Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер


пайдаланылатын  көрнекі  құралдар



жүктеу 6,11 Kb.
Pdf просмотр
бет28/44
Дата01.01.2018
өлшемі6,11 Kb.
#6283
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44

83
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  бейнефильм,  электронды 
оқулықтан үзінді, иллюстрациялық материалдар. 
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар негізінде өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Ы. Алтынсариннің жастық шағы.
2. Ы. Алтынсариннің ағарту ісіндегі қызметі.
3. Ы. Алтынсариннің еңбектері.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  бастауыш  сыныпта  және  сабақтан 
тыс  оқушылардың  алған  білімдері  бойынша  әңгімелесуден  басталады. 
Әңгімелесуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Ы. Алтынсарин туралы не білесіңдер? 
2. Ол қандай адам болған? Оның қандай еңбектерін білесіңдер? 
3.  «Кел,  балалар,  оқылық»  өлеңін  кім  жазған?  Бұл  өлеңді  кім  жатқа 
айтып бере алады? Онда не туралы айтылады?
Бейнефильм  не  электронды  оқулықтан  үзінді  келтіріледі.  Мұғалім 
бейнефильм  бойынша  қойған  сұрақтарға  оқушылар  жауап  әзірлеп,  жауап 
береді. Оқушылар жауаптары қорытындыланады. 
Сабақтың  соңында  «Бұл  кім?»  деген  сайыс  өткізіледі.  Тарих  пәніне 
қызығушылығы мол оқушылардан мұғалімнің басшылығымен әділқазылар 
алқасы  құрылады.  Сайыстың  соңында  оқушылардың  тапсырманы  орын-
дауына баға беріліп, қорытынды жасалады.
Сынып 4–5 топқа бөлінеді. Әр топ мұғалім алдын ала даярлаған бір та-
рихи қайраткерге (ғалым, ағартушы, жазушы, т.б. болуы мүмкін) сипаттама 
береді. Әр топтың оқушылары сипаттамамен мұқият танысып, мінездеменің 
кімге  берілгенін  белгілі  бір  уақыт  (3–5  минут)  ішінде  анықтайды.  Егер 
тарихи қайраткер күйші не ақын болса, оның күйлерін атап, не ол жазған 
өлеңнен үзінді оқуына болады.
Топтың  тапсырманы  қалай  дайындағанын  сарапшылар  талқылап, 
бағасын қойып, қорытындылайды.
Үйге  тапсырма:  §37.  «Ыбырай  Алтынсарин»  әңгімесімен  танысып, 
сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу.
§38. іі бөлім  бойынша қорытынды қайталау сабағы
сабақтың  мақсаты:  24  сабақтағы  негізгі  әрі  маңызды  мәселелерді 
іріктеп  алып  қорытындылау.  Сақтар  мен  ғұндардың  тіршілігі,  ертедегі 
түркі тайпаларының өмірі мен тұрмысы, тәуелсіздік жолындағы күрестері 
жайлы  мәселелер  еске  түсіріліп,  жинақталады.  Ұлы  Жібек  жолының 
маңызы, ортағасырлық қалалар, Отырарды ерлікпен қорғау, қазақ халқының 


84
қалыптасуы,  Қазақ  хандығының  құрылуы,  қазақ  хандары,  батырлары, 
билері,  Қазақстанның  Ресейге  қосылуы  жайлы  оқушылар  білімін  тексеру 
және пысықтау. Тәуелсіздік үшін күрескерлер: Тұмар-Томирис патшайымнан 
бастап, Абылай хан, Кенесарыға дейінгі ел басшылары және батырлардың 
ержүректілігін,  Отанына  деген  сүйіспеншілік,  қолбасшылық  қабілеттерін 
ашып көрсету. Оқушыларды  отаншылдыққа, азаматтыққа, адамгершілікке 
тәрбиелеуге көмектесу. Оқушылардың түрлі деректерден жаңа білім ала білу 
біліктерін дамытуда жұмысты жалғастыру.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бейне және аудиофильм,  
иллюстрациялық  материалдар,  электронды  оқулықтан  үзінді.  Бұл  сабақта 
оқушыларды төмендегідей қорытындыға келтіру керек:
1. Ертеде Қазақстан аумағын мекендеген сақ, ғұн және басқа тайпалар  
қазақ  халқының  арғы  ата-тегі.  Олардың  жерін,  елін  қорғаған  ерліктері 
болашақ ұрпақтарға үлгі.
2. Ертедегі түркі тайпаларын басқарған атақты Күлтегін, Білге, Тоныкөк 
қағандар  Түрік мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан, азаттық үшін күрескен, 
тарихта өзіндік орны бар тарихи қайраткерлер. Олардың ерлігі ертедегі түркі 
жазуларында мәңгі сақталған. 
3. Ұлы Жібек жолы – сауда, керуен, елшілік және халықтар арасындағы 
байланысты нығайтқан достық жолы болды. 
4.  Ортағасырлық  қалалар  –  Сауран,  Йасы,  Сығанақ,  Отырар  –  сәулет 
өнерінің  тамаша  ескерткіштері.  Қалалар  –  сауда,  мәдениет,  ғылым 
орталығы. 
5.  Қазақ  халқы  ХІV–ХV  ғасырлар  аралығында  Қазақстан  аумағында 
қалыптасты. 
6. ХV ғасырдың 50–60 жылдары Қазақ хандығы құрылды. Оның халқы 
қазақтар деп аталды. Қазақ хандары: Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, 
Тәуекел, Әбілқайыр, Абылай, Кенесары және басқа хандар. 
7. XVIII ғасырдағы қазақ елінің сыртқы жағдайы ауыр болды. Жоңғар 
шапқыншылығына  қарсы  қазақ  халқы  өз  тәуелсіздігі  мен  азаттығы  үшін 
ерлікпен күресті. Қазақ халқы өз  елін, жерін шет жерлік   басқыншылардан  
ерлікпен қорғап қалды. Халық арасынан көрнекті адамдар, хандар, билер, 
батырлар шықты.
8.  Қазақстан  патшалы  Ресейдің  қоластына  өтті.  Патшалық  Ресейдің 
отаршылдығы  басқа  елдердің  отаршылдығынан  асып  түспесе,  кем 
түскен  жоқ.  Ұлан-ғайыр  даламыз  империя      меншігіне  айналды.  Дініміз 
тәрк,  тіліміз  ғаріп,  мәдениетіміз  мүшкіл,  өзіміз  мүскін  халге  ұшырадық. 
Мұндай    жағдайда    ел  намысының    қозбауы,  ер  ашуына  мінбеуі  мүмкін 
емес  еді.  Ең  ірі  халық  көтерілістерін  Сырым  Датұлы,  Исатай  Тайманұлы 
мен Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы сияқты батырлар бастады. 


85
Зеңбіректі әскерге найзамен қарсы шапқан көзсіз ерлерді халық әлі күнге ән-
жырға қосып, аяулы есімдерін ардақ тұтып келеді. Ардақ тұта береді де.
Сабақта жұмыс істеудің негізі – оқулықтағы қайталау қорытындылау 
тапсырмалары  бола  алады.  Бұл  сұрақтар  мен  тапсырмалар  оқушыларды 
оқып-үйренген материалды бекітуге және қорытындылауға бағдарлап қана 
қоймайды, сонымен бірге оқушылардың біршама  зияткерлік қабілеттерін 
дамытуға  ықпал  жасайды.  Оқушылардың  іс-тәжірибе  шеберліктері  мен 
дағдыларын дамытуды көздейді: оқулықты еркін пайдалана білу, мәтін мен 
суреттерді  талдай  алу,  түрлі  нұсқадан  алынған  мәліметтерді  салыстыру,              
т. с. с.
Қайталау  барысында  мұғалім  жаңа,  нақты  мәліметтерді  келтіруіне 
болады.  Сабақтың  жинақтап-қайталау  түрі  5-сынып  оқушылары  үшін 
едәуір қиындық әкелетін түрі болып табылады. Осы сыныптағы оқушылар, 
жас ерекшеліктеріне байланысты толық әрі жинақты қорытынды жасауға, 
дәуірлерге бөлуге, жеке оқиғаларға өзіндік сипаттама беруге қиынсынады.
Қайталау  сабақтары  оқушыларды  тарихи  материалды  жай  талдау 
жасауға,  ойын  білдіруге  және  өзіндік  қорытынды  шығаруға  көмектесуі 
тиіс.
Жинақтап-қайталау  сабағында  сонау  б.з.б.  сақ,  ғұн  тайпаларынан 
бастап,  XXI  ғасырға  дейінгі  елімізде  болған  маңызды  тарихи  оқиғалар, 
құбылыстар, түрлі кезеңдердегі адамдардың өмірі мен тіршілігі, мәдениеттегі 
жетістіктері,  оқиғалардың  себеп-салдар  тізбегі  арқылы  жалғасып  жатқан 
күрделі  үрдіс  екені  оқушыларға    түсінікті  тілмен  жеткізілгені  маңызды. 
Өмірдегі, тіршіліктегі болып жатқан құбылыстар мен оқиғалар бір-бірімен 
өте тығыз байланысты, заңдылық ретінде түсіндірілуі тиіс.
Қайталау  сабағын  24  сағатта  қарастырылған  аса  мәнді  және  түйінді 
мәселелерді әңгімелеу негізінде құруға назар аудару қажет. Өйткені 24 са-
бақты бір ғана 45 минут ішінде қайталау мүмкін емес. Бұл сабақтың басты 
мақсаты осы тақырыптардағы нақты материалды қайталау-жинақтау болып 
табылады.
Бұл  сабақта  оқытудың  интерактивті  әдіс-тәсілдерін  проблемалы 
тапсырма  беру  және  оны  шешу,  түрлі  құжаттар  мен  әдеби-көркем 
материалмен топ болып жұмыс жасау, электронды оқулықтағы тестілерді, 
сұрақтарды шешу, иллюстрациялық материалдарға талдау жасау, өздігінше 
кесте, жоспар жасау, викторина, кроссворд шешу, т.б. пайдаланған тиімді. 
Мұндай  интерактивті  және  дәстүрлі  әдіс-тәсілдерді  ұтымды  пайдалану 
оқушылардың зейінін төмендетпеуге, есте сақтау қабілетін күшейтуге және 
пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.  
Материалдың толық әрі жан-жақты меңгерілу дәрежесіне қарай сұрақ-
тарға қайтарылатын жауаптар кең көлемді немесе қысқа болуы мүмкін. Бұл 


жүктеу 6,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау