2.1 Меркантилизм – саяси экономияның алғашқы мектебі
Европада ұлттық мемлекеттер мен сауданың даму жетістіктері пайда болған кезде алтын мен күміске сұраныс көтерілді, ақша және оның шаруашылық өмірдегі рөлі туралы көптеген трактаттар пайда болды. Осылайша, ұлы табиғи зерттеуші Николай Коперник “Монетаны соғу тәсілдері туралы”деген еңбегінде мемлекеттің құлдырауының төрт себебін көрсетті: жанжал, өнім, жердің өнімсіздігі және ақшаның құнсыздануы. Ол құнсызданған ақшаның сауданы қысқартатынын және өмірлік құралдардың қымбаттауын ескертті.
Кароль кеңесшілері алтын туралы, импортты ұснудың пайдасы жөнінде және экспортты қолдау туралы еңбектерін жаза бастады. Бірте-бірте меркантилистер мектебі пайда болды, оның құрылуы ең алғашқы жүйеленген экономикалық көзқарастардың пайда болуын білдірді.
“Меркантилизм” ұғымы латын сөзінен mercari (сату)дегеннен шыққан. Оның пайда болуы Ұлы географиялық ашылумен, “алғашқы капитал жинақтау” шарттарын жылдамдату, жаңа типті шаруашылық субъект-кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмыскерлердің пайда болумен тығыз байланысты.
Европалық меркантилистер өкілдері негізінен көпестер, өндірушілер, әскерилер, авантюристер болды. Дегенмен олар алғашқы ірі буржуазиялық жағдайдың негізі-сауда, несие және соғыстар арқылы пайдаға ие болу сияқты әдістерін нақты анықтады. Байлықтың абстрактілі формасы-ақша шықты. Сол кезде экономикалық әрекет мақсатын ақшадан, алтыннан, күмістен көре білді. Адамдар “металл үшін құрбан” болды. Сол уақыттың трактаттары мен памфлеттері мемлекетте және жеке қолда ақшаны жинақтау әдістерін іздеуге арналды. Осылайша, меркантилизм, нарықтық қатынастың туу кезеңіндегі экономикалық ойлардың алғашқы мектебі ретінде теориялық-әдістемелік ерекшеліктерінің тұтас қатарын құрады. Меркантилизмнің негізгі жолдары:
үйрену пәні ретінде өндіріс аумағынан қол үзген жағдайда қарым-қатынас айналасындағы мәселелерді қарастыруды ескереді;
экономиканың барлық аясында керексіз жүйелі талдау мүмкіндігін болдырмауды және экономикалық болмыстардың сыртқы көріністерін бейнелеуге әкелетін оқып үйрену әдісі ретінде эмпиризмді қолданды;
ақшаның пайда болуын адамзаттың жасында ойлап шығаруының нәтижесі деп есептейді, ақшаны байлықпен байланыстырады;
құнның шығуын алтын мен күмістің “табиғи жаратылысына” байланысты және олардың әлемдегі мөлшерімен сипаттады;
еңбек ұсынысының көтерілуін еңбекақының жоғары емес төменгі қажетімен, байланыстырды;
экономикалық өсуді елдің ақшалай байлығының көбеюі ретінде, сыртқы сауданың мемлекеттік реттелуі және сыртқы сауданың сальдосына дұрыс қол жеткізу арқылы байланыстыра қарастырды.
Осыған орай, осы және басқа да ұстанымдар экономикалық әдебиеттегі меркантилистік мектептердің дамуының “ертедегі және кейінгі” екі кезеңін дәстүрін сипаттайды
2.2 Меркантилизмнің даму ерекшеліктері мен кезеңдері
Ертедегі меркантилизм (монетаризм) Ұлы географиялық ашылуларға дейін пайда болды және ХVІ ғасырдың ортасына дейін өзекті болды. Оның маңызды өкілдері У.Стаффорд (Англия), Г.Скаруффи (Италия) және басқалар. Сол кезеңде елдер арасында сауда байланыстары әлсіз дамыды, эпизодтық сипатқа ие болды. Бұл уақытта қатал мемлекеттік саясат арқылы мәселелерді әкімшілік тұрғыда шешуге үлкен үміт артқан.
