Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы тұрғындар не білуі қажет



жүктеу 67,58 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі67,58 Kb.
#13097

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы тұрғындар не білуі қажет
Қазақстанда неліктен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды таңдады?

Көптеген елдерде сақтандыру медицинасы бар. Мысалы, Германияда ғасырдан астам канцлер Бисмарктың билік жүргізген кезеңінен бар.

Нақты уақытта еуропалық 16 мемлекет, соның ішінде Түркия (1945 жылдан бастап) және Жапония (1961 жылдан) бюджеттік жоспарлаудың орнына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үлгісін қолдануда. Осы мемлекеттерде медицина жоғары деңгейде, тұрғындар өмірінің ұзақтығы – 80-85 жасқа дейін жетеді.

МӘМС денсаулық сақтаудағы мемлекеттің, басшының және азаматтардың жеке мәселесінің сыпайы жауапкершілігімен талданып сапаланады деп санайды сарапшылар.

Сонымен қатар мемлекет міндеттемелерді өз мойнына алады:

А) еліміздің барлық тұрғындарына арналған тегін базалық медициналық қызметтер пакетін ұсынады. Қазақстанда бұл 17 млн.адамға тиісті болады.

Бұл қаптамаға көбіне аурулардың алдын алу және сауықтандыру, сонымен қатар шұғыл және қауырт араласуды талап ететін медициналық көмек түрлері жатқызылады.

Б) Медициналық көмекті алуға рұқсат беру, толықтай қамтамасыз етуге арналған экономикалық белсенді емес МӘМС жарналарын аудару. Қазақстанда бұл санатқа жатқызылатындар 50 пайызды құрайды. Оның ішінде балалар, қарт адамдар, көп балалы аналар және жүкті әйелдер, жұмыс істемейтін мүгедектер және т.б.

Сонымен қатар жұмыс берушілер өз жұмыскерлерінің денсаулығына қамқорлық көрсетеді, себебі денсаулық және өндірістік еңбек қорлары – кез-келген ұйымның табыс көзі. Сондықтан МӘМС қызмет атқарып жатқан барлық елдерде, жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жүйесіне еңбекті төлеу қорының 3 пайыздан 15 пайызға дейіні құрамын жібереді.

Қазақстанның мекемелерінде бүгінде 5,6 млн.адам еңбек етуде, олардың МӘСМ жұмыс берушілер жіберуі қажет.

Бос емес азаматтар, егер де олар белгілі бір мекемелерде немесе өз ісімен айналысушылар болса, өз кірістерінен жіберіп отырады.

Әлемдік тәжірибеде, егер азамат, жалдамалы жұмыскер болса, оның салымдары еңбек ақысының 1 пайызынан 8,2 пайызына дейін, ал егер жеке кәсіпкер болған жағдайда – оның көрсеткен кірісінің (ең төменгі еңбекақыдан аз емес) – 7 пайыздан 15,5 пайызға дейін.

Жоғарыда көрсетілген барлық салымшылардан осы елдерге құралдарды толықтай игеруге қамтамасыз ету, ұсынылатын медициналық көмектің және оның сапасын кеңейту, сонымен қатар – олардың алдында денсаулық сақтау жүйесінің есеп беруін қадағалау.

Осы және басқа да жағдайлар, медициналық сақтандырудың сапасымен қамтамасыз етті және Қазақстанның оны таңдауының негізі болды.

МӘМС Қазақстан Республикасында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі және Қазақстанның жынысына, жасына, әлеуметтік статусына, тұрғылықты мекен жайына және кірісіне қарамастан барлық сақтандырылған азаматтарға медициналық және дәрілік көмекке бірдей жол ашады.
ІІ. МӘМС Сізге не береді?


  1. Қолжетімді емделу

Сіздің таңдауыңыз бойынша мемлекеттік немесе ақылы клиникаларға медициналық көмекке жүгіне аласыз. МӘМС қалтасы көлемінде сізге дәрігердің қабылдауынан бастап тереңдетілген тексерістер мен қымбат оталар жасатуға жол ашылады. Олардың шығындары Қормен төленетін болады.

  1. Сапалы медициналық көмек

Сізге жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге әрбір клиника қызығушылық танытады. Себебі енді ауруханалар және емханалар сапалы қызметтері үшін МӘМС қалтасына енгізілген қордан қаражат алып отырады. Ол толық зерттеу, сапалы емдеу, уақытылы оңалту, мейірбикелік күтім.

  1. Тегін және қолжетімді дәрі-дәрмек.

Мемлекетпен бекітілген науқастану түрлері бойынша тегін дәрілік заттарды алуға құқығыңыз бар.

Бұл дәрі-дәрмектерді еліміздің барлық дәріханаларынан алуға болады. Қор дәрілердің төлемін өзі төлейді.



  1. Сіздің құқығыңыз және қызығушылықтарыңызды қорғайды.

Егер сіз емдеуден бас тарту немесе сапасыз қызметтерге душар болсаңыз Қорға барып шағымдануыңызға болады, ол Сіздің және сіздің қызығушылығыңызды қорғайды.

  1. Өз денсаулығыңыз жайлы толық ақпарат

Денсаулық сақтаудың жаңа электрондық жүйесі енгізіледі, онда сіздің жеке кабинетіңіз болады. Онда сіздің емханаларға барғандығыңыз, стационарда емделгеніңіз, зерттеулер және анализдер қорытындысы, дәрігерлер қорытындысы және олардың ұсынымдары.

ІІІ. МӘМС шарттарымен қандай медициналық қызметтер түрі көрсетіледі?

Медициналық қызметтердің екі қалтасы болады.

Бірінші – еліміздің барлық азаматтарына арналған мемлекет ұсынатын минималды базалық қалта. Оған мыналар енеді:



  • Шұғыл көмек және санитарлы авиация;

  • Әлеуметтік-маңызды ауруларда және шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек;

  • Алдын-алу екпелері;

  • Амбулаторлы-дәрілік қамтамасыз етумен мбулаторлы-емханалық көмек (2020 жылға дейін)

Екінші медициналық қызметтер қалтасы, МӘМС шарттарымен ұсынылатын, сақтандырылған азаматтарға арналған және өз ішіне мыналарды енгізеді.

  • Амбулаторлы-емхналық көмек:

Емханалардағы ем;

Дәрігерлердің қабылдауы;

Зертханалық қызметтер;

Зерттеу және амалдар;



  • Стационарлық көмек – жоспарлы түрде ауруханалардағы емдеу;

  • Жоғарытехнологиялық медициналық қызметтер – медициналық қызмет, қиын және ерекше медициналық технологияларды қолдана отырып көрсетілетін медицина;

  • Дәрілік қамтамасыз етілу – амбулаторлы-емханалық көмек көрсеткен жағдайда;

ІҮ. МӘМС қатысушы қалай болады?

Егер Сіз немесе Сіздің жұмыс беруші әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына салымдар аударып отырсаңыздар, онда осы бағдарламаның қатысушысы болып табыласыз.

Сонымен қатар МӘМС қатысушылары бола алмайтын азаматтар: белгілі бір жағдайларға байланысты еңбек жұмысымен айнылыса алмайтындар. Олар үшін салымдарды мемлекет жүргізеді.
Ү. Сіздің салымдарыңыздың көлемі қандай болуы керек?

Егер сіз жұмыскер болсаңыз,

Сіз үшін жұмыс беруші 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін 2-5 пайыз көлемінде салып отырады.

Ал сіз жұмыскер ретінде 2019 жылдан бастап айлық еңбек ақыңыздың 1 пайызын, ал 2020 жылдан бастап – 2 пайызын салып отырасыз.


Мысалы, еңбек шартына сәйкес белгіленген және төлемақы жүргізілетін еңбек ақыңыз 50000 теңге, онда жұмыс беруші сіз үшін 2017 жылдан бастап айына 900 теңге төлеуі керек, ал Өздері 2019 жылдан бастап айына 450 теңге көлеміндесалу қажет.

Жұмыскердің салымдары жеке кіріс салығының есебінен алынып тасталады.


Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз,

2017 жылдан бастап өз табысыңыздан әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына 2 пайызын аударуыңыз қажет. 2018 жылдан бастап – 3 пайыз, 2019 жылдан бастап -5 пай ыз, 2020 жылдан бастап – 7пайыз.

Мысалы, жеке кәсіпкер ретіндегі сіздің айлық табысыңыз 100 000 теңге. Қорға салынатын салым 2000 теңге.

Төмендегі тізім санаттарының біреуіне жататын болсаңыз:

2017 жылдан бастап Сіз үшін мемлекет соңғы екі жылғы үнемдеу бойынша ортаншы еңбек ақының 4 пайызын төлейді.

2018 ж.-5 пайыз, 2023 -6 пайыз, 2024 -7 пайыз



  • балалар;

  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілері бар және бұрынырақ «Батыр ана» атағын алғандар, сонымен қатар І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар;

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

  • Мүгедектер;

  • Жұмыссыз деп тіркелген тұлғалар

  • Интернатты ұйымдарда оқитын және тәрбиеленетін тұлғалар;

  • Техникалық және кәсіби, арнайы ортадан кейін, жоғары білім, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу резидентурасы ұйымдарында күндізгі бөлімде бойынша оқитын тұлғалар;

  • Бала туу, сәби асырап алу, 3 жасқа толғанша бала күту бойынша демалыстағы тұлғаларға;

  • Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сонымен қатар 3 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған жұммыссыз тұлғалар;

  • Зейнеткерлер;

  • қылмыстық-атқару жүйесі орындарында сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген тұлғалар;

Әскерілер, арнайы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдарының және салымдардан босатылған, бірақ медициналық көмекке жүгінуге құқығы барлар;

Егер сіз жұмыс атқармайтын болсаңыз,

Жергілікті жұмыспен қамту орталықтарына барып жұмыс нұсқаларымен танысуыңыз қажет. Егер қажетті жұмыс болмаған жағдайда, Сізді жұмыссыз деп тіркейді. Ондай жағдайда Сіз үшін мемлекет төлейді.

ҮІ. Төлемесе не болады?



Сіз МӘМС қатысушысы бола алмайсыз және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық көмекке жүгіну құқығы болмайды. Бірақ, Сіз мемлекеттен берілетін кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне ала аласыз, оларға төмендегілер енеді:

  • Шұғыл көмек және санитарлы авиация;

  • Әлеуметтік-маңызды ауруларда және шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек;

  • Алдын-алу екпелері;

  • Амбулаторлы-дәрілік қамтамасыз етумен мбулаторлы-емханалық көмек (2020 жылға дейін)

Осы санатқа қатысты басқа барлық медициналық қызметтер ақылы түрде көрсетіледі.
МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ!
жүктеу 67,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау