Б. С. Абдуллаева м. Е. Жумаев м. М. Султанов



жүктеу 3,62 Mb.
Pdf просмотр
бет5/71
Дата06.01.2020
өлшемі3,62 Mb.
#26003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71

 
13 
Бақылау сұрақтары 
1.  1-  4  сыныпта  математиканы  оқытудың  негізгі  міндеттері  неден 
тұрады? 
2.  Балаларды  математика  курсын  үйренуге  дайындаудың  негізгі 
міндеттерін санап өтің. 
3.  1-3  және  4-5  сыныпта  математиканы  оқытудағы  бір  ізділікті  жүзеге 
асырудың негізгі жолдары қандай? 
                                      
4-§.  Бастауыш  сыныптарда  математиканы  оқыту  методикасының 
дидактикалық принциптері 
Әрбір студент білуі қажет: 
1) саналылық принцпі; 
2) көрсету принцпі; 
3) ғылымилық принцпі; 
4) кетпе-кет принцпі; 
5) жақсы меңгеру принцпі және тағы басқалар; 
6)бастауыш 
мектепте  алгоритмдер  және  алгоритмдерге  үйрету 
методикасы. 
 
1.Математика сабақтарындағы негізгі дидактикалық мақсаттар    
Әрбір  сабақта  алуан  түрлі  дидактикалық  мақсат  көзделеді.  Олардың 
ішіндегі  біреуі  басты  мақсат  болып  саналады  және  ол  сабақтың 
дидактикалық негізгі мақсаты дейіледі. 
Әрбір  жеке  сабақтың  мақсаты  оқушыларға  сабақ  жүйесінің  мақсатын 
анықтап,  оның  жәрдемімен  өтіліп  жатқан  тақырыптың  мазмұнын  ашып 
береді.  Бұл  жағдайда  бірінші  оқушыларды  жаңа  түсініктермен  таныстырса, 
екінші  сол  түсініктерді  кеңейту  және  тереңдету,  үшінші  бір  іскерлік  пен 
дағдыларды  тексеру  т.б.  орындалады.  Әрбір  сабақта  жоғарыда 
айтылғандардың  бірнешеуі  өтілуі  мүмкін.  Өтілгендерді  қайталаудан  алдын 
өтілген  сабақты  жаңа  жүйеге  салу,  сонымен  қатар  білімдерді  тексеруді  өз 
ішіне  алады.  Жаңа  материалды  баяндау  үнемі  жаттығулар  орындаумен 
жалғасады. 
Мектеп  тәжірибесі  сабақтың  белгілі  жүйесін  жаратады,  көпшілік 
оқушылар  бұл  жүйеге  мойынсұнып,  белгілі  жақсы  нәтижелерге  қол 
жеткізуде.  Әдетте  үй  жұмысы  сабақтың  басында  тексеріледі  немесе  өткен 
тақырып  қайталанып,  өткен  сабақ  бойынша  сұрақ-жауап  өткізіледі.  Содан 
соң,  жаңа  материал  баяндалады  және  оны  нығайту  үшін  оқушыларға 
мысалдар шештіреді немесе бақылау сұрақтары беріледі. Сабақтың соңында 
үй жұмысы туралы жөн-жорық беріледі. 
Кейде  бұл  мақсаттардың  біреуіне  арналуы  мүмкін.  Міне  сондай  бір 
мақсатты  сабақтың  негізгі  дидактикалық  мақсаты  дейіледі  де  басқалар  оған 
мойынсұнады. 
 
2. Математикадан сабақтың түрлері 


 
14 
Бастауыш  сыныптарда  математикадан  сабақтың  төмендегі  түрлерін 
көрсету мүмкін. 
а)  оқушыларды  жаңа  түсініктермен  таныстыру,  жаңа  білім  мен 
дағдыларды жасау сабағы (бұл сабақта есептеу, графикалық немесе мәселені 
шешу білімдерін қалыптастырады); 
б)  алуан  түрлі  жаттығулар  арқылы  жаңа  білім,  іскерлік,  дағдыларын 
нығайту сабағы; 
в) өтілгендерді қайталау, жалпыландыру сабақтары; 
г) кейінгі басқышта жағдайдың алдын алу мақсатында білім, іскерлік пен 
дағдыларды  тексеру  сабағы.  Әрбір  сабақта  түрлі  дидактикалық  мақсаттар 
жүзеге асырылуы мүмкін: үй жұмысын тексеру; сабақтың және тақырыптың 
мақсатын  баяндау;  бұрын  өтілген  тақырыпты  қайталау  арқылы  жаңа 
материалды меңгеруге оқушыларды дайындау; ауызша есептеу үшін арнаулы 
жаттығулар, жаңа материалды үйрену (сабақтың негізгі бөлімі); балалардың 
бұрын  меңгерген  білім  мен  дағдаларын  нығайту;  меңгерілген  білімдерді 
есептеу;  жаттығу,  білім  мен  дағдыларды  қолдау  (сабақтың  негізгі  бөлімі); 
оқушыларды  ерікті  түрде  істету  және  оны  тексеру;  бұрын  меңгерілген 
материалдарды қайталау; үй жұмысын беру; сабақты қорытындылау.  
Сабақтың  негізгі  бөлімдерін  түрлі  жағдайда  және  түрлі  методтармен 
бірге қосып алып бару мүмкін. 
Оқытушы сабақтың жоспарын жасауда төмендегілерді есепке алуы тиіс. 
Сабақ қандай бөлімдерден тұруы, оларды қандай бір ізділікпен орналастыру, 
олардың арасында оқу материалдарын қалай бөлу, бұл бөлімдер бір-бірімен 
қалай  байланысқан,  олар  сабақтың  негізгі  дидактикалық  мақсатын  жүзеге 
асыруда жеткілікті мөлшерде жәрдем беруін есепке алу қажет. 
Бастауыш  сыныпта  математика  сабағының  әрбір  бөлімі  жалпы 
дидактикалық  мәселелерді  орындауға  бағытталуы  тиіс.  Сабақтың  бөлімдері 
негізгі  дидактикалық  мақсатқа  қарап  өзара  байланысты  болуы  қажет.  Жеке 
сабақ түрлерінің құрамын көріп шығамыз.  
Мысалы:  жаңа  түсініктермен  оқуышаларды  таныстыру,  жаңа  білім  мен 
дағдыларды қалыптастыру сабағы. 
Сабақтың барысы. Сабақты мақсатқа орай бастау қажет, яғни, барлық 
оқушылар  оқу  міндеттерін  белсенділікпен  орындауға  кірісетін  болсын.  Сол 
мақсатта үлкен болмаған өзіндік жұмыстарды  үлестірмелі қағаздарға жазып 
бару  қажет.  Ал,  мұндай  жағдай  оқушылардан  мәселенің  шартын  жазбай, 
есептеу  нәтижелерін  ғана  жазуды  талап  етеді.  Осындай  өзіндік  жұмыстар 
оқушыларды жаңа материалды меңгеруге дайындайды. 
Сабақтың бірінші бөлімінде егер үй жұмысы мазмұндық тұрғыдан жаңа 
материалға  байланысты  болса,  оны  тексеру  де  мүмкін.  Керісінше,  егер  үй 
жұмысы  жаңа  тақырыпқа  байланысты  болмай,  жаңа  тақырыпты  өтуде  оны 
оқушылар қолдамаса ондай жағдайда жаңа білімдерді баяндау  сабағында үй 
жұмысын тексеру қажет емес. Сөйтіп, сабақтың бірінші бөлімі оқушылардың 
белсенділігі  мен  назарын  бағыттауға  қаратылған  болуы  керек  және  бұл 
басқышта көп уақыт жұмсамау тиіс. 


 
15 
Оқушылардың  назарын  бағыттау  әдістерінің  тағы  бір  түрі  сабақтың 
тақырыбы  мен  мақсатын  анық  түсінікті  етіп  жариялау.  Мұнда  әрине, 
оқушылардың  қызығуын  арттыру  және  проблемалы  жағдай  жасау  қажет. 
Мысалы: оқушылар тек қана есептеудің ауызша түрімен таныс болса, оларға 
екі үш таңбалы санды қосу ұсынылса, мұндай жағдайда оқушылар өздерінің 
артықша  білім  мен  іскерліктерін  қолданады.  Оқушылар  белгілі 
қиындықтардан  өтеді.    Сөйтіп  алдын-ала  үйренілген  есептеу  кезеңімен  бұл 
мысалды  орындаудың  ешбір  қиындығы  жоқ  екеніне  сенеді.  Жаңа  ауызша 
әдісті меңгеру қажет. Сабақ міне сондай әдістерге арналған болады. 
Екінші жағдайда сабақ барысында оқушылармен қысқа сұхбат жүргізілуі 
мүмкін.  Мұндай  сабақты  бір  таңбалы  сандарды  көбейтуді  түсіндіруде 
пайдалану мүмкін.  
Жаңа  оқу  материалын  меңгеруге  оқушыларды  белсенді  дайындау 
мақсатымен  алдын  меңгерілген  материалдар  қайталанады.  Қайталаудағы 
материалдар көбінесе ауызша есептеу арқылы орындалады. Сондай-ақ, жаңа 
материалды меңгеруге негізделген мысалдарды шешуге де болады.  
Сабақтың екінші бөлімінде жаңа математикалық түсінік беріледі немесе 
арифметикалық  мысалдардың  жаңа  түрі  шешіледі.  Бұл  оқушылардың 
баяндауы немесе сұхбат арқылы жүргізіледі. Кейде оқушыға еркін таңдап алу 
да  ұсынылады.  Мысалы  бұрын  өтілген  тақырыпқа  байланысты  мысалды 
шешу  көзделіп  отырса,  ондай  жағдайда  оқушылар  бұл  мысалды  нығайту, 
еркін шешу арқылы өздерінің білім мен іскерліктерін арттыру мүмкін. 
Жаңа  материалды  нығайту.  Бұл  басқышта  оқушыларға  шығарылған 
қорытынды,  пікірталастарын  еске  түсіру,  одан  соң  нығайту  үшін  тапсырма 
беру тиіс. Бұл тапсырманы орындау арқылы өтілген жаңа білім нығайтылады 
және  бірінші  рет  практикаға  енгізіледі.  Әдетте  бірінші  тапсырмалар  топ 
болып  орындалады.  Кейде  жаттығу  мен  мысалдар  ерікті  түрде  орындалған 
соң,  бір  оқушы  тақтаға  шығып,  осы  қағиданың  дұрыс  екенін  мысалдарды 
шешу арқылы көрсетіп береді. 
Оқу  материалының  күрделілігіне  қарай  әр  басқышта  рационал  жол 
табылады. 
3. Бастауыш сыныптарда математика сабағына дайындалу 
Математика  сабағына  дайындалуда  бірінші  кезекте  оқушыларға  жаңа 
сабақ  материалы  негізінен  дайындығы  қандай,  мұның  үшін  нені  қайталау 
қажеттігін анықтау керек.  
Оқытушы матемтаика бағдарламасын, жұмыс жоспарын, оқулық пен оқу 
қолданбаларын, методикалық әдебиеттерді дайындаған соң, кезектегі сабаққа 
дайындықты  бастайды.  Ең  алдымен  кезектегі  сабақ  математика 
бағдарламасында  қай  орында,  қай  тақырыптармен  байланысты  жағдайда, 
ережені  неге  байланысты  түрде  түсіндіру  қажеттігін  анықтайды.  Бұл 
сұрақтардың  бәрі  баяндалған  соң,  сабақтың  негізгі  дидактикалық 
мақсатының  ерекшелігін  орнату  қажеттігі  шығады.  Ал  бұл  сабақтың 
мазмұнын  анықтауға  жәрдем  береді.  Сабақтың  дидактикалық  мақсатында 
оның  мазмұнынан  сабақтың  бір  жүйесіне  кіреді,  яғни  сабақтың  арнаулы 
бөлімдерінің  орындалуы,  олардың  органикалық  бірлігі  сабақтың  бөлімдерін 


жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау