Бағдарламасы 1 Тәжірибенің жалпы мақсаты мен міндеттері


Есептің қорытынды бөлімінде



жүктеу 263 Kb.
бет14/23
Дата04.01.2022
өлшемі263 Kb.
#36012
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Әдістемелік нұсқау Экономика каз касиби прак (1)

Есептің қорытынды бөлімінде студент негізгі қорытындыларды қысқартылған формада жинақтау, кәсіпорын жұмысын жақсарту бойынша нақты ұсыныстары беруі қажет.

Студенттің тәжірибеден өткендігін растайтын барлық құжаттар ұқыпты рәсімделіп және бөлек папкіге жинақталуы тиіс.

Есеп жақсы рәсімделген және кестелермен, диаграммалармен, сызбалармен, фотолармен және өзге де материалдармен көрнекіленген болуы тиіс.

Студент есепке келесілерді тіркеуі қажет:


  • тәжірибе жетекшіснің қолы қойылған және кәсіпорын мөрімен шандырылған күнтізбелік жоспар;

  • тәжірибе жетекшіснің қолы және кәсіпорын мөрімен шандырылған тәжірибеден өту күнделігі;

  • тәжірибе жетекшіснің қолы қойылған және кәсіпорын мөрімен шандырылған студент – практиканттың өндірістік және қоғамдық жұмысы жөніндегі мінездемесі;

  • фотохронометражды байқау, әлеуметтік сұраулардың сауалнамалары және кафедраның (факультеттің, университеттің) жеке тапсырмасына сәйкес өзге де материалдар.

Мінездеме және өзге де құжаттар тігілген өндірістік тәжірибе жөніндегі есепті студент университетке қайтып оралғаннан кейін бір аптаның ішінде «Экономика және болжамдау» кафедрасына ұсынады. Өндірістік тәжірибе аяқталғаннан кейін 2 аптаның ішінде студент сәйкес баға алуы үшін есепті қорғайды.

Өндірістік тәжірибе жөніндегі есептерді қорғау үшін кафедрада құрамы 2-3 адамнан тұратын комиссия құрылады немесе өндірістік тәжірибеден өту қорытындысы бойынша конференция оздырылады. Комиссия құрамына өзге кафедралардың өкілдері кірістірілуі мүмкін.

Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі жұмысын бағалау кезінде комиссия келесілерді назарға алады:


  • кәсіпорыннан (ұйымнан, мекемеден) тағайындалған тәжірибе жетекшісінің мінездемесі;

  • тәжірибе кезеңіндегі студенттің қызметі (бағдарламаның толық орындалуының деңгейі, өндірісті, жоспарлауды, болжамдауды ұйымдастыру, шаруашылық қызметті талдау бойынша негізгі кәсіби дағдыларды меңгеру);

  • есептің рәсімделуінің мазмұны мен сапасы, күнделіктегі жазбалардың толықтығы;

  • баяндаманың сапасы және есепті қорғау кезіндегі студенттің сұрақтарға жауап беруі.

Қорғау процесінде тәжірибеден өтудің сапалық деңгейі, кәсіпорынды шұғыл қаржылық басқару және қаржылық жоспарлау сұрақтарын кәсіби меңгеру, кәсіпорынның қаржылық жұмыстарын ұйымдастыруда тәжірибеден өтушінің кемшіліктерді байқауы және оны жақсарту бойынша айтылған ұсыныстар анықталады. Сонымен қатар дайындалған есептің рәсімделу сапасы, Бағдарламада және рәсімдеуде көрсетілген сұрақтарды ашып көрсету маңыздылығы ескеріледі.

Өндірістік тәжірибенің бағдарламасын орындамаған, жұмыс жөнінде теріз пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер оқудан бос уақытында қайтадан тәжірибеден өтуге жіберіледі немесе жоғары оқу орнынан шығарылады.

Тәжірибе жетекшісі студент қорғағаннан кейін тәжірибе материалдарын қорғау хаттамасымен бірге кафедраға тапсырады.


жүктеу 263 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау