Б. С. Абдуллаева м. Е. Жумаев м. М. Султанов



жүктеу 3,62 Mb.
Pdf просмотр
бет7/71
Дата06.01.2020
өлшемі3,62 Mb.
#26003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   71

 
19 
беру мүмкін. Сөйтіп, алгоритмдерді істеп шығу негізгі методикалық маңызға 
ие. 
Барлық  сыныптың  мәселелері  үшін  де  алгоритм  түзуге  болмайды. 
Мысалы,  арифметикалық  мәселелердің  шарттары  бойынша  өрнектер 
(теңдеулер)  түзу  үшін,  берілген  сандық  мәліметтер,  өрнектер  (теңдеулер 
бойынша  мәтінді  мәселелер  түзу  үшін  және  бұл  мәселелердің  шарттарын 
қысқаша жазу үшін алгоритм істеп шығу мүмкін емес.) 
Екінші  жақтан,  көп  сызықтар,  бұйрықтар  сыртқы  жақтан  алгоритмге 
ұқсас  болғанымен,  алгоритм  емес.  Бұл,  әсіресе,  оқушыларға  мәселенің 
үстінде жұмыс алып баруы бойынша ескертуге де тиісті: 
1.  Мәселені  мұқиятпен  оқы  және  ондағы  әрбір  санның  нені  білдіруін 
ойлап көр. Мәселеде айтылып жатқан жағдайды пікірлеп көр. 
2. Егер мәселе күрделі болса, оның шартын қысқа түрде жаз және оған 
тиісті сызба сыз. 
3. Мәселені екінші рет оқы және оның мазмұнын ішіңмен айтып көр. 
4.  Мәселенің  сұрағына  жауап  беру  үшін  нені  білу  қажет  екенін  ойлап 
көр, т.б. 
Бастауыш сыныптарда алгоритмдеу мүмкін болған кезеңдердің ең басты 
кластарын  санап  өтеміз:  1)  “үлкен”,  “кіші”,  “тең”  қатынастарды  орнату;  2) 
ауызша  және  жазбаша  есептеулер;  3)  теңдеулерді  шешу;  4)  геометриялық 
фигураларды  жасау;  4)  санның  үлесін,  санның  бөлшегін,  санның  үлесі 
бойынша оның өзін анықтау. 
Екінші 
методикалық 
проблемаға 
қараймыз, 
ол 
оқушыларға 
алгоритмдерді орнатудың жалпылама заңдылықтарын ашудан тұрады. 
Жоғарыда  айтқандай,  алгоритмдеу  мүмкін  болған  белгілі  практикалық 
қызметті  оқыту  принцпіне  орай,  мынадай  басқыштарға  бөлінеді:  оқытушы 
алгоритмді  істеп  шығады;  оқытушы  оқушыларды  алгоритмнің  мазмұнымен 
таныстырады;  оқушылар осы алгоритмнен көп пайдаланып,  меңгереді; 
Математика  бағдарламасының  талқылануы  бастауыш  мектептің 
жоғарыда  көрсетілген  алгоритмдік  мәселелерінің  сыныптарға  қарағанда 
міндеті  әралуан.  Мысалы,  ауызша  және  жазбаша  есептеу  алгоритмдерін 
оқушылар  толық  меңгеруі  қажет.  Бұл  “үлкен”,  “кіші”,  “тең”  қатынастарын 
орнату  алгоритіміне  де  тән.  Ал  теңдеулерді  шешу,  геометриялық 
фигураларды  жасау,  үлес  пен  бөлшек  сандар  үстінде  амалдарды  орындау 
тәсілдерін  үйрену  жоғары  сыныптарда  жалғасын  табады.  Бастауыш 
сыныптың  оқушылары  теңдеулерді  шешумен  арифметикалық  амалдардың 
компоненттері  мен  нәтижелерінің  арасындағы  байланысты,  геометриялық 
фигураларды  жасаумен  олардың  ережесін,  кейбір  қасиеттерін  санның 
бөлшегін  және  үлесін  табумен  үлес  пен  бөлшек  түсініктерінің  мағынасын 
меңгереді.  Солай  етіп,  бастауыш  сыныптарда  бұл  практикалық  оқулардың 
қалыптасуы негізгі мақсат емес. Сондықтан оқушыларға тиісті алгоритмдерді 
оқытуда  оқытушы  жеткілікті  түрде  сақ  болуы  тиіс:  Оқушыларды 
алгоритмдермен таныстыруда екі түрлі методикалық жандасу болуы мүмкін: 
1.  Бұрын  үйренілген  элементар  жұмыстарды  белгілі  кетпе-кеттікте, 
жүйеде орындау мүлдем жаңа мәселені шешу мүмкіндігін беруі оқушыларға 


 
20 
анық мысалдармен көрсетіледі. Оқушылар оқытушының басшылығында осы 
алгоритмді  қайта  жүзеге  асырады.  Бұл  тәжірибе  схема  түрінде 
жалпыландырылады  және  индивидуал  немесе  арнаулы  кестеде  беріледі. 
Схемадан  пайдаланып  жатқанда,  оқушылар  бастапқы  кезеңдерде  әрбір 
элементар  жұмыстың  атын,  оның  мазмұнын  дауыстап  айтады.  Содан  соң 
кейбір  оқушылар  элементар  жұмыстардың  орындалуын  кейде  дауыстап 
түсіндіреді,  ал  қалғандары  оны  іштен  орындайды.  Алгоритмнен  пайдалану 
мәселенің  дамып  баруымен    оқушылар  тиісті  жұмысты  схемаға  қарамай 
орындайды.  Алгоритмді  қалыптастыруға  бұлай  жандасуда  бұл  алгоритмді 
ұйымдастырушы  элементар  жұмыстар  мен  олардың  орындалу  тәртібі 
оқушыларға дайын түрде беріледі. 
2.  Алгоритмнің  қалыптасуы  жайлап  және  мақсатқа  бағытталған  түрде 
болады.  Оқушылардың  белсенділікпен  қатысуында  элементар  жұмыстар 
аңғарған  түрде  таңдалады,  олардың  орындалу  тізбегі  анықталады.  Мұның 
үшін    түзілу  алгоритмі  істеп  шығарып  жатқан  объектілердің  бұрыннан 
белігілі  болған  ережелерінен,  қасиеттерін  пайдаланады,  “ұқсас”  объектілер 
үшін  алда  белгілі  алгоритмдерден  толығымен  немесе  жартылай  пайдалану 
мүмкіндіктері  тексеріледі.  Мұндай  жандасуда  оқушылардың  алгоритмді 
түзудегі  қатысуы  жеткілікті  түрде  болуы  мүмкін,  ал  түзу  кезеңінің  өзі 
мазмұны  бойынша  зерттеу  жұмысына  жақын  болады.  Осылай  жандасуды 
жүзеге асыруға тиісті бірнеше мысалдар келтіреміз. 
Тіктөрбұрышты жасау алгоритмін істеп шығу қажет болсын: 
1. Ерікті туры сызыққа АD кесім, яғни тіктөрбұрыштың жағы қойылады. 
Тіктөрбұрыштың ережесі еске түсіріледі: бұл барлық бұрыштары тік бұрыш 
болған  тіктөрбұрыш.  Демек,  тіктөрбұрыштың  жалпы  нүктеге  ие  болған  екі 
жағы тік бұрышты пайда етеді. 
Оқушылардың  кейбір  практикалық  оқуларын  алгоритм  көрінісінде 
меңгерулері 
оқудың 
барысын 
нәтижелі 
бақылауға, 
оқушы 
алгоритмдандырылған  жұмысты  орындауда  жол  қойып  жатқан  жүйелі 
қателіктері  мұндай  қорытынды  шығаруға  жағдай  жасайды:  оқушы 
алгоритмге  енген  бір  жұмысты  (немесе  жұмыстарды)  надұрыс  орындауда, 
немесе  элемантар  жұмыстардың  орындалу  тәртібін  бұзуда.  Оның  үстіне, 
надұрыс жауап белгілі жағдайларда оқушының дәл қайсы жұмысты надұрыс 
орындап жатқанынан дерек береді. 
 
Бақылау үшін сұрақтар   
1. Дидактикалық принциптердің маңызы мен мазмұны неден тұрады? 
2. Сабақ және сабақтың талқылауынан үлгі көрсетіңіз. 
3. Бағдарлама мен сабақтың үздіксіздігін талқылаңыз. 
4. МБС-тың мақсат пен міндеті неден тұрады?   
5. Алгоритмдердің қолданылуын талңылаңыз. 
 
 
 


жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау