Б. С. Абдуллаева м. Е. Жумаев м. М. Султанов



жүктеу 3,62 Mb.
Pdf просмотр
бет1/71
Дата06.01.2020
өлшемі3,62 Mb.
#26003
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71


Б.С.  АБДУЛЛАЕВА    М.Е. ЖУМАЕВ   М.М.СУЛТАНОВ 
У.М.СУЛТАНОВА 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МАТЕМАТИКА ОҚЫТУ МЕТОДИКАСЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА АРНАУЛЫ 
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ 
 
 
 
 
 
 
Б.С.  АБДУЛЛАЕВА    М.Е. ЖУМАЕВ   М.М.СУЛТАНОВ 
У.М.СУЛТАНОВА 
 
 
 
 
 
 
 
МАТЕМАТИКА   ОҚЫТУ   МЕТОДИКАСЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өзбекстан  Республикасы  Жоғары  және  орта  арнаулы  білім  министрлігі 
педагогика институты мен университеттерінің бастауыш білім факультетінің 
студенттеріне оқулық ретінде ұсынған 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТАШКЕНТ – 2012 


 

Б.С.  Абдуллаева    М.Е. Жумаев   М.М.Султанов  У.М.Султанова 
Математика  окыту  методикасы.   2012.  212 бет. 
 
Бұл  оқулық  педагогика  институттары  мен  университеттерінің 
«Бастауыш  білім  және  спорт  тәрбие  жұмыстары»  бағытында  білім  алып 
жатқан  болашақ  бастауыш  сынып  оқытушыларына  арналып,  «Математика 
оқыту  методикасы» пәні бойынша пайдалануға ұсынылады. 
 
 
Пікір 
жазғандар:  
     
Н.М.  Мухитдинова  –  Низами  атындағы  Tашкент 
Мемлекеттік  Педагогика    университеті  “Бастауыш  білім 
әдістемесі”  кафедрасы  доценті,  педагогика  ғылымының 
кандидаты 
 
 
A.X.Рахматуллаев  –    Tашкент    Мемлекеттік  Эканомика  
университеті  “Жоғары  математика”  кафедрасы  доценті, 
физика - математика ғылымының кандидаты 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 

 
СӨЗ БАСЫ 
 
Бұл  оқулық  университеттер  мен  педагогика  институттарының 
«Бастауыш  білім  және  спорт  тәрбие  жұмыстары»  бағытында  және 
«Математика  оқыту  методикасы»  пәнінен  білім  алатын  студенттерге 
арналған.  Жаңа  баспадағы  Мемлекеттік  білім  стандарты  және  оқу 
бағдарламасы  негізінде  оқытуды  көздейді.  Оқулықтың  жазылуында 
математиканы  оқыту  методикасының  теориялық  және  практикалық 
мәселелерін  тереңірек  ашу,  бастауыш  сыныптарда  математиканы  оқытуда 
болашақ  бастауыш  сынып  оқытушыларының  практикалық  дайындығы 
көзделген. 
Окулықта  математиканы  оқыту  методикасының  жеке  және  жалпы 
мәселелерін толық баяндауға әрекет жасалған.  Сондай-ақ оқулықты жазуда 
Л.Ш.Левенберг,  Н.У.Бикбаева,  М.И.Моро,  А.М.Пишкало  және  тағы 
басқалардың тәжірибелерінен пайдаланылған.  
Оқулықта  кемшіліктер  де  болуы  мүмкін.  Сондықтан  уақыт  бөліп, 
авторларға өздерінің пікірлерін жазғандарға ризашылық білдіреді. 
 
Авторлар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 

 
I ТАРАУ. ЖАЛПЫ МЕТОДИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ 
1-§.  Бастауыш  сынып  оқытушыларының  методикалық  және 
математикалық дайындығының міндеттері 
Елімізде  болып  жатқан  әлеумкттік-экономикалық  қарым-қатынастар, 
халыққа  білім  беру  жүйесіндегі  өзгерістер  «Білім  туралы»  заңда  және 
«Кадрларды  дайындаудың  Ұлттық  бағдарламада»  көрсетілгендей,  әрбір 
бастауыш  сынып  оқытушыларының  алдына  маңызды  міндеттер  қойылуда. 
Бұл  міндеттер  бастауыш  біліміне  тән  буындарды  ажырату  мүмкіндігін 
береді.  Мұндай  буындар  әр  түрлі  оқу  пәндерінің  бағдарламаларында,  оқу 
жоспарларында,  оқулықтарда  білімнің  енгізілуі  және  методикалық  жүйеде 
бір саланы пайда ету мүмкін. 
Мемлекеттік  білім  стандарттары  оқу  пәні  бойынша  оқу-методикалық 
жиынтықтар  (бағдарламалар,  оқу  жоспары,  оқулықтар)  жазу  үшін 
мүмкіндіктер  жасаумен  бірге  оқу  пәнаралық  байланыс  және  білімдерді 
сәйкесетендіру  принципі  негізінде  оқу  пәндерінің  өзара  байланысы  мен 
пәнаралық байланысын қамтамасыз етуге қызмет етеді.  
Бастауыш  сынып  оқытушысының  методикалық  дайындығы  дегенде 
оның ғылыми дүниетанымы негізінде математиканы оқытудың методикасын 
жалпы  педагогикалық  және  психологиялық  сондай-ақ,  математикалық 
дайындығымен  үздіксіз  байланыстағы  дайындығын  түсініледі.  Мұндай 
дайындықтың  міндетіне  бастауыш  білім  саласында  математикадан  белгілі 
білімді иелеу және оыушыларды оқыту арқылы тәрбиелеуді игеру жатады.  
Методикалық  және  математикалық  дайындық  бастауыш  сынып 
оқытушысының  дайындығының  құрамдық  бөлігі  саналады,  сондықтан  да 
оны  оқытушының  тәлім-тәрбиелік  қызметінен  бөліп  қарауға  болмайды. 
Екіншіден  математиканы  оқыту  бастауыш  сыныптың  бсатапқы  кезеңі  яғни, 
оқушыларды  алдағы  математика  курсын  меңгеруге  дайындаудың  кезеңі 
болып  табылады.  Математикадан  бастауыш  білімнің  бұл  екі  аспекті 
(бастауыш  білімнің  құрамдық  бөлігі  мен  математикалық  дайындығы) 
методикада өзінің лайықты көрінісін табуы қажет. 
Бастапқы  математика  курсы  оқушылардың  ой-санасының  дамуына 
жәрдем  береді.  Сондай-ақ  бастапқы  білімдердің  жеке  кешенін  құрайды, 
екіншіден  қажетті  методологиялық  елестері  мен  пікірлердің  логикалық 
құрылымын қалыптастыруға бағытталған болады 
Психологтар 6-10 жас баланың пікірлеу қабілеттерінің қалыптасуындағы 
жауапты 
кезең 
екенін 
дәлелдеген. 
Сондықтан 
бастауыш 
білім 
методикасының,  әсіресе,  математикадан  басатауыш  білім  методикасының 
міндеттерінің бірі – оқытудың жоғары нәтижелілігін арттыруды қамтамасыз 
етуде  оқытуды  оқушылардың  ой-санасының  дамуына  әсерін  жеделдетуден 
тұрады. 
Математикадан  бастапқы  тәлімдік-тәрбиелік  міндеттерді  теориялық 
білім  жүйесінің  негізінде  ғана  орындау  мүмкін.  Бұл  ғылыми  дүниетаным, 
психология,  дидактика,  математиканы  оқытудың  теориясын  (математика 
дидактикасы) өз ішіне алады. Дегенмен, тек қана теориялық білімдердің өзі 


жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау