27
тәжірибе сыныптарда қолданылатын методтар, құрылғылар және басқалар
қолданылмайды.
Тәжірибе нәтижелері туралы обектив мәліметтер азайтудың басқа
тәсілдерінен де пайдаланылады:
1. Сынақ-тәжірибе өткізілетін сыныптарда бастауыш шарттар бақылау
сыныбына қарағанда жеңілдеу болады; егер тәжірибе сыныптарында мұндай
жағдайда жақсы нәтиже алынса, мәселені тәжірибе шешуі өзін ақтаған
саналады;
2.Оқушылардың құрамы шамамен бір түрлі болған екі сынып алынады;
зерттеліп жатқан мәселенің жаңа шешімі осы сыныптың біреуіне
қолданылады, сосын басқа тақырып материалдарында екінші бір сыныпта
қолданылады; егер мұндай қолданудағы жаңа метод, тәсілі жақсы нәтиже
берсе, бұл тәсіл метод өзін ақтаған болады.
Тәжірибені бастаудан бұрын, оның аралық басқыштарында және
соңында барлық сынып оқушыларының білімдері тексеріледі. Алынған
мәліметтерді талқылау негізінде реттеліп жатқан методтың, тәсілдің, т.б.
тиімділігі туралы қорытынды жасалады. Сынақ-тәжірибе өткізілген
сыныптардан алынған сапа мен мөлшерлік нәтижелерді талқылау негізінде
қорытынды жасалады. Мөлшерлік үлкендікті анықтаудың алуан тәсілдері
(игерілуі бойынша тура және натуры жауаптарды салыстыру, т.б.) бар.
Кейінгі кезде осы мақсатта вариацион статистикалық методтарының әртүрлі
есептеу техникасы мен кибернетикалық құрылғылардан пайдаланылуда.
Кейбір маңызды қағидаларды тәжрибелік тұрғыдан тексеру тәжірибе
жолымен жүзеге асырылады.
4.Мектеп құжаттарын үйрену.
Педагогикалық зерттеулердің кең тараған методтарының бірі оқушылар
мен мектеп құжаттарын үйрену. Оқушылар бағдарламасының кейбір
бөлімдері бойынша дайындық дәрежесін анықтау, оқытудың белгілі кезеңі
барысында өсу мен дамуды бақылау мүмкіндігін береді. Мысалы арнаулы
жазбаша немесе графикалық жұмыстар осы мақсатта өткізіледі. Оларды
тексерудің нәтижесінде балалардың математикадан алған білімдері мен
іскерліктері нақты түрде көрінуі қажет; белгілі уақыттың аралығында мұндай
арнаулы жұмыстарды орындау, оқушылардың алға жылжуын және қай
деңгейде
жылжып
жатқанын
көрсетеді.
Оқушылардың
жазба
жұмыстарындағы қателерді талқылау үлкен маңызға ие. Мұндай талқылау
бүкіл
сынып
оқушыларының
күрделі
қиындықтарын,
сондай-ақ,
оқушылардың математиканы меңгеуіндегі индивидуал ерекшеліктерін
анықтау мүмкіндігін береді.
Оқу
құжаттары
(оқу
жоспары,
бағдарламасы,
методикалық
жұмыстардың құжаттары, есеп, т.б.) оқу тәрбиелік жұмыстарын дамыту
процесі мен жағдайы бейнеленеді.
Оқушылардың дәптерлерін үйрену, ғылыми-зерттеу жұмысы үшін
маңызға ие.
5. Сұхбат методы
28
Педагогикалық зерттеулерде сұхбат методынан да пайдаланылады. Бұл
методты пайдалану бақылаудан алынған мәліметтерді толықтыратын және
анықтайтын материалдар алу, тапсырмаларды орындау мүмкіндігін береді.
Мұның жетістігінің негізі балалармен қарым-қатынастың жасалуы, олармен
еркін байланыста болу мүмкіндігін туғызады.
Сұхбат — бұл ең көп тараған және жетекші болған оқыту методтарының
бірі болып, сабақтың әртүрлі басқыштарында әртүрлі мақсаттарда
қолданылуы мүмкін, яғни, үйге берілген тапсырмаларды, өзіндік
жұмыстарды тексеруде, жаңа материалды түсіндіруде, пысықтауда және
қайталауда қолданылуы мүмкін.
Сұхбат — оқытудың сұрақ-жауап методы саналады. Мұнда оқытушы
оқушылардың
білімдерін
қай
деңгейде
меңгергенін
практикалық
тәжірибелерге сүйене отырып, арнаулы сараланған сұрақтар және оларға
берілетін жауаптар жолымен оқушыларды қойылған тәлімдік-тәрбиелік
мәселелерді шешуге алып келеді.
Методикалық әдебиеттерде сұхбат методы көбінесе математикалық
түсініктермен таныстырып жатқанда (сан, арифметикалық амалдар т.б.)
заңдылықтар типіндегі білімдерді (арифметикалық амалдардың қасиеттері
және олардың компоненттері және нәтижесінің арасындағы байланыстар)
таныстыруда пайдалану ұсынылады.
Оқытуда сұхбаттың екі түрінен, яғни катехезиялық және еврестикалық
сұхбаттан пайдаланылады.
Катехезиялық сұхбат — сұрақтар жүйесін негізінде түзіледі, бұл
сұрақтар бұрын меңгерілген білімдерді, сипаттамаларды қарапайым түрде
қайта еске түсіруді талап етеді.
Бұл сұхбаттан негізінен білімді тексеру мен бағалауда, жаңа материалды
нығайтуда және қайталауда пайдаланылады.
Сұхбатты өткізу мақсатын белгілеу, бағдарлама бағыты және
методиканы негіздеу өте маңызды саналады. Сұхбат методы сұрақтарға
берілген жауаптардың сенімділігін тексеру мүмкіндігін беретін сұрақтарды
енгізуді көздейді.
Сұхбат методы оқытушыларға, ата-аналарға қаратылған болуы да
мүмкін. Мұнда зерттеушінің сұхбаттасына деген қатынасы ашық түрде
болуы мүмкін.
6. Анкета (сауалнама) өткізу методы
Кез келген мәселеге орай пікірлерді анықтау, кейбір пікірлерді топтау
талап етген жағдайларда анкета методынан пайдаланылады. Егер жауаптар
ауызша алынса, бұл жауаптар қаулыға толығымен жазылады. Көпшілік бір
сұрақтың өзіне жауап бергенде, оның үстіне әркім еркін жауап берсе, жазба
анкета қымбат болады.
Анкетадан пайдаланғанда төмендегідей екі талапға мойынсұну қажет:
1) анкетада сұрақтар аз болуы тиіс;
2) сұрақтар түзілгенде оларды бәрі де бірдей түсінуі, анық (шиеленіскен
болмауы) жауаптарды талап ететін болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |