24
Компоненттердің бірінің өзгеруімен арифметикалық амалдар нәтижелерінің
өзгеруі байқалады.
Алгебра
элементтерін
енгізу,
терең,
меңгерілген
және
жалпыландырылған игеру мақсаттарына жауап береді: теңдік, теңсіздік,
теңдеу, айнымалы түсініктері тиянақты негізінде ашып беріледі.
1-сыныптан бастап санды теңдіктер мен теңсіздіктер (4=4, 6=1+5, 2 <3,
6+1>5, 8-3<8-2 т.б.) қаралады.
Оларды үйрену арифметикалық материалды үйренумен байланысады
және оны тереңірек ашуға жәрдем береді.
2- сыныптан бастап (x+6)-3=2 т.б. түрдегі теңдеулер қарастырылады.
Теңдеулерді шешу, алдын таңдау методымен, сондай-ақ амалдардың
нәтижелері мен компоненттерінің арасындағы байланыстарды білудің
нәтижесінде орындалады.
Айнымалымен практикалық тексеру оқушылардың функционалды ой-
елестерін иелеу мүмкіндігін береді.
Геометриялық материал балалардың ең қарапайым геометриялық
фигуралармен таныстыру, олардың кеңістік елестерін нығайту, сонымен
қатар ариметикалық заңдылықтарды, байланыстарды бейнелу мақсаттарына
қызмет етеді (Мысалы, тіктөртбұрыштың тең квадраттарына бөлінген
бейнелі образынан көбейтудің орын ауыстыру қасиетін байланысы ашып
пайдаланылады...).
1-сыныптан бастап түзу, қисық және сынық сызықтар, кесінділер,
көпбұрыш және олардың элементтері, тіктөртбұрыш т.б. енгізілген.
Оқушылар геометриялық фигураларды елестете алуы, олардың аттары,
тор қағазға қарапайым түрде жасауды үйренуі тиіс. Бұдан тыс, олар кесінді
және
сынық
сызықтың
ұзындығын,
көпбұрыштың
периметірін,
тіктөртбұрыш, квадрат және мүлдем кез келген фигураның ауданын (палетка
көмегімен) табу іскерлігін иелеуі қажет.
7-§. Оқыту методының түсінігі
Бастауыш
сыныптарда
математиканы
оқытудың
мақсаттары
төмендегілер: жалпы білім мақсаты, тәрбиелік мақсаты, практикалық
мақсаты. Бұл мақсаттар бір-бірімен үздіксіз байланыста бірін-бірі
толықтырады.
1. Білімділік мақсаты оқытушыдан төмендегілерді талап етеді:
а) оқушыларға математикалық білім жүйесінен, білім, іскерлік, дағды
беру;
б) шынайы әлемді математикалық методтармен үйрену;
в) оқушылардың ауызша және жазбаша есептеуін дамытуды, оның
сапалы болуын қамтамасыз ету
г) оқушыларға математикадан білім беруді қамтамасыз ету қажет, бұл
білім арқылы, белсенді білу қызметі арқылы, іскерлік, дағды артып баруы
қажет
2. Тәрбиелік мақсат. Математиканы оқыту оқушыларды сауаттылыққа,
тырысуға, ықшамдыққа, өзінің пікірі мен қорытындыларын бақылай алуға,
әсіресе, бақылау негізінде айтылатын пікірлердің тынық болуына қол жеткізу
25
қажет. Мөлшерлердің арасындағы байланысты өрнектеу үшін математикада
символадар қолданылады. Міне осы математикалық тіл дамуы тиіс.
Оқытушының міндеті символ тілінде өрнектелген математикалық пікірді ана
тіліне көшіруге үйретуден тұруы керек.
Білуге ұмтылу, өзіндік жұмыстан қанағаттану сезімдерін тәрбиелеу
қажет. Математика пәнін оқытудың өзі оқушыларда пікірді топтай азайтуды
тәрбиелейді.
Оқытушы төмендегілерді қамтамасыз ету қажет:
а) оқушы материалдық әлемдегі байланыстарды, мөлшер өзгеруінің бір-
бірімен қатынасын анықтап алуы;
б) оқушылардың математиканы үйренуге күшті қызығуын қамтамасыз
ету;
в) еңбекке, Отанға, адамдарға деген қарым-қатынасын тәрбиелеу,
эстетикалық талғамды пайда ету;
г) ұлтының тарихы, математиканың оқытылуы тарихына деген
дүниетанымды тәрбиелеу;
д) оқушылардың пікірлеу қабілетін және математикалық мәдениетін
тәрбиелеу.
3. Практикалық дамытушы мақсат. Математиканы оқытудың
практикалық мақсаты — оқушылар алған білімдерін практикада қолдана
алуға үйретуден тұрады. Меңгерген білімді сандар мен математикалық
өрнектер, әртүрлі мәселелерді шешуде пайдалана білуге үйрету. Бұл білімді
күнделікті тұрмыста кездесетін мәселелрді шешуде қолдана білуді үйрету.
Оқыту методының түсінігі дидактика және методиканың негізгі
түсініктерінің бірі болып табылады.
Сөйтіп оқыту методтары меңгеру, тәрбиелеу және дамыту сияқты негізгі
үш міндетті атқарады.
Оқытудың методтарынан, білімнің жаңа мазмұнына, жаңа міндеттерге
сай келетіндеріне саналы түрде таңдап алу үшін алдымен барлық оқыту
методтарын классификациялауды үйрену қажет.
1. Ғылыми-зерттеу методтары туралы мәлімет
Педагогикалық тәрбиелеуге тиісті жұмыс тәжірибелерін үйренбей және
жалпыламай, педагогикалық прцесті терең зерттемей тұрып педагогиканы
дамытып болмайды. Қазіргі тәлім-тәрбие педагогиканы ғылыми тұрғыдан
білудің жалпы методымен қаруландырады. Бірақ басқа кез келген пән сияқты
педагогика пәнінің де жеке зерттеу методтары бар.
Ғылыми-зерттеу методтары — бұл заңды байланыстарды, қатынастарды
орнату және ғылыми теорияларды түзу мақсатында ғылыми ақпараттарды
алу тәсілі болып табылады. Бақылау, тәжірибе, мектеп құжаттарымен
танысу, үйрену, сұхбат және анкеталар өткізу, ғылыми педагогикалық
зерттеу методтарының құрамына кіреді. Кейінгі кезде математиткалық және
кибернетикалық методтарын, сондай-ақ моделдеу методын пайдалану
енгізілуде.
Бастауыш математикасын оқыту методикасында бүкіл педапгогикалық
зерттеулерде қолданылатын методтардың өзінен пайдаланады.
26
2.Бақылау методы
Бақылау методы — әдеттегі жағдайда бақылау нәтижелерін қажетті
түрде енгізумен педагогикалық процесті мақсатқа бағыттаудан тұрады.
Бақылау методынан оқу-тәрбие жұмысының ол немесе бұл саладағы
жұмысының қай түрде болып жатқанын үйрену үшін пайдаланылады. Бұл
метод оқытушы мен оқушылардың қызметі туралы мәжбүри болмаған табиғи
жағдайда нақты материал топтау мүмкіндігін береді.
Бақылау кезінде зерттеуші оқу процесінің әдеттегі баруына араласпайды.
Бақылау анық мақсатты көзделген жоспар негізнде ұзақ немесе қысқа
уақыттың аралығында жалғасады. Бақылау барысы, факттер, болып жатқан
оқиғалар, жиhазадар бақылау күнделігін жазып барылады.
Бақылау тұтас немесе таңдамалы болуы мүмкін. Тұтас бақылауда
кеңінен алынған оқиға (мысалы, математиканы оқытуда кіші жастағы
оқушылардың білу қызметі), таңдамалы бақылауда кіші көлемдегі оқиғалар
(мысалы, математика сабағында оқушылардың өзіндік жұмыстары)
бақыланады. Қаулы жазу немесе күнделік жүргізу бақылауды енгізудің ең
қарапайым методы болып саналады. Бірақ бақылауларды енгізудің ең
сенімді методы техникалық құрылғылар, видео және телеэкранда пайдалану
болып табылады.
Пайдаланылған бақылау методтарының бірі үздік педагогикалық
тәжірибені үйрену және жалпыландырудан тұрады. Бұл методты табысты
пайдаланудың мәжбүри негізгі шарты оқытушылар тәжірибесінің
мінездемесі қойылған зерттеу міндетіне жауап беретін болуы қажет.
3.Тәжірибе
Тәжірибе — бұл да бақылау болып, арнайы ұйымдастырылған,
зерттеуші жағынан бақыланатын және жүйелі түрде өзгертіріліп тұратын
жағдайда өткізіледі. Педагогикалық тәжірибе оқытудың және тәрбиелеудің
ол немесе бұл тәсілдің, қолданбалардың тимділігін зерттеуде қолданылады.
Тәжірибе өткізуден бұрын зерттеуші зерттелуі қажет болған мәселелерді
нақты өрнектеп алуы, мұндай мәселелердің шешілуі мектеп практикасында
және педагогика пәні үшін практикаға ие болуы тиіс. Тәжірибе өткізуден
бұрын зерттеуші үйрену предметі болған мәселенің теориясы және
тарихымен, сондай-ақ, сол сала бойынша практикалық жұмыс тәжірибесімен
танысып шығады. Зерттеуде ғылыми фразаның орны үлкен маңызға ие. Бүкіл
тәжірибені ұйымдастыру ғылыми фразаны тексеруге бағытталады. Ол
материал топтау мүмкіндігін береді және зерттеушінің анық материалда
шатасып кетуіне жол бермейді.
Тәжрибе нәтижелерін талқылау, салыстыру методымен өткізіледі. Бұл
үшін екі немесе бірнеше топ құралады. Топтарға кірген оқушылар құрамы
бойынша дайындық нәтижелері және басқа да көрсеткіштер бойынша да
мүмкіндіктері бір түрлі болуы керек. Бір түрлі сыныптарда зерттеуші
жағынан арнаулы шығарылған тәжірибе материалы бойынша жұмыс
орындалады. Салыстыру үшін бақылау сыныптары таңдалады, бұл сыныптар
оқушылардың құрамы, олардың білімдік деңгейлері бойынша шамамен
тәжірибе сыныптарға тең күшті болуы қажет, бұл сыныптарда математика
Достарыңызбен бөлісу: |