Б. С. Абдуллаева м. Е. Жумаев м. М. Султанов



жүктеу 3,62 Mb.
Pdf просмотр
бет59/71
Дата06.01.2020
өлшемі3,62 Mb.
#26003
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71

 
170 
1. Нүкте, кесінді, бұрыш, көпбұрыш, тікбұрыш, квадрат сияқты 
геометриялық фигуралар туралы нақты елестер мен түсініктерде 
қалыптастыру. 
2. Сызу аспаптарының көмегімен және олардың көмегінсіз 
геометриялық фигуралар жасау үшін практикалық тәжерибе және 
дағдыларды қалыптастыру. 
3. Оқушылардың кеңістік елестерен нығайту. 
Бастауыш сынып оқушыларының геометриялық фигуралар туралы 
елестерін қалыптастыру методикасы жоғарыда айтылған міндеттерді арнайы 
қояды және төмендегі басқыштарды өз ішіне алады: 
I басқыш (дайындау) — балалардағы геометриялық фигуралар туралы 
жалпы түсініктерді анықтау (балалардың өмірлік тәжерибесі, моделі, түрлі 
фигураларды пайдаланып, практикалық жұмыстарды орындау). 
II басқыш — Оқушылар мен практикалық жұмыстардың негізінде 
олардағы геометриялық фигуралар туралы түсініктерді қалыптастыру. 
III басқыш — Үйренілген материалды есте жақсы сақтап қалу үшін 
фигуралар жасауға тиісті арнайы таңдалған жаттығу мен мысалдарды 
орындау. 
Оқушыларда геометриялық фигуралар туралы жалпы түсініктері “10-ға 
дейінгі сандарды үйрену” тақырыбын өту барсында тағы бір рет анықталады. 
Алғаш бұл фигуралар (шеңбер, көпбұрыш, квадрат және т.б.) материал 
ретінде пайдаланылады. Онда балалар есептеуді мұндай фигуралардың 
көмегімен, мысалы, 3 квадрат, 8 шеңбер, 5 көпбұрыш сияқты немесе кеше 
көпбұрыштар, қызыл немесе көк шеңберлерді санау жолымен жүргізіледі. 
Мұндайда геометриялық фигуралардың атаулары мен айтылуына назар 
аударылады. “Кесінді” туралы сөз болғанда, оқытушы жақын маңайдағы 
предметтер — (қарындаш, сызғышты) пайдаланып, кесіндіні қағазда қалай 
бейнелеу қажеттігін көрсетеді. 
Балалар материалдарды — (тақта немесе үстелдің қыры), сосын 
геометриялық фигураларды (көпбұрыштың қабырғаларын) кесінділерді 
табуды үйренеді. Мұндай жағдайда балаларды “нүкте” және “кесінді” 
ұғымдарын нақты көрсетуге үйрету маңызды болып табылады. Кесінділерді 
жасауға тиісті дағдыларды қалыптастыру процессінде сызбалардың 
нақтылығы мен сапасына деген талапты күшейту тиіс. Бастапқыда сызғыш, 
қарындаш, қолдың жағдайы дұрыс болуын бақылау қажет. Балаларды кесінді 
жасауға үйретуге тиісті жаттығулардан шағын мысал келтіреміз. 
Балалар оқытушының тапсырмасымен дәптердің бетінің басынан 2 және 
солдан 3 тор тастап, нүкте қойды. Кейін бұл нүктеден оңға 5, төменге 2 
торкөз тастап, 2 нүктені қойды. Бұл нүктелерді сызғыштың көмегімен  
(сызғышты сол қолмен ұстап, оң қолмен сызады). 
Дәптердің жоғары бөлімінде бір нүкте таңдап,оны жасалған кесіндінің 
сол жақтағы нүктесіне жақын тағы бір кесінді түсірді. 
Балаларды тікбұрышпен таныстыруда осындай практикалық жаттығуды 
орындау мүмкін: 


 
171 
Оқытушы балаларға бір уақытта қағаз алып, оны алдымен ортасынан 
бүктеуді, сосын тағы бір рет бүктеуді көрсетеді. 
Бұл жұмыстарды оқытушы орындағанда барлық балалар көріп тұруы 
қажет. Сосын балаларға пайда болған бұрыштың тікбұрыштың моделі екені 
түсіндіріледі. Оқытушы бұрыштың биіктігі мен қабырғаларын көрсетеді.  
Сұхбат өткізіледі: 
- қандай фигура пайда болды? (Тікбұрыш, көпбұрыштар);  
- оның қабырғалары мен биіктігін көрсет: 
- ал енді өзің жасаған тіктөртбұрышты салыстыр: 
- Мұның үшін олардың біреуін екіншісінің үстіне қою тиіс, яғни 
қабырғалары бір-біріне сай келіп, бұрыштың төменгі  бөлігіне жайғассын. 
(оқушылар да оқытушымен бірге бұрыштарды салыстырады). 
- Бұрыштың басқа қабырғалары туралы тағы не айту мүмкін (бұл 
қабырғалар да сәйкес келеді); 
- Тікбұрыштар тең келді. Өзің жасаған көпбұрыштан тікбұрышты тап. 
(бұрыштарды бір-бірінің  үстіне қойып, көпбұрыштағы бұрыштың да туры 
екенін анықтайды). 
Қолдарындағы тікбұрыштың моделімен осы суреттегі тікбұрыштарды 
анықтап, оның биіктігінің жан-жағын бояу тапсырылады. 
Бастауыш сыныптарда үйренілген көпбұрыштардың ендеше тікбұрыш 
және оның көп кездесетін көрінісі болған квадрат арнаулы орынды иелейді. 
Оқушылар кез келген квадрат тікбұрыш екенін немесе керісінше кез келген 
тікбұрыш квадрат емес екенін түсініп алуы тиіс. 
Тікбұрышты үйренуге арналған жаттығудан бір мысал әр оқушыға 
әртүрлі реңмен боялған түрлі тікбұрыштар салынған конверт беріледі. 
Сұхбат:  
- бұл фигуралар не деп аталады? (төртбұрыштар); 
- моделдің көмегінде олардың тек бұрыштарын тап және сол жерде боя; 
- екі тік бұрышы болған төртбұрышты көрсет. Еке тікбұрышты 
төртбұрышты көрсет және тек болған биіктігін қасынан боя; 
- тік бұрышы бар болған көпбұрышты фигураны тап. 
(Оқушалар мұндай төртбұрыштардың барлық бөлігі туры екенін 
аңғарады); 
- төрт бұрышы тең болған төртбұрыштар тік бұрышты төртбұрыштар 
деп аталады. Балалар тік бұрыштардың биіктігінің жанын бояады және 
оқытушыға көрсетеді. 
Оқушалар тікбұрышты төртбұрыштардың негізгі және негізгі болмаған  
сапасын анықтауы үшін кейде сабақ барысында ойын ретінде жаттығуларды 
орындауы мүмкін. 
Мұндай жаттығулар балалардың санасында ең негізгі түсінік— 
тіктөртбұрыштың белгілерін нығайтады. 
Бірінші сыныптың оқушылары бұл ұғымды тереңрек түсініп алуы үшін 
мынадай ойын өткеізу мүмкін. 


 
172 
Оқу құралдарының ішенде түрлі өлшемдегі және реңдегі тік бұрышты 
төртбұрыштардың фигурасы беріледі. Және олардың біреуі тік бұрышты 
төртбұрыш емес. 
Тікбұрыштың белгілерін түсіну үшін балалармен төмендегі 
жаттығуларды орындау ұсынылады: 
1. Сызбалардың ішінде, қарапайым, тұрмыстық жағдайда тік 
төртбұрышты басқа фигуралардан ажырата білу. 
2. Тіктөртбұрыштарды оның белгілеріне қарап табу. 
3. Басқа геометриялық фигуралардан тік төртбұрыш жасау. 
4. Тік төртбұрыштар жасау. 
Төмендеге практикалық жұмыстарды ұйымдастыру пайдалы саналады. 
Балалар суретте берілген фигуралардың бейнесі түсірілген үлестірмелі 
қағаздарды алады. Барлық тік төртбұрыштарды бояп, цифр сандарын 
дәптерге жазу ұсынылады. 
Квадратты тікбұрыш деп те, кейінерек көпбұрыш деп те айту мүмкіндігі 
“Атын айт!” ойынында да өз көрінісін табу мүмкін. Оқытушы пакеттен 
фигураны алып балаларға тек қана оның белгілерін айтады және балалардан 
бұл не? деп сұрайды. Мысалы:   
- Менің қолымда қызыл түсті фигура, оның төрт бұрышы, төрт биіктігі 
және төрт қабырғасы бар.  Бұл қандай фигура?  (Бұл төртбұрыш). 
— Менің қолымда картон қағазынан жасалған сары фигура бар. Оның 4 
қабырғасы, 4 биіктігі және 4 бұрышы бар. Оның барлық бұрыштары 
тікбұрыш, бұл фигураның аты не? (Бұл — тіктөртбұрыш). 
— Менджеге төртбұрыш фигурасының екі бұрышы тікбұрыш оны тік 
бұрышты төртбұрыш деуге болады ма?  Жоқ тек болғанда барлық 
бұрыштары тік болу қажет. “Артықша фигураны алып таста” ойынында да 
пайдалануға болады. Тақтаға түрлі түстегі тіктөртбұрыш ілінеді. Оның екеуі 
квадрат. 
— Бұл фигуралар не деп аталады? (Төртбұрыштар, тіктөртбұрыштар). 
— Не үшін бұлай аталады? Өйткіні төрт бұрышы да тең, төр қабырғасы 
бар. 
— Бұлардың қайсыбірі артықша? (Көк төртбұрышты алып тастаса, екі 
квадрат қалады). 
— Қалған фигуралардың квадрат екенін кім дәлелдеп береді? (төрт 
қабырғасы өлшенеді, егер олар тең болса, демек квадрат болады). 
Балаларға тағы осындай тапсырма беру мүмкін: тақтаға үш квадрат 
ілінеді. Оқытушы олардың қабырғаларын өлшеп, бір-бірімен салыстыруды 
айтады. Балалар қабырғаларды өлшеп, үш квадраттың өзара тең екенін біліп 
алады. 
Модел тікбұрыштың көмегімен барлық бұрыштары тік болған 
төртбұрышты табады. 
Бұл фигураларды бір сөзбен не деп атау мүмкін? (Төртбұрыштар): 
— Олардың ішіндегі қайсысы артықша? (Қызыл). Оқытушы қызыл 
ткүсті фигураны алып тастайды. 
— Жасыл және көк фигураларды қалай атайды? (Квадраттар). 


жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау