Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экономика және басқару кафедрасы
Б.Қ.Ахметжанова
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМДЕР ТАРИХЫ
Оқу-әдістемелік құрал
Қостанай, 2012
ББК 65.01
А 94
Құрастырушы:
Ахметжанова Бақыткүл Қосылбекқызы, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы
Рецензенттер:
Кенжебекова Дина Саиновна, э.ғ.к., А.Байтұрсынов атындағы атындағы ҚМУ экономика факультетінің оқу ісі жөніндегі деканының орынбасары
Сейтова Гүлнар Тоқтарқызы, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ қаржы және банк ісі кафедрасы экономика ғылымдарының кандидаты
Байқадамов Нұркен Тұрарұлы, э.ғ.к., З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің экономика және басқару кафедрасының доценті
Ахметжанова Б.Қ.
А 94 Экономикалық ілімдер тарихы пәнінен оқу-әдістемелік құрал экономика факультетінің студенттеріне арналған. – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2012. -102 б.
Экономикалық ілімдер тарихы пәнінен оқу-әдістемелік құралда студентке арналған теориялық материал, бақылау сұрақтары және тест тапысрмалары берілген. Экономикалық факультетінің білім беру бағдарламасы негізінде оқытылатын студенттерге арналған.
ББК 65.01
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті экономикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген ____20__ж. № __.
© А. Байтурсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті, 2012
МАЗМҰНЫ
Кіріспе..........................................................................................................................4
1. Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде. Экономикалық ойлардың пайда болуы және оның капиталистік қоғамға дейінгі ерекшеліктері.................5
2. Меркантилистердің экономикалық көзқарастары..............................................15
3. Классикалық саяси экономияның қалыптасуы. У.Петти. Физиократтар........20
4. Классикалық саяси экономиканың дамуы. А.Смит және Д.Рикардоның экономикалық ойлары...............................................................................................24
5. К.Маркстің экономикалық ілімдері. Классикалық саяси экономиканың аяқталуы.....................................................................................................................33
6. Маржинализмнің пайда болуы. Маржинализмнің бірінші және
екінші этап.................................................................................................................45
7. Экономикалық ғылымда неоклассикалық бағыттың пайда болуы..................49
8. Неокейнсиандық экономиканы мемлекеттік реттеу моделдері.......................53
9. Неолибералды экономикалық теория.................................................................65
10. Кеңес және посткеңес одағы кезеңіндегі,ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі кезеңдегі Ресейдің экономикалық ойларының дамуы. Қазақстанда экономикалық ойлардың дамуы............................................................................73
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................................102
КІРІСПЕ
«Экономикалық ілімдер тарихы» бойынша оқырмандар назарына ұсынылып отырған әдістемелік құрал әр-түрлі авторлар мен баспаларда аталмыш пән бойынша жарық көрген көптеген оқулықтар мен құралдарындағы аса мол материалдарды керекті жүйеге келтіріп, оны студенттердің пайдалануын женілдету үшін жасалған алғашқы талпыныс.
«Экономикалық ілімдер тарихы» соншылықты өзінің мазмұнымен емес, көлемімен қиын да күрделі де. Сондықтан студенттер экономикалық ойлар пәнімен алғашқы рет бетпе-бет кездескенде, оның шегі жоқ сияқты, көп көлемді шым-шытырық, кейде бір-біріне ұқсас, қайсы негізгі, басты, қайсы екінші маңызды материал деп таң қаларлық әсерге қалады. Осы орайда студенттердің еңбегін жеңілдетіп, оларға оқу материалдарын игеруге көмектесу мақсатында кәсіптік жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттың талаптары мен оқу- әдістемелік бөлімінің ұсынымдарына сәйкес 10 тақырып көлемінде дайындалды.
Экономикалық ілімдер тарихы экономика ғылымының даму эволюциясының жалпы бағыттаушылығын, оның басты бағыттарының трансформациялануын, стратегиялық және жедел шешімдер қабылдаумен, экономикалық саясаттың өзара байланусын түсінуге көмектеседі.
Экономикалық ілімдер тарихы экономикалық ғылымдар дамуының жалпы эволюциясын, оның басты бағыттарының трансформациялануын түсінуге көмектеседі.
Экономикалық ілімдер тарихының мәні диалектикалық материализм негізінде, экономикалық ілімдер тарихын кезең - кезеңге бөліп идеологтар мен ғалымдардың қоғамдық дамудың өзгеру сатыларына ғылыми көзқарастардың қалыптасуын жүйелейді.
Курс көлемі құлдық дәуірмен феодализм кезіндегі экономикалық ойлардың пайда болуы мен дамуынан бастап, капитализм мен социализм уақытындағы экономикалық ойлардың пайда болуы мен даму ерекшеліктерін тексере келіп, осы замаңғы неолиберализммен, неоклассикалық доктринаның ауыспалы нарықтық қатнастарымен аяқталады.
Бұл пән студенттердің экономиканың дамуы мен оның негізгі ұғымдары категориялары заңдары бойынша жүйелі көзқарастарын қалыптастырады, өзінше ой қортып, жауапты шешім қабылдай алатын білімді мамандарды тәрбиелеуге көмектеседі.
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМДЕР ТАРИХЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КАПИТАЛИСТІК ҚОҒАМҒА ДЕЙІНГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақсаты: Экономикалық ілімдер тарихы пәнінің мәні мен мазмұнын ашу.
Жоспар:
Экономикалық ойлар тарихы – ғылым ретінде.
Методология және курсты кезең – кезеңге бөлу.
Ежелгі әлемдегі, экономикалық ойлардың пайда болуы (Вавилон, Қытай, Индия).
Ерте дүниедегі Греция мен Римдегі экономикалық көзқарастар.
Достарыңызбен бөлісу: |