Аң шаруашылығы өнімі.
Аң шаруашылығының басты өнімі - терілер. Сонымен қатар,тамаққа нутрий етіп қолданады. Қосымша өнім маймен, жыртқыш аңдар еттерімен, түбіттермен, көң және тағы басқалармен көрсетілген.
Терілер. Терілерді негізінен түбіттің ең жақсы дамуы периодында бауызданатын биылғы төл және де жарамсызға шыққан ересек аңдардан алады. Тері сапасы ең алдымен денедегі түк күйінен және оның түсінен, сондай-ақ тері көлемдеріне тәуелді . Ақырғысын бағалау кезінде түктерінің бекітілу беріктігіне әсер ететін теріге назар аударады.
Тері мен жамылғы түктің құрылысы.
Жоғары сапалы тері алу және оны дұрыс бағалау үшін аңның терісімен жамылғы түктің құрылысын білу қажет. Жамылғы түктілі түбітті аңдардың түгі әр түрлі категорияалардан тұрады. Оның ең бастысы пішінді және түбітті. Біріншісі екіншісінен ұзындау және жіңішке. Бірақта пішінді түктер оның меншікті салмағы 3 -5% болғанмен де олардың өсуі барлығынанда жалпы терінің сапасына байланысты. Пішінді түк бағыттаушы және тікенді болып бөлінеді . Біріншісіне өте ұзын жеке пішінді түктінің 10-20 % құрайтын түк жатады: олар бәрінен де бұрын біркелкі боялған негізгі түктің жиынтығынан шығып тұрады және терінің үлпілдігіне әсер етеді. Бағыттаушы түктің пішіні ұршық тәрізді. Тікенекті түк ланцет формалы: жоғары бөлігі тығыздалған және ұлғайған. Негізгі пластинкалары жай ғана майысқан. Бұл төменгі орналасқан түбітті түктің жақсы жабылуымен және қорғануын қамтамасыз етеді. Тікенді түктің құрылысы өзінше әр түрлі. Салыстырмалы ұзыннан өте ланцеттикалық пластинкасымен түбіттің ұзындығымен бірдей ұшы ұлғайған. Түктің ақырғы түрі аралық түк тобына кіреді.Кейбір аңдардың түрлерінде (түлкі,қара күзен) тікенекті түк түбіт астын толығымен жауып тұрады. Ал кейбіреулерінде(мысалы; күзен) Тікенекті түк нашар дамыған. Түбіті жақсы көрінеді және ақырғы күзеннің түсі оның қай және басқа түрге жататынын көрсетеді.
Өйткені пішінді түк қорғаныс функцияның аткарады және оның дамуы терінің мықтылығын анықтайды. Кейбір жағдайларда теріні өндегенде тікенекті түк алынып тасталады. Бұл салаыстырмалы мықтылығын төмендетеді. Өйткені тікенекті түк алынғанда (құндыз, камшат) терісінің мықтылығын 5%-ке төмендейді. (Камшаттың 100%-тен 95%-ке немесе күзеннің 90%-тен 85%-ке). Құндыздың жұлынған терісінің мықтылығы, 50%-ден 25%-ке дейін тікенектілей сақталған терімен салыстырғанда 2 есе төмендейді. Тікенектің түктінің оның жұмсақтығы және қаттылығы түтіктің ұйысун ескертеді немесе қысқартады. Тікенекті түбіттің дұрыс дамығанда түктер кигіз сияқты жиынтық құрап шатысады. Бұл терінің тағы да бағалығын түсіреді. Түбіт астың құрайтын түбітті түк жамылғы түктің негізгі жиынтығын құрайды (қыста 95-97%). Бірақ мезгілімен олардың меншікті салмағы өзгереді. Мысалы:Бұлғында 1 тікенекті түкке 44 түбіт, ал жазда 22 түбіт сәйкес келеді. Бұл салыстырмалы қысқа – жіңішке цилиндр пішінді түк. Көп – аз иірілген. Түбіттің негізгі рөлі жеке түптердің аралық өабатындағы ауа арөылы жылу сақтау қабатын құрайды. Түбітті аңдардың әрбір түбі қабықша және жүрек тәріздес қабаттан тұрады. Кутикула немесе қабықшалы қабатбелгілі бір ретпен орналасқан қабықшадан тұрады және қорғаныс қызметін атқарады. Әр түрлі аңдардың түктерінің категорияларының әр түрлігіне Черепицца құрастырып жоғарғы қабықшаның шеті төменгі қабықшаның шетіне жабысады. Осындай формалы қабықшада түктер арқылы су болмауынан сақтайды. Қабықшаның бір – біріне жануының характерімен Степени түктің жылтырауына тәуелді. Жоғарғы жағы тегіс болса, жылтырауы да мықты болады.
Қабықшаның құбылысы түбіттенудің жобағыдыққа бейімделуіне де тәуелді: ақ түлелілерде осындай кемшіліктері тығыз емес жыбысып тұратын қабыршактары бар түтіктері жиі кездеседі.
Қабыршақтың асты қабатта қабатты қабат жатыр, ұршық тәрізді жасушалардың бір-бірімен бірігу арқылы құрылған түтік. Қабықты қабат түтіктің негізін қаласа, ақырғысы ажырыу мен сыныққа төзімділігінің артыруымен ерекшеленеді. Қабықты қабат жіңішке болса, түтік тез сынады.
Өзек қабаты қыл негізінің орталық бөлігінде орналасқан. Ол борпылдақ қуысты іші ауаға толы ұлпалардан тұрады. Бұл ұлпалар жылу сақтауда негізгі роль атқарады. Өзек қабаты қылдың бойымен біркелкі таралып орналасады. Қылдың иілуі көп болатын ұшында және негізінде бұл қабат болмайды, оның орнына неғұрлым төзімді қабықты қабат болады.
Өзекті, кейде қабықты қабаттарда пигменттік жасушалар орналасады. Пигмент сары немесе қара болуы мүмкін. Жануардың жүн жабынының түсі
пигмент мөлшері, жасуша пішіні және олардың концентрациясына байланысты болады.Қыл жасушалары қыл пиязшығында түзіледі. Қыл өсу кезінде пиязшықтың мүйізделген бөлігі тірі жасушалардан бөлініп, қылдың қабы қысқарады және қыл терінің жоғарғы қабаттарына көтеріледі. Терідегі қылдың тереңдігі тұрақты емес: өсу кезінде олар төмен орналасады, ал толық жетілгенде одан қарағанда жоғарырақ орналасады. Мысалы, қыркүйекте қара күзеннің терісіндегі пиязшықтардың тереңдігі 1370мкм; ал қарашада талшықтардың көбі жетілген кезде 663мкм; нутрияда сәйкесінше 800-850 және 350 – 400 мкм.
Жабынды талшықтардың тамырлары мамықты талшықтарға қарағанда терең орналасады. Барлық терісі бағалы торда ұстайтын аңдарда талшықтары шоқ болып орналасқан: осьтік және кейбір мамықты талшықтардың талшық қаптары ортақ тері ойысында орналасады, сондықтан олар терінің бір ұяшығынан шығады. Талшық шоқтары топ құрады және олар бағыттаушы талшықтың маңында болады.
Қыл бірнеше қабаттардан тұратын терінің туындысы болып табылады. Үстіңгі қабат – эпидермис, немесе тері асты қабат, талшық өскен тері аймақарында өте жұқа болады. Жүн жабыны неғұрлым қою болса, бұл қабат соғұрлым жұқа болады және де эпидермис жаз уақытында қысқа қарағанда жақсы дамыған. Терінің ашық аймақтарында эпидермис үздіксіз көбейіп, олар үнемі алмасып отырады. Ал жүн жабыны астында ол қалыпты, тек жүн жабыны түлеу кезінде ауысып отырады. Терідегі аяқ астынан қайызғақтың(эпидермистің мүйізденіп кеткен жасушалары) пайда болуы тері қызметінің бұзылғанын көрсетеді.
Эпидермистің астында терінің негізгі қабаты – дерма орналасқан. Оның дамуы терінің беріктігін анықтайды. Дерманың негізгі бөлігі жыртылуға өте төзімді коллагенді талшықтардан (96-99% дейін) тұрады. Коллаген түрлі бағыттарда таралады, бірақ көп бөлігі бастан құйрыққа дейін созылып жатады. Нәтижесінде терінің көлденең бағыттағы жыртылуға аса төзімді қасиеті байқалады. Бұл әсіресе аздаған тесіктер болған кезде жақсы байқалады: егер теріні созса олар алдымен көлдегең емес, тігінен жыртыла бастайды. Температура 35 – 40 ̊ С болғанда коллаген құрылымы бұзылып, нәтижесінде тері тез сынып, өңдеуде пайдалануға жарамсыз болып қалады.
Дерманың бұлшық етті бөлігін иілгіш талшықтар құрайды. Олар терінің иілгіштігін және ылғалды күйіндегі қысылушылығын қамтамасыз етеді. Кепкен кезде бұл қасиеттер жоғалады, бірақ егер құрғақ өңделген теріні ылғалдандырса, онда бұл қасиеттерді қайта қалпына келтіруге болады.
Дерменың астында май қабаты орналасқан. Оның дамуы жануар семізділігіне тікелей қатысты. Ең терең қабат – бұлшық етті. Ол терінің жұқа, мөлдірге тақау қабығы.
Жүн жабыны мен теріге дерма қабатында орналасқан май бездерінің бөлетін заттары әсер етеді. Олардың өзектері қыл қаптарының жоғарғы бөлігіне ашылады. Осы бөлінген заттар қылдың бойына жағылып, оны механикалық әсерлерге төзімді етеді және өзіне сай жылтырлық пайда болады. Май бездерінің әрекеттері тері жағдайын жақсартады.
Жүн жабындысының өзгергіштігі.
Жүн жабынының өзгергіштігі көптеген себептерге тәуелді болуы мүмкін, және жоғары сапалы өнімді алу үшін осы себептерді білу керек.
Түрлік және географиялық өзгергіштік. Жануарлардың түріне байланысты жүн жабынының құрылымы бірдей болмайды. Бұның негізгі себебі олардың жабайы ата – тегінің тіршілік ету жағдайына байланысты. Ересек түлкілер мен ақ түлкілер қысқы уақытта өздеріне баспана мүлде іздемейді, сондықтан оларға суықтан қорғану керек. Бірақ олардың құрсақ пен денесінің жоғарғы бөлігінің түбіттенуінде аздаған айырмашылық бар. Құрсағының түбіттенуінің нашар болуы оған арқа мен бүйірге қарағанда суықтың аз әсер етуі деуге болады.
Қара күзендерде жүн жабыны қысқа. Бұл жануарлар жартылай суда тіршілік етеді, қорек алу кезінде суға көп сүңгиді, сондықтан ұзын түктер су болып қалар еді. Түлкілерге қарағанда қара күзендердің жүн жабыны неғұрлым біркелкі дамиды, себебі суық арқаға, бүйірге және құрсаққа бірдей әсер етеді. Бұлғындар болса құрлықта тіршілік етеді, бірақ олар қыста баспаналарды пайдаланады, сондықтан олардың жүн жабыны түлкілерге қарағанда аз жетілген, бірақ денесі біркелкі түктенген. Нутрий көп уақытын ұсақ су қоймаларында өткізеді, соның әсерінен оның құрсақ бөлігіне арқа мен бүйірге қарағанда суық көп әсерін тигізеді. Нәтижесінде денесінің астыңғы бөлігі үстіне қарағанда қою, бірақ қысқалау болады.
Жүн жабынының ұзындығына сәйкес жануарларды ұзын талшықты (остьтің ұзындығы аз дегенде 40-45мм) және қысқа талшықты(ость 25-35 мм) деп бөледі. Ұзын талшықтыларға түлкі, ақ түлкі, жанат тәрізді иттер; қысқа талшықтыларға – қара күзен, бұлғын, күзен.
Жабайы түрлерде жүн жабынының түрлі ареалдардың климаттық жағдай әсерімен байланысты географиялық өзгергіштігі үлкен. Бұл әсіресе тундрадан бастап жартылай шөлдерде тіршілік ететін түлкілерде жақсы байқалады (1- кесте). Оңтүстікте тіршілік ететін жануарларда жүн жабыны әдетте қысқа, жуан болады, сондықтан түктенуі неғұрлым дөрекі болады. Бір жабынды қылға келетін мамықты қылдарының мөлшері мен қоюлығы азаяды. Бұл өзгерістердің климаттық жағдайларға байланысты екенін бір жағынан жерсіндірілген жануарлардың түктену сапасының өзгерісінен байқауға болады, екінші жағынан әр жануар түрлеріндегі параллельді өзгерістен көруге болады.
1–кесте. Түрлі географиялық аймақтарда тіршілік ететін түлкілердің түктену сапасының көрсеткіштері. (Кузнецов мәліметтері бойынша).
Негізгі тіршілік ету аймағы
|
Ұзындығы, мм
|
Қалыңдығы, мкм
|
ость
|
мамық
|
ость
|
мамық
|
Якут АССР
Мурманск, Архангельск облыстары
Карельск АССР, Коми АССР, УССР Оңтүстік аймақтары
Өзбек ССР, Түркмен ССР
|
58,8
64,9
47,7
44,1
|
46,6
56,1
37,8
34,8
|
78,8
89,0
89,3
98,9
|
21,1
21,3
18,2
19,2
|
Түрлі аймақтарда торда өсірілетін жануарларда да осы заңдылық байқалады. Асылдандыру жұмысын жүргізген кезде жүннің ұзындығына ерекше мән береді, ал олардың қалыңдығы мен түк топтарының қатынасы шаруашылық орналасқан аймақтың жағдайына айтарлықтай тәуелді болады (2 –кесте).
2–кесте. Түрлі шаруашылықтардағы стандартты аталық қара күзендердің жаясындағы қысқы түктенудегі қылдардың даму көрсеткіші.
Көрсеткіштер
|
«Амудария аң шаруашылығы» (Түрік ССР)
|
«Бирюлинск аң шаруашылық совхозы» (Татар ССР)
|
Қыл ұзындығы, мм:
бағыттаушы
мамықты
|
22,1
15,1
|
26,1
14,8
|
Жалпақ бөлігіндегі негізгі қылдың қалыңдығы, мкм
|
144,3
|
128,8
|
Мамықты қыл қалыңдығы, мкм
|
15,7
|
15,4
|
Осьтік қылдардың жұмсақтық коэффиценті
|
6,5
|
4,9
|
0,5 см2 –қа келетін бағыттаушы қылдың саны
|
64
|
45
|
0,5 см2 –қа келетін мамықты қылдың саны
|
4398
|
5575
|
Бір бағыттаушы қылға келетін мамықты қылдың мөлшері
|
68,7
|
123,9
|
Маусымдық және жасқа байланысты өзгергіштік. Қалыпты климаттағы барлық жануарларда жүн жабынының маусымдық өзгергіштігі айтарлықтай көп: қыста жүн жабыны ұзын және жіңішке болады, олардың әсіресе мамықты қылдарының мөлшері айтарлықтай көбейеді, нәтижесінде жүн жабынының жылу өткізгіштігі жаздағыға қарағанда өте аз болады. Мысалы, түлкілерде жылу өткізу қасиеті 3 есе аз болады.
Маусым бойынша түктенудің сапасы түлеудің нәтижесінде өзгереді. Ересек жануарлардың көбінде түлеу екі рет болады: көктемде қысқы түк түсіп, орнына жаздық өсіп шығады, ал күзде жаздық түк қайтадан қысқыға ауысады. Тек ересек түлкілерде ғана бір рет көктемде түлеу байқалады. Жаздың басында өсіп шыққан түк қысқа дейін сақталады, бірақ күз айларында қосымша жаңа түктер өседі.
Көктемгі түлеу барлық аңдарда бірдей басталмайды: алдымен жүкті аналықтар түлей бастайды. Кәрі және ауру жануарларда түлеу кеш басталады; кейде жүннің бір бөлігі түспей қалады.
Қыл түсер алдында бозарып немесе қоңырлана бастайды. Қоңырланған қыл қыстың ортасында, қаңтар – ақпан айларында пайда болуы мүмкін. Бұл терінің жылу сақтау қасиетін төмендетпейді, бірақ оның әсемділігін кемітеді, кейін қылдың беріктігін төмендетеді.
Жануардың әрбір түрдің өзіне сай дене бөліктеріндегі ескі қылдың түсіп, жаңа қылдың өсіп шығу реті бар. Мысалы, көктемде қара күзенде алдымен көз маңы мен танау ұшының түктері түсе бастайды. Бұлғындарда алдымен беті және құйрық түбіндегі аймақтар түлейді. Ал жүкті аналық түлкілерде мойын бөлігі бірінші түлейді.
Жануарларда көктемгі түлеу көру мүшелері қабылдайтын күндізгі жарық ұзақтығы әсерінен басталады. Қыста соқыр болып қалған ақ түлкі қысқы түгін күзге дейін сақтаған кездері де болған. Оның қылы жетіліп кеткен, қоңыр, боз болған, бірақ түспеген.
Қысқы қыл шілденің аяғы мен тамыздың басынан бастап күн жарығының қысқара бастауының әсерінен өсе бастайды. Күн жарығын өзгерте отырып, тері жетілуін керекті уақытқа жылжытуға болады (3 - кесте).
3–кесте. Күмісті – қара ересек түлкілердегі жүн түзілудің мерзімдері.
Көрсеткіштер
|
Топ
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
IV
|
Күн жарығының көбейту мерзімі
|
–
|
1.05 - 15.06
|
–
|
1.05 – 15.05
|
Күн жарығын қысқарту мерзімі
|
–
|
–
|
16.05 –4.10
|
16.05 – 27.09
|
Түлеу соңының орта мерзімі
|
17.09
|
9.09
|
27.07
|
27.07
|
Тері жетілуінің орташа мерзімі
|
1.12
|
6.11
|
4.10
|
27.09
|
Жүн түзілуінің ұзақтығы, күн
|
211
|
188
|
157
|
149
|
3 – кестедегі келтірілген мәліметтер осы бағытта жасалған жұмыстың алғашқыларының бірі болып табылады. Мұнда қызығы сол, шілде айының аяғынан бастап күн жарығын қысқартудан басқа, мамыр – маусым айларындағы қосымша жарық түсіруді де көрсеткен. ІІ топтағы түлкілерде мамыр айында жарықты созу көктемгі түлеу мерзімін қысқартып, қысқы түктенуді тездетті. ІІІ топтағы жануарларда табиғи күн енді созыла бастаған кезде күн жарығын қысқартқан кезде көктемгі түлеу ерте бітіп және жалпы түк түзілуі шамамен 2 айға тоқтады т.б.
Ақ түлкілерге жүргізілген тәжірбие көрсеткендей жетілу мерзіміне күн көзі және де жарық түсіру күші әсер етеді. 40 люкс және одан төмен жарық түсіргенде ақ түлкіге әсер еткен жоқ. Сондықтан шедтың қақпақ пен еден арасын жарық өтпейтін материалмен жауып жарық мөлшерін қысқартады. Қалған ашық тор астыңғы және торлы қабырғалардан түскен жарық жануар денесіндегі түктің ерте түзілуін қамтамасыз етеді. Жарықты өзгерту мүміндігін көптеген шаруашылықтар пайдаланады.
Теріні негізгі бөлігін жас аңдарды сою кезінде алады, олар түктенудің айтарлықтай жас өзгергіштігімен сипатталады. Жыртқыш аңдар күшіктерінің түктенуі әлсіз болады: жүн жабыны, немесе тері астынана енді шығып келе жатады(қара күзен, бұлғын), немесе оның ұзындығы 5-8 мм –ден аспайды (түлкі, ақ түлкі). Алғашқы жүн жабыны әдетте өте жіңішке, мамықты қылға ұқсас осьтік қылдардан тұрады. Туғаннан бірнеше күннен соң мамықтары өсіп күшіктер толықтай түктенеді. Жыртқыштардың күшіктері алғашында іннен шықпайды, сондықтан жүн талшықтары механикалық әсерлерге түспейді және де денесінің барлық аймақтарында біркелкі тарайды. Ал кемірушілердің жас төлдері (нутрий, борсық, шиншилла) бірден тіршілік әрекетіне түсе бастайды, және түктенуі ересек жануарлармен бірдей дифференцияланады.
50 -60 күні жыртқыш күшіктерінде алғашқы қылдарының жаздық қылға ауысуы жүреді, ол өмірінің 20 -25 күнінде өсе бастайды. Осы кезде қара күзен мен бұлғындарда ость пен мамықты қылдары, түлкі мен ақ түлкілерде тек жапқыш қылдары ауысады, ал мамықты қылдар екінші түлеуге дейін сақталады.
Төлдің алғашқы түгінің ауысуы жазғы уақытта, бірақ белгілі бір жаста болмайды. Олар үнемі інде болғандықтан орта өзгермейді. Сондықтан күн жарығының ауысуы бұл түлеуде әсерін тигізбейді.
Шілде – тамыз айларында күшіктерде ересектермен бірге қысқы түктің өсуі басталып, жаздық түк түсе бастайды.
Жарықтан басқа түктің жетілу мерзіміне жасы да әсер етеді. Түлкілерде ерте туған төл мен кеш туған төлдердің жүн жабынының айырмашылығы болады. Кеш туған төлдің жүн жабыны жақсы жетіледі.
Температура да жүн жабынының жетілуіне әсерін тигізеді. Бақылауға сәйкес қазан –қараша айларында жануарларды 1 -1,5 апта кейін союға тура келеді.
Өмірінің екінші жылында көп жануардың жүн жабыны жақсара түседі, бірақ қою және ұзындау болады.
Жас ұлғайған сайын жүн сапасы төмендей береді: түлеудің дұрыс аяқталмай қалуы, шоқ болып қалуы, қылдың баяу дамуы, түсінің нашарлауы жиі байқалады. Кәртейген сайын жануарлардың көбею қызметі нашарлай бастайды, сондықтан оларды түктері нашарлағанға дейін сойып тастайды.
Өзгергіштіктің басқа да түрлері. Түктенудің сапасына қорек айтарлықтай әсер етеді. Дұрыс тамақтандырмаған кезде талшық фолликуласының бір бөлігі жетілмейді, бұл қылдың сиреп кетуіне әкеледі, ал өсіп жатқан қылдар керекті ұзындыққа жетпейді. Кейбір витаминдердің жетіспеушілігінен қылдың түсі мен жүн жабынының жағдайы нашарлайды. Ал қылдың пигментіне кейбір микроэлементтер әсер етеді.
Жануарларды ұстау жағдайы дұрыс болмағанда қыл ұшының ирелеңдеуіне, сынуына, жүн жабынының кірленуіне және т.б дефектілеріне әкеліп соғады.
Сонымен қатар тұқым қуалаушылық қасиеттерімен байланысты жеке өзгергіштк те маңызды; ол түктенудің біркелкі дамымауынан, түсінің ауытқуынан, тері көлемін анықтайтын жануардың мөлшерінен көруге болады. Бұл өзгергіштік қызықты әрі маңызды болып табылады. Себебі пайда болған белгілерді асылдандыру жұмыстарында керекті сапаны алу үшін қолданады.
Тері сапасының көрсеткіштері.
Терінің тауарлықсапасы ең алдымен жалпы жүн жабынының дамуымен және жеке қылдың құрылымымен анықтайды.
Жақсы терінің жүн жабыны қою болуы керек. Алайда жүн жабынының қоюлығы тек қыл тығыздығымен ғана емес, сондай – ақ қылдың қалыңдығымен байланысты болады: қыл қалың болған жағдайда жүн жабыны қою болып көрінеді.
Жүн жабынының қоюлығын көзбен қарап анықтау қиын, себебі аумақ бірлігіне қылдың мөлшері теріні созу дәрежесіне қарай өзгеріп отырады.
Жүн жабынының қоюлығына осьтік қылдар айтарлықтай әсер етеді. Сондай – ақ жабынды қылшықтар мен мамықты қылшықтардың ара қатынасының да әсері бар. Терісі бағалы аңдарда осьтік қылшықтар мамықтардан ұзын болады, және мамықты қалшықтар қалың, қою болған жағдайда осьтік қылшықтар көлденең орналасады. Олардың кеңейген бөліктері мамықтарды үстінен жауып тұрады және қою, үлпілдеген түктің көрінісін береді. Егер мамықты қылшықтар қысқа болған жағдайда осьтік қылшықтардың үлпілдектігі азаяды. Ал мамық түктері нашар жетілсе осьтік қылшықтар көлденең жатып, жазық болып қалады. Қылшықтардың тым ұзын, жіңішке, иілгіштігі аз болса, оның ұшы салбырап, жүн жабынының түрі салбырап тұрады. Осьтік қылшық сирек, қысқа болғанда мамық көрініп қалады. Осындай жағдайда мамық қылшықтар ұйысып, мақта тәрізді түрге ие болады.
Жүн жабынының жұмсақтығы– жеке қылшықтардың құрылымына байланысты. Қылшық неғұрлым ұзын және жіңішке болса, соғұрлым жұмсақ болады. Бұл белгінің объективті көрсеткіші – жұмсақтық коэффиценті. Ол қылшық қалыңдығының (мкм) оның ұзындығына (мм) қатынасын көрсетеді. Коэффицент аз болған сайын, қылшық жұмсара түседі. Тым жұмсақ болғаны да қажет емес, ондай қылшықтар ұйысқақ болады және серпімділігі азаяды. Терінің жұмсақтығы жалпы жапқыш және мамықты қылшықтар ара қатынасына да байланысты. Мамықты қылшықтардың өзі үнемі жұмсақ болады, оның үлесі көп болғандықтан ол жүн жабынына жұмсақ көрініс береді.
Жүн жабынының жылтырлығыкутикула құрылымына, жағдайына және қылшықтардың майлануына байланысты болады. Жақсы жетілген май бездері қылшықтарды үнемі майландырып тұрады. Көктемде май бездерінің қызметі қысқарып, нәтижесінде оның түгі бозарып кетеді. Мұндай құбылыс жануар ауырған кезде немесе дұрыс қоректендірмеу нәтижесінде май бездерінің қызметі бұзылған кезде байқалады.
Жүн жабынының түсі жапқыш және мамық қылшықтарының ұшының түстерінің үйлесімділігінен құралады. Басқа түске боялған бағыттаушы қылдар «вуаль» түзеді, ал мамық ұшының түсі теріге белгілі – бір рең береді.
Терінің беріктік қасиеті жеке қылшықтың мықтылығына байланысты, олардың терімен байланыс дәрежесіне, сондай – ақ мамықтың бағыттаушы қылшықпен жабылу дәрежесіне байланысты анықталады. Қыртысты қабығы қалың болса, қылшық мықты болады және пайдалану кезінде оның құрылымы кеш бұзылады. Мамықты қылшықтардың мамықты қылшықтарға қарағандаберіктілігі төмен, егер жапқыш қылдарды алып тастаса, онда терінің беріктілігі төмендейді. Түлеу басталған жануарлардың терісіндегі қылшықтардың жүн жабындысы енді жетіле бастаған кездегі жануарлар терісіне қарағанда терімен байланысы әлсіз болады. Теріні өңдеу кезінде пиязшықтарды зақымдаса жүн жабындысының беріктілігі төмендейді. Теріні өңдеудің түрлі әдістері де бұл көрсеткішке әсер етеді. Және де тері беріктігі жауар түріне байланысты, яғни әр жануар түрінің қылшықтың құрылым ерекшеліктері болатындығын айта аламыз. (4 – кесте)
4-кесте. Әрбір түрге жататын жануар терісінің салыстырмалы беріктігі.
Тері
|
Салыстырмалы беріктік, %
|
Тері
|
Салыстырмалы беріктік, %
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |