Бағдарламалу технологиясы


C# ТІЛІНЕ КІРІСПЕ 1.1 Алгоритм туралы түсінік



жүктеу 1,63 Mb.
бет4/73
Дата03.02.2022
өлшемі1,63 Mb.
#35497
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Ба?дарламалу технологиясы

1 C# ТІЛІНЕ КІРІСПЕ




1.1 Алгоритм туралы түсінік

Кез келген бағдарламаны жазу үдерісін қарастырсақ, екі негізгі кезеңді бөліп алуға болады – есепті шешу алгоритмін құру және алгоритмді іске асыру кезеңдері.

Есепті шешу алгоритмін құру кезеңін түсіну үшін алгоритм ұғымын анықтап алу керек.

«Қазіргі кездегі алгоритм сөзінің мағынасы рецепт, үдеріс, әдіс, тәсіл, рәсім, бағдарлама сөздерінің мағынасына өте ұқсас, бірақ «алгоритм» сөзінің қосымша сипаты бар. Алгоритм белгілі бір есепті шығаруда операциялардың орындалу ретін анықтайтын ережелер жиыны ғана емес, оның басқа ең негізгі бес қасиеті бар:» [4, 29 бет].

Алгоритм ұғымының ең негізгі бес қасиеті бар, олардың әрқайсысы оның ерекшелігін сипаттап, әрекеттер ретін анықтайтын басқа сөздердің мағынасынан бөледі.

Алгоритмнің негізгі қасиеттері:



  • алгоритмнің аяқталуы;

  • анықтылық;

– тиімділік;

– деректерді енгізу;

– деректерді шығару.

Алгоритм қасиеттерін анықтаған кезде авторлардың көпшілігі бірінші үш қасиеттерімен ғана шектеледі. Осы бөлімде біз алгоритмнің барлық бес қасиеттерін қарастыратын боламыз. еттерімен ғана шектеледі.

Алгоритмнің бірінші қасиеті - алгоритмнің аяқталуы, яғни алгоритм қадамдардың соңғы санында аяқталуы тиіс. Сонымен бірге қадамдар саны өте көп болуы мүмкін, бірақ олар аяқталуы тиіс.

«Алгоритмнің аяқталу қасиетінен басқа алгоритмнің барлық қасиеттеріне ие процедураны есептеуіш әдіс деп атауға болады» [4, 30 бет].

Алгоритмнің екінші қасиеті - анықтылық, яғни алгоритмнің әрбір қадамы нақты анықталуы тиіс. Мысалы, рецепте «Бір салым тұзды қосыңыз» [32 бет, 4], нұсқауы саусақтардың өлшемі мен азық-түліктің көлемін ескермейді.

Алгоритмнің үшінші қасиеті - тиімділік, яғни шешім қолданылатын ресурстардың ең аз шығынын жұмсап, тез және дұрыс орындалуы тиіс. Алгоритмнің тиімділігін бағалайтын көптеген әдістемелері бар, оның өзі -тұтас бір ғылым, бірақ, әзірше тек қана анықтамасымен ғана шектелейік.

Деректерді енгізуді ұйымдастыру мен бағдарламаны басқару процесі алгоритмнің қазіргі кездегі ұғымында алгоритмнің жеке қасиеті болып бөлінді. Бұл қасиет көбінесе «Пайдаланушының деректерді енгізу интерфейсін» анықтайды, яғни бағдарламаны пайдалану барысында деректерді енгізу мүмкіндігі.

Алгоритмнің соңғы қасиеті бағдарлама жұмысының нәтижелерін шығаруды анықтайды. Олар технологиялық процестер бойынша суреттер, кесте, график, кейбір цифрлық немесе аналогты мәндер, апаттық жағдайлардың дыбыстық сигналдары болуы мүмкін, т.б..



жүктеу 1,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау