І. Өқу тәжірибесінен өту бағдарламасы
Тәжірибенің жалпы мақсаты мен міндеттері
Оқу тәжірибесі студенттерді өндірістік еңбекке дайындаудың алғашқы буыны болып табылады. Оқу тәжірибесі ережеге сай, 1 – 2 курстарға жоспарланады және университеттің оқу зертханалары мен базалық шаруашылықтарында, сондай – ақ ұйымдар мен мекемелерде топпен өткізіледі.
Оқу тәжірибесінің мақсаты экономикалық білім алу және бекіту, кәсіпорынның өндірістік қызметімен танысу және оқып білу және кәсіби дағдыларды үйрену.
Оқу тәжірибесінің міндеттері:
шаруашылық жүргізу объектісі ретінде кәсіпорынның мәнімен, оның экономика жүйесіндегі орнымен және ролімен танысу;
кәсіпорынның ресурстық базасын және оны пайдалану тиімділігін қарастыру;
кәсіпорын қызмет етуінің шаруашылық механизмін және оның қызметінің қаржылық нәтижелерін оқып білу;
аймақ экономикасының негізгі салаларымен танысу.
Достарыңызбен бөлісу: |