95
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бейне және аудиофильм-
дер, электронды оқулықтан үзінді.
өткен материалды қайталау. Оқып-үйренген материалды қайталау
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Музыка өнері.
2. Композиторлар.
3. Қорқыт ата.
4. Құрманғазы.
Жаңа материалды оқып-үйрену белгілі композиторлар шығармаларынан
музыкалық үзінді беруден басталады.
Мұғалім: Балалар, бүгін біз қандай тақырыпты оқып-үйренеміз?
Оқушылар: Дала музыкасы жайлы.
Мұғалім: Музыка өнері дегеніміз не? Сендер қандай атақты
композиторларды білесіңдер? Кім домбыра тарта алады? Кім қандай күйді
(музыканы) орындай алады? Ол не туралы?
Мұғалім қысқаша әрі әсерлі түрде қазақ халқының саз өнері туралы
баяндайды. Қорқыт ата туралы қосымша материал пайдалану сабақтың
тәлімдік-тәрбиелік мәнін арттыруға көмектеседі.
Қосымша материал:
«Қорқыт (VIII–ІХ ғғ.) – атақты жырау, дарынды күйші, кемеңгер
ойшыл.
Кітапта: «Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болып-
ты. Тәңір зердесіне салған соң, оның барлық болжамдары қатесіз болған...
Оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай
ғана қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол
ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған» деп
жазылған.
Дана ақылгөйдің мынандай нақыл сөздері бізге жетті: «Анадан өнеге
көрмеген қыз жаман, атадан өнеге алмаған ұл жаман», «Ата даңқын шығарып,
өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», «Өтірік сөз өрге баспайды».
Ол – күй атасы. Қорқыт күйлері: «Қорқыт», «Аққу», «Желмая», «Елім-
ай, халқым-ай», «Сарын» және басқалар. Қазақ халқы Қорқыт күйлерін
қазіргі күнге дейін сақтап жеткізе білген.
Қорқыт атаға арналып 1980 жылы Қызылорда облысының Жосалы
станциясынан 18 шақырым жерде архитектуралық ескерткіш орнатылған.
Қобыз атасы, жыршы, бақсылардың қамқоршысы атанған Қорқыт атамызға
арналған бұл ескерткіштің авторлары – архитектор Б.А. Ыбыраев, физик
С.И. Исатаев. Ескерткіштің биіктігі 8 метрлік 4 тік көктастан тұратын темір-
бетоннан жасалған. Жоғары жағынан аузы кең, 40 металл түтіктен жасалған
96
4 қобыздың біріктірілген бейнесі. Жел соққан кезде одан қобыз сарынымен
үндес дыбыс шығады.
1998 жылды барша түркі мәдениеті мен білімін нығайтуды қолға алған
Түрік СОИ ұйымы «Қорқыт ата жылы» деп жариялады. Халықаралық
ЮНЕСКО ұйымы Қорқыт бабамыздың 1300 жылдық тойын бүкіл дүние
жүзінде атап өтті. Қызылорда мемлекеттік университеті Қорқыт ата атында.
Қорқыт атаға арналған еңбектер тек елімізде ғана емес, сонымен қатар
Түркия, Әзірбайжан, Ресей ғалымдарында да бар. Қорқыттың мұралары,
күйлері ұрпақтар есінде мәңгі сақталатындай мағлұматтар көп».
Оқушылар оқулық мәтінімен танысып, төмендегі кестені әркім
өздігінше толтырады.
Кесте: дала композиторлары
№ композитор дың
аты-жөні
өмір сүрген
жылы
Шығар-
малары
оның еңбегінде
қандай мәселелер
жырланды
1
Оқушылар ауызша жауап береді, үшеуі тақтадағы кестені толтырады.
Басқалары кемшілігін анықтап, түзетеді.
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге тапсырма: §42. «Дала музыкасы» әңгімесімен танысып, 2–3 оқу-
шыға ақын-жыраулар туралы хабарлама дайындап келу тапсырылады.
§43. халық ауыз әдебиеті
сабақтың мақсаты: оқушылардың халықтың ауыз әдебиеті, мақал-
мәтелдері, эпостары, нақыл сөздері туралы түсініктерін тереңдету. Халықтың
шығармашылық өнерін ашып көрсету арқылы мәдениет саласында жұмыс
істейтін адамдарға деген құрмет сезімдерін тәрбиелеуге көмектесу. Тарихи
еңбектерден, ауыз әдебиетінен алған білімдерін сабақта пайдалана білу
біліктерін дамыту.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: бейне және аудиофильмнен
үзінді, иллюстрациялық материалдар.
өткен материалды қайталау. Оқып-үйренген материалды қайталау
оқулықтағы сұрақ-тапсырмалар бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.
97
2. Эпос.
3. Мақал-мәтелдер.
Жаңа материалды оқып-үйрену барысында оқушылардың бастауыш
сыныпта «Ана тілі» пәнінен алған қазақтың ауыз әдебиеті, мақал-мәтелдері,
өткір сөздері туралы білімдері еске түсіріледі.
Мұғалім жоспардағы негізгі мәселелерді ашып көрсетеді. Ауыз әдебиеті
шығармаларынан, қазақтың мақал-мәтелдерінен, аудиофильмнен үзінді
пайдаланылады.
Оқушылар 3–4 топқа бөлініп, оқулықтың әр тақырыпшасымен (ертегі-
лер, аңыз әңгімелер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар, мақал-мәтел-
дер, т.б.) өздігінше танысып, дәптерлеріне кестені толтырады.
Бұл кесте тақтаға жазылады. Оқулықпен өздігінше жұмыс аяқталған
соң, әр топтағы бір оқушы шығып тақтадағы кестені толтырып, ойын
қорытындылайды.
Кесте: «Қазақ халқының ауызша шығармашылығы»
р/с
Қазақ халқы-
ның ауыз
әдебиетіне
не жатады?
Эпос дегеніміз
не? Эпостық
шығармаларды
атаңдар
мақал-
мәтелдерге
не жатады?
аңыз-
әңгімелерге
не жатады?
1.
2.
3.
Жұмыс дәптерімен, жаңа сөздермен жұмыс жүргізіледі.
Үйге тапсырма: §43. «Халық ауыз әдебиеті» әңгімесімен танысып,
сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу. Қазақтардың баспанасы, ең-
бек құралдары, киім-кешектері, ұлттық тағамдары туралы иллюстрациялық
материалдар және оқушылардың өздері салған суреттерін §45 оқып-
үйренуге дайындап келу.
§44. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен наным-сенімдері
сабақтың мақсаты: оқушыларды қазақ халқының дәстүрлерімен,
наным-сенімдерімен таныстыру. Халықтың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына
деген құрметтеушілік сезімдерін тәрбиелеу. Оқушылардың оқулықпен
өздігінше жұмыс істеу біліктерін одан ары дамыту жұмысын жалғастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |