Б. С. Абдуллаева м. Е. Жумаев м. М. Султанов



жүктеу 3,62 Mb.
Pdf просмотр
бет11/71
Дата06.01.2020
өлшемі3,62 Mb.
#26003
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71

 
29 
Ғылыми-педагогикалық  зерттеулерде  теориялық  методтар  жетекші 
орынды  иелейді.  Әрбір  зерттеуден  алдын  үйрену  объектісін  таңдау, 
теориялық  талқылау  негізнде  объект  қайсы  фактілерде  байланыстылығын 
анықтау  және  тексеру  үшін  олардың  жетекшісін  таңдау  тиіс.  Зерттеудің 
мақсат және міндеттерін анықтау гипотезасын түзу осыған сай түрде зерттеу 
өткізу  методикасын  шығару,  зерттеу  барысында  алынған  фактілерді 
түсіндіру,  талқылау  тәсілдерін  таңдау  және  қорытындыларды  өрнектеу 
қажет.  Бұл  жұмыстардың  бәрін  орындау  үшін  зерттеліп  жатқан  мәселенің 
бұрынғы және қазіргі кездегі теориясы мен практикасын ашып беретін әдеби 
құндылықтарды  үйрену  және  талқылау  қажет.  Теориялық  методтар  басқа 
методтарымен  бірге  математика  методикасына  тиісті  әрбір  зерттеуде 
қолданылады.  Кез  келген  ғылыми  проблемаларды  шешуде  қойылған 
мәселеге  тиісті  барлық  әдебиетті  үйрену  және  теориялық  зерттеу  өткізу 
қажет.  Бұлсыз  мақсатқа  бағытталған  болмайды,  сынау  кейде  қателіктермен 
жүргізіледі.  Сонымен  қатар  әдебиетті  үйренбей,  теориялық  талқылау 
жасамай тұрып, пәнде жылдамдық қамтылмайды. Математика методикасына 
тиісті  зерттеулерде  басқа  да  методтардан  пайдаланылады.  Әдетте  мұндай 
методтардың  бәрінен  бірге  пайдалану,  нәтижелердің  сенімді  болуын 
қамтамасыз етеді.  
Қазіргі заман дидактикасында оқыту методтарының классификациясына 
әртүрлі жанадасу бар. Біздің пікірімізге ең мақсатқа сай, әртүрлі методтарды 
өз ішіне алатын классификация болып табылады. 
Жоғарыда  берілген  сипаттамадан  оқыту  методтары  оқытушы  мен 
оқуышалардың  бірге жүргізетін қызметінен тұратыны көрінеді.  
Мұндай  қызмет  ұйымдастыру,  ынталандыру  және  бақылау  жасауды 
көздейді,  осыған  орай  оқыту  методтары  да  үлкен  үш  топқа  бөлінеді:  оқу 
қызметін  ұйымдастыру  методтары;  оқу  қызметін  ынталандыру  методтары; 
оқу қызметінің нәтижелілігін бақылау методтары. 
Оқу,  білу  қызметін  ұйымдастыру  методтарын  бірнеше  топқа  бөліп, 
классификация жасау мүмкін. 
I. Оқушылар білім алатын көздер бойынша: 
Ауызша,  көрсету  және  практикалық  методтар  (түсіндіру,  сұхбат, 
әңгімелеу, кітаппен жұмыс, т.б.) 
Көрсету  методтары  (қоршаған  ортадағы  предметтер  және  оқиғаларды 
бақылау,  олардың  моделдері  мен  суреттерін  қарау)  оқушылардың 
практикалық жұмыстары. 
II. Оқушылар пікірінің бағыты бойынша: 
Индукция, дедукция және аналогия. 
III.  Педагогикалық  әсер,  басқарудың  деңгейі,  оқушылардың  оқу 
процессінде еркіндік деңгейі бойынша : 
 Оқытушының басшылығында атқарылатын оқу жұмысы методы
Оқуышылардың өзіндік жұмыстарының методы. 
IV. Оқуышылар еркін белсенділіктерінің деңгейі бойынша: 
Түсіндірмелі-иллюстрация методы; 
Репродуктивтік метод: білімдерді проблемалы баяндау методы; 


 
30 
Іздену және зерттеу методы. 
I. Ауызша көрсету және практикалық методтар 
1).  Ауызша  методтар  —  қысқа  мерзімде  көлемі  бойынша  ең  көп 
мәліметтерді  беру,  оқушылардың  алдына  проблемалар  қою,  оларды  шешу 
жолдарын көрсету мүмкіндігін береді. Бұл методтар оқушылардың абстракты 
ой-санасын дамытуға жағдай жасайды. 
Түсіндіру.  Білімдерді  түсіндіру  методының  маңызы  оқытушы 
материалды  баяндайды,  ал  оқушылар  білімдерді  дайын  түрде  қабылдай 
алады. 
Материалдың баяндамасы анық, түсінікті, қысқа болуы қажет.  
Бастауыш  математика  курсының  бірнеше  мәселелерін  қарастыруда 
білімнің жылдам баяндамасы қажет. Мысалдар:   
1).  көп  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  жазба  түрде  бөлу  алгоритімі 
(656:4;   1896:6) 
2).  1  немесе  0-ге  көбейту  жағдайы.  Балаларда  көбейту  амалы  туралы 
білімдер  1  немесе  0-ге  көбейту  жағдайын  түсініп  алуына  көмек  бермейді. 
Оқытушы білімдерді дайын түрде жеткізу керек.  
Оқытушының  білімдерін  түсіндіру  методынан  мәліметтер  туралы 
теориялық 
матиералдар 
қолдану 
бойынша 
жол-жорық 
беруде 
пайдаланылады. 
 
II. Көрсету методтары 
Оқытудың  көрсету  методтары  —  бақылау  негізінде  білім  алу 
мүмкіндігін береді. Бақылау ой-сананың белсенді түрі, бұны оқытуда, әсіресе 
бастауыш  сыныптарда  кеңінен  пайдаланады.  Айналадағы  предмет  пен 
оқиғалар  және  олардың  алуан  моделдері  (әртүрлі  типтегі  көрсету-
қолданбалар)  бақылау  объекті  саналады.  Оқытудың  көрсету  методтарын 
оқытудың  ауызша  методтарынан  бөлуге  болмайды.  Көрсету-қолданбаларын 
ұсынуды  әрдайым  оқытушының  және  оқушылардың  түсіндіруімен  бірге 
жүргізіледі. Оқытушының сөзімен көрсету құралдарын бірге пайдаланудың 4 
негізгі түрі анықталған.  
1) оқытушы сөздің көмегімен оқушылардың бақылауларын басқарады; 
2)  ауызша  түсіндірулер  объектінің  көрінбейтін  тұстары  туралы  мәлімет 
береді; 
3)  көрсету-қолданбалары  оқытушының  аузша  түсіндірулерін  бекітетін 
немесе тиянақтытейтін иллюстрация болып қызмет етеді: 
4) оқытушы оқушылардың бақылауларын жалпыландырады және жалпы 
қорытынды шығарады. 
 
III. Практикалық методтар  
Іскерлік  пен  дағдыларды  қалыптастыру  және  нығайту  процесімен 
байланысты  болған  методтар  оқытудың  практикалық  методтары  саналады. 
Әсіресе,  мұндай  методтардың  қатарына  жазбаша  және  ауызша  жаттығулар, 
парактикалық  және  лабараториялық  жұмыстары,  өзіндік  жұмыстардың 


 
31 
кейбір түрлері жатады. Жаттығулар негізінен нығайту және білімдерді енгізу, 
іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру методы ретінде қолданылады. 
 Жаттығу  —  деп  бір  амалды  меңгеру  немесе  нығайту  мақсатында 
жоспарлы  түрде  ұйымдастырылған  қайталау  түрінде  орындауды  айтады. 
Жаттығу дайындау, жаттығу орындатуға және шығармашылық жаттығуларға 
үлкен  көңіл  бөлінеді.  Шығармашылық  тұрғыдағы  жаттығуларға  мәселе  мен 
мысалдарды түрлі тәсілдер арқылы шешу, өрнек бойынша мәселе түзу, қысқа 
жазу,  сызбаға  қарап  мәселе  түзу,  проблемаларды  шешу  жаттығулары  тағы 
басқа да жаттығулар жатады. 
 
ИНДУКЦИЯ, ДЕДУКЦИЯ, АНАЛОГИЯ 
 
Бұл  үш  метод  жаңа  білімдерді иелеу  негізінде жататын қорытындының 
ерекшеліктеріне қарап бір-бірінен айырмашылық етеді. 
Индукция  методында  оқушының  пікіріні  бірліктен  жалпылыққа,  жеке 
қорытындылардан  жалпы  қорытындыларға  алып  барады.  Индуктив 
қорытынды  —  жекеден  жалпыға  қарап  баратын  қорытынды  болып 
табылады.  Бұл  методты  пайдаланып  белгілі  бір  заңдылықты  ашу  немесе 
қағиданы  шығару  үшін  оқытушы  мысалдар  мен  мәселелерді  және  көрсету 
материалдарын ықшамдықпен таңдайды. 
Бастауыш  сыныптарда  индукция  методымен  үздіксіз  байланысты  түрде 
дедукция  методынан  да  кеңірек  пайдаланылады.  Бастауыш  сыныптардың 
жаңа  оқыту  бағдарламасының  талаптарына  өту  қатынасымен  дедукция 
методын пайдаланудың шегі біраз кеңейді. 
Дедукция  методы  жалпылама  білімдер  негізінде  жаңа  жеке  білімді 
ашудан тұрады. 
1+2=3   3-2=1   3-1=2 
Дедукция  бұл,  жалпы  қағидалардан  жеке  мысалдарға  және  тиянақты 
қағидаларға өту болып табылады. 
Индуктив  және  дедуктив  қорытындыларға  мысал  келтіреміз.  Бірінші 
сыныптың  оқушыларына  қосындымен  мен  қосылғыштың  арасындағы 
байланысты  түсіндіру  үшін  балаларды  қорытындыға  индуктив  жолымен 
әкелеміз.  Көрсетуден  (әртүрлі  шеңберлерді)  пайдаланып,  алдымен  барлық 
шеңберлердің қанша екені табылады. (1+2=3)  
Содан  соң  1  қызыл  шеңбер  (бірінші  қосылғышты  өрнектейтін)  алға 
сырып  қойылады,  мұнда  балалар  2  көк  шеңбер  яғни,  екінші  қосылғыштың 
қалуын  анықтайды.  (3-2=1)  Содан  кейін  3  шеңберден  2  көк  шеңбер  (екніші 
қосылғышты  өрнектейтін)  айырса,  1  қызыл  шеңбер,  яғни  қосылғыштың 
қалуын  анықтайды  (3-1=2).  Содан  соң  басқа  сандар  мен  басқа  да  көрсету 
материалдарымен  бірге  сондай  жаттығулар  орындалады  және  балалардың 
өздері  осы  жалпы  қорытындыны  өрнектейді:  егер  қосындыдан  бірінші 
қосылғышты  айырса,  екінші  қосылғыш  қалады,  егер  қосындыдан  екінші 
қосылғышты айырса, бірінші қосылғыш қалады. 


жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау