Терілердің тауарлық бағасы.
Бағалы терілі аңдардың тері сапасын мемлекеттік стандартқасай бағалайды. Түрлі аң терісіне әрекет ететін прейскурантбойынша алынған өнім сапасының бағасынан дайындалған бағасы анықталады.
Бағалау кезінде терінің сортын анықтайды, ол негізінен аңды сою мерзіміне тәуелді, яғни жүн жабынының жетілу деңгейіне байланысты. Қылшық ұзындығына және мездраның (терінің ішкі жағы) түсіне мән береді. Боялған аңдарда қылшық пигменті пиязшықтарда түзіледі. Қылшықтардың түзілуі тоқтағаннан кейін пигменттің де түзілуі тоқтайды, пиязшықтар түссізденіп, мездра түсі біртіндеп ашық бола бастайды. Тері бояуының интенсивтілігі тері сортын анықтауда негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бірақ бұл қасиет жақсы болғанымен де егер жүн жабыны дұрыс жетілмесе, онда тері төмен төмен сортқа жатқызылады.
І сортқа жүн жабыны жақсы жетілген, мездрасы ашық немесе көгілдір реңі бар тері жатады; ІІ сортқа – жүн жабыны толық жетілмей, мездрасы көкшіл тері жатады; ал сортқа жатпайтындарға көктемгі түлеу белгісі бар, енді ғана қысқы жүн жабыны жетіле бастаған немесе жазғы жүн жабыны бар жануар терісі жатады. Ақ және көгілдір түсті қара күзеннің терісін жүн жабынының сапасы бойынша бағалайды, ал мездра түсі есепке алынбайды.
Жануарлар терісін көлем бойынша іріктейді. Мұнда тері көлемін тері ұзындығын тері ортасынан өлшенген еніне көбейтеді.
Дайындалған терінің бағасы оның түсіне де байланысты. Бұл көрсеткішке және түске байланысты бағаның ауытқуына қойылатын талап жануар түрі бойынша дифференцияланған.
Қара күзен мен нутрий үшін түрлі түсіне қарай жеке баға қойылған.
Күмісті – қара түлкінің терісін жүн жабынының күмістілік дәрежесі бойынша, және жүн жабынындағы осы қылшықтардың үлесі бойынша сортталған тері сәйкес топқа жатады. Күмістілік ауданы көбейген сайын тері бағасы жоғарлай түседі.
Жабайы бұлғындардың терісін түсі бойынша 7 категорияға бөледі.
І – жүн жабыны ерекше қою осьтік қышықтары қара және мамықты қылшығы қою-көгілдір.
ІІ – жүн жабыны қою, осьтік қылшықтары қара-қоңыр және мамықты қылшығы қою-көгілдір.
ІІІ – жүн жабыны аса қою емес, мамықты қылшығының түбі көгілдір және ұшы қою-қоңыр қызыл.
IV–жүн жабынының осьтік және мамықты қылшықтары қою – қоңыр, түбі көгілдір, ұшы қоңыр - қызыл болып келеді.
V –жүн жабынының осьтік және мамықты қылшықтары қызыл- қоңыр, түбі көгілдір, ал ұшында ашық қызыл – қоңыр.
VІ – жүн жабынының осьтік және мамықты қылшықтары ашық қызыл- қоңыр, мамықты қылшықтарының түбі көгілдір, ал ұшында құм түсіті болады.
VІІ – VІ категорияға қарағанда неғұрлым ашық түсті.
Бұлғындардың түстік категориясы тіршілік ету аймағына байланысты: батыс аймақтардағы ареалда түсі неғұрлым ашық даралар кездеседі; неғұрлым қою түсті даралар орталық ареалдарда кездеседі (Байкалдың шығыс жағалауында баргузин); Сібірдің шығысында бұлғында неғұрлым қоюлау болады, бірақ орталық ареалға қарағанда ашықтау болады.
Жабайы бұлғындардың бағасын анықтау кезінде І түстің терң тобына бірінші үш түстік категорияны біріктіреді: IV категория ІІ түске жатады, V категория – ІІІ түске, VІ категория және мамықтық - IV түске жатады. Торлы бұлғындарды бағалау кезінде VІ және VІІ категорияға жататын тері түстерін ғана біріктіреді. Торлы бұлғындарда түске байланысты теріні бағалаудың айырмашылқтары ерекше көп: неғұрлым нашар түсті бұлғынның бағасы жақсы тері бағасының 16%-ын ғана құрайды. (5 - кесте)
5-кесте. Түстік категорияғы байланысты бұлғын терісіне бағалардың қатынасы, %
Түстік категория
|
Бұлғын терісі
|
Жабайы
|
Торлы
|
І категория
ІІ категория
ІІІ категория
IV категория
V категория
VІ категория
VІІ категория
|
100
100
100
80
70
55
55
|
100
80
60
40
35
16
16
|
Түрлі жануарлардың терісін ақаулар тобына жіктейді. Қалыпты тері – ауытқусыз, және олардың көлемі ақаулы немесе ақаудың І тобына жататын стандартты көрсеткіштен аз болуы.
Ақау бойынша терілерді сорттау кезінде ондағы ауытқулардың саны мен оның көлемін ескереді. Ақаулардың тері ауданында болуына байланысты теерінің бағасынан 10 – 50 % аралығында скидка беріледі. Ауытқуы нормадан асып кеткен теріні І сорт бағасының 25% - на ғана бағалайды.
Сондай – ақ, егер теріде оның жеке бөліктері жетіспесе, майсыздандыруы нашар, терінің кірлесе, кесінді құрыс балмаса, оның бағасы төмендейді.
Тері сапасын жақсарту жолдары.
Сапасы бойынша жақсы тері алу үшін жануардың барлық жақсы тауарлық қасиеттерін шығуын қамтамасыз ететін және оларды үнемі жақсартып отыратындай жағдай жасау керек.
Қоректендіру және ұстау. Тері сапасына қорек үлкен әсерін тигізеді. Жануарды дұрыс қоректендірмену кезінде оның тұқымы жақсы болса да ол жоғары бағалы тері бермейді. Жалпы толық қоректендірмеу, ақуыздың жетіспеушілігі немесе оның толық еместілігі, әсіресе триптофан, метионин және цистин деген амин қышқылдарының болу байланысты жүн жабыны дұрыс жетілмейді. Витаминдардің, әсіресе В, жетіспеушілігі түске, жүн жабынының құрылымына кері әсерін тигізіп, ол сынғыш және жапқыш қылшықтардың сиреуіне әкеледі.
Жүн жабынын жақсарту мақсатында қоректендіруді ұйымдастырған кезде дене бөліктеріндегі жүн жабыны уақытқа байланысты әртүрлі дами бастайтынын ескерген жөн. Қоректендіруге әсіресе жаз айыларының соңында, қысқы түктену басталған кезінде ерекше көңіл бөлген дұрыс. Қыркүйек пен қазан айларында негізінен жапқыш талшықтар дами бастайды, ал кейіннен мамықты қылшықтар дамиды. Егер қыркүйекте қорек деңгейін көтеріп жіберсе, онда осьтік қылшықтардың тым көп өсіп, ескіруін байқауға болады. Ал бұл кезде мамықты қылшықтар әлі даму шегіне жетпейінше, тері әлі жетілмейді. Мұндай тері ІІ сортқа жатқызылады. Уақытынан бұрын сойылған тері бағасы ондағы ақаулардың болуына байланысты айтарлықтай төмендейді. Көрсетілген мерзімде қорек мөлшерін қысқартқан жағдайда осьтік қылшықтардың өсуі баяулап, олар мамықты қылшықтармен бірге жетіліп болады, нәтижесінде тері сапасы жақсарады.
Қара күзендерде мұндай күрт құбылыс байқалмайды, бірақ рационның төмендеуі кезінде дене салмағы төмендейді, сәйкесінше дене көлемі де азаяды, нәтижесінде тері бағасы айтарлықтай өзгереді. Сондықтан жануарларды жаппай сояр алдында 7-10 күн бұрын рационды қысқартқан жөн.
Жануарларды ұстау жағдайы да әсер етеді. Жануарларды ашық торларда ұстаған кезде олар үнемі тікелей күн сәулесінің және атмосфералық жауын-шашындардың әсеріне тап болады, нәтижесінде жүн жабынында қажет емес қоңырқай рең пайда болады. Сондықтан союға арналған жануарларды шатыр астындағы торларда (шедтар) ұстайды.
Тар торларда түлкілер мен ақ түлкілерді ұстаған кезде жүн жабыны соғылған болады, яғни жануарлар үнемі торға сүйкеніп, жапқыш қылшықтары сынып қалады. Кей жағдайларда қылшықтардың ұшының сынып қалуы, керісінше, тиімді. Мысалы, қара күзендерде үнемі қылшық ұштарының иірмектелу ақауы байқалады. Өсіп келе жатқан жапқыш қылшықтардың ұшы оның ортаңғы бөлігіне қарағанда диаметрі кіші болады. Түктену кезінде мұндай ұштардың көп бөлігі иірілген, сынған немесе жарылған болады. Жүн жабыны жетілген кезе бұл ұштар сынып, тегістеледі немесе екінші ұш пайда болады. Осыдан кейін ақау жоғалады. Сыну және тегістелу жылдамдығы сыртқы ортаға байланысты: ылғалды ауа райында бұл процесс құрғақ ауа райына қарағанда баяу жүреді. Қатты төсеніш пен шығу тесігін азайтқан жағдайда бұл ақау тез жойылады.
Жүн жабыны ашық түсті жануарларды тат басатын торда ұстау кезінде олардың терісі сарғая түседі, ал оны кейін кетіру қиынға соғады. Қара күзендердің жүн жабынының сарғыштануы төсеніш ретінде бояу заттары бар ольха үгінділерін пайдаланғанда болады.
Тор таза болуы керек: уақытында тазаланбаған нәжіс пен қорек қалдықтарының кесірінен жүн жабысып қалады. Мұндай қылшықтар тараған кезде зақымдануы мүмкін, сонымен қатар беріктілігі жоғалып тез сынады.
Жануарларды топпен немесе жеке ұстау да тері сапасына айтарлықтай әсер етеді. Топпен ұстаған кезде тордың аумағы үлкен және қорегі жақсы болса жануар көп қозғалғандықтан жақсы өседі. Алайда мұндай жағдайда көбінде қорек аз кезде теріде тістің ізі қалады, нәтижесінде мездрада тістеген жерде қою дақтар пайда болады. Сондықтан жаруарларды күзде жеке орналастырған дұрыс.
Нутрийді сояр алдында оны суға шомылдыру керек, содан ол өзін тазалар, күте бастайды деп есептеген. Ол үшін торға арнайы шомылатын су қойған, душ жасаған, кейде шланг арқылы су шашқан кездері болған.
Ұзын түкті жануарларға жататын түлкі мен ақ түлкінің жүнін жақсарту мақсатында оларды темір тарақпен ұйысқан және түсіп қалған қылшықтарды түсіру үшін тараған.
Тарақпен тарауды жүн жабынының құрылымына байланысты қолданылады: егер жапқыш қылшықтар ұзын әрі қалың болса оны тараудың қажеттілігі болмайды.
Асылдандыру жұмыстары. Қорек пен ұстау жағдайының жақсы болуы тері сапасын жоғарлатуда маңызды роль атқарады. Дегенмен, қажетті қасиеттерді аса жоғары деңгейде тұрақты түрде тек асылдандыру жұмысынан алуға болады. Басты мәселе, алынған төлдің жақсы немесе жаман сапалы белгілер қандай жағдайда туындайды және жақсы нәтиже алу үшін қандай іс – шаралар жүргізу керек дегенге тоқталайық.
Жануарлар тобынан жалпы белгілерден ерекшеленетін дараларды алып топтау жиі кезедседі, және олардың осы ерекшеліктерін жақсартуда жұмыс жүргіземіз. Мысалы, “Салтыковский” шаруашылығындағы түлкілерден қылшық ұзындығы мен жүн жабындысының қалықдығы бойынша іріктеу жүргізілген, бұл топтағы түлкілерлің басқа түлкілерден қылшық ұзындығы 8-10% -ға, ал қалыңдығы 10%-ға артық болып шықты.
Алынған мутацияларды көбейтіп, жаңа түсті, кейде комбинацияланған, бірнеше мутант гендерінен тұратын жаңа қасиеттері бар аңдарды алған.
Мұндағы негізгі жұмыс сыртқы ортамен қатар тұқым қулаушылық факторлармен туындаған ақауларды жоюмен байланысты болу керек. мұндай ақауларды жою жолдарын анықтау үшін алдымен олардың пайда болу жағдайын талдау қажет.
Мысалы, қара күзендерде құрсақ маңындағы жүн жабынының үйкелу ақауы болады, мұнда зақымдалған аймақтарда жапқыш қылшықтар жойылады. Ақау дәрежесі жоғарлаған жағдайда мамықты қылшықтар де сирей түседі. (6 –кесте)
6 – кесте. Қылшықтардың сиреуі бойынша ақаудың түрлі зақымдану деңгейіндегі қара күзеннің құрсағындағы 1 см2-гі қылшықтар саны
Зақымдалу деңгейі
|
Жапқыш
|
Мамықты
|
барлығы,
дана
|
Нормадан
пайызы
|
барлығы,
мың
|
Нормадан
пайызы
|
Жоқ
Орташа
Қатты
Өте қатты
|
217
115
81
14
|
100
53,0
37,0
6,4
|
14,6
12,3
11,3
8,7
|
100
84,2
77,4
59,6
|
Бұл ақау қалыпты түлеудің бір деңгейі екендігі анықталған. Төлді тамыз айының екінші жартысында, жазғы жүн қысқы жүн жабынына ауысу кезіндегітексеру барысында мұндай ақау барлық жануарларда байқалды. Қазанның соңында сиреген жүн жабыны қайта қалпына келеді. Ақпан – наурыз айларында көктемгі түлеу басталады және жануарларда құрсақ жүн жабынының сиреуі қайта басталады. Кей жануарларда түлеу кеш басталып, қара күзендерді сою кезінде бұл қатты байқалатыны сонша, ол теріні ақаулы тері қатарына жібереді. Ал ересек дараларда мұндай кеш түлеу аз байқалады. Қылшықтардың сиреуі әдетте аталықтарда көп кездеседі. Мысалы, шаруашылықтың біріндегі төлдерді тексеру кезінде аталықтардың жүнінің сиреуі 46,2%-ға, ал аналықтарда 19,2% -ға жеткені анықталған. Сонымен қатар ақаулар ірі жануарларда жиі байқалады: 1,6 кг және одан аз салмақты аталықтарда 29,9%, ал одан ірі жануарларда 46% дейін жүн сиректілігі байқалған. Ұсақ аналықтар арасында (0,8 кг және төмен) ақау 9,2%, ірілерде 21,1%. Ал салмағы бірдей (1,2-1,4 кг) даралар арасында аналықтардың ақауы (25%) аталықтарға қарағанда (9,7%) көп болып шықты.
Ақаулары бар жануарладың шығу тегі зерттелді және ақаусыз жануарлардан ереже бойынша ақауысыз, ал аталығы да,аналығы да ақаумен болса, одан туған төл де ауытқулармен туатындығы анықталды (7 – кесте). Ақаусыз төл дәл сондай ата-аналардан алынады, соның негізінде ақаудың пайда болуы доминантты гендермен анықталады деп айта аламыз. Мұны ақаулы және ақаусыз ата-аналардан алынған төлдің үлесінен білуге болады.
7 –кесте. Шығу тегіне байланысты құрсақтағы қылшықтардың сиреуі бойынша ұрпақтарды орналастыру.
Ата-аналар
|
Алынған ұрпақтар, %
|
Ақауы бар
|
Қалыпты
|
Қалыпты × қалыпты (қалыптылардан)
Ақауы бар × қалыпты
Ақауы бар × ақауы бар (шығу тегі әртүрлі)
Ақауы бар × ақауы бар
(ақаулары барлардан)
|
9,6
3,7
52,7
74,2
|
90,4
62,4
47,3
25,8
|
Ақаулардың тұқым қуалаушылық бойынша мәліметтері табындардағы оны жоюдың жолдарын көрсетеді: ақаулары бар барлық жануарлар, сонмен қатар ондай белгісі жоқ, бірақ жүн жабынының құрымында ауытқулары бар ұрпақ беретін дараларды да жою керек.
Мұндай талдауларды неғұрлым кең тараған ақаулардың себебін анықтау үшін жасау керек. бұған жиі жағдайда тұқым қуалаушылықфакторлар әсер етеді. Бірақ сонымен қатар осы ақаулардың пайда болауына сыртқы орта жағдайлары да әсерін тигізеді, оларды өзгерте отырып жоғапы сапалы өнім алуға мүмкіндік жасау қажет.
Шиншилла
Шиншилла – оңтүстік америкалық, (Анды,Кордильер) тауларды немесе тау етегін мекендейтін кеміргіш. Екі түрін ажыратады, үлкен немесе қысқа құйрықты (Chinchilla brevicaudata W.), және кішкентай ұзын құйрықты немесе жаға жайлық (Chinchilla lanigera M.), шиншилла. Біріншісінің отаны биік тау (2000-4000м және одан жоғары). Оның терісінің түгі кіші шиншиллаға қарағанда сапасы жақсы болғанына қарамастан, оларды торда өсірудің талаптары жоғары болғандықтан оны шектеулі санын ғана қолда өсіреді, әсіресе Оңтүстік Америкада. Төменгі тау бөктерлерін мекендейтін кішкентай шиншилла, ортаның жағдайына сезімталдығы төмен болғанымен оған да жақсы жағдай талап етіледі, температура 12-20°С аспауы керек, ал ылғалдылық қатнасы 50-60% құрауы керек, бирақ 75%-дан аспауы керек. Сондықтан климаты ыстық аймақтарда шиншилланы жабық жерде ұстайды.
Шиншилланы алғаш қолда көбейту тәжірибесі 1923 жылдары АҚШ – да жүргізілген. Қазіргі уақытта АҚШ және Канаданың аң фермаларында шиншилла кең таралған, олар жылына 100 мыңға жуық тері дайындайды. Сонымен қатар қазіргі уақытта шиншилланы аздап батыс европа елдерінде де өсіреді; ол Австралия және Оңтүстік Африкаға да әкелінген.
Біздің елімізде 1960ж БҒЗИ эксперименталды фермалары және аң шаруашылығы (Киров қ.) және Терісі бағалы аң шаруашылығы және қоян шаруашылығы (Москва) ұйымдастырылған. Бірақ аң шаруашылығы өнеркәсібінің бұл түрі бізде келешегі жоқ деп саналды. Қазір шиншилла тек биологиялық институттар мен әуесқойларда ғана аз көлемде сақталған.
Кішкентай шиншилла салмағы шамамен 500г тартады (кей жағдайларда 8000г), оның дене ұзындығы 24-26см. үлкен шиншилланың орташа салмағы 700-800г, денесінің ұзындығы 30-35см. олар бір – бірінен құйрықтарының ұзындығы бойынша да ажыратылады: үлкенінде – 10-12см, денесінің ұзындығының 1/3 бөлігін құрайды, кішкентайында – 14-16см, яғни дене ұзындығының 1/2 бөлігін құрайды. Сонымен қоса үлкен шиншиллада құлағы дөңгеленген ал кішкентай шиншиллада ұзарған. Шиншиллалардың аналықтары аталықтарынан 7-11% ірілеу болады.
Аңдардың мамық жүні жұмсақ әрі үлпек болады. Түбіт талшығының жуандығы 12-16мкм ғана болады, жапқыш түбіті 25-30. Талшықты жабынның биіктігі 25-30мм, жапқыш түбіттер мамықты түбіттерден 4-6мм – ге ғана ұзын. Талшықты жабыны өте қалың (1см2 25 мыңнан аса талшық). Шиншилланың түбіті өте жоғарғы ылғалдылықпен ерешеленеді, сондықтан оның терісі сыртқы киім дайындауға жарамсыз, тек көйлектерді әрлеуге қолданылады.
Шиншилла түсі сұр түсті, бірақ әр талшықтың бірнеше бояулы бөлімдері бар: төменгі жағы қою – сұр, кейде қара, жоғары қарай ашық түс (кейде ақ) және қара түс кетеді. бурыл және қоңыр түүстер шиншиллаға тән түстер емес. Бірақ шет елдерде рецессивті және доминантты түстер алынған: ақ, алтын түсті, қоңыр және т.б. Шиншилланың терісі жаз айларында түгі қалың болмайды, қарашадан – наурыз айы аралығында сапасы жоғары болады. Шиншилладан 8-12 айлық уақытында сапалы тері алуға болады. Шиншилланың ерекше қасиеті түгін тастауы, егер оны бірден түгінен ұстаса, сол ұстаған жердің түгі түсіп тақырланып қалады, бұл оның қорғаныштық қасиеті деуге болады.
Су құндыз – ең ірі кеміргіштердің бірі, салмағы 20-25кг дейін жетеді. Құндыздарды терісі мен деликатес деп саналған етіне бола аулаған, ең бастысы «құндыздың аңқымасы» (иісі) үшін. Құндыздың аналығы мен аталығының аналь тесігінің жанында жұп қап орналасқан, оны ұзақ уақыт бойы сұйықтық бөлетін ерекше без деп санап келген. Бірақ зерттеулер нәтижесі бұл тері туындысы, онда қорытылмаған қалдықтар, зәр мен нәжіс түседі де ферменттердің әсерінен сұйықтыққа айналады. Құндыз сұйықтығы ұзақ уақыттар бойы көптеген ауруларға күшті емдік зат ретінде қолданылып келді, бұл оның құрамындағы салицил қышқылы байланысы бар болуына байланысты екендігі анықталған. Бұл құндыздың организміне үйеңкі қабығын сүйсіне жегеннен түседі. Бірақ бұл сұйықтықтың емдік күші жоқ болғандықтан тек парфюмерияда бекіткіш ретінде қолданылып жүрді. Бірақ қазіргі кезде одан күштірек әрі арзан бекіткіштер болғандықтан құндыз сұйықтығы маңызын жоғалтты.
Су құндыздың екі түрі белгілі: европалық (Castor fiber L.) және америкалық (Castor Canadensis Kuhl). Олар сыртқы ұқсастықтарына және биологиясында ерекше айырмашылықтың жоқтығына қарамастан, оларды шағылыстырғанда тұқым алуға ешқандай мүмкіндік болмаған, бұл олардың хромасома санының айырмашылығына байланысты (европалық құндызда 48, ал канадалықта 40). Құндыздардың аналықтары 3 – 4 жасында жыныстық жетілуге жетеді. Тек аз пайызы ғана 2 жасында жыныстық жетілуге жеткен. Құндыздардың көбеюі мезгілге байланысты.шағылысу уақыты желтоқсан айының соңынан наурыз айының соңына дейін жалғасады. Егер аналық бірінші шағылысуда ұрықтанбаса, оның күйі 14 – 15 күннен кейін қайта келеді. жұптасу көбіне түнде болады. Шағылысу кезінде оларға көп мөлшерде су қою керек, себебі аталық аналықпен суда мауығады. Буаздықтың ұзақтығы 105 – 107 күн. Ұяның орташа көрсеткіші 2 – 3 күшік. Жабайы құндыздарда 7-9 төлге дейін анықталады. Лактация мерзімі 45-55 күн. Күшіктер жақсы жетіліп туылады. Орташа салмағы 450-650г болады. шамамен 10 күндігінде олар аздап суда жүзе бастайды бірақ сүңги алмайды. Жас төлдің жетілуі 3-4 жасына дейін жалғасады, және бұл уақытқа дейін көбі жыныстық жетілуге жетеді. Өмірінің ұзақтығы 20-25 жылға дейін. 18-19 жастағы аналықтар төл берген жағдайлар мәлім, бірақ торда ұсталынатын аңдар 7-8 жылдан артық өмір сүрмейді.
Құндыздар тек өсімдікпен қоректенеді. Оларға аздаған мөлшерде концентраттар береді (арпа, жарма), қыста – тамыртүйнек, жазда – шөп және жыл бойы ағаш сүрегін береді.
Құндыз шаруашылығына сұраныс әзірге жоқ болғандықтан, құндыздарды өсіру қазіргі уақытта тиімсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |