Жанат тәрізді иттердің өсіп - өну физиологиясы.
Жанат тәрізді иттер 10 – 11айында жыныстық қатынысқа түседі және 4 – 5 жылға дейін жақсы көбейеді. Қаңтар айының екінші жартысынан наурыз айының аяғына дейін шағылысу болады.
Жанат тәрізді иттердің орташа туу мөлшері 8 – 9 күшік. Кейбіреуінде 19 күшікке дейін тууы кездескен. Орта есеппен бір аналыққа шаққанда 5 – 5,2 күшіктен.
Басқа да аңдар сияқты бір жыл ішінде салмағы, тамақтануы өзгереді. Төменде «Заря» аң совхозында салмақтары көрсетілген:
Ай ұрғашы еркек
Маусым 5,4 5,9
Тамыз 6,7 7,2
Қыркүйек 6,9 7,4
Қазан 7,6 8,5
Қараша 8,2 8,6
Желтоқсан 7,6 8,4
Қаңтар 7,0 8,0
Ақпан 6,2 6,3
Жанат тәрізді иттер кү – қыс айында (қараша – желтоқсан) қозғалысы төмендеп, олар қысқы ұйқыға кетеді.
Бақылау бойынша жанат тәрізді иттер ұзақ уақыт бойы іннен шықпай, тамақ ішпей жатады.
Қазіргі кезде көпшілік жерде бұл жанат тәрізді иттерді жыл бойы тамақтандыра береді, қыс айларында аздап азайтады.
Шағылысу мерзімін ұрғашысының көңіл күйіне қарай анықтайды (ұрғашысы еркегінің алдында белгі береді; отырған сияқты болып арқасын көтеріп, құйрығын көтереді). Ақ түлкінің күйлеу уақытын анықтау үшін мысалға алынған түлкінікі сияқты анализ жүргізеді. Шағылысудың оптимальды уақыты эструс -2. Ұрғашылардың органынан мазок алмас бұрын олардың айқасқанын, күнін анықтау қиын. Жанат тәрізді иттердің ұрғашылары активті келеді, сондықтан олар күніне 2рет шағылысады.
Жыныстық қатынас кезінде ұрғасысы арқасымен жатады (созылуы 2 – 3 мин – 15 – 20мин дейін)
Айқасудан шыққан аналық буаз деп есептеледі. Жүктілік мерзімі орташа есеппен 61күн (58 – 63 күн). Бұл кезде күтімге алып, қарау үшін торға отырғызады.
Жүктілік кезінде аналығының көңіл күйі өзгереді, олар көбінесе торда көп қимылдамай отырады, кейде адамдарды көргенде қарсы мінез көрсетеді. Жүктіліктің соңғы кезеңдерінде үйшігін дайындай бастайды. Астына ағаш ұнтағын салады, үстіне шөп салып, ұя жасайды. Күшіктеуге 1 – 2 күн қалғанда тамақ ішуін тоқтатады. Күшіктер кезінде омырауын жүннен тазартады.
Көбінесе күшіктеу мерзімі таңертең ерте болады. Күшігінің даусына қарап жағдайын білуге болады. Жанат тәрізді иттердің күшігін сақтау шаралары да түлкілердікі секілді: оларға аскорбин қышқылы мен глюкоза ертіндісін беріп, тонып қалған жағдайда жылыту керек. Егер күшіктері көп болып анасының сүті жеткіліксіз болса, кейбір күшіктерін басқа сүті жеткілікті аналықтың бауырына салады. Сүтті жанат тәрізді иттер 8 – 9 күшікке дейін емізеді. Егер ерекше сүтті иттер 12 күшік емізеді. Жаңа туған күшіктердің салмағы 80 – 120гр болады. Салмағы аз болып туса жағдайы төмендейді. Еркек күшіктер, ұрғашыдан үлкендеу болып туады.Күшіктері қысқа қара жүнді болады.Көздері көрмей туады,тістері жоқ,құлақтары жоқ.Көздері 6-8 күннен кейін ашылады.Тістері 13-15 күнде өседі.Осы уақыттан кейін қосымша тамақтанады.Сүйек қалпында беруге болады.Сүт тістерінің тұрақты тіске ауысуы мерзімі 2,5-3 айда.Жаңа туған күшікті 35-46 күнде суалтады.орынды ықшамдау үшін бір ғана күшікті аналықтарының жанында қалдырады., ал қалғанын жұбымен жібереді.
Күшіктер тез өсе бастайды. 1айлығында салмағы 800 – 900гр, 2айлығында 2,3кг, 3айдығында 4,5 – 5кг, 4айлығында 6,5 – 7,5кг, 5айлығында 9 – 10кг.
Күшіктерінің салмағы кейбір үлкен аңдар сияқты енесінің жағдайына қарай, күтіміне қарай өзгеріп тұрады. Кем туған күшіктер күтімі төмен болса, тамақтануы нашар болса, ерте туғандарға қарағанда салмағы 25 – 30% кем болады. Қылшық жазғы жүнмен, қысқы жүнінің өсуі қыркүйек айында басталады да қазанның екінші жартысында тезірек өседі. Қазанның аяғында – қарашаның басында арқасындағы, жамбасындағы, құйрығындағы жүндерін тексеру керек. Аңдарды торға отырғызғанда астына ағаш төсеніш салу керек, өйткені аяз болғанда табанын, жыныс мүшесін үсітіп алуы мүмкін. Жанат тәрізді иттерді өсіру әдістері қазір өзгерген. Түлкі мен қарсақтарды қалай өсірсе, жанат тәрізді иттерді де сол әдіспен өсіреді.
Құндыз тұқымдасы (Castoridae).
Құндыз (Castor fiber)
Бұл тұқымдасқа жататын жануарлар – ірі кеміргіштер. Денелері ірі, ауыр, мойындары денесінен айқын бөлінбеген. Құйрықтары жалпақ, күректәрізді, түп жағына қарай мүйзді қабыршақтармен қапталған. Артқы аяқтарында жүзу жарғақтары бар, алдыңғы аяқтарында жоқ, немесе олар шала жетілген. Құндыздың артқы сирақтары алдыңғыларына қарағанда әлдеқайда күшті болады. Артқы аяқтарындағы екінші саусақтың тырнағы екіге айырылған, шаңышқы тәрізді болып келеді, ол жүнді тарауға және эктопаразиттерден құтылуға көмектеседі. Құндыздың дене құрылысында суда өмір сүруге арналғаг көптеген ерекшеліктері бар. Құлақ қалқаншалары суға сүңгіген кезде ерекше бұлшық еттердің көмегімен жымырайып бүктеледі, мұрыны арнайы домалақ бұлшық еттін жиырылуымен жабылып қалады. Күрек тістер ауыз қуысынан еріндерінің өсіндісімен бөлініп тұрады, мұндай құрылыс су астында да ағашты кеміруге мүмкіндік береді.
Құндыз тұқымдасы олигоцен дәуірінің төменгі кезеңінде пайда болған. Бұл тұқымдастын филогенетикалық байланыстары дұрыс зерттелмеген. Бірақ олардың тиіндер тұқымдасымен жақындығы ешкімде қарсылық туғызбайды. Ал жайралармен ұқсастығы тек қана параллельді дамумен байланыстырады. Осыдан бірнеше мың жыл бұрын құндыздар жер шарының солтүстік бөлігінің далалы, орманды алқаптарында кең таралған. Ормандардан басқа бұлар далаларды, шөлейт тіпті шөлді аймақтарда мекен еткен. Адам әрекетіне байланысты құндыздың кең ареалы бірнеше бөлек учаскелерге бөлініп кеткен. Қазіргі кезде бұл тұқымдасқа екі-ақ түр кіреді – кәдімгі құндыз және канадалық немесе солтүстік американдық құндыз.
Құндыз— біздің елімізде кездесетін ең ірі кеміргіш. Дене тұрқы 75—120 см, салмағы 20—30 кг. Суда тіршілік етуге жақсы бейімделген. Көзі және құлағы кішкентай, алдыңғы аяғы, артқысына қарағанда қысқа. Құйрығы жалпақ, күрек тәрізді мүйіз секілді қабақтармен және сиректеу түктермен жабылған. Құйрығының ұзындығы 25-29, жалпақтығы 13-14 сантиметрге дейін жетеді. Оның түп жағы цилиндр тәрізді болады, ары қарай жалпаяды. Құйрығы алты бұрышты мүйзді қабыршақпен қапталған, бұл қабыршақтар судын әсерінен жақсы сақтайды. Артқы башайларының арасында жүзу жарғақтары бар. Жарғағын жайып жіберген кезде олардың көлемі 70 шаршы сантиметрді құрайды. Жүзу кезінде құндыз екі артқы аяқтарын бірге сермеп отырады (бақа сияқты), ал алдыңғы сирақтарын денесіне жиырып алады. Терісі ұзын және қатқыл жүндерден тұрады және түбіті жұмсақ келеді. Терісінің 1 шаршы сантиметр учаскесінде қыс уақытында арқа жағынды 26,8, ал бауырында 30,2 мың жүн талшықтары орналасқан. Терісінің түсі әр түрлі, көбінесе ақшыл сарғылт немесе қара болады. Азу тістерінің түбірі болмайды, қашау тәрізді күрек тістері мықты және өте өткір келеді. Терісінен су өтпеу үшін ол жүнін анал бездерінен бөлінетін май тәрізді секретпен майлайды. Секрет дегеніміз — бездердің организмге керекті заттарды жасап шығаруы. Анал тесігінің алдыңғы жағында жұпар иісті қос мускус бездері бар. Мускус дегеніміз — бірқатар жануарлардың ұрық безінен бөлінетін күшті иісті зат. Бұл без қапшығының ұзындығы 80 мм, салмағы 150 г. Осы бездерден хош иісті күшті зат бөлінеді. Осындай зәрмен бірге бөлінетін сұйық затты олар көбінесе жағаның биіктеу жерлеріне төгеді, осының иісі арқылы еркек және ұрғашы құндызтар, әсіресе, өсіп-өнуі, көбею кезінде бір-бірімен тез қауышады.
Құндыз Европада, Азияда және Солтүстік Америкада таралған. Ол Европада және Сибирьдің кейбір аудандарында кездеседі. Ертеректе Европа мен Азияның жапырақты ормандарында құндыздар өте кең тараған. Бірақ бағалы терісі үшін оларды аяусыз аулағандықтан құндыздардың саны күрт кеміп кетті. Олар XV ғасырда Қазақстанда да — Жайық өзенінің төменгі саласында, Ойыл, Ембі алқаптарында кездескен. Соңғы жылдары Жайық өзенінің жағасындағы жапырақты ормандардан құндыздар байқалып қалады. Олар көбінесе орман ішіндегі баяу ағатын өзендердің жағалауларында, ескі арналар мен көлдерде мекендейді. Құндыздар суда тіршілік етуге жақсы бейімделген және олар тіршілік ететін жерде тал, терек, көк терек тәрізді ағаштардың болуы міндетті. Бұларды құндыз үйшігін жасайтын құрылыс материалына және қабығын қорекке пайдаланады.
Қазақстан территориясында соңғы жылдары құндыз Жайық өзенінің жағасындағы жапырақты ормандарда кездесе бастады. Бұл жерге ол көршілес Орынбор және Свердлов облыстарының аймақтарынан еніп отыр. Әрине, біздің өңірде осындай сирек ұшырасатын және терісі өте бағалы аңның кездесуі қуанарлық жай.
Тарихи деректерге қарағанда құндыз біздің еліміздің жерінде бұдан бірнеше ғасырлар бұрын кең таралған және терісіне бола ауланатын негізгі аңның бірі болған. Мәселен, XV ғасырда ол Қазақстанда — Жайық өзенінің төменгі сағасында, Ойыл өзенінде, Ембі бассейнінде және Ертіс өзенінде кездескен. Соңғы жерде ол тіпті XVIII ғасырда тіршілік еткен. Ертеде терісі өте қымбат құндызты аяусыз аулап және қорын есепсіз жою салдарынан оның саны азайып кеткен. Біздің елімізде XX ғасырдың бас кезінде құндыздың жалпы саны шамамен 1 мыңға әрең жететін, сөйтіп ол жер бетінен жойылып кетуге сәл қалды. Бұл кезде құндыз небары алты-жеті кішкентай жерде ғана сақталады. Белоруссияның, Украинаның, Воронеж облы-сының, Солтүстік Зауральенің және Туваның тек азғантай учаскелерінде ғана қалған болатын. Бұдан соң терісі өте бағалы аңды сақтау және көбейту үшін тез арада батыл шаралар қолдану керек болды. Совет өкіметі 1919 жылдан бастап құндызды аулауға толық тыйым салды. Сонымен қатар оны қорғау мақсатында бірнеше мемлекеттік қорықтар мен заказниктер ұйымдастырылды. Осындай тиімді шараларды іске асырудың нәтижесінде құндыздар өсіп-өніп, тез арада саны көбейе түсті. Міне осыдан кейін оларды ертеде мекендеген жерлеріне қайтадан жерсіндіру жұмысы кең қолға алынды. Соңғы 35 жылдың ішінде 70-ке жуық облыстардың, өлкелердің және республикалардың территорияларына шамамен 11 мың құндыз жіберілді. Бұл аудандардағы оның жалпы саны 1966 жылы—45—50 мыңға жеткен. Осы көрсеткіштердің 30 мыңдайы Ресейде, 15 мыңдайы Белоруссияда, 1,9 мыңдайы Украинада, 1,8 мыңдайы Литвада кездескен (Жирков, 1966). Сөйтіп, 30 жылдан аса уақыттың ішінде құндыздың саны алғашқы жерсіндірілген кезеңмен салыстырғанда 50 есе көбейіп отыр. Оны қорғау өз жемісін берді.
Құндыз онша күй таңдамайтын аң, сондықтан әр уақытта сумен байланысты неше түрлі қоныстарда мекендейді. Тек оған қажет жағдай — сол мекендейтін сулар қыста қатпайтын және қоректенетін өсімдіктер болу керек. Ол, әсіресе орманды алқаптарда жай ағатын кішкентай өзендердің, көлдердің және тоғандардың жағаларында жиі қоныстанады. Ал ормансыз аймақтарда сулардың жағасында қалың бұта мен ағаш өсімдіктері бар жерлерде жүреді. Ал тайыз сулар қыста қатып қалатын болғандықтан ол үшін жарамайды.
Құндыздың қоректенуі.
Құндыз негізінде өсімдіктермен қоректенетін аң. Мәселен, Воронеж қорығында мекендейтін бұл кеміргіш өсімдіктердің 150 түрімен азықтанады. Ал жалпы құндыздар 200 түрлі өсімдіктермен қоректенеді. Ол көбінесе, көк терек, бәйтерек, тал, шеген, мойыл сияқты жұмсақ ағаштар мен бұталардың жапырақтарын, жас өркендерін, қабығын сүйсініп жейді. Орман жаңғағы, қарағаш, емен сияқты өсімдіктер қосымша ғана жем болады. Ал шөптесін өсімдіктердің ішінен қоға, қамыс, құрақ, қара елең (ежеголовка), дүңгіршек немесе сары түңғиық (кубышка), су лалагүлі (кувшинка) және тобылғы секілді өсімдіктерді азыққа жиі пайдаланады. Күнделікті қорегі күрт азайып қалған кезде құндыздар амалсыздан кылқан жапырақты ағаштарды да жей бастайды. Бірақ бұл өте сирек кездесетін жағдайлар. Әрине, азығының құрамы жер жағдайына және маусымға байланысты өзгеріп отырады. Көктемде мұз су бетінен кеткен соң 2-3 аптадан кейін жағада өсетін шөптермен қоректене бастайда, және оларға біраз қана қабық пен бұталарды қосады. Күзге қарай қабық және бұталармен қоректенеді. Қыста ауа райы 15оС дейн болғанда құндыздар мұз бетіне, жағаға шығып, қорек қорын толықтырып отырады. Бір тәулікте бұл кемірушіге 900 грамм тал немесе көктерек қабығымен бұталары қажет. Ол үшін құндыз диаметрі 2,5-3 сантиметр болатын бір немесе екі ағашты кеміріп құлатуы керек. Өте жиі құндыз өсімдікті құлатып оны толық жемей тастап кетеді. Бір жылдың ішінде ересек құндыз бірнеше жүз жас ағаштың көзін құртады. Қыс мезгілінде бұл кемірушілер ұзақ уақыт су өсімдіктерімен қоректеніп күйін жоғалтпайды, семіз болып қала береді. Көп жылдар бойы олар бір-екі түрлі өсімдіктерді пайдаланады, және содан ешқандай кер әсерін көрмейді.
Құндыздар жазда шөптесін өсімдіктермен, қыста жапырақты ағаштардың қабығы және өскіндерімен қоректенеді. Құрлықтағы шөптердің жапырақтарымен сабақтарын жейді, ал су өсімдіктерінің тамырларын пайдаланады. Қысқа қажетті азықты күзде дайындайды. Бұл кезде олар түні бойы тыныштық таппай ағаш діңін кеміріп, құлатумен болады. Сөйтіп, ол ағаштарды қажетті мөлшерде бұтап, үйшіктеріне жеткізіп алады.
Құндыз мықты және өткір күрек тістерімен биіктігі 25—35 м, диаметрі кейде 1 метрден асатын ағаштарды кеміріп жерге немесе суға құлатады. Көбінесе осы құлаған ағаштарды бөлек-бөлек кесіп құрылыс материалдары ретінде пайдаланады, ал қабықтары мен бұтағын қорек етеді. Бұл аңдар күзге қарай азың қорын дайындауға кіріседі. Ағаштардың бұтақтарын, кесіп-жарған отындарды, су өсімдіктерінің тамырсабақтарын үйшігінің жанына кесектеп жинайды. Бұл азықтармен қыста қоректенеді. Олардың азық «қоймасында» 20 текше метрге дейін ағаштың бұталары кездеседі, ал үлкен семьялар тіпті үлкен қор жинайды, олардың көлемі 60-703 метрге дейін жеткен.
Құндыз діңінің жуандығы 5-7 см болатын көк теректі 2 минутта ті-сімен кеміріп, құлатады. Кұлатқан ағаштың бұтақтарын дереу ез құрылысына қажетті ұзындыққа келтіріп бұтайды. Әрине ол бұтақтардың біраз бөлігін сол жерде өздері қорек етіп, қалғандарын үйшік немесе бөгет жасауға сумен ағызып алып барады. Құндыздар диаметрі 1 метрлік діңі бар ағаштарды бір түнде құлатады.
Нутрия шаруашылығы.
Нутрия- оңтүстік Америка суларының маңында мекен ететін кеміруші. Кеңес Одағына нутрия алғаш рет 1930 жылы әкелінген. Содан кейін бұл аңды жерсіндіру үшін барлық жағдай жасалды. Нутрияларды Краснодарск ауданынан, Закавказ және Орталық Азия өңіріндегі сулы жерлерге жіберілді. Бірақ, ешбір жерде олар жерсінбеді, кейбір аудандарда олар қырылып қалды. Сол аудандар да басқа да аңдардың көрсеткіші өзгерді. Сондықтан біздің елде қазір бірақ жолмен нутрияны өсіреді, ол торда ұстау. Ең алғаш нутрия фермасын салу үшін Салтық аң совхозының маңы таңдалды. Бірінші жылдың қысы тиімсіз болды. Көптеген аңдардың құйрықтарымен аяқтар үсіп қалды. Нәтижесінде ферманы Краснодарға көшірді. Кейін дәл осындай ферма Азербайжанда құрылды.
50-шы жылдары тұтынушы жүйесінде еркін нутрия шаруашылығының кооперациясы басталды. Бұл жүйе бойынша нутрияны қыстың аязды күндерінде басқа жерде жылы қып ұстап, жаз басталысымен ашық жерлерге ауыстырып отырды. Төлдерді жазда ең тиімді жерлерде бақты. Бірақ бұл жүйе өзін ақтап шықпады.
70-ші жылдардан бастап нутрияның дамуы индивидуалдық шаруашылықтарда кең тарады. Әуестенушілер нутрияны тек оңтүстік жақта емес, қатты суық жақтарды да ұстады. Бұл шаруашылыұтар терінің негізгі массасын берді.
80-ші жылдардың басында нутрияны өсіру совхоздарда да өсе түсті. Нутрия -өсімтал аң, сондықтан оны қоректендіру жеңіл. нутрия шаруашылығының тиімділігі тек қана теріде емес, сондай-ақ оның етінде.
Жартылай қолға үйретіліп, торда ұсталған нутрияның анатомиялыұ ерекшеліктері байұала бастады. Сүт бездері денесінің бауыр астыңғы жағында емес, жанына қарай орналасты. Нутриялар қоректерін су астында да жейтіндіктен, олар тістерімен оларды кеміріп, тамыр бөліктерін жейді. Еріндері күрек тістерінің арт жағына қарай жиналып, суды ішке қарай жібермейді. Аяқтары жүзу қызметін атқарады. Алдыңғы аяқтарының саусақтары жақсы жетілген солардың көмегімен олар қорегін аузына қарай апарады.
Түрлік формасы. Бонитировка.
Жабайы нутрияның түсі қоңырқай және басқа да түстер жарқылын беріп тұрады. Көптеген нутриялар дәл осындай түстес болады, аяқ жағындағы жүндері ақшыл тым түстес болады. Жанындағы және арқасындағы жүндерінің түстері біркелкі болады.
Караязский аң фермасында ақ Азербайжандық Нутрия алынып, көбейтілді. Оның түсі доминантты ген болып табылады. Бұның бүкіл жері дерлік ақ болады. Тек көзінің айналасында , құлақ маңайында аздап пигменттер болады. Бұл қасиет нутрияларда тұқымқуалайды. Бонитировка кезінде нутриялар 5 балды, егер олардың денесінде дақтар болмаған жағдайда ала алады. Көз айналасын, құлақ маңайын бағалағанда 4 балға түседі. Егер пигментті және қылшықты жүндері бүкіл денесінің 10 пайызынан аспаса 3-балл, егер 30 пайыз болса онда 2 балл.
Италиядан бізге ақ италияндық нутрия әкелінген. Оны жауып тұратын жүндері таза ақ түсті болуы тиіс, бірақ кейбір түрлерінде сұр-қоңыр жолақтары болады. Сол үшін тері кірлеңкі көрінеді. Мұндай аңдарды аса таңдамайды және баллдары да төмен болады.
Ақ нутрияларды бағалағанда ең бастысы кремовый түс беріп тұруы тиіс. Егер кремовый түсті бере алатын болса, онда 5 балл беріледі. Кейінгі балдар сәйкесәнше өзгеріп отырады. Ақ италян нутриясының түсі рецессивті болып табылады. Шет елдерде арқа жағында және жағында қара және күрең-сұр түсті болып келетін қара нутрия алынды, доминантты генді. Ал гетерезиготалы қара нутрияларда солар сияқты кейде құлақтарында, көз маңайында сол түстес боялатын шаштары болады. Қара нутрияның терісінің аяқтарының түстері күрең-қоңырдан қараға дейін, арқасында қара, жүні күрең қоңырдан сұрға дейін. Терілерді бағалау олардың түстеріне қарай жүргізіледі. Ақ, қара және сарғыш нутрия терілері, қоңыр түсті теріге қарағанда 10%-ға қымбат.
Терінің мөлшері аңның мөлшеріне ұзындығына байланысты. Бұлардың арасындағы коэффицент коррелияциясы 0, 7, екінші жағдайда 0, 6-ға тең.
Нутрияларда жыныстық диморфизм жақсы көрсетілген:аталықтары аналықтарынан ірі. Үлкен аталықтарының салмағы 5-7кг, дене ұзындығы 40-60 см. Аналықтары 4-5 кг, 40-50 см. Кейбіреулері 12-15 кг терінің мөлшері аңның жасына да байланысты. Бонитировкалық бағалау кезең аңның 6-7 айлық кезінде, қазан-қараша айларында басталады. Сатып алу кезінде нутрияның басты және маусымдық өзгергіштішін білу керек. Аңның өтпелі және маусымдық өзгергіштігі кезіндегі қоректенуімен күтімі кейін ол аңға баға беру кезінде әсер етсе, тұқымқуалайтын жақтары да маңызды.
Көбею және өсу физиологиясы.
Күйекке түсуге дайындық және күйек жыныстық жағынан жетілу, нутрия ларда 3-4 айларында болады, күйекке тек 7-9 айларында түседі. Ерте буаз болу кезеңі дайындықты қажет етеді. Олар айқасқаннан кейін шағылыса береді. Орташа туу көрсеткіші 5-7 күшік. Кей жағдайда 18 күшік әкелген кездер де болған. Нутрияның өмір сүруі 6-7 жыл, шаруашылықта қолданылатындар үшін 3-4 жыл. Нутриялардың жыныстық жағынан жетілуіне байланысты олар жылдың барлық мезгілінде көбейе береді. Күшіктердің жыныстық жағынан жетілуі, оның күтіміне байланысты. Буаздық 126-137 күнге созылады. Сперматогенездің кезеңдерін 3-3, 5 айлық кезеңінде байқауға болады.
Буаздық кезеңі . Буаздық кезеңінде аналықтары дұрыс қоректендіру қажет. Буаздық мерзімі 126-137 күн. Эмбрион 2-ші кезеңде жақсы дами бастайды. 30 күнде олар 1, 5г, 45 күнде -7, 5г. Егер жағдай нашарласа нутрияның күшіктері шала туады немесе өледі.
Күшіктерді өсіру. Күшіктері жақсы жетіліп туады. Жүн жабындысы эмбрионда 60 күнде басталады. Күшіктердің көздері ашық болып, туасала анасының артынан ере кетеді. Олардың күрек тістері, азу тістері болады. Салмақтары уақыт өте келе өзгереді. Олардың салмағы баяу өседі. нутрия күшіктерін туа сала тексереді. Егер олар әлсіз әрі аш болса онда аналықтың желінін тексереді. Егер сүт шықпаса, күшіктерді басқа аналықтарға жібереді. Аналық жанында 8-9 күшік қалдырылады. Күшіүтерді күнделікті тексеріп отырады. 2-3 күннен кейін күшіктерді кормаплодтар арқылы қоректендіре бастайды. 15-20 күнде олар көбірек қоректеніп, аналығына теңесуі мүмкін. Алдағы уақытта күшіктің салмағымен өсуін ьақылауда ұстайды. 6-7 айлық күшіктерді аналықтардан бөле бастайды.
Нутрияны өсірушілер аңды күніне бөшкелерге 3-4 рет жіберіп, 10-15 с ұстайды. Ол оның терісін жақсартады. нутрияның еті жеуге жарамды болғандықтан, оны терісі үшін сойған кезде етін жек алады. Етті жеклеп алған соң оны салқын бөлмеде ұстайды. Содан оны қатырп, тамаққа пайдаланады. Тірідей нутрияны қабылдаған кезде оның терісі, еті де қосылып есептеледі.
Аң шаруашылығы өнімі.
Аң шаруашылығының басты өнімі - терілер. Сонымен қатар,тамаққа нутрий етіп қолданады. Қосымша өнім маймен, жыртқыш аңдар еттерімен, түбіттермен, көң және тағы басқалармен көрсетілген.
Терілерді негізінен түбіттің ең жақсы дамуы периодында бауызданатын биылғы төл және де жарамсызға шыққан ересек аңдардан алады. Тері сапасы ең алдымен денедегі түк күйінен және оның түсінен, сондай-ақ тері көлемдеріне тәуелді . Ақырғысын бағалау кезінде түктерінің бекітілу беріктігіне әсер ететін теріге назар аударады.
Тері мен жамылғы түктің құрылысы.
Жоғары сапалы тері алу және оны дұрыс бағалау үшін аңның терісімен жамылғы түктің құрылысын білу қажет. Жамылғы түктілі түбітті аңдардың түгі әр түрлі категорияалардан тұрады. Оның ең бастысы пішінді және түбітті. Біріншісі екіншісінен ұзындау және жіңішке. Бірақта пішінді түктер оның меншікті салмағы 3 -5% болғанмен де олардың өсуі барлығынанда жалпы терінің сапасына байланысты. Пішінді түк бағыттаушы және тікенді болып бөлінеді . Біріншісіне өте ұзын жеке пішінді түктінің 10-20 % құрайтын түк жатады: олар бәрінен де бұрын біркелкі боялған негізгі түктің жиынтығынан шығып тұрады және терінің үлпілдігіне әсер етеді. Бағыттаушы түктің пішіні ұршық тәрізді. Тікенекті түк ланцет формалы: жоғары бөлігі тығыздалған және ұлғайған. Негізгі пластинкалары жай ғана майысқан. Бұл төменгі орналасқан түбітті түктің жақсы жабылуымен және қорғануын қамтамасыз етеді. Тікенді түктің құрылысы өзінше әр түрлі. Салыстырмалы ұзыннан өте ланцеттикалық пластинкасымен түбіттің ұзындығымен бірдей ұшы ұлғайған. Түктің ақырғы түрі аралық түк тобына кіреді.Кейбір аңдардың түрлерінде (түлкі,қара күзен) тікенекті түк түбіт астын толығымен жауып тұрады. Ал кейбіреулерінде(мысалы; күзен) Тікенекті түк нашар дамыған. Түбіті жақсы көрінеді және ақырғы күзеннің түсі оның қай және басқа түрге жататынын көрсетеді.
Өйткені пішінді түк қорғаныс функцияның аткарады және оның дамуы терінің мықтылығын анықтайды. Кейбір жағдайларда теріні өндегенде тікенекті түк алынып тасталады. Бұл салаыстырмалы мықтылығын төмендетеді. Өйткені тікенекті түк алынғанда (құндыз, камшат) терісінің мықтылығын 5%-ке төмендейді. (Камшаттың 100%-тен 95%-ке немесе күзеннің 90%-тен 85%-ке). Құндыздың жұлынған терісінің мықтылығы, 50%-ден 25%-ке дейін тікенектілей сақталған терімен салыстырғанда 2 есе төмендейді. Тікенектің түктінің оның жұмсақтығы және қаттылығы түтіктің ұйысун ескертеді немесе қысқартады. Тікенекті түбіттің дұрыс дамығанда түктер кигіз сияқты жиынтық құрап шатысады. Бұл терінің тағы да бағалығын түсіреді. Түбіт астың құрайтын түбітті түк жамылғы түктің негізгі жиынтығын құрайды (қыста 95-97%). Бірақ мезгілімен олардың меншікті салмағы өзгереді. Мысалы:Бұлғында 1 тікенекті түкке 44 түбіт, ал жазда 22 түбіт сәйкес келеді. Бұл салыстырмалы қысқа – жіңішке цилиндр пішінді түк. Көп – аз иірілген. Түбіттің негізгі рөлі жеке түптердің аралық өабатындағы ауа арөылы жылу сақтау қабатын құрайды. Түбітті аңдардың әрбір түбі қабықша және жүрек тәріздес қабаттан тұрады. Кутикула немесе қабықшалы қабатбелгілі бір ретпен орналасқан қабықшадан тұрады және қорғаныс қызметін атқарады. Әр түрлі аңдардың түктерінің категорияларының әр түрлігіне Черепицца құрастырып жоғарғы қабықшаның шеті төменгі қабықшаның шетіне жабысады. Осындай формалы қабықшада түктер арқылы су болмауынан сақтайды. Қабықшаның бір – біріне жануының характерімен Степени түктің жылтырауына тәуелді. Жоғарғы жағы тегіс болса, жылтырауы да мықты болады.
Қабықшаның құбылысы түбіттенудің жобағыдыққа бейімделуіне де тәуелді: ақ түлелілерде осындай кемшіліктері тығыз емес жыбысып тұратын қабыршактары бар түтіктері жиі кездеседі.
Қабыршақтың асты қабатта қабатты қабат жатыр, ұршық тәрізді жасушалардың бір-бірімен бірігу арқылы құрылған түтік. Қабықты қабат түтіктің негізін қаласа, ақырғысы ажырыу мен сыныққа төзімділігінің артыруымен ерекшеленеді. Қабықты қабат жіңішке болса, түтік тез сынады.
Өзек қабаты қыл негізінің орталық бөлігінде орналасқан. Ол борпылдақ қуысты іші ауаға толы ұлпалардан тұрады. Бұл ұлпалар жылу сақтауда негізгі роль атқарады. Өзек қабаты қылдың бойымен біркелкі таралып орналасады. Қылдың иілуі көп болатын ұшында және негізінде бұл қабат болмайды, оның орнына неғұрлым төзімді қабықты қабат болады.
Өзекті, кейде қабықты қабаттарда пигменттік жасушалар орналасады. Пигмент сары немесе қара болуы мүмкін. Жануардың жүн жабынының түсі
пигмент мөлшері, жасуша пішіні және олардың концентрациясына байланысты болады.Қыл жасушалары қыл пиязшығында түзіледі. Қыл өсу кезінде пиязшықтың мүйізделген бөлігі тірі жасушалардан бөлініп, қылдың қабы қысқарады және қыл терінің жоғарғы қабаттарына көтеріледі. Терідегі қылдың тереңдігі тұрақты емес: өсу кезінде олар төмен орналасады, ал толық жетілгенде одан қарағанда жоғарырақ орналасады. Мысалы, қыркүйекте қара күзеннің терісіндегі пиязшықтардың тереңдігі 1370мкм; ал қарашада талшықтардың көбі жетілген кезде 663мкм; нутрияда сәйкесінше 800-850 және 350 – 400 мкм.
Жабынды талшықтардың тамырлары мамықты талшықтарға қарағанда терең орналасады. Барлық терісі бағалы торда ұстайтын аңдарда талшықтары шоқ болып орналасқан: осьтік және кейбір мамықты талшықтардың талшық қаптары ортақ тері ойысында орналасады, сондықтан олар терінің бір ұяшығынан шығады. Талшық шоқтары топ құрады және олар бағыттаушы талшықтың маңында болады.
Қыл бірнеше қабаттардан тұратын терінің туындысы болып табылады. Үстіңгі қабат – эпидермис, немесе тері асты қабат, талшық өскен тері аймақарында өте жұқа болады. Жүн жабыны неғұрлым қою болса, бұл қабат соғұрлым жұқа болады және де эпидермис жаз уақытында қысқа қарағанда жақсы дамыған. Терінің ашық аймақтарында эпидермис үздіксіз көбейіп, олар үнемі алмасып отырады. Ал жүн жабыны астында ол қалыпты, тек жүн жабыны түлеу кезінде ауысып отырады. Терідегі аяқ астынан қайызғақтың(эпидермистің мүйізденіп кеткен жасушалары) пайда болуы тері қызметінің бұзылғанын көрсетеді.
Эпидермистің астында терінің негізгі қабаты – дерма орналасқан. Оның дамуы терінің беріктігін анықтайды. Дерманың негізгі бөлігі жыртылуға өте төзімді коллагенді талшықтардан (96-99% дейін) тұрады. Коллаген түрлі бағыттарда таралады, бірақ көп бөлігі бастан құйрыққа дейін созылып жатады. Нәтижесінде терінің көлденең бағыттағы жыртылуға аса төзімді қасиеті байқалады. Бұл әсіресе аздаған тесіктер болған кезде жақсы байқалады: егер теріні созса олар алдымен көлдегең емес, тігінен жыртыла бастайды. Температура 35 – 40 ̊ С болғанда коллаген құрылымы бұзылып, нәтижесінде тері тез сынып, өңдеуде пайдалануға жарамсыз болып қалады.
Дерманың бұлшық етті бөлігін иілгіш талшықтар құрайды. Олар терінің иілгіштігін және ылғалды күйіндегі қысылушылығын қамтамасыз етеді. Кепкен кезде бұл қасиеттер жоғалады, бірақ егер құрғақ өңделген теріні ылғалдандырса, онда бұл қасиеттерді қайта қалпына келтіруге болады.
Дерменың астында май қабаты орналасқан. Оның дамуы жануар семізділігіне тікелей қатысты. Ең терең қабат – бұлшық етті. Ол терінің жұқа, мөлдірге тақау қабығы.
Жүн жабыны мен теріге дерма қабатында орналасқан май бездерінің бөлетін заттары әсер етеді. Олардың өзектері қыл қаптарының жоғарғы бөлігіне ашылады. Осы бөлінген заттар қылдың бойына жағылып, оны механикалық әсерлерге төзімді етеді және өзіне сай жылтырлық пайда болады. Май бездерінің әрекеттері тері жағдайын жақсартады.
Достарыңызбен бөлісу: |