Европалық билеушілер декреттер мен полициялық шаралар көмегімен алтынды мемлекеттен шығаруды шектеді және колониядан ақшалай материалдың әкелінуін реттеді. Осыған орай, ертедегі меркантилистердің монетаризм теориясы заңды жолмен ақшалай байлықтың өсуіне бағытталған, саясатқа сүйенген “ақшалай баланс” теориясымен анықталуы мүмкін. Кейінгі меркантилизм ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі аралықты қамтиды, дегенмен оның жеке элементтері ХVІІІ ғасырда да өзін көрсетуін жалғастырды. Оның басты өкілдері – Томас Мен (Англия), А. Серра (Италия), А. Монкретьен (Франция) және басқалар. Бұл кезеңде мемлекеттер арасындағы сауда байланыстары дамыған және реттелген сипат алады, яғни көпшілік жағдайда ұлттық өндіріс пен мемлекет арасындағы сауданың дамуын қолдауымен шарттасты.
Сондықтан кейінгі меркантилизмнің орталық пункті болып “сауда балансының жүйесі” танылды, осыған орай мемлекеттен шығарылған және әкелінген тауарлар (белсенді сауда балансы) құны арасындағы айырмашылығы көп болса, соғұрлым бай болады деп есептелді. Бұл айырмашылықты екі тәсілмен қамтамасыз етуді көздеді: біріншіден, өз мемлекетінен дайын өнімді шығару және қымбат заттардың әкелінуіне тыйым салу есебінен; екіншіден, делдалдық сауда көмегімен, шекарадан ақша шығару рұқсат етілуімен байланысты. Бұл арқылы бір мемлекеттен арзанға сатып алу және басқаға қымбатқа сату принципі жүргізілді. Белсенді сауда балансын сақтап және сыртқы нарықты бақылау мақсатында кейінгі меркантилистер протекционизм саясатын ұстап, шетел тауарларына жоғарғы баж салығын салып сыртқа тауар шығаруды қолдады Осыған орай, “саяси экономия” терминнің шығуы осы кейінгі меркантилизмен байланысты болды. Оны 1615 жылы “Саяси экономия трактаты” атты кітабын шығарған француз меркантилисі А. Монкретьен еңгізді.
Кейінгі меркантилистер саяси экономияны сауда балансы туралы ғылым ретінде қарастырды, ал оның негізгі міндеті – “көп сату – аз сатып алу” болды.
Ертедегі және кейінгі меркантилизм экономикалық теорияның көптеген сұрақтарын түсіндіру мен ажыратылады. Мысалы, ертедегі меркантилистер байлық деп алтын мен күмісті зат ретінде қарастырды. Олар сауда мен ақша қатынасының арасындағы тығыз байланысты күнгірт түсінді. Кейінгі меркантилистер байлық деп - мемлекет сұранысын қанағаттандырғаннан кейін, қалған тауарды ол міндетті түрде сыртқы нарықта ақшаға айналу арқылы түсетін артық өнім деп түсінді.
Байлықты ақшамен теңестіруде меркантилистер тауар құны мәселесін ескермеді және оны ақшалай формаға ауыстырды. Сондықтан олар ақшаның құнын түсіндіре алмады және оны алтын мен күмістің табиғи құрамында қарастырды. Бұл ертедегі меркантилистердің номиналистік көзқарасы болды. Кейінгі меркантилистер ақшаны тауар деп түсінді, бірақ оларды негізгі қиындықтары-тауардың қалай және неге ақшаға айналатынын түсіндіруді білмеді және ақшаның металдық теориясының негізін салушылар шыққанын білмеді. Осымен бірге, кейінгі меркантилистер ақшаның сандық теориясының бастамасын қалыптастырды. Ақшаның сандық теориясының пайда болуы ХVІ ғасырда Европаға Жаңа Дүниеден құйылған алтын мен күмістің себебінен тұған «баға революциясына» қарсы табиғый реакция және ақша саны мен тауар бағасының өзгеріс себептері көрсетті. Кейінгі меркантилистер тұжырымдамаулары бойынша, ақшаның құндылығы оның санының кері тәуелділігінде болып, ал тауардың баға деңгейі ақша санына тура пропорционалды болды.
Егер ертедегі меркантилистер ақшаның жетіспеуіне байланысты оны жинақтау құралдарына әкелсе, онда кейінгі меркантилизм өкілдері белсенді сауда балансын қолдап, ақшадан тек жинақтау құралдарын ғана емес, сонымен қоса қарым-қатынас құралын байқады делдалдық сауданы қорғай отырып, олар, негізінен ақшаның капитал ретіндегі қызметін мойндады.
Әр елдегі меркантилизм ұлттық бояуымен ажырататын жалпы белгілеріне ие болды. Осылайша, Англияда меркантилизм бір уақытта өндіріс капитализм мен ауыл шаруашылығының дамуына әсер етті. Бұл ХVІІ ғасырда елдің сауда мен өндіріс аумағында протекционистік саясаттың негізгі жетістігі болды. Ост-Инд компаниясының көшбастыларының бірі Томас Мен (1571-1641 жж) есімімен байланысты сол сияқты англияда меркантилизм мен идеологиялық күрес нәтижесінде А.Смит, Д.Рикардо және басқалардың еңбектерінде көрініс тапқан классикалық саяси экономияның құндылықтарын теориялық қорытуға қол жеткізулер болды. Англия ХІХ ғасырдың ортасында ішкі және сыртқы саудада толық бостандық саясатының сөзсіз жолын қуғаны туралы мәлімдеп, антимеркантилистік ұстанымды практикада іске асыруды бастады.
Францияда меркантилистік саясаттың белсенді жол бастаушысы, кольбертизм атағын алған, біржақты сипат беріп, үкімет мүшесі болған – Жан Батист Кольбер (1619-1683 жж). Ауыл шаруашылығының феодалдық қатынастармен шырмалуында, Кольбер, белсенді сауда балансын қамтамасыз етуге ұмтылып, өнеркәсіптің дамуын барынша көтермеледі, бірақ ауыл шаруашылығының қажеттіліктерін ескермеді. Ол ауыл шаруашылық тауарларын шеттен әкелуге рұқсат беріп, ауыл шаруашылық өнімдерін шетке шығаруды қиындатты.
Экономикалық идеяларды дамытудағы меркантилизмнің тарихи ролі оның өкілдерінің шығармашылық мұраларының жағымды және жағымсыз элементеріне байланысты.
Меркантилистердің тұжырымдамалары айналым аясында толығымен шаруашылық өмірдің тәжиребесіне арналды. Бұл сонымен бірге, оларға ғылыми айналымға көптеген экономикалық санаттарды еңгізуге, сауда қарыз операциялары мен ақша айналымы аумақтарында маңызды заңдылықтарды айқындауға жол берді. Бірақ олар экономиканың басқа аяларына әсері әрқашан бірдей болмады.
Меркантилисттер отандық өнеркәсіп пен сауданың дамуы үшін ақшаны маңызды құрал ретінде заңды түрде қарастырғанымен, ұлттық экономикаға шетел инвестицияларын тартуға мән бермеді. Бұдан басқа олар үшін жұмыссыздық мәселесі де мәнсіз болды. “Ерікті жұмыссыздықтың” негізгі себебін аз уақытында цехтарда немесе фабрикалар мен зауаттарда жұмыс істеуді қаламауды тудыратын не “жалқаулық”, не “азғандық” деп санады.
Меркантилизм дамыған Европа елдерінде, ең алдымен Англия мен Францияда оның классикалық саяси экономиясын алмастыратын нарықтық экономикалық қатынастар мен ерекшеліктердің қалыптасу өзгешілігі мен байланысты.
Меркантилистер тұтыну құны емес, айырбас байлық деп жариялады.
Меркантилизмнің экономикалық саясаты алғашқы капиталдың жиналуына көмектесті.
Алайда, меркантилизмді саяси экономияның туу кезеңі мен байланыстыра ретінде бағалай отырып Й.Шумпетер оның жағдайы өз алдына практикалық маңызын сақтай отырып соншалық ғылыми бағыт бермей және одан туындаған әдебиеттер тек ғылымның бастамасы деп ескертті.
Бақылау сұрақтары:
«Мекрантилизм» дегеніміз не және бұл түсінік қалай пайда болды?
Экономикалық саясатты жүргізуді меркантилистер басшылыққа алып, ұсынған жалпы принциптерді атаныз;
Ертедегі және кейінгі меркантилизм ұстанымдарының айырмашылығы неде
Ертедегі және кейінгі меркантилизмнің өкілдерін атаңыз
Меркантилистер ілімнің шектелугіне көзқарастар немен ерекшеленеді?
2 тақырыпқа арналған тест тапсырмалары
Құранда қандай ережелер көрініс тапты?
Сарандық пен ашкөздкті көпшілік алдында бетіне басу;
Ысырапшылдықты бетіне басу;
Өсуге ақша беруді тыйым салу;
Еңбекке жоғары көңіл бөлу;
Бүкіл жауап дұрыс.
2. Канондықтардың, феодалдық құрылыс идеологтарының, соның ішінде Фома Аквинскийдің орталық экономикалық идеялары.
Белсенді ақша балансы;
Құдай белгілеген «әділ баға»;
Дұрыс сауда балансы;
Экономикалық либерализм;
Құл иеленушілік қатынастарды қорғау.
3. Меркантилистер іліміндегі ерекшелік
Мемлекеттік билік көмегімен жиналған ақшаны байлықпен теңестіру;
Өндірістік қатынастар аясындағы түбегейлі зерттеулер;
«Әділ ақшаны» анықтаудың негізгі белгісі;
Экономикадағы ауыл шаруашылығының жетекші рөлін мойындау;
экономикалық іс жүргізудегі мемлекеттің араласу қажеттілігін теріске шығару.
4. Кейінгі меркантилизмнің ең маңызды белгілері:
Белсенді сауда балансының саясаты;
Ақшаны елден шығаруға үзілді – кесілді тыйым салу;
Ауыл шаруашылық өндірісін марапаттау;
Еркін сауда саясаты
5. «Саяси эконмия» деген терминің авторы кім?
Аристотель;
Ф. Аквинский;
А. Монкретьен;
А Смит;
К. Маркс.
6. Меркантилизмнің негізгі пәні
Айырбастағы қатынас;
Өндірістегі қатнас;
Өндіріс пен айырбастауда пайдаболатын қатынас;
Еркін сауда саясаты.
3. КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. У.ПЕТТИ. ФИЗИОКРАТТАР
Мақсаты: Қазіргі экономикалық теория үшін саяси экономияның мәнін ашу. Классикалық саяси экономияның пайда болу мәселелерін қарастыру.
Жоспар:
Классикалық саяси экономияның пайда болуындағы тарихи жағдай
У. Петти – ағылшын классикалық саяси экономияның негізін салушы.
Классикалық саяси экономияның пайда болуындағы тарихи жағдай
Англиядағы классикалық саяси экономия капитализмнің қалыптасу кезеңінде пайда болды. Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистік өндірісті зерттеп сонымен бірге, саяси экономияның ғылыми негізін қалады. К. Маркс жазғандай, «Классикалық саяси экономия - бұл, сонау У. Петтиден бастап буржуазиялық өндірістік қатынастардың ішкі тәуелділіктерін зерттеген, бүкіл саяси экономия». Саяси экономия классиктері, зерттеу пәнін айналым аясынан өндіріс аясына ауыстырып, еңбек құн теориясы негізін қалай отырып және капиталистік ұдайы өндірістегі қосымша құның кейбір формаларына талдау жасау арқылы, меркантилистермен салыстырғанда экономика ғылымының алға дамуына үлкен қадам жасады.
Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистердің мүдделерін, олардың прогрестік ролін қорғады және капитализмді қоғамдық өндірістің мәңгілік формасы деп дәлелдеді. XVII ғасырдың ортасында өнеркәсіптің жекелеген салаларының (әсіресе сукно) маңызды түрде дамуымен капитализмнің ауыл шаруашылығына ептеп енуі басталды. Ендігі жерде классикалық саяси экономияның өкілдері капиталдың қорлану жинақтары айналым саласында емес, өндіріс саласында, осыдан туған проблемаларды шешуге кірісті (Сурет 1 қараңыз)
Атамыш үлгі XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Англияда индустриалды өнеркәсіп өндірісі мен ірі жер пайдаланудың (оларға тән барлық қарамақайшылықтардың) дамуын көрсетеді. Классикалық саяси экономия дәл осы жаңа тап – өнеркәсіп капиталистерінің мүдделерін қорғау мақсатында туындады.
Достарыңызбен бөлісу: |