Еңбек өтілімі: 7 жыл
Білімі: арнайы орта
Санаты: Бірінші
Павлодар қаласының №122 мектепке дейінгі гимназиясы
Дайындық тобына арналған сабақ
Ағылшын тілі сабағы
Тақырыбы: What is your telephone number?
Түсініктеме
Сабақтың мазмұны: балаларға ағылшын тілінде сандар құрамын анықтауға үйрету. Ағылшын сабағында қарапайым қатынас сөздерін меңгертіп, ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету, балалардың өзара ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттерін қалыптастыру.Бағдарламадағы тілдік материал коммуникативтік бағдар принципі және баланың жасына қарай оқыту мен тәрбиелеу және өмір тәжірбиесінен алынған:
Балалардың сөйлеу тіл біліктілігі мен дағдысын дамыту ( дыбыстау, диалог, монолог)
Көзбен көріп есте сақтау, есту, моторикалық қабілеттерін дамытуға арналған көрнекіліктерді кеңінен қолдану
Тіл бірлігі, сөйлеу бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру
Қарапайым фонетикалық, лексикалық білім беріп, алған түсініктерін есте сақтауға дағдыландыру
Оқытуды түрлі мазмұнда, түрлі формаларды жүргізу: -жеке-дара
-екі-екіден
-топтық
-ұжымдық
Ағылшын тіліндегі спецификалық дыбыстардың дыбысталу ерекшілігін игерту
Ағылшын тіліне үйренуге қызығушылығын, өз еліне, жеріне сүйіспеншілігін арттыру. Туған туысқа үлкендерге сыйластыққа тәрбиелеу.
Оқу үрдісінде балалар тілін қарым-қатынас құралы ретінде түсініп ауызша сөйлеу формасын игерулері тиіс. Яғни ағылшын тілінде естігенін дұрыс дыбыстап өз ойын толық жеткізе білуі керек.
Мақсатқа жету барысында сабақтың құрамын мына бөлімдерге бөлдім:
Дыбыстық гимнастика жаттығу
Уақыт бірліктерін анықтауға арналған диалог
Диалог ойын «Телефон»
Сөздік жұмыс
Байланыстыра сөйлеу: Сандар не үшін қажет?
Сандардың құрамын анықтап, ретін білу үшін диалог, ойындарды қолдандым. Ойлау қабілеттерін дамыту жолында кейіпкер «Сағатты», «телефонды» қолдандым.Баланың өзіндік әрекетін ұйымдастыру арқылы сөздік қоры дамиды.
Сабақтың түрі: жалпылау
Тақырыбы: What is your telephone number?
Мақсаты: Балалардың тілдерін, ой әрекеттерін дамыту. Ағылшын тілінде диалог түрінде сөйлеуге үйрету. 1-10-ға дейін сандарды бекіту. Өзара тығыз қарым-қатынас нығайтып, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Көрнекілік, монолог, диалог, сөздік жұмыс.
Көрнекілік құралдары: 2 телефон аппараты, сандар, сағатың суреті.
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі.
Hello children!
Hello teacher!
Good morning, Good morning,
Good morning, to you
Good morning, Good morning,
I am glad to see you!
Дыбыстық гимнастик
1-10-ға дейін тура және кері санау.
3-three 8-eight
ІІ Негізгі бөлім.
Өткен тақырыпты қайталау.
Сабаққа кейіпкер «сағат» келеді.
Hello! Hello! Hello!
Балалар сендер мені таныдындар ма?
Өте жақсы балалар! Уақытты сағатпен көрсете аласындар ма?ал ағылшынша сағаттын уақытын атай аласындар ма?
-қазір мен сағаттың тілін жылжытамын,ал сендер ағылшынша атап беріңдер.
-What’s the time?
-The time is two o clocks.
-What’s the time?
-The time is ten o clocks.
-What’s the time?
-The time is six o clocks.
Сипаттау
-Балалар қарандаршы біздің сағатымыз қандай әдемі, үлкен. Ал кім бізге сағат туралы айтып береді?
-This is clock. Big clock. Clock yellow and red.
-Уф, балалар мен шаршап қалдым! Ал менімен бірге демаласындар ма?
Сергіту сәті.
«I can do……»
«Сағат» балалармен қоштасады. -Bye-bye!
-Міне, балалар біз өткен сабақтағы тақырыпты қайталадық.
Осы кезде телефонның шырылдаған үні естіледі.Мұғалім тұтқаны алып, жауап береді.
-Иә, тыңдап тұрмын.
-Сіздің телефон нөміріңіз жаңартылды. 501701 осы телефон нөмірін есте сақтаңыз.Сау болыңыз!
-Рахмет. Сау болыңыз!
-Балалар сандар тек сағатта ғана болмайды, телефон да сандар арқылы жұмыс істейді.
-Балалар телефон не үшін керек?
-Телефон түрлерін атап беріңдер.
-Біздің үй телефонымыз неше саннан тұрады?
-Ал ұялы телефон ше?
-Телефон екі адамға байланысу үшін керек.
-Біз бір-бірімізбен сөйлесе аламыз бірақ бір-бірімізді көрмейміз.
-Балалар менің үй телефон нөмірім жаңартылды.
-My telephone number is 501701.
Бұл сандар тақтаға қойылады.
-Ал енді сендер маған өз телефон нөмірлерінді жазып беріңдер.
Балалар бір-бірден шығып өз телефон нөмірлерін жазады, ағылшынша атап береді.
What is your telephone number?сұрақты енгізу.
-сенің телефон нөмірі қандай? Осы сұрақты ағылшын тілінде айтып үйренейік.
Балалар осы сұрақты хормен және жеке-жеке қайталайды.
Сөздік жұмыс.
telephone -телефон
number-нөмір
Осы сабақты 2 жаңа сөзбен таныстық. Балалар осы сөздер хормен және жеке-жеке қайталайды.
Ойын «Телефон»
Шарты: 2 бала ортаға келіп, телефон арқылы байланысқа шығады.
Ағылшынша телефон нөмірмелерін сұрайды, өз телефон нөмірлерін атап береді. Диалог құрастырады.
-Hello!
-Hello!
-Who are you?
-I am Daulet. And who are you?
-I am Dinara.
-How are you Dinara?
-I am fine, thank you! And how are you?
-I am OK!
-Good bye!
-Bye-bye!
ІІІ Қорытынды.
-Осымен балалар сандар не үшін қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |