнімділік көрсеткіштерінің тұқым қуалауы.



Малды ата-тегіне қарай бағалау және сұрыптау. Малды ата-тегіне қарай бағалаудың мал селекциясындағы немесе мал тұқымын асылдандырудағы маңызы. Мал тегіне байланысты атаулардың анықтамасы. Малды ата-тегіне қарай бағалау тарихы. Мал шежіресінің маңызды түрлері оларды жасау және селекцияда қолдану тәртібі. Малды шежіресі бойынша және жанама туыстарына /сибстері мен жартылай сибстеріне/ қарай бағалау. Малдың шыққан тегін дәлелдеу үшін иммуногенетикалық көрсеткіштерді пайдалану. Малдың тұқымдық құндылығын оның шежіресі мен жанама туыстарының өнімділігіне қарай анықтаудың жаңа әдістері және оларды алдын-ала болжау мүмкіндігінің нарық жағдайында мал шаруашылығындағы маңызы.

Малды ұрпағының сапасына қарай бағалау және сұрыптау. Ұғымдардың анықтамасы. Мәселенің тарихы. Малды ұрпағының сапасына қарай бағалаудың маңызы, оның сұрыптаудың басқа әдістерімен байланысы.

Аталық малды ұрпағының сапасына қарай бағалау нәтижесіне әсер етуші жағдайлар: аналық мал сапасы, ұрпақтың жасы, саны, оны бағып күту, азықтандыру.

Аталық малды /бұқалар, қабандар, айғырлар/ ұрпағының сапасына қарай сынауды ұйымдастыру. Элеверлер, аталықты сынау орындары, болашақ аталықты бағып-өсіру, қолдан семірту орындары. Сынауға қойылатын аталықтарды алдын ала сұрыптау және олардың жасының маңызы.

Аталықтарды ұрпағына қарай сынау үшін қосаллельды және көпаллельды жұптастыруды пайдалану.

Аналық малды ұрпағының сапасына қарай бағалау және сынау. Малдың генотипін ертерек және өте дәл бағалау мәселелері және оның нарық жағдайындағы экономикалық маңызы.

Сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыру. Зоотехникалық есеп жүргізу және мал таңбалау. Бонитировка жасау /баға беру/ және бонитировкалық кластар тағайындау принциптері. Мал тұқымының стандарты және оны бонитировкада пайдалану. Мал түліктеріне бонитировка жасау ерекшеліктері. Бонитировка нәтижелері бойынша қолданылатын шаралар. Малды шаруашылыққа жарамдылығы мен тұқымдық сапасына қарай топтастыру. Табынға генеологиялық /туыстығы/ тұрғыдан талдау жасау. Келешекте маңызы үлкен туыстас топтарды, аталық іздерді, аналық ұяларды белгілеу. Асыл тұқымды арнайы шаруашылықта мал топтастыру.

Селекциялық және тұқымдық мал топтары, олардың маңызы. Әртүрлі малшаруашылығы салаларында табын толықтыру жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері.



Жұп тандау. Ұғымдардың анықтамасы. Жұп таңдаудың генетикалық алғышарттары. Жұп таңдаудың селекция тиімділігіне әсері. Сұрыптау мен жұп таңдаудың арақатынасы. Жұп таңдаудың негізгі принциптері: мақсаттылық, аталықтың аналықтан басым болуы, үйлесімділік, туыстас малды өзара кездейсоқ, жүйесіз шағылыстыруға жол бермеу, қажет болғанда тиімділікпен пайдалану, жұп таңдаудың бірнеше ұрпақтарға сабақтастығы. Жұп таңдау түрлерін жіктеу. Гомогендік /біртекті/ жұп таңдау. Оның мақсаты, міндеттері мен маңызы, ұтымды және кемшілік жақтары.Гетерогендік /әр текті/ жұп таңдаудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Жұп таңдауда біртектілік пен әртектіліктің салыстырмалы шарттылығы.

жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау