Бағдарламалу технологиясы



жүктеу 1,63 Mb.
бет3/73
Дата03.02.2022
өлшемі1,63 Mb.
#35497
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Ба?дарламалу технологиясы

КІРІСПЕ

Ақпараттық технологиялардың дамуы бағдарламалау тілдерінің жоғары сатыға көтерілуіне тікелей байланысты. Олар, өз кезегінде – ақпараттық технологиялардың дамуында әзірлеушіге жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Осы үдерістер өзара байланысты және бір-бірін толықтырады.

Жылдам қарқынмен ақпараттық технологиялардың дамуы, әсіресе, Интернет технологияларының, бағдарламалау технологиясында түбегейлі өзгерістерге деген қажеттілікті туындатты. Ол визуальді бағдарламалау ортасының орнына келген бағдарламалау платформасының пайда болуында көрініс тапты.

Осы жаңа бағдарламалау технологиясына алғашқы болып жаңа бағдарламаларды құруға және орындауға арналған .NET («дот-нет» деп айтылады) платформасы бар .NET Framework өнімін 2000 ж. құрған Microsoft корпорациясы кірісті.

.NET платформасы бірнеше бағдарламалау тілдеріне арналған Visual Studio.NET әзірлеу ортасын ғана емес, сонымен қатар басқа да түрлі құралдарды өзіне қосады. Олар әр түрлі типтегі компьютерлерге бағдарламаларды көшіру мәселелерін және рұқсат етілмеген әрекеттерді болдырмау, әр түрлі бағдарламалау тілдерінде деректер типтерінің үйлесімділік, яғни қауіпсіздік мәселелерін шешуге көмектеседі, т.б.

.NET платформасының құрылымы нақты бағдарламалау тіліне байланысты емес және ол Visual Studio.NET құру ортасының құрамына кіретін кез келген тілде қосымшаны құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жобаның жеке бөліктері әр түрлі тілдерде жазылып, бір қосымшаға біріктірілуі мүмкін.

.NET платформасы ашық типтегі құрылым болып табылады – түрлі жаңа тілдерді және бағдарламалау орталарын жеңіл қосуға болады. Мұндай мүмкіндіктер бағдарламалау технологияларының эволюциялық даму жолын іске асыруға көмектеседі.

.NET платформасы нақты бір бағдарламалау тіліне байланысты болмаса да, Visual Studio.NET құру ортасының құрамына жаңа бағдарламалау тілі - C# (си-шарп) енгізілді.

C# тілінің құрастырушылар тобын басқаратын жетекші бағдарламашысы – Borland фирмасында бағдарламалау тілдерін құруды ұзақ уақыт басқарған Хейлсберг болып табылады. Бұл жағдай негізі C, C++ тілдері мен Delphi ортасының визуальді компоненттер технологиясы болатын C# тілінің мүмкіндіктеріне өз таңбасын қалдырды.

C# бағдарламалау тілі толық объекті-бағытталған тіл және .NET платформасы ұсынатын мүмкіндіктерді барынша пайдаланады.

Бұл оқулық C# тілі және Visual Studio.NET құру ортасының бағдарламалау технологияларын қарастыратын екі бөлімнен тұрады.


жүктеу 1,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау