Сабақтың тақырыбы: «Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритм қасиеттері.
Алгоритмнің өрнектелу жолдары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алгоритм, атқарушы ұғымы, алгоритмнің қасиеттері, алгоритмнің жазылу түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты
дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды жүйелікке, бірізділікке, ұқыптылыққа, уақытты тиімді пайдалануға
тәрбиелеу.
Сабақтың ережесі:
1.Бір-бірімізді тыңдаймыз
2.Уақытты үнемдейміз
3.Тыныштық сақтаймыз
1. Үй жұмысын тексеру
Тест тапсырмалары
1. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?
А) Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан
Б) Мұхаммед әл-Хорезми атының арабша айтылуынан
В) әл-Фараби атының латынша айтылуынан
2. Алгоритм дегеніміз не?
А) Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар
Б) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысындағы
ретімен орындалатын түсінікті дәл ұйғарым
В) Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып жұмыс жасау
3. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін көрсет
А) алгоритмнің айқындылығы, түсініктілігі, тиістілігі
Б) алгоритмнің үздіктілігі, түсініктілігі, тиістілігі, мақсаттылығы
В) алгоритмнің айқындылығы, үздіктілігі, жалпыға бірдейлігі,
нәтижелігі, формальді орындалуы
Алгоритмнің жазылу түрлерін көрсет
А) табиғи тілде, блок-схема түрінде, программалау тілінде
Б) табиғи тілде, программалау тілінде, Паскаль тілінде, математикалық тілде
В) блок-схема түрінде, графикалық түрде, ағылшын тілінде
Блок-схемада қандай геометриялық фигуралар қолданылмайды?
А) тіктөртбұрыш, ромб
Б) стрелкалар, параллелограм
В) шеңбер, үшбұрыш
Тест жауаптары:
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Алгоритм дегеніміз – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы. Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды алгоритм дейміз.
Шайды демдеу алгоритмі:
Басы
Ыстық сумен шәйнекті шаю
Шәйнекке су құю
3-5 минут күту
Шайды шыныаяққа құю
соңы
Алгоритм жазу жолдары
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды
алдын-ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм
жазудың келесі түрлері қабылданған:
1) табиғи тілдегі жазылуы;
2) белгілі бір түйінді сөздер – терминдер арқылы
қысқаша тізбекті түрде жазу;
3) блок – схема түрінде жазу;
4) программалау тілдеріндегі жазылуы.
Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм
компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда
дәлдік, нақтылық сақталмайды. Алгоритмдерді графиктік
жолмен жазу, кейіннен осы программалау тіліндегі
программаға айналдыру жұмысы мемлекеттік стандартпен
бекітіліп, ақпарат өндеу жұмысында кеңінен қолданылады.
Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады.
Алгоритм сөзі қайдан шыққан?
Әл-Хорезмидің алгоритмге
қандай қатысы бар?
«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі
Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми
( 763-850 ж.ж) есімінің латынша
Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан.
Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар
мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
3. Сабақты қорытуға тапсырмалар
Достарыңызбен бөлісу: |